400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық сабақ. Қарым-қатынас дағдыларын дамыту ойындары.

Материал туралы қысқаша түсінік
ПДТ балаларға арналған түзету сабағы
Материалдың қысқаша нұсқасы


Сабақтың тақырыбы : Қарым-қатынас дағдыларын дамытуойындары.

Дидактикалық ойындар : «Менің ақылды көмекшілерім / көз,құлақ,мұрын,ауыз,қол/»,« Тамаша дорба » , « Бұзылған телефон »,

« Жануарды таны »

Сабақтың мақсаты: Сезім мүшелерінің қоршаған ортаны тануда, қоғамның дамуында атқаратын ролін түсіну .

Білімділік,икемділіктер ,дағдылар: Сезім мүшелерінің қоршаған ортаны тануда, қоғамның дамуында атқаратын ролін түсіну .

Сөздік: көз,құлақ,мұрын,ауыз,қол-сезім мүшелері

Сөйлеу тілін дамыту :Сөздерді дұрыс пайдалану ,сөйлемдерді дұрыс құрастыру

Сабақтың түрі: ойын терапиясы.

Ойын материалы:Жемістердің нақ пішіндерінің жиынтығы (алма,алмұрт, банан,жүзім және.т.б.)салынған »,« Тамаша дорба »,доптаржәне жануарлар дыбысын ,көліктер шуылын телфон дауысы,сағат шырылы, ,үй тұрмыс заттарының дыбысын шығаратын .т.б. ойын заттары

Оқыту әдістері:көрсету ,баламен бірге ойнау,түсіндіру,қимыл –әрекетті көрсету.

Сабақ барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі. Баламен амандасу ,құралдарын ойынға даярлау.

ІІ.Кіріспе : тақпақ оқып беру /қимылмен /.

Сен бақытты ұлансың !!

Анаң-күнің жүрегің

Әкең-өмір тірегің .

Сен бақытты ұлансың ,

Бәрі саған қуансын !

Әжең асыл ардағың ,

Атаң –дана қорғаның .

Сен бақытты ұлансың ,

Бәрі саған қуансын !

ІІІ.Жаңа сабақ .

Дидактикалық ойындар : «Менің ақылды көмекшілерім / көз,құлақ,мұрын,ауыз,қол/» көрсете отырып әңгімелеу.

Жемістердің нақ пішіндерінің жиынтығы (алма,алмұрт, банан,жүзім және.т.б.)салынған « Тамаша дорба »ойынында пішінін ,дәмін түр-түсін ажырата отырып ойнау.,

« Жануарды таны »суреттерге қарай отырып дауысы арқылы ажырату.

ІІІ.Жаңа сабақты бекіту :

Бүгін қандай ойындар ойнадық ?

Саған сабақ ұнадыма?

Оқушыны мадақтап сабақты аяқтау.


Дефектолог-мұғалімі: Нұрпейсова Жанар Төлеуовна



Сабақтың тақырыбы :Әлемді қабылдау.Біздің сезім.

Дидактикалық ойындар: «Пиктограммалар», «Тамаша дорба», «Көңіл-күйді таны », «Тәтті кәмпиттер » этюд ойыны.

Сабақтың мақсаты:

1.Білімділік:Баланың өзіндік орнын менін сезіндіруді үйрету,табиғатты сүйе білуге ,қамқор болуды үйрету.

2.Дамытушылық :Балаға ересек адамдармен,құрдастарымен қарым-қатынас дағдыларын меңгеруге ,эмоциялық қарым-қатынаста өмірге қызығушылығын арттыру.

3.Тәрбиелік :Оқушыны өз-ара сыйластыққа тәрбиелеу,адамдарға шын ниетпен көмектесе білуге тәрбиелеу.

Білімділік,икемділіктер ,дағдылар: Эмоция және сезім күйі;қуаныш, қайғы,таң қалу және т.б ,адамның бет әлпеті оның сезім күйін түсіне білу ниет білдіру, жағымды сезімнің пайда болуына түрткі болу.

Сөздік. қуаныш, қайғы,таң қалу және т.б .

Сөйлеу тілін дамыту :Сөз тіркестері мен сөйлемдерді дұрыс құрастыру.

Сабақтың түрі: дамыту –түзету сабағы

Ойын материалы: пиктограммалар жиынтығы , тамаша дорба, ойыншықтар,әр-түрлі сезімдерді көрсетіп тұрған адамдар бейнеленген карточкалар.

Оқыту әдістері: көрсету ,баламен бірге ойнау,түсіндіру,қимыл –әрекетті көрсету.

Сабақ барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі. Баламен амандасу,оқушының көңіл –күйін ,денсаулығын сұрау.

ІІ.Кіріспе . Жұмбақ жасыру

Бұлттар төніп,

Жерге шөгіп.

Дымқыл тұман басады,

Шөп сарғайып ,өңі тайып

Дала сұры қашады .

Бөбектерім айтыңдаршы

Бұл қай кезде болады /күз/.

ІІІ.Жаңа сабақ.

1 Дидактикалық ойын .«Тамаша дорба »,ойыны бойынша әр-түрлі ойыншықтарды ала отырып өзінің көңіл –күйін білдіру. ,пиктограммалар жиынтығы арқылы әр-түрлі эмоциялық жағдайларды тани білуін қадағалап, көрсете отырып ойнату

  1. Суреттермен жұмыс: «Көңіл-күйді таны »,

  2. Этюд ойын «Тәтті кәмпиттер » түрлі-түсті қағаздардан кәмпиттер дайындауда баланың түр түсті ажырата білуін қадағалау .

ІІІ.Жаңа сабақты бекіту :

Бүгін қандай ойындар ойнадық ?


Оқушыны мадақтап сабақты аяқтау

Дефектолог-мұғалімі: Нұрпейсова Жанар Төлеуовна

Сабақтың тақырыбы : Іскерлік қарым-қатынас дамыту ойындары.

(тілдің қарым-қатынас қызметі)

Дидактикалық ойындар: «Шақыр », «Қоңырауды бер», « Не жетіспейді », «Кіммен ойнаймыз?»

Шапшаң қимылды ойындар: «Күн сәулесі», « Жылға » , «Соқыр теке»

Сабақтың мақсаты:

1.Білімділік: Балаға ересек адамдармен,құрдастарымен қарым-қатынас дағдыларын меңгеруге ,эмоциялық қарым-қатынас орнатуға ,үйрету,

2.Дамытушылық :Оқушының ауызша нұсқауды айқын айту қабілеттілігін дамыту.

3.Тәрбиелік :Оқушыны еңбекқорлыққа,мейірімділікке тәрбиелеу.

Білімділік,икемділіктер, дағдылар:Іскерлік қарым-қатынас тілінің ерекшеліктерімен таныстыру ,ауызша нұсқау бойынша іс-әрект ете білуін дамыту.

Сөздік:мә,ал, ұста ,тапсыр,тап,қаш.

Сөйлеу тілін дамыту : Оқушының ауызша нұсқауды айқын айту қабілеттілігін дамыту.

Сабақтың түрі: дамыту –түзету сабағы

Ойын материалы: қоңырау ,доптар жиынтығы,белгілі бір заттың бөліктері бейнеленген суреттер(көлік,үй ,үстел және .т.б),процессуалды іс-әрекеттерге арналған ойыншықтар(арбасы бар қуыршақ,текшелері бар машина және .т.б.)

Оқыту әдістері:көрсету ,баламен бірге ойнау,түсіндіру,қимыл –әрекетті көрсету.

Сабақ барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі. Баламен амандасу ,құралдарын даярлау.

ІІ.Кіріспе :Тренинг .Комплимент айту.

ІІІ.Жаңа сабақ.

1 Дидактикалық ойын: .«Шақыр »жағдаяттарды шешу.

«Қоңырауды бер» ойынында оқушының зейінін шоғырландыру арқылы тапсырманы белгі бойынша оындауын қадағалау

« Не жетіспейді », жасырған ойыншықты тез табуын қадағалау ,жылдамдыққа үйрету.

«Кіммен ойнаймыз?» баланың оң ,сол ,төмен,жоғары ұғымдарымен таныстыру.

2-сабақ Шапшаң қимылды ойындар: «Күн сәулесі» баланың тез қимылдауын қадағалау. « Жылға » ойынында әрбір бағытты тез ауыстыруын, дұрыс меңгеруін қадағалау. «Соқыр теке» ойынында тапқан ойыншығын сипалай отырып не екенін айтқызу.

Күз мезгілі туралы сурет бойынша суреттерді бояу.

ІІІ.Жаңа сабақты бекіту :

Бүгін қандай ойындар ойнадық ?

Саған ойындар ұнады ма?

Оқушыны мадақтап сабақты аяқтау.


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
3 ұстаз жүктеп алған
7 мамыр
3430
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі