Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ, Қасқыр мен тиін, 5 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Материал жаңартылған бағдарламасының шеңберінде жасатылған, 5 сыныпта істейтін мұғалімдерге көмек ретінде беріледі. Материал қызық әрі қысқа.
Материалдың қысқаша нұсқасы



Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: Қазақстандағы жан-жануар мен өсімдіктер әлемі

Тақырыбы: Қасқыр мен тиін

Мектеп: КММ «БЭСТ»Гимназиясы»


Күні: 16.10. 18 жыл

Мұғалімнің аты-жөні: Садырова Махаббат Каиргельдиновна

Сынып: 5

Қатысқандар:12

Қатыспағандар:

Осы сабақта қол жеткізетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

5.3.1.1- (О1)- мәтіндегі негізгі ақпаратты анықтау.

5.2.4.1 (А4)-шағын көлемді мәтіндердің мазмұнына жоспар құру, соған сүйеніп баяндау


Сабақтың мақсаты

Барлық оқушылар орындай алады:

  • шағын көлемді мәтіндер ішінен тірек сөздерді анықтайды;

  • қарапайым сөздері мен сөз тіркестерін атау, ойларын талқылап, постерге түсіреді;

  • 2-3 сөйлем жазады.

Оқушылардың көпшілігі орындай алады:

  • шағын көлемді мәтіндер ішінен сөз тіркестері мен сөйлемдерді көрсетеді;

  • күрделі сөздері мен сөз тіркестерін атау, ойларын талқылап, постерге түсіреді;

  • 5 сөйлем жазады.

Кейбір оқушылар орындай алады:

  • шағын көлемді мәтіндер ішінен түрлі сөйлемдерді табады;

  • сөйлемдерді атау, ойларын талқылап, постерге түсіреді;

  • 5-10 сөйлем жазады.

Бағалау критерийі

  • иллюстрацияларды сипаттағанда тірек сөздерді орынды қолданады

  • сын есімдерді ажыратуға үйренеді, жазба, ауызша жұмыстарда қолданады

Тілдік мақсаттар

  • Оқушылар орындай алады: сөз тіркестері мен сөйлемдерді көрсетеді;

ойларын талқылайды, постер жасайды, сөйлем табады, мәтін баяндайды;

Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер: құлайды, ашуланады, жалынады

жіберші, қорқамын, қорқытасың, залым/жауыз/.

Құндылықтарға бау балу

Мейірімді, дос болуға, жақсыға үйренуге, жаманнан жиренуге үйретеді.

Пәнаралық байланыс

Биология- адамның қоршаған ортамен өзара қатынасы және өзара байланысын түсінеді

Тақырып бойынша алдыңғы білім

«Қазақстанның Қызыл кітапқа» енгізілген жануарлар мен құстардың түрлерін біледі

Сабақтың барысы


Сабақтың жоспарлан-ған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері


Ресурстар


Басы 1 мин



1 мин

5 мин












5 мин

Шаттық шеңбер: «Сабаққа баулу».

Бір-бірімізді тыңдаймыз десек 1 рет қол шапалақтаймыз!

Ұйымшыл боламыз десек 2 рет

Белсенділік танытамыз десек 3 рет шапалақтаймыз!


Топқа бөлу: «Қасқыр, тиін суреттері» арқылы.

Үй жұмысы: «Попкорн» әдісі. Оқушылардың үй тапсырмасы толыгымен сұрастырылып қаралады.



Мәтін алды жұмыс:

Қасқыр қайтеді? Тиін қайтеді?

Жаңа сөздер:

Өмір сүреді -живет

бұтақтан бұтаққа – с ветки на ветку

құлайды - падает

ашуланады – сердится, злится

жалынады – умоляет, сильно просит

жіберші- отпусти

қорқамын- боюсь

қорқытасың- ты пугаешь

залым/жауыз/- злодей

жамандық жасамаймыз – не делаем зло, плохое

сөз беремін – даю слово

тырысып жүр- стремится

ақыл сұрайды- просит совета

1-тапсырма: Мәтінді оқып, негізгі ақпаратты анықта. ( жұптық жұмыс)

І топ: Сұрақтарға жауап беріп, тірек мәтін құрыңдар. «Тірек мәтін» әдісі.

ІІ топ: Кестедегі ақпараттың мәтінге сәйкестігін тексеріңдер. «Дұрыс- Бұрыс» әдісі.

Қ.Б: «Допты лақтыру » әдісі( бірін-бірі бағалау).

2- тапсырма: Мәтіннің мазмұнына жоспар құр. Құрылған жоспар бойынша мәтінді баянда. «Баяндама» әдісі.(топтық жұмыс)

І топ: «Хикая картасы» арқылы мәтінге жоспар жасаңдар. Жоспар бойынша мәтінді қысқаша баяндаңдар. «Хикая картасы» әдісі.

ІІ топ: Сұрақ- жауап негізінде, жоспар құрыңдар. Жоспарға сүйеніп, мәтінді қысқаша баяндаңдар. «Сұрақ- жауапқа құрылған хат» әдісі.

Қ.Б: «Пікір алмасу » әдісі(өзара бағалау).



3-тапсырма: Төменде берілген тірек сөздерді пайдаланып, ертегінің бас кейіпкерлеріне байланысты сөйлемдерді тап. «5-5-1» әдісі. (жеке жұмыс)

Қасқыр

Тиін

Ашуланамын, аң қорқады, жақсы көрмейді, сөз беремін, тырысып жүр.

Өмір сүреді, бұтақтан бұтаққа, жалынады, жамандық жасамаймыз, ақыл .

І топ: Қасқырға байланысты сөйлемдерді тауып жазыңдар.

ІІ топ: Тиінге байланысты сөйлемдерді тауып жазыңдар.

Қ.Б: «Бір сөйлеммен түйіндеу» әдісі. (өзін -өзі бағалау)








ватман, маркерлер,

қима суреттер



5 мин



Кері байланыс: «Плюс,минус,қызықты» әдісі.


Плюс

Минус

Қызықты

Сабақта барлығы ұнады

Ұнамады, түсініксіз болып қалды

Барлық дерекетер мен әдістер қызықты


Кесте

Саралау – Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз?


Барлық оқушыларға:

  • мәтіндер үлгілері

  • сөздіктер

  • ережелер

Оқушылар көпшілігіне:

  • мәтіндер үлгілері

  • диаграммалар

  • мақал-мәтелдер жинағы

  • тұрақты тіркестер сөздігі

  • ережелер

Кейбір оқушыларға:

  • мәтіндер үлгілері

  • қосымша ақпараттар

  • ережелер

  • анықтамалар

  • ғылыми журналдар

  • интернет ресурстары

Бағалау – Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеуді жоспарлап отырсыз?

Қ.Б:«Допты лақтыру» әдісі (өзара бағалау)- түсіну деңгейіне қарай бірін-біріне сұрақтар қояды;

Қ.Б:«Пікір алмасу» әдісі (өзара бағалау) - оқушылар бір-бірінің сұрақтарына жауап беріп топ ішінде талқылайды ;

Қ.Б: «Бір сөйлеммен түйіндеу» әдісі. (өзара бағалау) - тақырып бойынша алған білімдерін түйіндейтін бір сөйлеммен жазады.



Кері байланыс:

«Плюс,минус,қызықты»әдісі - оқушылар кестеге сабақта ұнаған, ұнамаған кезеңдерін жазады немесе ауызша айтып береді.

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау

-дербес компьютердің жанына портфельдер, сумкалар, кітаптар қоюға тыйым салынады.


-үстелде қалам мен дәптер ғана болуы тиіс;

-басты бұру жаттығуларын жасау;

-басты сағат тілі және керісінше бұрып айналдыру;

-басты жан-жаққа бұру;

-саусақтарды жұмып-ашу және қолдың білезігін босаңсыту.


Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары немесе оқу мақсаттары шынайы, қолжетімді болды ма?

Барлық оқушылар оқу мақсатына қол жеткізді ме? Егер оқушылар оқу мақсатына жетпеген болса, неліктен деп ойлайсыз? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақ кезеңдерінде уақытты тиімді пайдаландыңыз ба? Сабақ жоспарынан ауытқулар болды ма және неліктен?


Бұл тарауды сабақ туралы рефлексия жасау үшін пайдаланыңыз. Сол бағандағы өзіңіз маңызды деп санайтын сұрақтарға жауап беріңіз.




Жалпы бағалау

Сабақта ең жақсы өткен екі нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты)?

1:

2:

Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне не оң ықпал етер еді (оқыту мен оқуға қатысты)?

1:

2:

Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/ қиыншылықтары туралы нені анықтадым, келесі сабақтарда не нәрсеге назар аудару қажет?





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
12.11.2018
1391
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12