жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Ашық сабақ Қасым Аманжолов Қазақстан 2 сынып
|
ПӘНІ |
Әдебиеттік оқу |
||||
|
Сыныбы |
2 «Б» |
||||
|
Мерзімі |
10.12.2016 |
||||
|
Сабақтың тақырыбы |
Қасым Аманжолов Қазақстан |
||||
|
Мақсаты |
Оқушылар Қасым Аманжолов жайлы білім алады , «Қазақстан » өлеңін мәнерлеп оқуға, мазмұнын меңгеріп, тақырыбы мен идеясын аша білуге, өлеңді теориялық жағынан талдай білуге үйрету. |
||||
|
Күтілетін нәтиже |
Қасым Аманжолов туралы білімдерін толықтырады. «Қазақстан » өлеңінің мазмұнын толықтай түсінеді. Шығармашылық қабілеттері артады, топта бірлесіп жұмыс істеу дағдылары дамиды. |
||||
|
Қолданылатын құрал-жабдықтар |
А 3 форматтағы беттер, маркерлер, слайд, бағалау парағы, кесте, смайликтер |
||||
|
Сабақтың өту барысы |
|||||
|
Сабақтың кезеңдері Уақыт |
Мұғалім іс-әрекеті |
Оқушы іс-әрекеті |
Қолданылатын модуль, әдіс-тәсілдер |
Күтілетін нәтиже |
|
|
Ұйымдастыру кезеңі Топқа бөлу 3 минут |
Фигуралар арқылы оқушыларды топқа бөледі. Топ басшысын сайлайды. |
Топқа бөлінеді. |
|
Топ ережесін сақтайды. |
|
|
Психологиялық дайындық 1 минут |
Орындарынан тұрып хормен: Жарқырап күнде ашылды, Айналаға гүл шашылды Қайырлы күн! Біз нәзік қыздармыз! Қайырлы күн! Біз ержүрек ұлдармыз! ХалқымызғаТыныштық тілейміз! Қонақтарға Денсаулық тілейміз! Өзімізге Сәттілік тілейміз! - Ендеше сабағымызды бастайық! |
Бір-біріне күлімдейді. Қолдарын жаяды. Жан-жаққа шашу шады. Хормен қыздар айтады. Хормен ұлдар айтады. |
|
Жағымды психологиялық ахуал қалыптасады. |
|
|
Үй тапсырмасын тексеру 2 минут Өткен сабаққа шолу 5 минут |
Т. Молдағалиевтің «Он алтыншы желтоқсан » өлеңін жатқа сұрайды. 1.Өткен сабақта кім туралы оқыдық? 2.Қайрат кім? Ол қандай адам? 3.Қорқу,сескену сөздерін Қайрат қалай түсіндіеді? 4.Қорқақтық деген сөзді қалай түсіндіреді? Енді, ізденіс жұмыстарына кезек берейік. -Қайрат туралы тағы не білеміз? -Желтоқсан құрбандарынан тағы кімдер туралы білесіңдер? Ендеше Қайрат Рұсқұлбековті сипаттап айтайық. |
Өлеңді жатқа айтады. Сұрақтарға жауап береді. Қайрат Рысқұлбековті сипаттайды. |
«Серпілген сауалдар» стратегиясы |
Жатқа айту, мәнерлеп оқу дағдылары артады. Өз ойларын тұжырымдап айтуға үйренеді. |
|
|
Қызығушылығын ояту 5 минут |
-Балалар ол не үшін күресті? «Қазақстан» сөзіне ассоциация жасату. Тақтаға плакат іледі. -Биыл Қазақстанның тәуелсіздік алғанына неше жыл? -Балалар, ендеше бүгін біз тағы бір отансүйгіш ақынмен танысамыз.Ол , халқымыз «Қыран қанатты» деп баға берген Қасым Аманжолов аталарың. Автор туралы түсінік беру. Қасым Аманжолов 1911 жылы қазіргі Қарағанды облысы,Қарқаралы ауданында дүниеге келген.Осы кезге дейін танысқан басқа авторларымыз сияқты ол да мұғалімдік мамандықты таңдаған ақын.Сонымен бірге, ол өзге тілде жазылған шығармаларды қазақ тіліне шабыттана аударатын аудармашы да болған. Ол-1941-45 жылдары өткен Ұлы Отан соғысына қатысқан ардагер ақын.1955 жылдың 18 қаңтары күні ұзаққа созылған аурудан кейін қайтыс болады. |
Оқушылар алдарындағы қима қағазға маркермен Қазақстан туралы білетін деректерін жазады, плакатқа жапсырады. |
Ассоциациялық карта |
Қазақстан туралы білетін мәліметтерді еске түсіреді Автор туралы түсінік қалыптасады. |
|
|
Мағынаны ашу 10 минут |
Оқулықпен жұмыс.
Сөздік
жұмыс 3. Жеке мәнерлеп, тұтас оқыту |
Оқушылар өлеңмен танысады, топта талқылайды, бірін-бірі толықтырады. 3 топтан бір оқушыдан тұтас мәнерлеп оқиды. |
Жеке және топтық жұмыс. |
Оқушылар өлеңмен танысады, мазмұнын түсінеді. Топта жұмыс жасайды. Бірін-бірі толықтырады, тыңдайды. Ұсыныстар айтады. |
|
|
Сергіту сәті 2 минут |
«Мен қазақпын» бейнежазбасын көрсету. |
Оқушылар бейнежазбадағы қимылдарды қайталап билейді. |
|
Бой сергітеді, көңіл-күйлері көтеріледі. |
|
|
Ой толғаныс 7 минут |
Мұғалім оқушылардың білімдерін бекіту мақсатында шығармашылық жұмыс жасауға бағыттайды. Әр топқа тапсырма беріледі. Өлеңде ақын қолданған қандай сөздерді төмендегі сөздермен тіркестіруге болады? ... жеріміз, ... қазақпыз ... намысы, азат ... құл ... , ... жанбыз |
І топ
-“Бақытты қазақ баласы” деп өлеңнің қай
шумағын атауға
болады? |
Топтық жұмыс |
Тақырып бойынша оқушылардың алған білімдері тиянақталады. Өз ойларын дәлелдеп айтуға үйренеді. |
|
|
Шығармашылық тапсырма 3 минут |
1. Мақал- мәтелдердің жалғасын табу беріледі. 2. «Құпия сөзді» табуға тапсырма беріледі. 3. Сөзжұмбақ беріледі. |
І топ: «Жалғасын тап» ІІ топ: «Құпия сөз» ІІІ топ: Сөзжұмбақ |
Топтық жұмыс |
Тақырып бойынша оқушылардың алған білімдері тиянақталады. |
|
|
Үйге тапсырма 2 минут |
«Қазақстан» өлеңін мәнерлеп оқу. «Менің Отаным» тақырыбына шағын шығарма жазу |
Үйде өлеңді оқып, мазмұндап келеді. Шығарма жазады. |
|
Өз ойларын тиянақтап жазуға дағдыланады. |
|
|
Бағалау 4 минут |
Смайлдар арқылы бағалау |
|
|
|
|
|
Рефлексия 4 минут |
Кесте таратады. Не білдік? Не үйрендік ? кестесін толтыру тапсырылады. |
Оқушылар кестені толтырады. 3-4 оқушы оқиды. |
Кесте |
Оқушылар сабақ бойынша өз ойларын білдіреді. |
|
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген