Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ (қашықтықтан оқыту)Дүниетану 4-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Мұғалімге ашық сабақ жоспарын құру барысында көмегі бар
Материалдың қысқаша нұсқасы



Мұғалімнің аты-жөні:

Чорманова Марина Дамиевна

Сынып:

4 «А»

Қай аптаның нешінші сабағы

5-апта 21-сабақ

Тарау немесе бөлім атауы:

Табиғат құбылыстары

Сабақтың тақырыбы:

Жасанды ортадағы менің қауіпсіздігім

Оқу мақсаты:

1.4.4 жасанды ортада өзінің қауіпсіздігін жоспарлау.

Бағалау критерийі:

- Көшеде жүрудің қауіпсіздік ережелерін есіңе түсіресің

- Өзінің жасанды ортадағы қауіпсіздігін жоспарлайды

Саралап оқыту тапсырмалары

Ұжымдық жұмыс

Жаңа тақырыптың түсіндірілуі


Бірлескен жұмыс (1,2 тапсырма)

Тапсырманы ұсыну және дұрыс жауапты ұсыну арқылы үйрету

Жеке жұмыс

Тапсырманы ұсыну, оқушылар өз бетімен орындауы

Уақыты

Кезеңдері

Тапсырма

Тапсырманың мақсаты

Бағалау

Ресурстар

5-7

минут

Ұйымдастыру







Өткен сабақты қорытындылау



-Сәлеметсіздер ме,балалар!

-Бүгінгі сабақта көңіл күйлерің қалай?

-Дүниетану сабағын бастаймыз.

- Сабақ бастамас бұрын компьютер алдында қалай отыру керек екендігін естеріңе салайын.

-Өткен сабақты қорытындылау мақсатында ұяшықтарды таңдап,сұрақтарға жауап бересіңдер.

- Өрт қаупі болса қайда хабарласу керек?

- Су құбыры жарылса не істеу керек?

- Жасанды орта дегеніміз не?

-Адамның тіршілік ортасын ата?

-Үйге газ тарағанда не істеу керек?


Сабақ тақырыбын, мақсатын таныстыру

- жасанды ортада өзінің қауіпсіздігін жоспарлау

-Бүгін сен:

- Көшеде жүрудің қауіпсіздік ережелерін есіңе түсіресің

- Өзінің жасанды ортадағы қауіпсіздігін жоспарлайды


Презентация № 1 бет







Wordwall |сайты

20-25 минут

Жаңа сабақ

Оқулықтарыңдағы СУРЕТКЕ қараңдар. Бұл жерде сендер жаяу жүргіншісіңдер.Суретке қарап .қауіпті жағдайға ұрынбау үшін балаларға қандай кеңес берер едіңдер.

-Ұлдар 1-сурет бойынша,қыздар 2-сурет бойынша кеңес бересіңдер.

-Жолда жүруге байланысты мына бейнежазбаға назар аударайық

Жұмбақ

Өздігінен жүрмейді ,жарыспайды,

Кісі мінсе жарыстан қалыспайды.

Аяғы екеу болғанымен ізі жалғыз,

Сағатта талай жерді аралайды.

(Велосипед)

-Суретке қараймыз.Бұл жағдай қауіпті ме?

Оқушылардың ойын тыңдау.


СЕН ВЕЛОСИПЕДШІСІҢ мәтінін оқыту.

Жалпы жол белгілерінің 7 түрі бар.Жол белгілері ескеру ,тыйым салу т.б.белгілер бар.Мысалға мына белгі велосипед жолы деген белгіні білдірсе,қызыл дөңгелектегі велосипеді бар сурет болса,велосипедпен жүруге болмайды деген белгіні білдіреді.

Дәптермен жұмыс

СЕН ЖОЛАУШЫСЫҢ

Көлікке отырғанда жолаушы қандай ережелерді сақтау керек екендігін оқып,дәптерлеріңе жазып алыңдар.

Дескриптор: Білім алушы

Жолда жүру ережесі бойынша қателіктерді айтады.










Дескриптор: Білім алушы

велосипедші ретінде жіберілген қателікті табады.



Дескриптор: Білім алушы

Ереже бойынша қорытынды шығарып айтады

ҚБ «Бас бармақ»

Презентация № 2 бет






Презентация № 3 бет

бейнежазба



Презентация № 4 бет





Презентация № 5 бет


































Бекіту











Жағдаят талдау.

1-жағдай.Көшеде танымайтын адам сені алып келу үшін анаң жұмсап жібергенін айтса, не істейсің?

2-жағдай. Танымайтын адам сені көлікке отыруға шақырып,балалар бағдарламасына түсіруге алып баратынын айтса,еріп барасың ба?

- Олай болса,сендердің үйдегі және көшедегі қауіпсіздіктерің туралы бейнежазбаға назар аударыңдар.

- Бейнежазбада өрт болған жағдайда 101-ге,Пәтерге бөтен адам кірсе 102-ге,газдың исі шықса 104-ке қоңырау шалу керек екені айтылды.

- Жасанды ортада әр түрлі қауіп қатерлерден арнаулы қызметтердің телефондарын теру арқылы да өз қауіпсіздігімізді сақтай аламыз.Ол телефон нөмірлеріне ойнап қоңырау шалуға болмайды.

- ҚР заңында «Арнаулы қызметтерді жалған шақыру үшін жауапкершілік шарасы қарастырылған.Бұндай жағдайда 14-16 жасқа дейінгі кәмелеттік жасқа толмағандар жасаған әрекеттері үшін ата-анасына ескерту жасалып,айыппұл салынады.

-Сабақ барысында жеке қауіпсіздік бойынша қандай қорытындыға келдіңдер?

Жеке тапсырма ұсыну

-Балалар,үйде және көшедегі қауіпсідік ережесін естеріңе сақтап алыңдар.Онлайн мектептің тапсырмасын орындау.Оқулықтан 88-беттегі диаграмма арқылы қорытынды жазыңдар.

Бекіту: Тақырыпты меңгеру деңгейіне қарай өзіңді бағала .








Дескриптор: Білім алушы

- Жағдаятты талдай алады,шешімін табады




























Дескриптор: Білім алушы

қауіпсіздік бойынша қорытынды жасап айтады.





«Бас бармақ»

ҚБ «жұлдызшалар»



Презентация № 6 бет









Презентация № 7 бет

Бейнежазба













Презентация № 8 бет







Өтемұратова Гүлмира : Марина сабағыңа рақмееет!Оқушыларға көп мәліметтер бере білдің!Шығармашылық табыстар тілеймін!?

Журумбаева Бағлан: Марина апай сабағыңызға рақмет!Оқушыларыңыз белсенді екен!Сізге шығармашылық табыс тілеймін!??

Маманова Ақерке : Марина апай сабақтарыңыз жақсы өтті? Жарайсыздар?

Абдырахманова Бибігүл : Марина жарайсың! Балалар белсенді қатысты. Көп рақмет! ???Шығармашылық табыс тілеймін! ?

Айдарбекова Жанар: Марина сабақтарың ???.Шығармашылық табыс тілеймін!

Карбозова Мақпал: Марина апай!Сабагыныз жаксы болды!Окушылар Белсенди катысты.Шыгармашылык табыс тилеймин!

Түзелбекова Нүрила: Марина, сабағыңа рақмет . Өте жақсы өттің. ?

Көмекбаева Жанар: Марина сабағына көп рахмеееет! Оқушылар көп мәлімет алды деп ойлаймын. Шаршама, Тек алға!! ?

Шыңғысова Дидар: Марина, сабағың керемет өтті! Балалар Қауіпсіздік ережелері туралы алған білімдерін практикада қолдана алатындай болды. Оқушылар ауызша тапсырмаларды жақсы орындап отырды. Білімдерін бекіту арқылы өз ойларын қабілеттерін қиялдарын дамытып, ой қорытып, нақты жауап берді. Қашытықтан оқыту кезінде интербелсенді құралдарды жақсы қолдандың!??Шығармашылық табыс тілеймін!!

Хамза Майрагүл:Марина апай оқушыларыңыз қашықтық сабаққа өте жақсы бейімделген. Барлық тапсырмаларды уақытында орындап жауап беріп отырды. Керемет! Сабағыңыз өте жақсы құрылымдалған және өте жақсы өтті.

Ерғалиева Марфуға : Марина сабағың өте жақсы өтті. Оқушылар сабаққа белсенді қатысты. Уақытты тиімді қолдана білдің.

Исова Гүлмира: Марина сабағың өте жақсы өтті! Шығармашылық табыс тілеймін! Оқушыларың да белсенді екен!!!

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
14.02.2021
580
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12