400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ "Қатты ,сұйық және газ тәріздес заттар" 3- сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Заттың үш күйін дәлелдеу және көз жеткізу
Материалдың қысқаша нұсқасы


САБАҚ: 28 сабақ


Мектеп:№ 30 мектеп гимназия

Пән; жаратылыстану

Күні 11.12. 2019ж

Мұғалімнің есімі:Абдибекова К.Е.

Сабақтың тақырыбы:

Қатты, сұйық және газ тәрізді заттар қандай болады?

СЫНЫП: 3 «А»

Қатысқандар саны: 25

Қатыспағандар: 0

Сабақ негізделген оқу

мақсаты (мақсаттары)

3.3.1.1 Заттарды шығу тегі және агрегаттық күйі бойынша жіктеу.

3.1.2.1 - ақпарат көзінің түрлерін анықтау;

3.1.2.4- жүргізілген эксперимент нәтижелерін құрылған жоспарға сәйкес диаграмма түрінде көрсету, қорытынды жасау.

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар: заттың қатты, сұйық және газ күйін ажырата алады.



Оқушылардың басым бөлігі:. Ақпарат көздерін анықтап, мысалдармен дәлелдер келтіре алады.


Кейбір оқушылар: Тәжірибе жасай отырып, дәлел келтіреді,қорытынды жасайды.

Бағалау

критерийі

Заттар қатты, сұйық және газ тәрізді күйде бола алатынын дәлелдеу.

Заттардың бір күйден екінші күйге алмасатынына көз жеткізу.

Заттардың өзгергендегі күйіне, пішініне, көлеміне сипаттама беру.

Рухани құндылықты дарыту.

Айналадағы ерекшеліктерді түсініп білуге үйрету және байқампаздылыққа тәрбиелеу.

Тілдік мақсат

Пәндік терминология мен тірек сөздер:

Сұйық- жидкие- hard

Қатты- твердые- liquid

Газ түрінде-газообразные-gaseous

Диалог/жазу үшін пайдалы сөздердің жиынтығы:

-Неліктен заттар әр түрлі болып көрінеді?

-Түрлі күйдегі заттар қандай қасиеттерге ие болады?

-Кез келген зат үш күйде бола ала ма?

-Заттың үш күйін ата№

Ресурстар

Оқулық, суреттер, топтық тапсырмалар, кері байланыс,.ҚБ тапсырмасы

АКТ

«Заттың күйлері» бейнежазба

Әдіс-тәсілдер

Сұрақ-жауап, «Табан ізі» , «Төрт сурет бір сөз» әдісі,

Пәнаралық байланыс

Әдебиет, дүниетану

Жоспарланған

уақыт

Жоспарланған жаттығулар (төменде

жоспарланған жаттығулармен қатар,

ескертпелердіжазыңыз)

Ресурстар

Басталуы


4 минут








3 минут





3минут

Психологиялық ахуал қалыптастыру:

Елді сүйген баламыз,

Біз талапты баламыз,

Білімнен нұр шашамыз

. Оқып - білім аламыз.

Әлкей, Қаныш атадай

, Заттар сырын ұғынып

Көп жаңалық ашамыз.

Ажырата аламыз.


Топқа бөліну.

4. «Атом молекула» ойыны.

Мақсаты: Іс – қимыл арқылы бой жазу. Жүргізуші: Қол шапалағы арқылы «атом молекула» - дейді. Қатысушылар ерсілі – қарсылы қозғалып жатады. Жүргізуші: Қол шапалақ арқылы молекула 2 десе 2 – ге бөліне бірігеді. Молекула 5 десе 5 – і бірігеді, Сөйтіп, ойын жалғаса береді. Топ ережесін айту.

«Табан ізі» әдісі Дескриптор: Оқушылар жасанды және табиғи денеге байланысты сұрақтар қояды және жауап береді ҚБ: Отшашу арқылы бір-бірін бағалау.



Шаттық шеңбері

Хормен айту







Топқа бөліну







Сұрақ жауап

Ортасы 20 минут

Білу және түсіну 10 минут

Жылт-жылт етеді,

Жылғадан өтеді.

Ол не? (Су)

  • Су туралы не білеміз?

  • Табиғатта ең таза суды қай жерде кездестіруге болады деп ойлайсың?

  • Су қалай өзгереді?

  • Неліктен бір зат әртүрлі болып көрінеді?

  • Мұз, су және бу арасында қандай ұқсастық пен айырмашылық бар?

Төрт сурет бір сөз» әдісі

Суреттермен жұмыс.

* Заттардың қасиетіне қарай бір сөзбен қалай атауға болады?

1-топ: заттың сұйық күйінде екенін анықтайды

2- топ. Заттың қатты екенін анықтайды

3- топ. Заттың газ түрінде екенін анықтайды


ҚБ «Жапондық «әдіспен бағалау


Көрсетілім: «Заттардың күйлері» бейнежазба


Оқушылар оқулықтағы негізгі тақырыппен танысады.

Қолдану

Оқулықпен жұмыс

/Шырын, май, сүт, оттек, су, шар, кірпіш, тақтай/

Заттың күйлерін ата және топқа бөл.

Дескриптор:

Заттар қатты, сұйық және газ тәрізді күйде бола алатынын дәлелдеу.

ҚБ:Смайлик арқылы бағалау.

Зертте:

Түрлі күйдегі заттар қандай күйге ие болады?

1-топ: шар

2-топ: темір


3-топ: су

Дескриптор:

Заттардың бір күйден екінші күйге алмасатынына көз жеткізеді.

ҚБ:Бағдаршам арқылы бағалау.

Тәжірибе «Заттардың өзгеруі

Қатты заттың сұйық затқа айналу

Сұйық заттың қатты затқа айналуы

Дескриптор:

Заттардың өзгергендегі күйіне, пішініне, көлеміне сипаттама береді.

Тәжірибе жасай отырып, дәлелдеу.

Заттардың өзгеруі.

Шыны аяқтағы шайды көрсету.

  • Шай қандай зат?

Қант түйірлерін көрсету.

  • Олар қандай?

Қантты шайға салып, толық ерігенше араластыру.

- Енді не өзгерді?

- Шайдың түсі өзгере ме?

-Шайдың дәмі ше?

-Қант қалай өзгерді?

Оқулықтағы сұйық сүттің қатты құртқа айналу үдерісі жайлы әңгімелесу.

  • Сүтте қандай өзгерістер болды?

  • Дәмі өзгерді ме?

  • Пішіні ше?

  • Қорытынды шығару: Заттардың барлығы дерлік бір күйден екінші күйге ауыса алады.

Сен білесің бе? Оқушыларға Жер бетіндегі су үнемі қозғалыста болатынын және күйін ауыстыратынын айту.

ҚБ «Жапондық «әдіспен бағалау


Дәптермен жұмыс

Сұйық- жидкие- hard

Қатты- твердые- liquid

Газ түрінде-газообразные-gaseous


Жұмбақ жасыру




Жетелеуші сұрақтар








Топтық жұмыс





АКТ





Әр топқа заттарды тарату









Топтық жұмыс






Тәжірибе жасау




























Дәптермен жұмыс

Сергіту сәті

2 минут

Сергітусәті.

Қарлы боран басталды,

Жаңбыр жауды тырс-тырс,

Тұман басты даланы,

Күн ашылды жарқ-жұрқ.

Қимыл қозғалыс ойыны

Аяқталуы 5 минут

Синтез

Білімді бекітуге арналған жұптық тапсырма.

Дескриптор:

Зат атауын оқып кестеге орналастырады

ҚБ:Жұппен шапалақтап бағалау.


Рефлексия. Стикерге өз ойларын жазып тиістісіне жабыстырады.

Мен …….. ұқтым Онша түсінбедім

Білмегенім көп



Жұппен жұмыс

Үйге тапсырма: 70-71--бет оқу сұрақ ,тәжірбие жасау, тест құрастыру.

Саралау – Сіз қосымша

көмек көрсетуді қалай

жоспарлайсыз? Сіз

қабілеті жоғары

оқушыларға тапсырманы

күрделендіруді қалай

жоспарлайсыз?

Бағалау - Оқушылардың

үйренгенінтексеруді

қалайжоспарлайсыз?

Пəнаралық байланыс

Қауіпсіздік жəне еңбекті

Қорғау ережелері

АКТ-мен байланыс

Құндылықтардағы

байланыс

Рефлексия

Сабақ / оқу

мақсаттары

шынайыма?

Бүгін оқушылар

не білді?

Сыныптағыахуал

қандайболды?

Мен жоспарлаған

саралаушаралары

тиімдіболдыма?

Мен берілген

уақытішінде

үлгердімбе? Мен

өзжоспарыма

қандай түзетулер

енгіздімжəне

неліктен?











Қорытынды бағамдау

Қандай екі нəрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:Оқушыларды тақырыпқа сай «Молекула-атом» ойыны арқылы топқа бөлу.

2. Үй тапсырмасын «Табан ізі» әдісі арқылы сұрау

Қандай екі нəрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1: Өз беттерінше оқулықтан тыс заттарға тәжірибе жасау

2:Әр тәжірибе барысында заттың бір күйден, екінші күйге ауысатынына көз жеткізді.

Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды

жетілдіруге көмектесетінне білдім.
























Тараз қаласы № 30 мектеп-гимназиясының

бастауыш сынып мұғалімі

Абдибекова Кулайша Есимхановнаның рефлексивті есебі.


Мен Абдибекова Кулайша Есимханқызы желтоқсан айының 11-і күні 3 «А» сыныбында жаратылыстану пәнінен «Қатты,сұйық және газ тәріздес заттар» тақырыбында өткізген сабағымның рефлексивті есебін ұсынып отырмын. Сабағымның алғашқы кезеңін оқу мен оқытудағы жаңа тәсілдер модулін қолдана отырып, оқушыларды шаттық шеңберіне тұрғызып, бір шумақ өлеңді хормен айтқыздым.

Picture 12

Оқушыларды топқа сабақ тақырыбымен байланыстыра отырып бөлу үшін, «Молекула-атом» ойыны арқылы топқа бөлінді. . Менің түсінгенім әр сабақта бір-біріне ұқсамайтын ,өзгеше әдіс-тәсілдерді қолданып отырсаң, оқушылардың қызығушылығы артып отырады.



Енді оқушылардан үй тапсырмасын сұрау барысында «Табан ізі» әдісі арқылы әр топтан бір оқушы шығып, бір-біріне өтілген тақырып бойынша сұрақтар қойылды. Сұрақтарға оқушылар толық жауап бере алды.

Picture 16


Жаңа тақырыпқа ену үшін жұмбақ жасырылды. Жұмбақтың шешуін тапты. Су туралы бірнеше жетелеуші сұрақтар қойылды. Судың табиғатта үш күйде кездесетінін айтты.

Төрт сурет бір сөз» әдісі Суреттермен жұмыс.

* Заттардың қасиетіне қарай бір сөзбен қалай атауға болады?

1-топ: заттың сұйық күйінде екенін анықтады

2- топ. Заттың қатты екенін анықтады

3- топ. Заттың газ түрінде екенін анықтады

Осы жерде менің байқағаным оқушылардың сабаққа деген қызығушылығы оянды.

Оқушылар сабақ барысында тәжірибе арқылы заттың табиғатта үш күйде кездесетінін қолмен ұстау арқылы дәлелдеп, көз жеткізді.. Себебі, оқушылар табиғатта кездесетін заттың бір күйден екінші күйге ауысатынын өздері айтып дәлелдеді. Сабаққа оқушылар қызығушылықпен қатысты. Әр тапсырма соңында кері байланыс пен бағалау болды.


Топтық жұмыстарда суреттер арқылы постер қорғату топты жарып шығатын дарынды, талантты  оқушылар байқалды.      Оқушылар өз ойларын нақты, жан – жақты   білдірді. Себебі сабақ үстінде үнсіз отыратын оқушының сабаққа   құштарлығын, білуге деген талпынысын көріп таңдандым. Сабағымызды топтық   жұмыспен, әр – түрлі әдіс – тәсілдермен өткізсек одан да зор жетістіктерге   қол жеткізетіндігімізге көз жеткіздім.


Сабақтың тиімді жағы: Бұл сабақта оқушылар өз бетімен, топпен де жұмыс жасады. Сабаққа қызығушылығы артты, тапсырмаларды ынтымақтастықта орындады және тәжірибе орындау барысында оқушылардың сабаққа қызығушылығы артты.


Сабақтың тиімсіз жағы: Сабақ барысында оқушыларға сергіту сәті орындалмады. Қатты, сұйық, газ тәріздес заттар деген сөзді үш тілде айтқызуға көңіл бөлінбеді. Себебі, уақытты тиімді пайдалана алмады.


Қорыта келгенде қазіргі заманның талабына сай   білімді, жан-жақты, дарынды, талантты ұрпақ тәрбиелеу біздің міндетіміз.   Алдағы уақытта әр түрлі әдіс-тәсілдерді пайдалана отырып, дарынды, талантты,   жан- жақты, ұшқыр ойы бар, білімді ұрпақ тәрбиелейтініме кәміл сенемін.














Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
18 желтоқсан
564
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі