400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ "Қатынас" балабақша

Материал туралы қысқаша түсінік
Балабақша қызметкерлеріне арналған сабақ жоспары
Материалдың қысқаша нұсқасы

Білім беру саласы: «Қатынас»

Оқу қызметі:  Драма

Тақырыбы:  Жануарлар қалай дыбыстайды?

Мақсаты:

Б.М: Балаларды үй жануарларымен таныстырып,олардың аттарын дұрыс атап, төлдерін дұрыс ажырата білуге үйрету.

Д.М: Балаларға үй жануарларының дыбысын үнтаспадан тыңдатып, қай

жануардың дыбысы екенін дұрыс ажырата білуге үйрету, есте сақтау, ойлау қабілеттерін

дамыту.

Т.М: Жануарларға қамқорлық жасауға тәрбиелеу.

Керекті құралдар: Үй жануарларының суреттері слайдтан көрсетіледі.

Биллингвальді компонент: сиыр-корова, қой-баран, түйе-верблюд.

Мотива-циялық - қозғаушы

Шаттық шеңберін құру.

Алтын сәуле арайлы,

Бақшамызға тарайды.

Қуанышпен шат күліп,

Қарсы алайық маңайд.

Күтілетін нәтиже:

Біледі: Үй жануарларының аттарын:

Игереді: Сәйкестендіру тапсырмасын дұрыс орындау дағдысын;

Меңгереді: Үй жануарының пайдасы туралы түсінікті.

Ұйымдас-тырушылық - ізденушілік

-Қазір жылдың қай мезгілі?

-Қыс мезгілі неше айдан тұрады?

-Қыс мезгілінде ауа-райы қандай болады?

-Қыста қардан не жасауға болады?

-Бір аптада неше күн бар?

-Апта күндерін кім айтады?

-жарайсыңдар балалар сендер қыс мезгілінің ерекшеліктерін, апта күндерін өте жақсы біледі екенсіңдер.

-Ендеше балалар, мен сендермен бір ойын ойнағым келіп тұр. Ойынның аты «Үй жануарларын ата» деп аталады.

Шарты: Менің қолымда жан жағына үй жануарларының суреттері бейнеленген кубик бар. Мен қазір осы кубикті ортаға лақтырамын сол кезде кубик кімнің алдына түссе сол бала кубикте бейнеленген үй жануарының атауын дұрыс айту керек.

-Балалар сендерге ойын ұнады ма? Олай болса біздің бүгінгі жаңа тақырыбымыз «Үй жануарлары қалай дыбыстайды» деп аталады.

Балалар қане назарымызды интербелсенді тақтаға аударайықшы.

-Мынау –сиыр, мынау –жылқы, мынау –қой, мынау-түйе, мынау –ешкі. Бұлар –үй жануарлары, себебі оларды адамдар бағады, күтеді. Яғни үй жануарларының етін жейміз, сүтін ішеміз., үй жануарларының сүті адамға өте пайдалы, құрамында көптеген дәрумендер бар.жүнінен кеудеше, шұлық, телпек, қолғап тоқып киеміз,.ал терісінен тон, етік тігіледі екен. Бұл киімдер қыста адамды суықтан қорғап тоңдырмайды екен.

Енді мен сендермен тағы бір ойын ойнағым келіп отыр. Сендер ойын ойнағыларың келе ме?

Ойынның аты: «Үй жануарларын дыбысына қарай ажырат» деп аталады.

Шарты: Үнтаспадан үй жануарларының дыбыстары естіледі. Сендер сол дыбыстың қай үй жануарыныкі екенін табуларың керек.

-Ойын сендерге ұнады ма?

-Олай болса осы үй жануарларының қалай дыбыстайтынын айтып жаттығайық.

-Қой «мә-мә» деп маңырайды;

-Қойдың төлін қалай атаймыз?

-Сиыр «мө-мө» деп мөңірейді;

-Сиырдың төлін қалай атаймыз?

-Түйе «бө-бө» деп боздайды.

-Түйенің төлін қалай атайды?

-Жылқы «иһо-иһо» деп кісінейді.

-Жылқының төлін қалай атаймыз?
Сөздік жұмыс,

Маңырайды, мөңірейді, боздайды, кісінейді- жануарлардың бір-бірімен тілдесуі.

Сергіту сәті.

Далам қандай тамаша,

Тауға шығам таласа.

Лақ-қозыдай шапқылап,

Құлын-тайдай тебісіп,

Сергіп қалам келісіп.

Д/о: «Төлдерін тап!»

Шарты:Суреттен үй жануарларын төлдерімен сәйкестендір

Рефлексті – коррекция-лаушы

Сонымен балалар, үй жануарларына нелер жатады екен.

-Үй жануарының қандай пайдасы бар?

Олай болса балалар, біз үй жануарларына қамқорлық танытуымыз керек. Оларды ұрып -соғуға болмайды. Олардың да табиғатта алатын орны ерекше, барлық табиғатта кездесетін тірі жәндіктерге, жануарларға қамқорлықпен қарау керек екен. Осымен бүгінгі оқу қызметіміз аяқталды








Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
7 мамыр
1652
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі