Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ Қатынас ыдыстар

Материал туралы қысқаша түсінік
Мұғалімдерге, қатынас ыдыстар туралы түсінік береді
Материалдың қысқаша нұсқасы


Пәні:Физика

Ұзақ мерзімді жоспардың бөлімі: Қысым

Мектеп: С.Рахымов атындағы ЖОМ КММ

Күні:27.01.2021 ж

Мұғалімнің аты жөні: Максутова Райхан

Сынып: 7 Ә Қатысқандар: Қатыспағандар

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар: Қатысқандар:

Сабақ тақырыбы

Қатынас ыдыстар

Осы сабақта жүзеге асатын оқу мақсаты (оқу жоспарына сілтеме)

7.3.1.6 – қатынас ыдыстарды қолдануға мысалдар келтіру

Қатынас ыдыстардағы қысымның таралуын білу және түсіну.

Сабақ мақсаты

Бaрлық оқушылaр iстeй aлaды: Қатынас ыдыстардың қандай ыдыстар екенін біледі және мысалдар келтіре алады.

Көптeгeн оқушылaр iстeй aлaды: Қатынас ыдыстардың формуласын біледі,сұйықтың тығыздығымен деңгейін есептей алады.

Кeйбiр оқушылaр iстeй aлaды:Пішіні әр түрліқатынас ыдыстардағы сұйықтардың деңгейлерін ажыратып айтып бере алады, өмірмен байланыстырып, мысалдар келтіреді.

Бағалау критериі

  1. Қатынас ыдыстардың түрлерін біледі

  2. Қатынас ыдыстардағы сұйықтардың деңгейін анықтай алады, есептейді.

  3. Ауырлық күшінің әсерінен сұйықтың ыдыс түбіне түсіретін қысымы сұйықтың тығыздығы мен баған биіктігіне тәуелді болатындығы жайында біледі, тәжірибе арқылы анықтайды.

Тілдік мақсаттар


Оқушылар өздерінің түсініктерін көрсететін жаңа сөздерді пайдаланулары керек.

Олар терминдерді түсіну және қолдану керек. Арнайы пәндік лексика мен терминология:

Қазақша

Орысша

Ағылшынша

Қысым

Давление

Pressure

Беттің ауданы

площадь поверхности

the area of the surface

Қатынас ыдыстар

сообщающиеся сосуды

communicatingvessels

Су құбыры

водопровод

waterpipes

Атмосфералық қысым

атмосферное давление

Atmospherepressure






Құндылықтарды дарыту





Оқушыларды адамгершілікке, патриоттық сезімді бойларына сіңдіру.

Пән аралық байланыс

Математикамен байланыс арқылы математикалық есептеулерді дұрыс жүргізуді, график салуда масштаб сақтауды жүзеге асыру. Тарих және геграфия пәндерімен байланысты

АКТ-ны қолдану дағдылары



Презентация және  интернет желісінен алынған мәліметтерді АКТ көмегімен ұсыну



Қосымшa бiлiм


Бiлeдi: Қатынас ыдыстарды, үй тұрмысында қолданылатынын.

Бiлуi кeрeк: Қатынас ыдыстардың деңгейлерінің жасалу жолын, табиғатта қолданылатын жерлерін.

Бастапқы білім



Сұйықтар мен газдардағы қысым. Паскаль заңы



Сабақ барысы

Жоспарланған сабақ кезеңдері

Сабақта жоспарланған қызмет (іс-әрекет)



Ресурстар

Сабақтың басы

5 мин

Ұйымдастыру кезеңі 2 минут

Сынып оқушыларымен амандасып, сыныпта жағымды орта құрамын.

Топтарға ат беру

Үй тапсырмасын тексеру

«Шындық, жалған» әдісі

1. Қысым дегеніміз бетке перпендикуляр әрекет ететін күштің осы беттің ауданына қатынасымен анықталатын физикалық шаманы атаймыз. (шындық)

2. ХБ жүйесі бойынша қысының өлшем бірлігі Ньютон (жалған, Паскаль)

3. Бетке перпендикуляр әрекетет етін күштің осы беттің ауданына қатынасым енанықталатын физикалық шаманы қысым күші деп атайды. (шындық)

4.Қатты денелер қысымды күштің әрекет ету бағытында жеткізеді. (шындық)

5. Денеге әрекет етуші күш неғұрлым көп болса, соғұрлым түсірілетін қысым да аз. (жалған, көп)

6. Қысымды Е әрпімен белгілейді.  (жалған, р)

7.Сұйықтар мен газдардың қысымын зерттеген еңбектері үшін француз физигі Блез Паскальдың құрметіне Паскаль заңы деп аталған. (шындық)

8.Сұйықтар мен газдардағы қысымың формуласы р=ρgh (шындық)

9.Қатты денелердегі қысымның формуласы (шындық)

10.Молекула заттың ең кіші бөлінбейтін бөлшегі (жалған)

11.ХБ жүйесінде биіктіктің өлшем бірлігі сантиметр (жалған)

12.Қысымның өлшем бірлігі Паскаль (шындық)

Оқушылар тәтті тиындармен бағаланады.



1-топ:Қысым


2-топ: Сұйық

3-топ: Газ


4-топ: Қатты


Әрбір дұрыс жауапқа оқушы жеке бағаланады.

Интербелсенді тақта


Сабақтың ортасы

15

Жаңа сабақ. Қатынас ыдыстар.

Оқушыларға тақтадан әртүрлі пішіндегі және үй тұрмысында қолданылып жүрген қатынас ыдыстардың суреттерін көрсетіп, ойларын білу сабақтың тақырыбын ашу.

Қатынас ыдыстар деп екі ұшы ашық орталары жалғасқан ыдыстарды айтады.

а - суретін қарасаңдар ондағы шшайнектің шүмегі оның бетінің деңгейімен бірдей екенін, ә- суретінде оның шүмегі оның ортан белінен ақ келетінін және б- суретінде оның шүмегі оның деңгейінен аса ұзын болса қалай болар еді?- деп сұрақ тудырып оқушылардың ойын тыңдап сабаққа түсініктеме беру.

Ә,б- суреттеріндегі қатынас ыдыстар дұрыс жасалмағанын ажаратып айту, ал в- суретіндегі шайнек дұрыс жасалғанын, одан құйылған су төгілмей дұрыс құйылатынын көруге болады.

Қатынас ыдыстардың қасиеттері

Кез келген пішінді қатынас ыдыстардағы тыныш тұрған біртекті сұйықтың еркін беттері бірдей деңгейде болады

Егер қатынас ыдыстардың әр тармағына әр түрлі сұйық құйсақ онда олардың деңгейлері бірдей болмайды, демек ол сұйықтардың тығыздықтарына байланысты болады қорыта айтқанда: Қысымдары тең болғанда, тығыздығы үлкен сұйық бағанының биіктігі тығыздығы аз сұйық бағанының биіктігінен кем болады.

Қатынас ыдыстардағы әртекті сұйық бағандарының биіктігі олардың тығыздықтарына кері пропор ционал.

Қатынас ыдыстар  қасиеті  үй  тұрмысында

қолданылатын  ыдыстардан  басқа  қоғамда  су бұрқағы, су құбыры,  кемені шлюздеуде практикалық  қолданылады.

Су бұрқағы – қоғамда  қалаға  әдемілік, көрік  беру үшін  және  гүлзарларды суару  үшін т.б. қолданылады.

 Қалада  балалар  паркінде  әртүрлі  сумен  ойын түрлерінде  шоу ретінде қолданылады.

Су құбыры – су тасымалдауға  арналған  құбыр. Су құбырының екі түрі болады:  тұрмыстық және өндірістік.

Жаңа сабақты теориялық түрде түсіндіріп болғаннан кейін оны практикалық жүзінде оқушыларға көрсетіп беремін



Жаңа сабақты қорытындылау үшін әр топқа «Адасқан әріптер» әдісі арқылы жаңа сабақты қорытындылаймын

АКТ тақта



Қатынас ыдыстар, су, күнбағыс майы

Сабақтың аяғы

8 мин

Оқушылардың сабақ барысынды жинаған тәтті тиындарының жалпы саны қосылып бағаланады. Әрбір топқа жинаған тәтті тиындардың санына байланысты «Ұшаққа», «Поездге», «Машинаға» және «Автобустарға» билеттер беріледі.

Оқушылармен кері байланысты «Диаграмма» әдісі арқылы аламын.

Жеке берілетін үлестірмелі қағаздар

Үй тапсырмасы

Қатынас ыдыстар.

Үй жұмысын күнделікке тіркету.

Саралау– Сіз жоспарда қолдауды қалай басымырақ көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілетті балаларға қандай міндеттер қоюды жоспарлайсыз?

Бағалау – Оқушылардың меңгерген білімдерін қалай тексеруді жоспарға енгізіп отырсыз?

Денсаулық пен қауіпсіздік техникасын қорғау

Сабақты жоспарлауда оқушылардың деңгейлеріне қарай тапсырмаларды аламын. Сабақты «Адасқан әріптер» әдісі арқылы қорытындылаймын.















Сабақтың әр кезеңдері бойынша оқушыларды ауызша және жазбаша кері байланыс беріп отырамын, оқушыларды мадақтап, мақтап, қолпаштап, ынталандыруға бағыттаймын, жеке қолдау көрсетемін.

Оқушылар жеке, топтық және жұптық тапсырмаларда тәтті тиындардың көмегімен бағаланып отырады.

«Ұшаққа», «Поездге», «Машинаға» және «Автобусқа» билеттер беріледі.



Физика кабиетіндегі қауіпсіздіктер мен адам арасында арақашықтықты талапқа сай сақтау, жұмыс кезінде қауіпсіздік талаптарын ұстану

Сабақ бойынша рефлексия

Оқу мақсаттары шынайы болды ма? Барлық оқушылар ОМ жетті ме? Егер жетпесе неге?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттары сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неге?



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
09.02.2021
634
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12