400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ Қазақ - қонақжай халық 9 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Мұғалімдерге арналған ашық сабақ үлгісі
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың тақырыбы: Қазақ-қонақжай халық.

Күтілетін нәтиже: Тапсырмаларды орындау барысында өзіндік қөзқарастарын, бейімділіктерін аңғартады,түсініп оқуға, ойын нақты жеткізе алады, ойларын ортаға салып,пікірлесе сабақты нәтижелей алады.

Мұғалім:

«Мейірімді жүрекпен,

Ақпейілді тілекпен,

Амандасып алайық,

Бір жадырап қалайық!»

Сәлеметсіздер ме, балалар!

І. Психологиялық ахуал.

– Балалар, бүгінгі қүн қандай тамаша, көңіл-күйіміз көтеріңкі! Ендеше шаттық шеңберге тұрып, бір-бірімізге жақсы көңіл-күй мен саулық тілеп, жылы лебізімізді білдірейік.

-Балалар сендердің тілектерің қандай тамаша,рахмет сендерге!
Енді мына үстелдің үстіндегі қаламдардың ішінен өздеріңе ұнағанын таңдап алыңдар. Қолдарыңдағы қаламның түсі бойынша топқа бөлініп отырыңдар.


ІІ. Топқа бөлу. Оқушылар топқа бөлініп отырады. Әр топ өзінің спикерімен таныстырады. Өз топтарын атайды.

Мұғалім:

- Бүгін сабақта кім кезекші?

(кезекшінің жауабы)

- Сабақта кім жоқ?

(кезекшінің жауабы)

- Үйге қандай тапсырма берілді?

(кезекшінің жауабы)

ІІІ. Үй тапсырмасын тексеру

І деңгей. Сөздік диктант жазу.

(Оқушылар дәптерлерімен алмасып, сөздердің жазылуын тексереді және критерий бойынша баға қояды. Бағалау парағы тақтада ілініп тұрады.)

ІІ деңгей. Берілген сөздерден өз қалағаны бойынша үш сөз таңдап, морфологиялық талдау жасайды

ІІІ деңгей. Өлеңді жатқа айту (хормен ән айтқызу)

  • Жарайсыңдар! Жақсы!

  • Өткен сабақта қандай тақырып өттік? (оқушылардың жауабы)

ІV. Өткен тақырыпты жаңа тақырыппен байланыстыру.

«Қонақ күту» дегенде, «қонақкәде» дегенде не елестетесіңдер?

Тапсырма: жеке тізім жасаңдар,жұптап ой бөлісіңдер, топпен бірлесе отырып, ортақ ойларды жинақтап топтастырыңдар (кластер жасаңдар).

(А3 парағына оқушылар кластер жасайды және оны қорғайды)


  • Екі топтың да қластерінде «Дастарқан» деген сөз бар екен. Олай болатын болса, біздің бұгінгі тақырыбымыз «Дастарқан – отбасының дарқандылығы» деп аталады.

  • Қалай ойлайсыңдар,сабағымыздың негізгі мақсаты қандай?Сабақта қандай жұмыстар жасаймыз? (оқушылардың жауабы)

V. Сабақтың мақсатын айту

Сөздік жұмыс

Қағида – принцип

Татуластыру- сплотить(біріктіру

Мырзалық – щедрость

Бағалау – оценить

Қастерлеу – почитать

Жөн-жосық – порядок, правила, касающиеся обычаев, традиций.

Жомарт – щедрый

Ас – адамның арқауы – еда придает силы человеку

Кепиет – святость

Қасиет – природное свойство, особенность

Құдірет – мощь

Кие- святыня , святость Қағида – принцип

Тапсырма: жаңа сөздерге антоним, синоним жазыңдар. Сөйлем құрастырыңдар.


VІ. Деңгейлік тапсырмаларды орындау.

І деңгей тапсырмалары (оқулықпен жұмыс):

1.Тапсырма. Көп нуктенің орнына қажетті создерді койып, көшіріп жазыңдар.

Қажетті сөздер: бауырсақ, қымыз, куырдақ, уыз, шұбат.


2.Тапсырма. «Дастарқан» мәтінін мазмұндаңдар.



3-тапсырма. Тамаққа байланысты этнолингвистикалық атауларды анықтамаларымен сәйкестендіріңдер (интерактивті тақтамен жұмыс).


4-тапсырма. Диалог бойынша сөйлесіңдер.


5- тапсырма. Мәтінді түсініп оқып, үш деңгейлі тапсырмаларды орындаңдар.


« Қонақасының шығу тарихы туралы аңыз».




ІІІ деңгей

Мәтін бойынша сұрақтар құрыңдар.

Мәтін ішінен көмекші есімдерді тауып, сөйлемдер құраңдар.


ІІ деңгей

1) 2-тапсырма. «Дастарқан» мәтінін мазмұндаңдар.

2) Берілген сөз тіркестерін пайдаланып, шағын мәтін құрап жазыңдар.

Енші беру, ұлы атамыз, өсиет қалдыру, ақ білектің күшімен, ұлан – байтақ жер, қонақасы ішу, ақ найзаның ұшымен.

3) Мәтіннен төртінші енші туралы айтылған жерді тауып оқып, көшіріп жазыңдар.

І деңгей


1- тапсырма. Мәтіндегі негізгі ойды өз сөздеріңмен жазыңдар.

2- тапсырма. Тағам, қонақасы, енші туралы мақал-мәтелдер тауып жазыңдар.


VІ. Сабақты бекіту.

  1. тапсырма. Тамаққа байланысты этнолингвистиқалық атауларды анықтамаларымен сәйкестендіріңдер.

Сыбаға

Жас босанған әйелге арналып сойылған малдың жас еті.

Қонақасы

Бұл – әр жыл сайын қайталанып отыратын қыстық азық –түліктің мол қоры. Оған түйе , жылқы , сиыр сияқты ірі мал сойылады.

Қалжа

Сыйлы қонақтарға , алыстан келген құрметті кісілерге сойылған малдың басы малға бата жасаған жасы үлкен кісінің алдына қойылады.

Бас тарту

Қадірменді, сыйлы адамға арнайы сақталған соғым еті.

Соғым

Қонаққа арнап әзірленген тағам, ас.

Қонаққәде

Қонақтың өлең


2- тапсырма.«Кім жылдам?» ойыны

  1. Бүгін біз қандай тақырып өттік?

  2. Қазақ халқы дастарқанды қалай бағалаған?

  3. Дастарқанға ең бірінші не қояды?

  4. Дастарқан басында қандай рәсімдер орындалады?

  5. Дастарқан басында ас ең алдымен кімге ұсынылады?

  6. Дастарқан басында адамдар қалай отырады?

  7. Қолға су қалай құйылады?

  8. «Ас жүрген жерде-береке» дегенді қалай түсінесіңдер?


VІ. Үй тапсырмасы

І денгей. Жаңа сөздерді жаттау. І топ «Мырзалық» сөзін септейді, «Қасиет» сөзін тәуелдейді. ІІ топ «Татуластыру» - фонетикалық талдалдау жасайды, «Жомарт» сөзін жіктейді

ІІ деңгей. Тақырып бойынша 5 сөйлем құрастыру.

ІІІ деңгей. «Қонақасының шығу тарихы туралы аңыз» мәтінін мазмұндау

66-бет, 5-тапсырма.

Үш деңгейлі тапсырмаларды оқушылардың қалауы бойынша таңдап орындауға болатынын ескертемін.

VІІ. Сабақты қорытындылау.

  1. «Бортты журнал» әдісі бойынша сабақты қорытындылаймын.
    (Оқушылар кестеге тақырып бойынша бұрыннан не білетінін, бұл туралы тағы не білгілері керек екенін жазады. Жаңа ақпарат бойынша «бұл туралы енді не білдім? Қандай маңызды сәттерді мен енді анықтадым?» деген сауалдарға жауап жазады, кестені толтырады.)


Не білемін?

Не білдім?

Не білгім келеді







  1. Сабаққа белсенді қатысқан оқушыларды анықтау.

VІІІ.Бағалау

Оқушылардың сабақта алған бағаларын айту
ІХ.Рефлексия: Кері байланыс.
«Ізгі тілек ағашы»
(Бүгінгі сабақтан алған әсерлерін, тілек лебіздерін жапырақшаларға жазып, «Ізгі тілектер» ағашына жапсырады.)
Бағалау критерийлері бойынша оқушылардың жиынтық бағасын қояды.





























Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
5 ұстаз жүктеп алған
6 қараша
992
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі