|
Сабақтың мақсаты:
|
оқушыларға коммуникативтік
бағытта берілген тапсырмаларды меңгерту, коммуникативтік дағдысы
мен білігін қалыптастыру.
Сабақтың міндеттері: білімділік - есте сақтау қабілетін ұлғайту,
жаңа сөздерді меңгеруге , қысқа әңгіме айта және жаза білуге
үйрену; дамытушылық – тақырып бойынша өз ойын айта білу, ауызекі
сөйлеу және сауатты жазу қабілеттерін арттыру; тәрбиелік –
ата-анасын,бауырларын ардақтауға , қадірлеуге , әдепті болуға
тәрбиелеу.
|
|
Сабақ барысы:
І.
Ұйымдастыру бөлімі
ІІ.Ауызекі сөйлесу
-Қазақ халқын неге қонақжай халық деген?
-Құдайы қонақ деген
кім?
-«Қырықтың бірі қыдыр»
деген не?
-Қазақ отбасында неге қонаққа
аса қатты
көңіл бөлінген?
ІV. Жаңа сабақ.
1.Мұғалімнің сөзі:
А)Тілдесім. -Сонымен ,балалар, халқымызда қонақ- «Алланың жіберген сыйы
қырық адаммен бірге келуі мүмкін». Сондықтан «қонақпен бірге құт,
ырыс келеді, қонақты қусаң, құт, ырыс кейін қашып кетеді» деген
түсінік бар.
-Сендер балалар, үлкендер үйде
болмағанда, конақты күте білесіңдер ме? Кәне ,айтайық.
-Сендердің отбасыларыңда қонақты қалай күтесіңдер?( Қонақ келгенде
әке мен ананың сендерге қоятын ең бірінші талап-тілегі қандай?)
2.Сабақтың мақсатын айту.
-Қазақ – қонақжай халық. Мәтінді түсініп оқып, аударып, қазақ
халықы қонақты қалай күтеді екен, мәтінді оқып талдаймыз.
3.Сөздік жұмысы. Ә)Тыңдалым.Оқылым. 5 минут
«Қырықтың бірі қыдыр»- «Алланың жіберген сыйы қырық адаммен бірге
келуі мүмкін» деген мағынада.
«құт», «ырыс» сөздерінің мағынасын ашу, ( сөйлем
құрастыру)
Б) оқылым. Мәтінмен жұмыс (оқулықтың 62-беті)- 8
минут
Оқушыларды топқа бөліп, топтық
жұмыс жасаймыз.
* 3 топтан жақсы оқитын оқушылар мәтінді оқиды;
4. Топтық жұмыс. Әр топ берілген тапсырмаларды орындайды.
І топ: 1) мәтінді түсініп оқу, 2) мәтіннің мазмұны бойынша диалог
құрастыру,
3) «құт», деген зат есімге сөйлем құрастыру, фонетикалық
талдау. ІІ
топ: 1) мәтінді түсініп оқу, 2) мәтіннің мазмұны бойынша тірек
сызба дайындау,
3) Көмекші есімдерді пайдаланып екі сөйлем құрастыру.
ІІІ топ: 1) мәтінді түсініп оқу, 2) мәтінді мазмұндау,
3) Шайдан кейін қонақтардың
көңілді отыруына үй иесі бар жағдайды
жасайды., деген сөйлемге толық синтаксистік талдау
жасау.
5.Оқушылардың жұмыстарын тексеру. 5 минут
6. Мақал-мәтелдердің, нақыл
сөздердің мағынасын
ашу. -2
минут
1.Қазақ дәстүрінде терезе
қағу жоқ.
2. Қонақ келсе
есікке,
Жүгіріп шық
кешікпе.
Қарсы алмасаң
қонақты,
Кесір болар нәсіпке.
3. Қыз- қонақ.
4. Жаман үйді қонағы билейді.
V. Сабақты бекіту,қорытындылау. ( 5 минут)
Топ бойынша қорытынды жасау.
-Қонаққа байланысты қандай мақал-мәтел айтып сабағымызды
қорытындылаймыз.
Мысалы, Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің», (мазмұнын
түсіндіру). Тәрбие тал бесіктен басталады. т.б.
Сөзімізді қорытындылай келе, ұлы ойшыл әл-Фарабидің :
Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз
берілген білім – адамзаттың қас жауы, ол келешекте оның барлық
өміріне апат әкеледі деген ақылымен сабағымызды
аяқтаймыз.
Осы оймен келісесіңдер ме? Өз ойыңды дәлелде.
VI. Бағалау.( 2 минут) Топтар бір-бірін бағалайды
-Кімге, кімнің жауабы ұнады? Қандай баға қояр едіңдер.
Неге?
VII. Үйге тапсырма: 63-бет,5-тапсырма. Жақшаның ішіндегі сөздерді
пайдалана отырып, сұрақтарға жауап
беріңдер.
|