Материалдар / Ашық сабақ Қазақ әдебиетінен ҚМЖ
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ашық сабақ Қазақ әдебиетінен ҚМЖ

Материал туралы қысқаша түсінік
Сабақтың тақырыбы: Жыраулар поэзиясын қайталау.Асан қайғы. Сабақтың мақсаты:Оқушыларға тақырып туралы жалпы түсініктер бере отырып, Асан Қайғы туралы түсініктерін кеңейте түсу.Сонымен бірге топта жұмыс жасай білу дағдыларын қалыптастыра түсу.Оқушыларды адалдыққа, сыйластыққа тәрбиелеу. Сабақ түрі: жаңа материалды оқып-үйену сабағы Сабақтың әдісі: сөздік әдіс, сұрақ-жауап, талдау, топпен жұмыс. Технологиясы: СТО Көрнекіліктер: жыраупортреті, қосымшаматериалдар, слайдтар, кестелер Пәнаралықбайланыс: тарих, география, қазақтілі. Сабақбарысы : І.Ұйымдастыру кезеңі: ІІ.Оқушылар «Шаттық» шеңберіне тұрып, бір-біріне жақсы тілектер айтады.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Желтоқсан 2017
1124
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Сабақтың тақырыбы: Жыраулар поэзиясын қайталау.Асан қайғы.

Сабақтың мақсаты:Оқушыларға тақырып туралы жалпы түсініктер бере отырып, Асан Қайғы туралы түсініктерін кеңейте түсу.Сонымен бірге топта жұмыс жасай білу дағдыларын қалыптастыра түсу.Оқушыларды адалдыққа, сыйластыққа тәрбиелеу.

Сабақ түрі: жаңа материалды оқып-үйену сабағы

Сабақтың әдісі: сөздік әдіс, сұрақ-жауап, талдау, топпен жұмыс.

Технологиясы: СТО

Көрнекіліктер: жырау портреті, қосымша материалдар, слайдтар, кестелер

Пәнаралық байланыс: тарих, география, қазақ тілі.

Сабақ барысы :

І. Ұйымдастыру кезеңі:

ІІ.Оқушылар «Шаттық» шеңберіне тұрып, бір-біріне жақсы тілектер айтады.

ІІІ.Үй жұмысын тексеру «Зымыран сұрақтар».

  1. Жырау деген кім?

  2. Қандай жырауларды білесіңдер?

  3. Жыраудың жыршыдан қандай айырмашылығы бар?

  4. Ежелгі дәуір әдебиетіндегі данагөй кеңесшілерді ата, олардың жыраулармен ұқсастығы бар ма?

  5. Жыраулардың шығармаларын не деп атаймыз?

  6. Толғау қандай сипаттағы шығарма?

  7. Жыраулардың өз толғауларында көтерген негізгі тақырыбы қандай?

  8. Жыраулар поэзиясының құндылығы неде?

  9. Жыраулар поэзиясы қай кезден бастап өріс алды?

ІІЖаңа сабақ

  ІV Қызығушылықты ояту»

2. Ой қозғау «ББҮ» кестесін оқушылар өз беттерінше толтыру.

Білемін

Білгім келеді

Үйрендім






Топтастыру

 1.  Асан қайғы деген кім?

2.  Оның Асан қайғы аталуына не себеп болды?

3.  Асан қайғының қандай толғауларын білесіңдер?

V.Постер қорғау 1топ- Жыраулар, 2топ-Жыршылар (постерге ерекшеліктерін жазып, қорғау).

VІ.Толғау тақырыптары.

Толғаулары:

Асан толғауларының тақырыптық ерекшеліктері:

1) дидактикалық сарындағы толғаулар (насихат, өнеге сөз, ғибрат айтылуы): «Еділ бол да, Жайық бол».
2)  Әз-Жәнібек ханға айтқан арнау толғаулары (арнау-толғауда ханға кеңес айта отырып, ел басқару ісіне де араласуы, сын айтуы): «Ай, хан, мен айтпасам, білмейсің»
3) Өз заманындағы тарихи өзгерістердің мәні түсіндіретін толғаулары: «Қырында киік жайлаған»
4) Болжалдық сарындағы толғаулар: «Қилы, қилы заман болмай ма».

VІІ.Мағынаны тану «Асан Қайғы».

1. Асан қайғының өмірі мен шығармашылығы

Асан Қайғы (Хасан Сәбитұлы)

Өмір сүрген кезеңі:  ХІҮ- ХҮ ғғ. (шамамен 1330 – 1450 жж.)

Мекендеген жері: Арал өңірінің Сырдария жағасы

Қаратау мен Сырдың арасына көз сала отырып, Асанқайғы бабамыз: «Басы байтақ, аяғы тайпақ қоныс екен. Қаратауды жайласам, Сырдың бойын қыстасам, қоныс болуға сонда ғана дұрыс екен», – деген екен.

Қызметі:Асанның біраз өмірі Қазанда хандық құрған Алтын Орда әміршілерінің бірі – Ұлұғ Мұхамед тұсында өтеді, кейін қазақ ханы Жәнібек Жәнібектің ақылшысы болған.

Күйлері: «Ел айрылған», «Асан қайғы», «Желмаяның жүрісі», «Зар», т.б.

Арманы: Асан Қайғы елінің сулы-нулы, шөбі шүйгін, құтты қоныс тауып, «адамы жүзге келмей өлмейтін, қойы екі төлдейтін» мамыражай, еркін өмір сүруін аңсады. Бұл мұратын жырау «Жерұйық» деп атады. Алты атанға жүк артып, алты жыл жайлы қоныс қарап, қазақ жерін түгел шолып шығады, әр қоныс, мекенге байыпты сын, баға беріп отырады. Бұл бағалары әлі күнге дейін ел аузында ұмытылмай айтылып келеді. Жыраудың «Жерұйықты» (кейде «Жиделібайсын» делінеді) іздеуі атақты Томас Мор «Утопиясы» (1516 ж.) мен Томмазо Кампанелланың «Күн қаласы» шығармасындағы (1602 ж.) қиял-армандарымен ұштасып жатыр.

Кесенесі орналасқан жері: Қызылорда облысы Шиелі ауданында «Жеті әулие» қорымы.

VІІІ. Ұлы адамдардың Асан Қайғының еңбегіне берген «Ғалымдар бағасы»:

Кейінгі ұрпақ әулие танып, аты аңызға айналған «көшпелілер философы» (Ш.Уәлиханов)                                                                                                         

«Асан Ата – ХV ғасырда қазақ ұлысын біріктіру мәселесін қолына алған даланың ойшыл данасы» (Ә.Марғұлан).  

«Тарихта болған адамдардың ішінде өмір сорабы, іс еңбегі халықтың нағыз ертегі болып, тек сол қалыпта ғана ой жадында сақтаған адамның бірі – осы Асан қайғы»(Мұхтар Әуезов).

ІХ . «Екі жақты күнделік» Асан Қайғының әр жерге айтқан «сыны».

Әр оқушы мұқият тыңдай отырып, жер-су атауларын дәптерлеріне жазып алу.

Жер атаулары

Су атаулары

Баянауыл

Есіл өзені

 

ХҮ-ХІХ ғғ. ақын-жыраулар шығармаларындағы «кеңістік» ұғымына енетін «жер бедері», «тау», «су» жүйелеріне қатысты жиі қолданылатын жалпы атаулар мыналар: шөл, көл, қара жер, қыр, қоныс, өзен, жайлау, дала, тас т.б.

Ал жалқы есімдер қатарын Еділ, Жайық, Көкшетау, Оймауыт, Ойыл, Қиыл, Жем, Сағыз, Алатау, Ақжайлау, Сандықтас, Тарбағатай, Аягөз, Сарыарқа, Арқа, Алакөл т.б.

Жайық атауы шығармаларда өте жиі қолданылады. Тура мағынасында, Жайық – арнасы еш уақытта төмен түспейтін су молшылығының образы. Ал қосымша мағынасында, Жайық – ғашықтар елі, Қыз Жібектің елі секілді мағыналарға ие болатын атау.

Асан қайғы толғауында Жайық төмендегі тұжырымға ие болады:

Еділ бол да,

Жайық бол,

Ешкімменен ұрыспа (кеңпейілділік)

Х. Сергіту сәті.

ХІ«Фишбон» немесе «Балық қаңқасы».

1)    Мәтінді оқу

2)    «Қаңқаның басында» мәтінде қарастырылатын проблема белгіленеді

3)    Жоғарғы «қосымша бұтақтарына» проблеманың себебі белгіленеді,

төменгі «сүйекшелерінде» оқу барысында себепті нақтылайтын дәйектер жазылады.

4)    Балықтың «құйрығында» қорытынды жазылады.

ХІІ.Жыраулар

Х. Синкуейн (бес жолды өлең)

1.Кім?---------------зат есім.

2.Қандай?----------2сөз –сын есім.

3.Не істеді?-------3сөз әрекетті білдіретін етістік.

4.Сөйлем----------4сөзден тұратын сөз тіркесі,сөйлем.

5.Синоним--------5сөз Тақырыптың мәнін ашатын синоним сөзді табу.

ХІҮ. «Егер сен ХХІ ғасыр жыраулары болғандарыңда, не жайлы жырлар едіңдер?

 ХҮ .Рефлексия

1. 5 минуттық эссе: Асан Қайғының еңбектерінің маңызы неде?

3. «Ұйқасын тап»

Адамдықты толғап өткен бұрыннан,

Жырау деген – қасиетті  ... .

Жерұйықты іздеп, дүниені шарлаған,

Асан қайғы – неткен ғажап ...  .

ХҮІ. «Екі жұлдыз, бір тілек».

ХҮІІ. Үйге тапсырма

Жыраулар туралы мәнжазба дайындап келу, Асан Қайғыны оқып келу.



















Ақмола облысы Жақсы ауданы Беловодское орта мектебі ММ















Аудандық Қазақ тілі мен әдебиет мұғалімдерінің семинары



Ашық сабақ

Қазақ әдебиеті

9-сынып

Тақырыбы: «Жыраулар поэзиясын қайталау.

Асан Қайғы»

















Өткізген: Дарменова Б.М қазақ тілі мен әдебиет мұғалімі.



Қаңтар,2017

















Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!