400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ «Қазақ халқының ерлік істері» 6- сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
жас маман мен мұғалімдерге, сынып жетекшілерге көмегі бар деп ойлаймын.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ерлік сабағының тақырыбы: «Қазақ халқының ерлік істері».

Сабақтың мақсаты: Оқушылардың патриоттық сезімін , елі үшін мақтанышын тәрбиелеу, шынайы патриоттың және Отан қорғаушының бейнесін қалыптастыру, оқушыларды елінің және өлкесінің тарихымен таныстыру; белсенді өмірлік ұстанымын қалыптастыру.Балалардың эмоциялық әлемін адамгершілік әсерлермен байыту және адамгершілік сезімдерін қалыптастыру; Оқушылардың моральдық дамуына және олардың шығармашылық қабілеттеріне ықпал ету.

Сабақта қолданатын құралдар: «Қазақ халқының ерлік істері» сурет көрмесі, кітап көрмесі, аудио материалдар, видео материалдар.

Түрі: «Ой-талқы».

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Баяу музыка ойнап тұрады. Қонақтарды қарсы алу, отырғызу. «Тілек шеңбері» Жаңа оқу жылының басталуымен құттықтау, табыс тілеу, Конверттегі сөздерді құрастырып топ атын анықтау,топқа бөлу. «Халық» , «Ел» , «Тағдыр» .

ІІ. Кіріспе сөз.

А) Ел басы жолдауы.

В) «Тарих рецеппен жасалмайды. Оқиғаларды бағалағанда біз нақты тарихи жағдайларға, қолдағы бар деректерге сүйенуіміз керек. Не нәрсенің де мәнін түсінуге бастайтын кілт сол»,- деп тарихшы Е.Бекмаханов айтқандай сіздер «Қазақ халқының ерлік істері» ой-талқы алаңына хош келдіңіздер!

ІІІ. «Ой қозғау». Жауаптарын қағаз бетіне түсіріп отыру.

Қазақстан Ұлы Отан Соғысы жылдарында. Тарихи шындық.

ІV. «Адасқан сөздер» әр топ өздеріне берілген тақырып бойынша тапсырмаларды орындап , өз ойын айту.

І- топ тапсырмасы. «Батыр» деген сөзге анықтама беру және кімдерді айтамыз ? Қазақ халқының тарихынан қандай батырларды білеміз ? Атап бер. Ұлы Отан Соғысындағы Қазақстандық батырларды ата. «Батыр» тақырыбында 3 мақал айт.

ІІ- топ тапсырмасы. «Аңыз» деген сөзге түсінік беру және кімдерді айтамыз ? Қазақ халқының тарихынан қандай аты аңызға айналған жерлестерімізді білеміз ? Атап бер. «Ерлік» тақырыбында 3 мақал айт.

ІІІ- топ тапсырмасы. «Тыл» деген сөзге түсінік беру. Жауды жеңудегі қазақстандықтардың тылдағы ерліктері туралы айтып бер. «Отан» тақырыбында 3 мақал айт.

V. «Ой талқы» - презентация жасау.

І- топ тапсырмасы. «Бейбіт күндегі ерлік пен батылдық». Бұл туралы өз ойың.

ІІ- топ тапсырмасы. «Қаза болғандарға арналған ескерткіштер мен мемориялдар». Бұл туралы өз ойың.

ІІІ- топ тапсырмасы. «Қазақстан Республикасының ішкі және сыртқы саясаты». Бұл туралы өз ойың.

VI. «Әнді сүйсең менше сүй» ән орындау .

VII. Қорытынды.

«Ел үмітін ер ақтар, ер атағын ел сақтар». Елін қорғайтын ұландар көп болсын.

«Нұрлы жол » бәрімізді ұлт болып ұйысуға, жұрт болып жұғысуға біріктіретін бірден бір жол.Елімізге, жерімізге амандық, бақыт және даму нәсіп етсін.Келешегіміз баянды, ұрпақтарымыз несібелі болғай.

Осыдан 13ғасыр бұрын Тоныкөк абыз «Түркі жұртының мұраты-Мәңгілік ел» деп өсиет қалдырған екен. Сол Мәңгілік ел болайық ағайын.









Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
12.10.2018
579
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі