400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық сабақ: Қазақ халқының материалдық мәдениеті және қолданбалы өнері І курс

Материал туралы қысқаша түсінік
Жас мамандарға сабақ жоспарлауға көмек
Материалдың қысқаша нұсқасы

9-күн, 1-сабақ 3-үлестірме материал

Андакулова Алия Кенесовна

Қазақстан тарихы


Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы:

Мектеп: №10 Шу колледжі






Сабақтың тақырыбы

Қазақ халқының материалдық мәдениеті және қолданбалы өнері


Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

10.4.1.1 - «Мәдениет», «дала өркениеті», «материалдық мәдениет», «рухани мәдениет», «қолданбалы өнер», «мәдени мұра» түсініктерін қазақ халқының мәдени жетістіктерін сипаттауда қолданады

10.4.1.2 - қазақ халқының материалдық мәдениетінің негізгі жетістіктерін анықтау – Қазақстан территориясындағы тарихи-этнографиялық үрдістердің үздіксіздігін талдайды

Сабақтың мақсаты

Қазақ халқының мәдени жетістіктерін сипаттау үшін «мәдениет», «материалдық мәдениет», «рухани мәдениет», «қолданбалы өнер», «мәдени мұра» ұғымдарын анықтайды



Қазақ халқының материалдық мәдениетінің негізгі жетістіктерін талдайды






Бағалау критерийі

Материалдық мәдениет туралы түсініктерін кеңейтеді және жетістіктерін сипаттап, түрлерін анықтайды.


Қазақ халқының материалдық мәдениеті және қолданбалы өнерінің маңызын сипаттап, баға береді.








Тілдік мақсаттар


Тақырыптың арнайы лексикасы мен терминалогиясы «мәдениет», «дала өркениеті», «материалдық мәдениет», «рухани мәдениет», «қолданбалы өнер», «мәдени мұра», «әдет-ғұрып», «рәсім», «салт-дәстүр»






Құндылықтарға баулу




Елжандылық, құрмет құндылықтарын студент бойына дарыту сабақ мазмұны арқылы іске асырылады.

Топтық/жұптық тапсырманы бірлесіп орындау арқылы ынтымақтастыққа, еңбекқорлыққа тәрбиеленеді.

Пәнаралық байланыс

Қазақ әдебиеті








Алдыңғы білім


Мәдениеттің түрлері, ұлттық мәдениеттің ерекшеліктері туралы бұрынғы білімдерін қолдана алады









Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері


Ресурстар

Сабақтың басы





10-мин

Студенттерге «2004-2006»ж арналған «Мәдени-мұра мемлекеттік бағдарламасы туралы» құжаттан «бағдарламаны іске асырудың негізгі бағыттары мен тетігі» үзіндісін ұсынамын

Студенттерге төмендегідей жетелеуші сұрақтар қоямын:

-Бағдарламада қандай мәселе көтерілген?

-Бағдарлама қандай мақсаттар көздейді?

-Көтерілген мәселелердің құндылығы неде?



Дескриптор:

Қазақ халқының материалдық мәдениетінің құндылығын түсінеді.








«2004-2006»ж арналған «Мәдени-мұра мемлекеттік бағдарламасы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2004ж 13-қаңтардағы №1277 Жарлығы

Сабақтың ортасы


20мин




























Постер қорғау Зерттеу және талдау

Студенттерді 3-топқа бөліп, әр топқа материалдық мәдениет салалары туралы ақпаратпен көздерімен қамтамасыз етемін: тұрғын үй, киім-кешек, қолөнер, қару-жарақ.

Студенттер мына критерийлер бойынша зерттеу жүргізіп постерге енгізіп қорғайды.

І Материалдық мәдениеттің пайда болу, қалыптасу тарихына шолу жасау;

ІІ Материалдық мәдениет үлгілерінің өзіндік ерекшеліктерін көрсету;

ІІІ Материалдық мәдениет үлгілерінің қазіргі таңда қолданыс табуы;



Дескриптор:

Материалдық мәдениеттің жетістіктерін сипаттап, түрлерін анықтай алады.




Мәдениеттану негіздері: оқулық-Т. Ғабитов, Ж.Мүтәліпов,А.Құлсариева-Алматы: Дәнекер 2000-180б





Арғынбаев Х. Қазақ халқыныңқолөнері Алматы: Өнер, 1987-126б


































Сабақтың соңы



5 мин

Жеке тапсырма: «Қазақ халқы материалдық мәдениет жетістіктерін келесі ұрпаққа қалай жеткізуге болады?» тақырыбында шығармашылық тапсырма ұсынамын. (әлеуметтік жобалар, акциялар, әлеуметтік желідегі посттар)

Дескриптор:

Материалдық мәдениеттің жетістігін, маңызын сипаттап, баға бере алады



Миыңның суретін сал



Рефлексия

Мен білдім? Мен үйрендім? Мен ойландым?



Студенттер қысқаша ойларын жазып стикермен алдын дайындалған тақтаға іліп кетеді.














Стикер, флипчарт, маркер

Саралау – Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз?

Бағалау – Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау


Саралау –студенттердің əртүрлі

қажеттіліктерін

қанағаттандыруға бағытталған жоспарлы жаттығуларды реттеу жолы.


Барынша мадақтау, қолдау көрсету:


Қабілетті студенттерді бөлмей, логикалық және проблемалық сұрақтар мен шешімдерге келгенде олар өздері шапшаң және нақты шешімдерімен және жан-жақты ізденген жауаптарымен ерекшеленеді.












Өзара бағалау жəне өзін-өзі бағалау

Оқудың күтілетін нəтижелері оқушыларға түсінікті əрі анық болу керек, сол арқылы оқушылар олардың біраз немесе барлық бағалау критерийлеріне жеткендігін анықтап, нені жақсару керектігін белгілей алады.



Бас бармақты жоғары немесе төмен

(қолдаймын, қолдамаймын)

«стикерге» ұқсайды, бірақ кейбір оқушылардан өз таңдауларын

түсіндіруді сұрай аласыз.



Сабақ бойынша рефлексия


Сабақ мақсаттары немесе оқу мақсаттары шынайы, қолжетімді болды ма?

Барлық оқушылар оқу мақсатына қол жеткізді ме? Егер студенттер оқу мақсатына жетпеген болса, неліктен деп ойлайсыз? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақ кезеңдерінде уақытты тиімді пайдаландыңыз ба? Сабақ жоспарынан ауытқулар болды ма және неліктен?









Жалпы бағалау




Сабақта ең жақсы өткен екі нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты)?

1:




2:





Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне не оң ықпал етер еді (оқыту мен оқуға қатысты)?

1:





2:



Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/ қиыншылықтары туралы нені анықтадым, келесі сабақтарда не нәрсеге назар аудару қажет?









     

2004-2006 жылдарға арналған "Мәдени мұра"
мемлекеттiк бағдарламасы туралы

Астана, 2003 жыл

Бағдарламаның паспорты

Қазақстан Республикасының 2004-2006 жылдарға
                    арналған "Мәдени мұра" мемлекеттiк бағдарламасы

Әзiрлеу үшiн        Қазақстан Республикасы Президентiнің "Iшкi және
негiз               сыртқы саясаттың 2004 жылға арналған негiзгi
                    бағыттары" Қазақстан халқына 
Жолдауы, Қазақстан
                    Республикасы Yкiметінің 2003 жылғы 5
                    қыркүйектегi N 903 
қаулысымен бекiтiлген
                    Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 2004-2006
                    жылдарға арналған Бағдарламасын iске асыру
                    жөнiндегi Iс-шаралар жоспарының 6.5.2-тармағы

Негiзгі             Қазақстан Республикасының
әзірлеуші           Мәдениет министрлiгi


Қолданбалы өнердің Қазақ халқының дүниетанымына әсері

  • 15 March 2016

  •  42,772 Рет Оқылды

  • Әр халықтың өнерінде бояу түсі әр қалай бағаланады. Қазақ ою-өрнек өнерінде ақ түс көбірек қолданылады. “Ақ” түс– шындық, қуаныш, бақыттың нышаны. Сол сияқты қазақтардың ұғымында басқа бояу түстерінің де орны айрықша. Мысалы, “көк” – аспанның, аспанға табынудың, “қызыл”- оттың, “сары” – айырылысудың, “қара” – жердің, “жасыл” – көктемнің, жастықтың, символы. Бұдан, түр-түс ою-өрнек өнеріңде күрделі рол атқаратын, ондағы ойды бейнелеу арқылы болмыс пен шындықты көрсетуде өзіндік шешім табатынын байқаймыз.

Көне түркілердің түсінігі бойынша, құс – көктің, балық – судың, ағаш – жердің белгісі. Сол қазақ ою-өрнегінің мақұлық аты, нәубет аты, ғарыш аты, тіке сызықты нышандық, танымдық т.б. сарындарының мазмұнын байыта түсті. Халқымыздың ғысырлар бойы мұра болып келе жатқан мәліметтерге сүйенсек, шеберлер өздерінің қолөнер туындыларына табиғаттан алынған бейнені дәлме-дәл түсіруге ұмтылған .

Салт-дәстүр– әр ұлттың, халықтыңдіні мен сеніміне, тұрмыс-тіршілігіне, ұлттық құрылым ерекшелігіне сәйкес ғасырлар бойы жинақталып, өмірдің өзі туғызған ғұрыптардың жиынтығы; қауым мен қоғамда қалыптасқан мінез-құлықтың үлгілері. Күнделікті қолданыста бір мәдени топты екіншісінен айыратын және бейресми жолмен реттейтін қабылданған мінез-құлық ережесіне немесе әлеуметтік әрекеттерді жөнге келтіретін терминге жатады [1].

Сән және қолданбалы өнер – сән өнерінің бір саласы, тұрмысқа қажетті көркем, жиһаздық заттарды жасайтын шығармашылық түрі. Негізінен, түрлі үй жиһаздарын (жиһаз, зергерлік ою-өрнекпен әшекейленген заттар, тіршілікке қажетті сәндік құрал-жабдықтар, сувенирлер, құмыра, сый кеселер, т.б.) жасайды. Сән және қолданбалы өнерінің материалдары – металл, керамика, ағаш, қыш, шыны, асыл тастар, сүйек, былғары, т.б. Негізгі техникалық әдістері көркем оймыш, шекіме, көркем жазба, кесте, құйма, т.б. Ол сүйек, ағаш, тері өңдеу, бедерлеу, зергерлік, инкрустация, фарфор, фаянс, кілем тоқу, көркем мата жасау секілді салаларға бөлінеді. Сән және қолданбалы өнер келелі өндірістік, технологиялық міндеттерді атқарғанымен, өз дәуіріндегі өнер мен мүліктік мөдениеттің даму дөрежесіне тәуелді болып, дәстүрлі, жергілікті этникалық ұлттық ерекшеліктің негізінде дамиды [2].

Қолөнер, қолданбалы өнер – дәстүрлі тұтыну және сәндік бұйымдарын жасайтын ұсақ өндіріс. Қолөнершілер негізінен табиғи шикізаттарды пайдаланып, қарапайым еңбек құралдарының көмегімен көркем композицияның шешімімен тұрмысқа қажетті мүліктер, музыкалық аспаптар, қару-жарақ, құрал-саймандар жасайды. Әрбір қолөнер туындысы өз заманының материалдық мәдениетінің үлгісі және халық талғамының, әлеуметтік қоғамдық жағдайының, діни сенімінің, салт-дәстүрінің нақтылы көрінісі [3].

Қазақтардың үй бұйымдары толықтай сипатталған Сібір темір жолына іргелес аудандарды экономикалық тексеру бойынша Комиссия мағлұматы: қойлардың, ешкілердің мезгілдік қырықтығы, тұрмыс заттарын дайындау мезгілдік қырықтыққа сәйкес жүннің әртүрлі сорттарының (жабағы жүн, күзем жүн), киіз өндірісінің циклінің (сабау, тебу), тұрмыстық қызметтегі әртүрлі бұйымдардың терминдерімен толықты [4, 40-42].

 Қазақ халқының қолөнерінің сала-саласында кең қолданылып келген, өнердің өте көне, әрі күрделі түрі – ою-өрнек өнері. Қазақтың қолтума сәндік өнерінің барлық түрлерінде де оюлар мен өрнектер алғашқы элемент ретінде қолданылады. Ою мен өрнек қолөнер бұйымдарының тұтынушылық және эстетикалық мәнін аша түседі.

Мүйіз ою – мүйіз тәрізді өрнектелгендіктен мүйіз аталуы сөзсіз. Түскиіздің шетіне көбнесе қолтықшасына өрнектеледі. Жерге төселетін текеметке ұдайы осы ою салынып қолтық деп аталады. Мұнысы, хош келдіңіз, өз үйіңіздей көріп, жантая отырып дем алыңыз деген қонақжайлық белгісі. Омыртқа – мал шаруашылығымен тығыз байланысты туған, малдың дене мүшесіне қатысты өрнек. Бұл ою-қайраттылықтың ерліктің белгісі. Ер адамның, батырдың киімінің, кейде құрлардың шетіне салынады.

Тау оюы – қолөнер бұйымдарының жиектеріне салынады, мәңгіліктің, күш құдіреттің символы. Қариялардың деп бата беруіде тектен тек емес.

Гүл оюларының өзінде де халықтың дана ойы жататынын мынадын байқаймыз: гүл мен гүл түйнегінің айқаса бірігіп салынуы-бірлікті, елдің ынтымақты болуын меңзейді.

Тасбақа оюы – мәңгіліктің символы. Бейіт басындағы сынтастар көбнесе тасбақа бейнесіндегі тасқа қашап орнатылады. Бұл ою батырдың, ханның киіміне, жауырынына, қалқанына салынатын болған.

Халықтың рухани өмірі: ұлттық салт-дәстүрлер, наным-сенімдерге байланысты оюлар. Мысалы, қазақ халқының ерте кезден бергі әдет-ғұрпы, салты бойынша, бөтен жерге, алыс ауылға күйеуге ұзатылатын қыз баланың белгілі бір уақыттан кейін төркін жағына сәлемдеме жіберу дәстүрі болған. Сәлемдемеге жас келіншек өзінің күйеугешыққаннанкейінгі тұрмыс жағдайын ою-өрнекпен бейнелеп жіберуі шарт. Осы салт бойынша тұрмысқа шыққан қыздың үйіне жіберген сәлемдемесінде алақандай жарғақ, оның бетіне бойы сорайған ұзын және өте жіңішке, әрі арық адам бейнесі кестеленіп салынған және оның жанында тұрған дөп-дөңгелек адам тұрпаты бейнеленген. Бұл сәлемдемеде қыздың ата-анасы жат-жұртқа ұзатылған баласының “отырса опақ, тұрса сопақ” болған мүшкіл халін түсінген. Ал басқа ретте күйеуге ұзатылған қыздан “құсмұрын” бейнесі салынған сәлемдеме келсе, ата-анасы одан баласының барған жерінде құстай ерікті, басы  бостандықта, жағдайы жақсы екенін ұғатын болған.

Итқұйрық – иттің құйрығы тәрізді ою. Бұл өрнек ауыларалық белгісі (символы). Кебеже, қоржын бетіне, тақыр кілемге салынады.

Түйетабан оюы – алыс сапар нышаны (символы). Көштегі түйе жабуына, жібек жол сауда заманында саудагерлердің шапанына салынған.

Қазақ халқының қолөнер шебері ою-өрнек өнерінде нағыз сынға түседі, яғни қолөнер шеберінің таразысы – ою-өрнек өнері.

Қазіргі заман талабына сай сәндік қолданбалы өнер саласында ою-өрнектің алатын орны мен маңызы ерекше. Көркемдік өнер заттары мен бұйымдарының барлығы ою-өрнекпен әшекейленіп, өзінің сәндік, көркемдік  мағынасына, түріне, сипатына ие бола алады.

Өсiмдiк тектес ою-өрнектерінде көне жергiлiктi дәстүрлерi жоқ. Оның басты-басты әуендерi қатарында лотостың түйiндерi мен гүлдерi шырмауық өсiмдiктерiнiң өрмесi, гүл тiзбегi үш салалы жапырақтар түрiнде болды. Кейбiр ою-өрнек әуендерi, мәселен лотос Ежелгi Шығыс өнерiнiң ықпалынан туған.

Символдық ою-өрнектiң негiзгi табиғат күштерi мен аспан шырақтарына сыйынушылықтан туды. Шеңбер, бұрама, айқыш-ұйқыш сызық үлгiсiндегi фигуралар күннiң эмблемасы болды; бұйра толқындар сарыны бұрама ирек түрiндегi қисық сызық белгiлерiмен, S-тәрiздес фигуралармен берiлдi.

Қазақтың ою-өрнек өнерiнде кездесетiн әртүрлi саздағы (мотивтегi) элементтер көп ғасырлар бойы сұрыпталудан өтiп, әр шебердiң өзiнше өзгерiс ендiрудiң арқасында бiр түрден екiншi түрге ауысып отырған. Ою жасаушылардың шығармашылық еңбегiнiң арқасында зооморфты саз өсiмдiктер тектес сазға, геометриялық саздағы элементтер – зооморфты, немесе өсiмдiктер тектес сазға т.с.с. ауысып отырған. Бұл жағдай қазақ ою-өрнек өнерiнде бiрнеше элементтермен-ақ шахматтағыдай мыңдаған түрлi композициялық варианттарды жасауға болатындығының дәлелi.

Қазақ оюларының өрiсi кең, болашағы мол. Ою-өрнектердi шеберлердiң шығармашылық жұмыстарынан, тоқыма бұйымдардан, киiм жиынтықтарынан  және т.б. кездестiруге болады. Қазақтың ою-өрнек өнерiн ғылыми негiзде зерттеу iсiмен мамандар көптен берi шұғылданып келедi. Елiмiздiң этнограф-тарихшылары мен өнер зерттеушiлерi дайындаған еңбектерiнде ою-өрнектiң түрлерi, атаулары, шығу тарихы туралы көптеген құнды деректер жинады. Тарихи мұраларды қарастыру нәтижесiнде қазақ оюларының негiзiн құрайтын 200-ден астам ою-элементтерiнiң атаулары анықталған. Көп жағдайда ою элементтерiнiң аты материалдық дүниедегi жан-жануарлардың дене мүсiндерiне қарай, өсiмдiктердiң сабақтары мен жапырақтарының сыртқы бейнелерiне қарай немесе геометриялық фигуралардың жаратылу ерекшелiктерiне қарай аталып келген. Тiптi, олардың арасында аңыз ертегiлерде айтылып жүрген аждаћалардың бейнесiнен бастап бүгiнгi күнгi космосты игеру тақырыбына дейiнгi атаулар мен элементтер де кездеседi.

Сонымен қатар қазақтың ою-өрнек элементтерiнiң керемет икемдiлiк ерекшелiгi де бар. Бiр композицияның iшiнде әртүрлi саздағы бiрнеше элементтер бiр-бiрiмен тұтаса бiрiгiп, бiр бүтiн аяқталған ою композициясын құрайды. Мұндай жағдайда ою сүйегi бiр түстi бояумен боялады да, оюдың элементтерiн бiр-бiрiнен жақсы анықтау үшiн фонды түрлi-түстi бояумен бояйды.

Халық арасында шеберлер ою-өрнекпен сәулетті ғимараттар мен киім-кешектерді, қару-жарақты, т.б. толып жатқан тұрмыста тұтынатын бұйымдарды мәнерлеп, әшекейлеп отырған. Халық шеберлері өрнек үлгілерін негізінен адамды қоршаған табиғат аясынан алады. Өте ерте замандарда халық ұғымында жер жалпақ, әрі дөңгелек деген түсінік болған. Өйткені, мидай жазық далаға шығып айналаға көз салсақ, дөңгеленген көкжиек сызығын ғана көреміз. Көне кезден келе жатқан наным-сенім бойынша: «Жер бейне бір таба нан тәрізді жазық әрі дөңгелек. Ол алып көк өгіздің мүйізінде орналасқан. Өгіз жерді бір мүйізінен екінші мүйізіне ауыстырса, жер сілкінеді. Көк өгіз алып балықтың жотасында орналасқан, балық толқынданған теңізде болады»,- деп есептеген.

Жел – стихия, яғни боран, дауыл шақыратындай дүлей күш. Жел ағаштың жапырағын ұшырады, яғни адам өміріне қауіп төнеді. Міне, қолөнер туындыларында жапырақ элементінен тұратын өрнектің көп кездесетін себебі сол. Жапырақ – өмірдің нышаны. Қобыз, асатаяқ т.б. саз аспаптарында сылдырмақ ретінде ілінетін жапырақ және бір-біріне түйістіріп отырған қос кептердің бейнесіне ұқсас салпыншақтар жиі кездеседі. Әсіресе мұндай салпыншақтар ертеректе бақсылар тұтынған аспаптарда көп қолданылған.

Бөрік, тақия тәрізді бас киімдер жердің үлгісіне ұқсас дөңгелек етіп жасалады. Әдетте ол төрт қиықтан құралады. Төрт қиықты біріктірген төрт тігіс әлемнің төрт тарабына бағытталған көк теректің төрт бұтағының нышаны. Бөріктің ернеуі жер болса, оның шошақ төбесі – көк төбе, шашағы немесе үкісі – көктерек, яғни аңыздағы алып бәйтеректі меңзейді. Сол сияқты қазақтың киіз үйі, оған қадаған байрақ т.б. да толып жатқан мысалдарды көптеп келтіруге болады.

Қазақ ұғымында қағылған қазық, ат байлаған мама ағаш, ұстын, тіреу тәрізді шаншылған тік заттардың барлығы көк теректің символы болып саналады. Қазақтың қасиетті саз аспабы қобыздың өзі аталған әлем бейнесі іспеттес. Егер қобыздың аржасы мен шанағын бөліп алып қарасақ – көк өгіздің басы тәрізді, ал шанағы жұмыр жер болса, мойыны мен басы – көк терек. Басындағы салпыншақтары көк жапырақ пен көк кептерлер. Олай болса, жапырақ – тірі адамдар да, көк кептерлер – әруақтар [5]. Қазақ халқының қолданбалы өнерінөнерінің көбісі табиғатпен тығыз байланыста болды. Олар жазу, сызу болмаған уақытта өздерінің көрген-білгендерін осы өрнектер арқылы жеткізіп отырған.

Қазақ ұлттық ою-өрнегінің бірнеше ондаған ғасырлық тарихы бар. Атадан балаға, ұрпақтан ұрпаққа мұра болып, үнемі қолданыста болып, дамып келе жатқан өнер түрі. Қазақ халқының тұрмысында ағаштан жасалған заттар өте көлемді. Жазы-қысы пайдалануға келетін «ағаш уықты, киіз туырлықты» киіз үй киіз бен ағаштың өте күрделі үйлесінен тұрады. Тігуге де, жинауға да, алып жүруге де өте қолайлы осы мүлікте ою-өрнек қолданылмайтын бөлшек жоқтың қасы. Ою-өрнекті жақсы саналы жасау үшін алдымен пайдаланатын материалды дұрыс таңдай білу қажет, оның ою-ырғағы мен мөлшерін, яғни оюдың заттың бетіне түсуі мен орналасуын нақты жобалау қажет. Оюдың жақсы шығуы оюшының ой ұшқырлығында, шеберлігі мен оюдың ретін келтіріп үйлестіре білуінде. Ою-өрнектің қандай түрі болса да, ол – адам ойының жемісі. Ою-өрнек бір-бірімен қабысып, жымдасып, ескен арқандай бірігіп тұруы керек. Ара жігі бадырайып, үйлеспей, олпы-солпы болса, ою өзінің сәнін, сұлулығын, үйлесімін тіпті мазмұнын жоғалтуы мүмкін. Қазақ ою-өрнегі қошқар мүйіз түрінен бастау алатындықтан қандай ою түрін жасағанда да осы ою түрі басты көрініс табуы қажет. Басы қошқар мүйіз оюынан бастау алған өрнек дами келе неше алуан түрге еніп, ара жігі әр түрлі ою-өрнектермен толыға келе, үлкен күрделі ою түрі шығады. Ою тасы қошқар мүйіз бастаған өрнек түрлері бір-біріне үйлесе сән бере келе бірігіп, жымдасып, байланыс пен сәндік тауып жасалатын ою түрін әрлендіре түседі. Табиғаттағы әсем гүл шоғырындай ою-өрнекте өз шеберін тапса, жарасып, құлпырып, көз тартып, көзге қуаныш, көңілге жылылық, ортаға әсемдік, сұлулық шашып тұрары анық. Біздің ата-бабаларымыз осындай өнер түрін өзінің шырқау шыңына жеткізе білген.

Адамдар ертеден-ақ өздерін қоршаған дүниені тасқа бейнелеген, бертін келе киім – кешектеріне, қолданатын бұйымдары мен ыдыстарға қарапайым сурет ретінде салған, осылай бірте-бірте ою-өрнек пайда болды. Ал біздің халқымыздың тұрмыс-тіршілігінде ою-өрнектің алар орны үлкен. Ол ұрпақтан – ұрпаққа жалғасып дамып келе жатқан бірден бір өнер. Әр шебер бұл өнерді өз үлгісінде, әртүрлі дамытқан, өзі жасаған оюға өзі атау берген, оның астарына өзінше терең ұғым сыйғызған, сондықтан ою-өрнектің тілін, сырын, тарихын сол шеберден артық ешкім білмейді. Әйтсе де, бүгінгі біздер ою тілін түсінуге тырысып, өнерге жақын болуымыз керек. Ата-бабадан қалған ою-өрнекті, мәдени шежіремізді сақтап, барынша ұлықтауымыз қажет.

Әйелдердің қолын «білезік» сәндендіреді, оларды бір-бірден немесе екі қолына қос-қостан, кей кезде бір қолға екі білезік тағатын болған. Білезіктер тұтас және құрамалы болып келеді. Құрама дегеніміз: шарнир тәсілімен қосылған екі-үш бөліктен тұратын – «топсалы білезік» немесе қақпақшалар арқылы қосылған – «қақпақ білезік». Қимасында дөңгелек, текше болып келетін «жұмыр білезіктер» салмақты да көрнекті болып келеді, олардың орталық бөліктері жұмыр, ал ұштары кейде жыланбас тәрізді етіп жасалады. Жиекке орнатылған тастар жылжымалы етіп жалғастырылған «тасты білезік» аса көркем көрінеді. Білезіктерді жасаудағы күрделілік пен өзіндік ой сол бұйымда шебердің аты жазылып қалғандығымен ерекшеленеді. Онда араб әрпі, қазақ тілі қолданылады. ШҚО, Тарбағатай ауданынан түскен сапфирмен әшекейленген екі білезік тартымды өрнегімен көзге түседі. Бұл әшекейлер ХІХ ғасырдың ортасына жатады, сол уақытта қалған заттардың басым көпшілігі ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басында жасалған. Бұйымдарды жасаудың стилі, техникасы қазақ зергерлерінің ХІХ ғасырдың басы мен ортасында әшекейлер жасау үшін техникалық құралдардың үлкен арсеналдарын жоғары көркем талғаммен пайдаланғандығын байқатады.

Мәдениеттанудың қалыптасуы мен дамуының негізгі кезеңдері

29.06.2017



 

Facebook



 

VK



 

Telegram



 

Twitter



iPhone XR на Kaspi.kzkaspi.kzПерейтиЯндекс.Директ

Талай ғасырлардың сын елегінен өткен, әлемді меңгерудің мейлінше бай

тәжірибе-тағылымы бар екендігі, небір тарихи дәуірлердің рухын жинақтаған, арман-ойларын, үміттері мен межелерін уақыт сүзгісінен өткізген мәдениеттің теориясы мен тарихының рухани-шығармашылық маңызының зор екендігі ақиқат.

Мәдениеттану пәнінің мақсаты-мәдениеттану тілінің қоғамдағы орны мен ролін, оның теориялық негіздері мен әлемдік озық үлгілерін, қазақ халқының бай мәдени мұрасы мен рухани ізденістерін студенттермен бірге талқылау.

Мәдениеттану жеке пән ретінде ХІХ ғасырдың соңғы ширегінде қалыптаса бастады, сондықтан да оны әлі де болса буыны бекімеген жас ғылымдар саласына жатқызамыз.

Мәдениеттану –мәдениет туралы ғылым, сонымен қатар философиялық ілім, өйткені ол философияның басты саласы, мәдениет философиясын қамтиды. Мәдениет қоғамда болып жатқан түрлі процестерді (материалдық, әлеуметтік, саяси, адамгершілік, көркемдік т.б.) барынша қамтып, мәдениет дамуының жалпы заңдылықтарын, оның өмір сүруінің принциптерін және бір-біріне этно-әлеуметтік, саяси-моральдық, ғылыми, көркемдік және тарихи сипаттамаларымен, жағдайларымен ерекшеленетін түрлі мәдениет түрлерінің өзара байланыстарымен, тәуелділіктерімен зерттейді.

Мәдениеттану пәні сонымен қатар жергілікті және аймақтық мәдениеттердің сапалы ерекшеліктерін, олардың өзара байланыстары мен мәдениеттің басқа түрлерімен мирасқорлығын, қарым-қатынасын зерттей отырып, адамзат баласының біртұтас мәдени даму процесінің жалпы заңдылықтарын анықтайды.

Яғни, мәдениеттану пәні түрлі қоғамдар барысындағы мәдени өмірді

жан-жақты қамти отырып, ондағы басты мәдени процестерге ғылыми тұрғыдан талдау жасайды.

Мәдениеттану туралы түсінік беру үшін алдымен осы мәдениет сөзінің этимологиясын, яғни шығу тегін түсіну керек.

Қазақ тіліне бұл термин арабтың “маданият” – қала, қалалық, деген сөзінен енген.

Осы “мәдениет” термині мен мағыналас “культура” термині де кең қолданысқа ие.

“Культура” термині латын тілінде көне заманда жерді өңдеу деген мағынаны білдірген. Кейінірек, дәлірек айтқанда, Цициронның еңбектерінде (б.ғ.д. 45 ж.) бұл сөздің мағынасы тереңдеп “жанды жетілдіру” деген ұғымды білдіреді. Бірте-бірте еуропалық тілдерде культура сөзі “білім беру”, “даму”, “қабілеттілік” , “құрметтеу”, деген сияқты мағыналарға ие бола бастады.

Қазіргі заманғы сөздіктерде мәдениетке (культураға) төмендегідей анықтамалар берілген:

а) мәдениет – белгілі бір халықтың қол жеткен табыстары мен шығармашылығының жиынтығы;

ә) мәдениет – адамзат қауымының белгілі бір тарихи кеңістіктегі қызметі мен өзіндік ерекшеліктері (палеолит мәдениеті, критмекен мәдениеті, қазақ мәдениеті және т.б.);

б) мәдениет – адамдық әрекеттің белгілі бір саласының жетілу деңгейі (сөйлеу мәдениеті, еңбек мәдениеті, құқық мәдениеті және т.б.);

в) агромәдениет (дәнді өсімдіктер мәдениеті, цитрустық мәдениет және т.б.).

Мәдениет ұғымы тарихи қалыптасудың ұзақ даму жолынан өтті, оны алғашқы рет ғылыми тұрғыдан анықтауға ұмтылған философтар болды.

XVIII ғасырға дейін, яғни ағартушылық дәуіріне дейін, басты құндылық-адам мен оның ақыл-ойы деген қағида жүзеге асқанға дейін “мәдениет” сөзі белгілі бір мойындалған термин ретінде қолданылмады, бар болғаны жаңа ұғымдардың синонимі ретінде ғана пйдаланылды.

Жаңа заманда (XVII – XIX ғ.) мәдениеттің көптеген теориялары өмірге келді. Жаңа заман философиясында көне заман мен ортағасырлар мәдениетін нақты түсіну және оны шындық тұрғысынан қарастырғанда, ең озық идеялар Ағартушылық дәуірі – буржуазиялық қайта құруларға , терең саяси әлеуметтік өзгерістерге толы ерекше тарихи және ең рационалды кезең болып саналады. Бұл дәуірдің мәдениет теориясына ерекше үлес қосқан өз ойшыл ғалымдары болды.

Олар (Англияда-Толанд, Францияда-Вольтер мен Монтескье, Германияда-Лессинг, Гете, Шиллер және т.б.) дүние мен адамзат жөніндегі ақиқатты айту құқығын діннен тартып алып, адамзаттың ақыл-ойының тәуелсіздігін батыл қорғады.

Адам өзінің табиғи жаратылысынан-ақ мүмкіндіктері мол, ақылды жан және соны тиімді пайдаланудың нәтижесінде адам игілігіне сай қоғам құруға қабілетті. Бұл ізгі мұраттың жүзеге аспауына адамның өзі кінәлі, дәлірек айтқанда, оның білімсіздігі мен мәдениетсіздігі , адамзатты ғасырлар бойы қараңғылық түнегінде ұсталуы т.б. жағдайлар мәдениет пен өркениеттің дамуына басты кедергілер болды. Сондықтан да болар, Ағартушылық дәуірінің философиясы мәдениет туралы ілімді дамытуға мүмкіндік беретін (табиғат, адам, қоғам, таным, ақыл-ой) категорияларға сүйенді. Бұл категориялар жалпы философиялық сипатқа ие болды. Олар XVIII ғасырдың ағартушыларына тарихи процесс идеяларын дамытуға және тарихи дамудың мақсаты, қозғаушы күштері және мағынасы жөніндегі сұрақтарды белгілеуге мүмкіндік берді.

Бұл сұрақтарға жауап қалыптасқан жалпы философиялық негіздер тұрғысынан берілді.

Мысалы: “Мәдениеттің классикалық үлгісі” ұғымы мәдениетті-адамзаттық тарихи дамуының нәтижесі, адамзат баласының саналы және адамгершілік қоғамдық қарым-қатынасының қол жеткен дәрежесі деп қарастырды.

Мәдениетке байланысты қағидаларды сын елегінен өткізе отырып, Ағартушылық кезеңнің ойшылдары және мәдени үлгілерді (адам, қоғам, мемлекет, құқық, философия т.б.) жасауға тырысты және өткен заман мен жаңа заманның мәдени тәжірибесін жаңаша сын елегінен өткізе отырып қарастырды.

ХІХ ғасырда мәдениет мәселелерімен тығыз айналысқан ғалымдардың бірі – ағылшын ойшылы Эдуард Бернетт Тайлор (1832-1917) болды.

Ол “мәдениет жөніндегі ғылым-реформалар жөніндегі ғылым” деп тұжырымдай отырып, мәдениетті үздіксіз жаму үстіндегі процесс деп қарастырды. Тайлор мәдениетке мынадай жалпылама анықтама берді. “Мәдениет пен өркениет кең, әрі этнографиялық мағынада – білімнен, наным-сенімдерден, өнерден, адамгершіліктен, заңдардан, салт-дәстүрлерден және қоғамның мүшесі ретінде адамның игерген дағдылары мен түрлі қабілеттерінен құралады”.

Мәдениеттану ғылымының іргелі проблемалары, әсіресе, бұрыннан қалыптасқан құндылықтар жүйесін қайта қарау кезеңдерінде заман талабына айналды. Мыңжылдықтар тоғысында тек қазақ халқының дәстүрлі мәдениеті емес, сонымен бірге бүкіләлемдік өркениет пен мәдениеттің түбегейліөзгеруін көріп отырмыз. Бұл мәселеде бірнеше бағдарлар айқындалды:

– байырғы дәстүрлі мәдениетті мансұқтаушылық, ескі өркениет өрнектерін сол қалпында жандандыруға тырысушылық;

– Ф. Ницше айтқандай, “барлық құндылықтарды қайта қарау”, “Ұлы бас тарту”, мәдени сабақтастықты елемеу;

– әлемдік өркениттердің жаңа тәртібін қалыптастыруға қатысу, халықтың рухани бастаулары мен әлеуметтік-саяси типтерін қоғамдағы өзгерістерге байланысты, жаңа ағымдарға үйлесімді ұштастыру, мәдениеттің қайта өркендеуіне қолайлы жағдайлар туғызу, мәдени деңгейде немқұрайлы қараудан арылу, этномәдениеттің типтік ерекшеліктерін анықтау, оларды дамыту, дүниежүзілік үндестікпен бір ырғақта болу.

Бұл проблемаларды шешу – айтуға ғана жеңіл нәрсе. Алдымен адамдардың санасын өзгерту қажет. Бұл, әсіресе, тоталитарлық сананың менталитетін өзгерту мәселесі. Жоғарғы жақтан келетін Жалғыз Тәртіпке негізделген мәдениетте таңдау да шығармашылық пен жасампаздық та болмаған. Авторитарлық әкімшіл мәдениет тұлғасыз болады, онда адамның орнын қуыршақ – функционер, руханилықтан жұрдай жалаң идеология алмастырады, жиі айтылатын “қоғамдық мүдде жеке адамның мүддесінен жоғары болады. Ол қоғамды енжарлыққа, жайбарақат саңыраулыққа әкеледі.

Өркениеттің дайын үлгілерін сырттай формалды түрде қабылдаған мәдениет өзінің рухани немқұрайлы ішкі табиғатында манипуляцияланған тетік адамдарды, жүйеге икемделген пысық конформистерді және қиратушы нигилистерді қалыптастырады. Тек тұлғалық дамудың көпырғақты шексіз полифониясы арқылы мәдениеттіліктің сара жолына шыға аламыз.

Қазақ халқының материалдық мәдениеті[өңдеу]

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Jump to navigationJump to search

Киіз үй тарихынан. Мал баққан көшпелі халықтардың қысы-жазы отыратын баспанасы киіз үй болған. Ол тез жығып, түйеге артып жүре беруге, шашпаң тігуге ыңғайлы, көшіп-қонуға лайықтап жасалған. Киіз үй біздің заманымыздың VII ғасырында кеңінен пайдаланылып, киіз басу белгілі бір еңбек кәсібіне айналған. Оған Алтай, Сібір, Қырым таулы-тастарындағы сурет таңбалар айғақ бола алады. Ұзақ жылғы тәжірибе негізінде халық киіз үйдің ұйтқып соққан желге жығылмайтынына, нөсерлеп құйған жаңбырды өткізбейтініне көзі жетіп, оны баспана етуді әдетке айналдырған.

Киіз үйдің көшіп-қонуға ыңғайлылығымен бірге жазда ауасы таза, салқын болады. Қос қабаттап киіз жапқан қазақ үйінде ертеде ата-бабаларымыз қыста да қыстап шыққан. Балшықтан соққан там үйлер бертінде отырықшыланып, егіншілікпен айналыса бастаған кезде (XVIII— ғ. екінші жартысынан) пайда болған.

Киіз үй; «Бөгде елдің мәдениетіне зер салғанда өзіміз пір тұтатын қасиетті ғана мойындап, бізде жоқтың бәріне мұрын шүйіру, сөйтіп ол халықты әлі балаң деп қарау — тарихшылар үшін аулақ жүретін методологиялық аберрация. Мәселен, Еуропа мен Алдыңғы Азияның халықтары цивилизацияға тұяқ іліктірісімен қалалар салып, көздің жауын алатын ғимараттарды дүниеге әкелді. Түркілер болса үй салмады, бақша баптамады, себебі олар қытымыр табиғат құрсауында отырып төңірегіндегі қылтанақ атаулыны аз уақытта отынға айналдырар еді. Алайда, әрі кең, әрі жылы, көш-қонға қолайлы киіз үйге қарағанда тас лашық пен балшығы баттасқан үйді қолайлы деп ешкім де дәлелін беземес. Табиғатпен тамырлас көшпелілер үшін мұндай киіз үйлерде тұру астамшылық емес, кажеттілік болған»,— деп жазыпты белгілі ғалым Л. Н. Гумилев. Ойды ой қозғайды, әйгілі ғалымның киіз үй көшпелілер үшін қажеттілік дәуінде сан тарау мағынаның өрісі жатыр. Қөпшілікке белгілі, біздің жыл санауымыздан әлденеше ғасырлар бұрын Евразияның мол отына тұнып тұрған байтақ даласында көшпелі өмір салты қалыптасты. Дамудың басқаша жолын «таңдау» бұл далада мүмкін емес еді. Бұл осынау табиғаты қытымыр болса да жері шүйгін ен даланың тылсымын түсініп, тілін табу ғана емес, сол дала төсінде аз ғана күш жұмсап мол өнім алудың, «қосымша өнімді әрі тез, әрі оңай түсірудің жедел шыңдалған өмір сүру тәсілі болатын. Былайша айтқанда, көшпелілердің тек қана өзіне тән өмір салты, өнім өндірісі қалыптасты. Жер төсін тырмалаған отырықшыларға қарағанда көшпелілердің өндірістік негізі әлде қайда берекелі болады. (Акишев). Біздің жыл санауымызға дейінгі IV—III ғасырлардың өзінде-ақ тек жылқы малының өзі төрт-бес мыңға жеткен байлар пайда бола бастады (Бичурин). Бұл даладағы өндіріс тәсілінің шыңдалуы, өнім қорының молығуы сол дала төсіндегі ел-жұртқа төңірегінен алапат-айбарын асыртып қана қойған жоқ, сонымен бірге күн көрістің ұлы ырғағымен үндес салт-дәстүрді, моральдық-этикалық қарым-қатынасы, өнердің алуан түрін орнықтырды. Осылардың ішінде көшпелілердің сан ғасырлық тәжірибесі, өмірлік қажеттілігі, ой өрісі, талғам татымы шегіне жеткен мүмкіндіктің айғағы бір ғана киіз үйдің бойына шоғырланғандай. Көшпелілердің сұлулық туралы талғам-түсінігі, дүниені сұлулық заңдылықтарымен игеру мүмкіндігі негізінен осы киіз үй арқылы көрініс тапты. Киіз үйдің сықырлауығынан бастап шаңырағына дейінгі әрбір бөлшегі өз алдына оқшау өнер туындысы бола тұрып, сол мың сан бөлшек бір-бірімен мінсіз үйлескен шақта шегіне жеткен, әбден аяқталған өнер туындысын құраған. Осынау шегіне жеткен өнер туындысы көшпелілердің күн-көріс мұқтажынан бастап рухани талғам-талабына дейін қызмет еткен. Қысқасы, киіз үй көшпелілер үшін табиғаттай сұлу, кеңістіктей үйлесімді шағын әлем еді. Бұл ретте, киіз үйді адамзат баласының ұзына тарихында жасалған материалдық мұралардың ішіндегі бірегей айғақтардың бірі деп қарауға негіз мол.

Ыдыс-аяқ[өңдеу]

Ыдыс-аяқ. «Шешесін көріп-қызын ал, ыдысын көріп асын іш», — деген қазақ мақалында пәлсапалық, әлеуметтік терең ой жатыр. Демек ұлт тұрмысында ас сақталатын ыдыс-аяқ мәселесіде шет қалмаған. Оған үлкен мән бергендігіне жоғарыда бір ауыз сөз куә.Ата-бабаларымыз ыдысты көбіне ағаштан, жылқы, ешкі терісінен, мыс, жез сияқты металл бұйымдарын жасаған.

Ағаш ұсталары ыдыс-аяқ жасауға да айрықша ден қойған. Соның ішінде қымызға арналған түрлері назар аудартады. Негізінен, бұл ыдыстарды қайыңнан, табылып жатса, оның безінен жасауға тырысатын. Өйткені, қайың мықты келеді. Мұқият өңдеген қайың, әсіресе, оның безі қара шұбарланып, қосымша әшекейсіз-ақ әдемі болады. Шеберлердің айтуынша, әбден кепкен қайыңда бөтен иіс те, шайыр да болмайды, сондықтан оған құйылған қымыздың дәмі де бұзылмайды.

Қымызға арналған ағаш ыдыстар: тегене, ожау, шара, сапты аяқ, тостаған, күбі, піспек. Ел ішінде бұл ыдыстардың түрлері күнделікті өмірде кеңінен пайдаланылса, оның сәнделіп жасалған ғажайып түрлері де аз болмаған.

Ертедегі көшпелі қазақтар ас сақтайтын ыдыстардың біразын мал терісінен жасаған. Ондай ыдыстың ең үлкені — саба.

Саба — молшылықтың, байлықтың белгісі. Жылқылы ірі байлар сабаның мөлшерін бәсекелесіп үлкен жасауға тырысқан. Мысалы, Есенейдеген атақты бай алты айғырдың терісінен саба тіктірген. Оны «тай жүзген» деп атаған. Мұндай сабаларға ас берерде немесе ұлы дүбір бір дуан елді шақырып той жасарда биенің сүтін сауып, жинап, құйып қымыз ашытқан.

Тегене — үлкен дөңгелек, шұңғыл ыдыс. Сабадағы қымыз осы ыдысқа құйылады. Сыйымдылығы да мол, орта есеппен 10—15 литр еркін кетеді, әрі құйылған қымызды сапырып отыруға ыңғайлы. Әдетте, тегенелердің іші-сырты мұқият өңделіп, сыртына ою-өрнек ойылады. Сүйек не күмістелген темір әшекейлермен әр түрлі асыл тастармен безендіріледі. Кейбір тегенелердің қақпағы ағаштан жасалып, күміс әшекейлермен көркемделеді. Тегенеге құйылған қымызды сапырып, аяқ-аяққа құю үшін ағаш ожау қолданылады. Қазақ арасында қымыз сапыратын ожаудың екі түрі жасалды. Оның ішінде Қазақстан жеріне ең көп тараған түрі — ұзын сапты ағаш ожау. Мұндай ожаудың сабын сүйектеп, күмістеп, оюлап безендіретін болған. Қазақстанның солтүстік, солтүстік-шығыс аудандарында ожаудың қысқа сапты түрі де кездеседі. Ожаудың қай түрі болсын, мұқият өңделіп, сырт пішіні әркелкі жасалады. Қымыз ішуге арналатын үлкенді-кішілі шара, сапты аяқ, тостаған сияқты ыдыстарды да қайыңнан шауып, кейде сыртына ою ойып, күмістеп безендіреді.Саптыаяқ – саптыаяқ деп әдетте ағаштың безінен ойылған сабы бар бақыраш тәрізді шұңғыл ыдысты, яғни ағаштан жонып жасаған аяқты айтады.

Зерен – қымыз, шұбат құятын қадірлі ыдыс. Көлемі де, сырты да шараға ұқсас болады. Қатты ағаштан ойылып жасалады. Шұңғыл жиегі қалың бүйірі тіктеу келеді. Жиегінен, бүйірінен ойып, сәнді ою-өрнек жасалады орнықты болу үшін жалпақ, шығыңқы түбі болады. Түсін біріыңғай келтіру үшін ағаш қабықтары бояуымен қанықтырады.

Шара – қымыз құюға араналған ыдыс. Кей жерлерде тегене деп те атайды. Қымызды дастарқанға апарағанда сабадан осы шараға құйып апарады. Оның ішіне 10-12 литр қымыз сияды. Шараны емен, қайын сияқты қатты, кепкен ағаштардан ойып жасайды. Оның іші шұңғыл, өзі дөңгелек, жиегі тік болып келеді. Шара сырты ою-өрнектермен күміс немесе сүйек әшекейлермен көркем безендіріліеді. Өзіне лайық ағаш қақпағы болады. Ол да әшекейленіп жасалады. Сары қымыз әсем шара ыдысты дастарқан сәні, үйдің көркі, қолы берекелі әйелдің мәртебесі десе де болады.

Қазан – басқа ыдыстарға қарағанда қазақ өмірі мен мәдениетінде алатын орны мүлде жоғары. Өйткені ол күнделікті тіршілік құралы. Қазақ дастарқанына түсетін тағамдардың барлығы да (қымыздан басқасы) ең алдымен осы қазаннан өтеді. Халық жай ғана қазан демей оны «қара қазан» деп қастерлеп айтады. Бұл жерде қара сөзі қасиетті, киелі, берекелі деген ұғымды білдіреді.

Қазақтың ұлттық киімдері[өңдеу]

Қазақ киімі құлазыған кең даланың үскірік аязы мен аптап ыстығының, салқын самалы мен аңызақ желінің әсерімен қалыптасқан бар өмірі көлік үстінде өткен Сарыарқа мен оған іргелес жатқан ұлан-ғайыр кеңістікте көшіп-қонған малшы қауымның, таңның атысынан күннің батысына дейін тізе бүкпей «жер шұқылап», мал ұстап күн кешкен Сыр бойындағы, Қазақстанның оңтүстігі мен Талас-Шу атырабындағы жартылай отырықшы және отырықшы елдің ғасырлар бойы реттеуге көне қоймаған тұйық шаруашылығы мен қарабайыр тіршілігі қалыптастырған заттық-тұрмыстық мәдениеттің бірден-бір көрінісі болғандықтан, өзінің қарапайымдылығымен, үйлесімділігімен, жүріп-тұруға ыңғайлылығымен ерекше.




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
4 ұстаз жүктеп алған
17 желтоқсан
4057
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі