400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ "Қазақ халқының өнері"

Материал туралы қысқаша түсінік
Халықтың қолөнерінің бірі кестелеу, көркем тігістері, қолөнері туралы ұғымды қалыптастыру, білімдерін кеңейту
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың тақырыбы: Қазақ халқының өнері
Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Халықтың қолөнерінің бірі кестелеу, көркем тігістері, қолөнері туралы ұғымды қалыптастыру, білімдерін кеңейту.
Дамытушылық: Кесте тігістерінің орындалу әдіс - тәсілдерін меңгерту, қол икемділігін дамыту.
Тәрбиелік: Қолөнерді үйрету арқылы атадан қалған салт – дәстүрімізді құрметтеуге тәрбиелеу.
Сабақтың типі: жаңа сабақ.
Сабақтың түрі: сарамандық.
Сабақтың әдісі: зерттеу, түсіндірмелі, сұрақ - жауап.
Пәнаралық байланыс: математика, бейнелеу, сызу.
Сабақтың көрнекілігі: ине жіп түрлері, қайшы үлгі қағаз керілген мата, суреттер, дайын жұмыстар.
Құрал - жабдықтар: ине, қайшы, кергіш, жіп.

Сабақтың барысы: І Ұйымдастыру кезеңі.
1. Оқушыларды түгелдеу.
2. Оқу құралдарының дайындығын тексеру.

ІІ Қайталау сұрақтары:
1. Модельдеу дегеніміз не?

2.Модельдеу неше түрге бөлінеді?

3.Қазақстандағы қандай  сән үйлерін білесіңдер.

4.Стильдің түрлері?


III. Мақсат қою кезеңі. 1. Қолөнер туралы түсінік. Кесте тігу өнері.
2. Бүгін сабағымызда халқымыздың қолөнер туралы мәлімет аламыз, көркем тігіс түрлерін тігу барысында толық меңгереміз, жұмыс барысында қауіпсіздік ережесін сақтаймыз.

ІҮ Жаңа сабақты меңгерту.

Кесте – қазақ халқының қолөнерінің ерекше түрінің бірі. Қолмен кестелеп тігу – өте көне заманнан келе жатқан қолданбалы өнер түрі. Қолданбалы өнер – көптеген елдердің шеберлерінің, суретшілерінің шығармашылық жемісі Ол киімдерді, интерьерді әшекейлеу нәтижесінде кісінің көңіл - күйін көтереді. Қол кестесі бұйымдарына тұтынушылар сұрасының өсу бұйымдардың түрлерін көбейтуге, оның сәндігін түрлендіруге және кестелеудің әдістерін көбейтуге көмектеседі. Кесте тігу үшін қолданылатын құрал - саймандар: Кергіштер – кесте тігушінің негізгі құралы. Ол матаны керіп ұстайды және оны зақымдалудан сақтайды. Кергіштер дөңгелек болады. Ол бірінің ішіне бірі кіретін екі дөңгелектен тұрады. Оны ағаштан, пластамассадан, резеңкеден және металдан дайындайды. Инелер – мата қалыңдығы мен жіптің жуандығына қарап таңдалады. Қайшылар – жіптің ұшын қию үшін қайтқы қайшылар, оралған жіпті қию және жіпті тегістеу үшін орташа қайшы қолданылады. Жіптер – кестелеу үшін табиғи, жасанды, синтетикалық және аралас жіптер, ирис, мулине т. б. жіп түрлері қолданылады. Калька – бұл мөлдір ақ қағаз. Калька түпнұсқа суреттің көшірмесін жасау үшін қолданылады. Ал калькадан суретті сатаға көшіру үшін көшіргіш қағаз пайдаланылады. Өрнек құрастыру үшін милиметрлік қағаз қолданылады. Кестелеуге арналған материалдар – канва, тегіс боялған мата.
Ертеде халқымыз тұтынатын бұйымдарының бәрін кестемен әшекейлеп безендірген. Сол сияқты қазақ халқының қолөнерінің өмірге келуі халықтың көшпелі өміріне байланысты. Атадан баласына, анасынан қызына мирас болып келе жатқан - сәндік өнерінің өзі ұлттық мәдениеттің дамуына ықпал етеді. Аталарымыз қызымыз бен ұлымыз сегіз қырлы, бір сырлы болуын қадағалаған. Әсіресе қыз балаға: ине сабақтап, түйме қадау, кесте тігуді, ас пісіруді үйретсе, ұл балаларымызға таспа тілу, өрім тоқу, мал сою және мүшелеуді үйреткен. Бүгінгі күннің талабына сай қолөнер түрлері де сан алуан. Кестелеу, көркемдеп тігу, ою - өрнектерін әшекейлеу. Кестені көңіл сызады, қол тігеді, көз сынайды дегендей, кесте тігудің алуан әдісі бар. «Біз кесте», «Гобелен» (көпіртпелі) кесте, «Моншақпен кестелеу» (бисерлеу) деп атайды. Кестелеу өнері дүние жүзінің әр халқында бар. Сонымен қатар әр халықтың тарихи ерекшелігіне және эстетикалық талғамына байланысты өзінің ерекшеліктерімен ерекшеленеді.
Еуропада кестемен айналысу ақсүйектің, мәдениеттіліктің белгісі ретінде қабылданған. Үй тұрмысындағы қажетті бұйымдар: дастархан, терезе пердесі, қол орамалдар, жастық тыстары, түрлі көлемдегі үлкенді - кішілі стол жапқыштар барлығы кестеленген. Қазақ әйелдері де ертеден бүгінге дейін мүмкіндігінше пайдаланатын заттарын кестемен сәндеуге тырысады. Жиі қолданатын кесте түрлері – «баспа кесте», «қабырға кесте», «біз кесте», «тығыз кесте», «маржандау», «түкті кесте» және т. б. Бұл – қазақ қыздарына аналарының бала кезінен үйрететін ыждақаттылық пен төзімді талап ететін қолөнер түрі. Адам бойында, әсіресе бойжеткендерге табанды, сабырлы, ұқыпты, зерделі мінез - құлық қалыптастыруда кесте өнерінің тигізетін пайдасы көп. Қазіргі күнде ата - бабамыз айналысқан қандай да бір ата кәсібі болмасын өз маңызы мен қасиетін жоймаған, қайта түрленіп қазіргі заман талабына сай ерекшеленіп отыр. Енді біз бүгінгі сабағымызда, соның ішінде кесте тігу өнеріне тоқталамыз. «Егер мал таппақ болсаң қолөнерді үйренбек керек, мал жұтайды, өнер жұтамайды» деп Абай атамыз өлеңмен кеңес беріп кеткен.








Ү Түсінгенін тексеру

  1. Кесте дегеніміз не?

  2. Қолданбалы өнерді қалай түсінесін?

  3. Калька дегеніміз не?

  4. Кергіштер не үшін керек?

  5. Үй тұрмысына қажетті заттарды ата?


Сабақты бекіту.
Мақал мәтелдер
1. Жеті рет өлшеп ------------------(бір рет піш)
2. Көз қорқақ ------------------------(қол батыр)
3. Өнер көзі -------------------------(халықта)
4. Ата көрген ------------------------(оқ жонар)
Шеше көрген ---------------------(тон пішер)
5. Қыз еркем --------------------------(кестесімен көркем)
6. Кестенің сыры ---------------------(түрінде)
Кілемнің сыры ---------------------(түгінде)

ҮІ Бағалау


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
4 ұстаз жүктеп алған
27 ақпан
1037
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі