жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Ашық сабақ Қазақ халқының салт дәстүрлері 10 сынып
Алматы
облысы Панфилов ауданы Садыр ауылы
«Садыр орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Халилова Раийсам Адылжановна
Сабақ: 2 |
Қазақ халқының салт - дәстүрлері |
||||
Күні: |
Мұғалім есімі: Халилова Раийсам Адылжанқызы |
||||
Сынып: 10 |
Қатысқандар саны |
Қатыспағандар саны |
|||
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары: |
Т1 Назарын шоғырландырып тыңдау; О5 Қосымша ақпарат көздерінен алынған мәліметтерді оқу; А4 Сенімді және еркін жауап беру/ сөйлеу; Ж6 Аудиовизуалды материалдар бойынша сеніммен жауап беру және қысқаша мазмұндау;
|
||||
Сабақ мақсаттары: Мәтінге өз жауабы мен өз көзқарасын білдіреді; Мұғалім көмегінсіз қосымша ақпарат көздерінен тақырып бойынша мәлімет жинайды және таныс емес ақпаратқа анализ жасайды; Кез келген тақырыпқа сөйлеседі және өз ойын жеткізеді; Бейнекөрініс, аудио, ақпараттық құралдар мазмұны бойынша шолу жазады;
|
Барлық оқушылар орындай алады Назарын шоғырландырып оқиды, тыңдайды. |
||||
Оқушылардың көпшілігі орындай алады Мәлімет жинайды. |
|||||
Кейбір оқушылар орындай алады Диалогта тілдік нормаларды сақтап, сенімді және еркін жауап береді. |
|||||
Тілдік мақсат |
Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер: Қыз көру, қыз таңдау, «қызды кім көрмейді, қымызды кім ішпейді?» қарғы бау ,шеге шапан, «қол ұстар», «шаш сипатар», «қыз құшақтар», «арқа жатар» Диалог құруға /шығарма жазуға арналған пайдалы кеңестер: -Қандай міндетті дәстүрлер бар? -Ол дәстүрлердің маңызы мен тарихы туралы не білесің? -Бүгінгі күнгі дәстүрлерде өзгеріс бар ма? -Ол туралы көзқарасыңды білдір. Оның маңызы қандай? |
||||
Сабақ критерийі |
|
||||
Алдыңғы оқыту
|
Оқушылар дамытқан білім, түсінік пен тілдік дағдыларды әрі қарай дамытады. Оқушылар айтылған мәтіндерді тыңдап, жауап бере алады, таныс тақырыптарда сөйлей алады, мәтіндерді оқып, жеке мәтіндерін құрастыра алады. Олар өз сөздік қорларын байытуды жалғастырады.
|
||||
Жоспар |
|||||
Жоспарланған уақыт |
Жоспарланған жаттығулар |
Ресурстар |
|||
Басы 3 мин
|
Ұйымдастыру кезеңі Оқушыларды топқа бөлемін. «Есіктегі тапсырма» стратегиясымен сыныпты топқа бөлемін және жаңа сабақтың тақырыбын ашамын. Есікте стикерде қима сөздер ілінген сол сөздерден мақал- мәтелдер шығарады. 1.Атадан ұл қалғаны өзі қалғаны, қыз қалса ізі қалғаны. 2.Алты жыл аш болсаң да, атаңның салтын ұмытпа. Екі топқа бөлініп отырады. Мақал – мәтелдердің мағынасын ашады. Бағалау критерийлері 1.Үй тапсырмасының орындалуы – 5 ұпай 2.Жаңа сабақты меңгеруге берілген тапсырманың орындалуы – 10 ұпай. 3.Тапсырмалардың орындалуы – 10 ұпай 4.Шығармашылық жұмыстың орындалуы – 5 ұпай 5.Өз ойын еркін және толық айтуы – 5 ұпай 6.Жинақтауға арналған сұрақтар – 5 ұпай Бағалау шкаласы «5» — 40 – 35 ұпай «4» — 34 – 30 ұпай «3» — 29 – 25 ұпай «2» — 24 – 0 ұпай 2 мин «Бір минут қана» стратегиясы. Оқушылар кезекпен бір минут ішінде үй тапсырмасы бойынша тоқтаусыз, қайталаусыз жəне қатесіз сөйлейді. Сабақтың тақырыбы ашылады. Сабақтың мақсатымен танысады. |
«Есіктегі тапсырма» стратегиясы
Қима қағаздар
«Бір минут қана» стратегиясы |
|||
Ортасы
|
2 мин Топтық жұмыс. «Сұрақ- жауап» стратегиясы -Қандай міндетті дәстүрлер бар? -Ол дәстүрлердің маңызы мен тарихы туралы не білесің? -Бүгінгі күнгі дәстүрлерде өзгеріс бар ма? -Ол туралы көзқарасыңды білдір. Оның маңызы қандай? Оқушылар сұрақтарға жауап береді. 3 мин «Стоп кадр» әдісі. Бейнеролик бойынша оқушылар қорғап шығады. Топтық жұмыс. 8 мин «Джиксо» стратегиясы. «Қыз ұзату дәстүрі» мәтінімен жұмыс. 1 топ «Қыз көру» салты кейде «қыз таңдау» деп те аталады. Салт бойынша белгілі кісілердің балалары немесе өнерпаз, сал-сері жігіттер өзіне лайық қыздарды ел ішінен өздері таңдаған. «Пәлен жерде жақсы қыз бар» дегенді естіген жар таңдаған жігіттер өнерлі дос-жолдастарын ертіп, қыз ауылына барады. Қазақта «қызды кім көрмейді, қымызды кім ішпейді?» деген мақал қыз іздеген жігіттерге жол ашады. Ондай жігіттерге ешкімнің наразылық білдіруге, тосқауыл жасауға хақысы жоқ. Керісінше жігіттерді салтанатпен қарсы алған. Ауылдың бойжеткен өр мінезді, еркін қыздары мұндайда «қыз көретін жігітті біз көрелік» деп белсене шығып, жігіттермен өнер сынасқан. Жігітке олар да сын көзбен қарап, өз ойын ашық айтқан. Осындай жолда бірін-бірі сынаған қыз-жігіттер айтысқа түскен. Осыдан кейін ұнатқан жастар сөз байласып, жігіт жағы құда жіберген. Демек, жігіт пен қыз бірін-бірі ұнатқан жағдайда да құдалық жолы жасалған. Олай болса, қыз бен жігіт бірін-бірі ұнатып қосылған, сүйіп қосылған кездері қазақта ертеден болған. Әрине, қазақ салтында «қыз таңдау», «қыз көру» әр кезде бола бермеген. Оған аты белгілі адамдардың балалары мен жігіттердің ғана қолы жеткен. Құда болуға баталасқан екі жақ келіскенен кейін бір-біріне сый-сияпат ұсынады. Жігіт жағы «қарғы бау» ұсынғаннан кейін жаушыға «шеге шапан» жабады. Бұл уәде пісті деген сөз. «Жаушы» жіберген жақ жігіт ауылы келе жатқан өз «жаушыларының» үстіндегі яғни «шеге шапанын» көріп, оларды шашу шашып қарсы алады. Күйеудің «ұрын келу» десе, қыздың аталастырылған күйеуін көруі “қыз қашар» дейді. Бұл «ұрын тойы» өтетін күні болады» Ұрын
той» жастар үшін көңілді, думанды
тойдың бірі. Бұған жас жеңгелер мен
жастар қатынасады. Күйеуден алынатын
«қол ұстар», «шаш сипатар», «қыз
құшақтар», «арқа жатар», «көрпе
қимылдатар», тағы сол сияқтыкәделер
осы жолы беріледі. Екі жастың бірін-бірі
көріп, тілдесуіде осы тойда болады.
Екеуі де бірін-бірі ұнатып, қалыңдық
жігітке қыз белгісі-орамалын және
оның іні-қарындастарына да түрлі
сыйлықтар береді. 2 топ Өмірде қазақ салт-дәстүрлерінің түрлері көп. Соның ішінде қалыңдыққа сәукеле кигізудің орны бөлек. Себебі сәукеле әйел киімдерінің ішіндегі ең асылы ғана емес, оның жұбайлық өміріндегі елеулі кезінің естен кетпес ыстық сәті. Ол- бұлғақтап өскен оң жақтағы және ақ босаға аттар арасындағы қимас та қызықты кездің ескерткіші. Бұл аз болса келіншекке сәукеле кигізудің өзі бір ерекше салтанат. Бұған құда-құдағилар шақырылады. Шашу шашылады. Ақ бата арналады. Сәукеле байғазысының бағасы да олқы болмайды. Сәукелелі келіншек ажарлы да базарлы көрінеді. Оны жұрттың бәрі көруге ынтық. Оның көрімдігі де соған лайық болу керек. Жас отау, сәукелелі келіншек, ойын-сауық, көңілді күлкі жаңа өмірдің бақыт есігін ашқандай әсер етеді. Сәукеле туралы бір-ер сөз. Сәукеле-келіншек киімі. Ол-бас киім ғана емес сән-салтанатының, салт-дәстүрінің мәдениеті мен шеберліктің озық үлгісі, өнер туындысы. «Алтынмен апталып, күміспен күптеліп» дегендей, ол інжу-маржан, гауһар, лағыл, жақұт сияқты асыл тастар тізбегімен әрленіп әшекейленеді. Негізі мақпал, барқыт сияқты қымбат маталардан тігіліп, бұлғын, құндыз терілерімен жиектеліп, оқамен оюланып, түрлі-түсті моншақтармен шашақталып, көркем жіптермен кестеленіп, алдыңғы жағы көзді тастармен қапталып, түрлі тағым, алтын, күміс теңгелермен безендіріледі, төбесіне үкі тағылады. Көрсе көздің жауын алатын осы бұйым тек келіншек сәні ғана емес, салтанаты мен құдалар беделін де көтере түсетін ерекше көрініс! ХIХ ғасырдың алғашқы жартысында өмір сүрген Кіші жүздің Байсақал атты байының қызының сәукелесін Кенесары ханның ағасы Саржан төре 500 байталға бағалаған. Әдет бойынша оң жақтағы, құда түспеген қызға сәукеле кигізбейді. Жар-жар — қазақ халқының тұрмыс-салт жырларының ежелден келе жатқан жанрлық түрінің бірі. Ол қыздың ұзатылатын тойы аяқталып, аттанар алдында орындалады. Күйеу бастаған жігіттер жағы атқа мініп келіп, отау үйдің сыртынан жабықты ашып өлеңбастайды. Сәукелесін киіп отаудағы шымылдық ішінде отырған қалыңдықты қоршаған жақын жеңгелері мен бойжеткен құрбылары қыздың атынан жауап өлең айтады. Осылай айтыс түрінде орындалатын жауаптасу өлеңінде қыздар жағы оң жақта еркелеген қыз ғұмырдың өтіп бара жатқанына, өмірдің өткіншілігіне өкініш білдіреді. Жат жұртқа барғанда ата-анасы мен туған-туысқандарының, құрбы-құрдастарының орыны толмайтындығын өлеңге қосып, әлі де болса ойнап-күліп жүре тұруға мұрша бермей аттандырып жатқан ата-анасына наразылығын білдіреді. Өз кезегінде жігіттер жағы ерге шығып, бала сүйіп, түтін түтетудің атадан қалған жол екендігін айтып, ол жаққа барғанда қайын жұртының туған-туыстарын жоқтатпайтындығын айтады Мәтінді оқып жұппен бір- біріне түсіндіреді, топта талқылайды, өзге топқа түсіндіреді. Топтағы бір оқушы қорғайды. «ТӨДК» (Толықтыру, өзгерту, дамыту, күрделендіру) стратегиясымен қорытындылайды. 8 мин «Кір жаю» әдісімен оқушылар қазақ халқының салт дәстүрлері бойынша топпен жұмыс жасайды. Оқушыларға газеттер таратылып беріледі. Сол газеттерді пайдаланып, постер қорғайды. Бұрынғы және қазіргі салт дәстүрлер.
8 мин «Өткенге, келешекке көз жүгірту» стратегиясын қолдану. Қазақ халқының салт-дәстүрлері.Қыз ұзату
Оқушылар өздері зерттеген салт дәстүрлер туралы және қазіргі заманмен қалай салыстырғандықтарын жазады. 5 мин Бейнекөрініс көрсетіледі. Оқушылар өздерінің жазғандарымен бейнекөрініспен салыстырып талдайды.
|
«Сұрақ - жауап» стратегиясы
«Стоп кадр» әдісі.
Интернет желісі
Газеттер, қайшы, желім.
Қазақ халқының салт-дәстүрлері.Қыз ұзату. http://www.youtube.com/
|
|||
Аяқталуы 3 мин
|
Баланы өз тәрбиеңмен тәрбиелеме, өз ұлттыңның тәрбиесімен тәрбиеле. «Төрт сөйлем» тәсілі. Топтық жұмыс. 1. Пікір. Оқыған мәтін бойынша өзіндік пікірін айтады. 2. Дәлел. Өз пікірін дәлелдейді 3. Мысал. Пікірін өмірмен байланыстырып, мысал келтіреді. 4. Қорытынды. Тақырып бойынша қорытынды шығарады.
|
|
|||
Бағалау 1 мин
|
|
Блоб ағашы |
|||
Рефлексия: 1 мин |
|
Стикерлер |
|||
Үйге тапсырма 1 мин |
Қазақ халқының ұлттық салт - дәстүрлері туралы ырымдар. Материал жинау. |
|
|||

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген