Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Ашық сабақ Қазақ халық қолөнері мен шеберлері.Қазіргі заманғы сәндік өнер.
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Пәннің
аты:Бейнелеу
Уақыты:08.02.2018ж Сынып:4 Мұғалім:Б.Мұратбаев
Сабақтың атауы Қазақ халық қолӛнері мен шеберлері.Қазіргі заманғы сәндік ӛнер.
Мақсаты Оқушыларға сәндік қолданбалы ӛнер туралы түсінік беру.Жас жеткіншектерге
ұлттық ӛнер ерекшеліктерін сезіну қабілетінің қалыптасуына ықпал ету.
Күтілетін нәтиже Оқушылар қазақ қол ӛнеріне толық жұмысқа сипаттама беруді үйренеді. Жұмыс
туралы мағлұматтарды игереді.
Сергіту сәті Орманда кірпі келеді,
Саңырауқұлақ тереді.
Кездесті, міне, керегі:
Екеуі қайың астынан.
Біреуі терек қасынан.
Қанша олар болмақ есепте,
Тоқылған салса себетке?
Ой сергітеді және сабақ
құралдарын түгендей
отырып,шаршағандары
Басылады.
Қызығушылықты
ояту
I.Ұйымдастыру кезеңі.Оқушылармен сәлемдесу,
түгендеу, сынып бӛлмесінің
тазалығына кӛңіл бӛлу,сабаққа дайындау.
II.Үй тапсырмасын сұрау.
.
III.Ӛткен материалдар бойынша білімдерін
тексеру кезеңі. Таза тақта
Оқушылар ӛткен тақырып бойынша тақтаға
сұрақтар немесе ережелер жазып тақтаны
толтырады, содан кейін әр сұраққа жауап
беріп,ӛшіріп отырады.
Соңында барлық сұрақтарға жауап бергенде тақта
таза болып шығады.
Жаңа сабаққа деген
қызығушылықтары
оянып,ерекше ынтамен кіріседі.
Сұрақтар 1)Сәндік қолданбалы ӛнер дегеніміз?
2)Сәндік қолданбалы ӛнердің қанша түрі бар?
3)Ою-ӛрнек дегеніміз?
4)Қазақтың ою-ӛрнегі шығу тегіне қарай неше
топқа бӛлінеді?
5)Қазақ ою-ӛрнегі дамып,ӛзгеріске
ұшырады,жетілді.Қазір оның нешеден астам
түрі мен атауы бар?
6)Ӛрнек атауларын мағынасына қарай қандай
топтарға жіктеуге болады?
7)Керамика дегеніміз?
Ӛткен тақырыптан қандай ой
түйді!!!Қазақ сәндік
қолданбалы ӛнерін ойларына
сіңдіру.Тақырыпты түсіну...
Психологиялық
ахуал
Психологиялық дайындық
Біз балдырған баламыз,
Құстай қанат қағамыз.
Дүниені аралап,
Оқып білім аламыз.
Оқушылар шеңберде
жиналып,мұғаліммен бірге
бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.
Мағынаны тану V. Жаңа сабақ. Мұғалімнің түсіндіруі
-Қолӛнер.
Қазақ халқының қолӛнері - халық тұрмысымен бірге жасасып келе жатқан, ұзақ тарихы
бар ежелгі ӛнер. Қазақ халқының сәндік қолданбалы ӛнерінің кӛп ғасырлық тарихы
бар. Халық қолӛнерінің бай мұралары бүгінгі күннің алтын қорына айналып отыр.
Қолӛнері түрлері кӛп. Жүннен, киізден жасалатын бұйымдар, ӛрмек тоқу, тері ӛңдеу,
ши тоқу, кілем тоқу, ер- тұрман жасау, ағаш бұйымдары, кесте және кӛркем тігу,
зергерлік ӛнер, т.б.Қазақ қолӛнері ғасырлар бойы кӛркем ой,халық талғамымен үздіксіз
дамып келеді.Халық шеберлерінің тынымсыз еңбектерінің нәтижесінде ӛз жалғасын
тауып келеді.Кӛне дәстүрлерді кӛздің қарашығындай сақтап және байыта
отырып,халықтың кӛркем қӛленер кәсібі қазіргі мәдениеттің айқын құбылысы болып,үй
тұрмысының маңызды және бӛлінбес құрамына айналды.Қолӛнер туындылары
қайталанбас және алуан түрлі:әсем әшекейлерден және шағын ойыншықтардан бастап
күрделі кестеленген композицияларға дейін және кӛлемді кілемдерді, тоқыма матадан
жасалған кӛп заттық жиынтықтарды, шыны, ағаш және металл бұйымдарын қамтиды.
Пішіндердің ықшам да мәнді үйлесімі, түстердің жоғары талғамы, ӛрнектердің әсемдігі,
композициялық шешімі, кӛздің мүлтіксіздігін, қолдың дәлдігін және қиял ұшқырлығын
ұштастырып, шебердің ӛзіне тән тәсілдермен орындауына жеткізеді. Халықтыңмәдени
дәрежесі ӛскен сайын ұлттық қолӛнердің озық үлгілері әлемдік мәдениеттен де ӛз
орнын алды. Бұл саланы ұзақ уақыт бойы зерттеген ғалымдар баршылық. Атап
айтқанда: академик Ә.Марғұлан, зерттеуші этнографтар С.Қасиманов, Ӛ Жәнібеков,
Х.Арғынбаев, т.б
Қай халықтың болса да тұрмыс- тіршілігіне қажетті әдемі бұйымдар мен заттарды
дүниеге әкелген қолӛнері болды. Солардың ішінде біздің қазақ халқы қолӛнерінің
дамуы ӛзінше ерекше.
Қолӛнер турлері :
Шебер:
Шебер -ағаштан әр түрлі бұйымдар жасайтын адам. Қазақ халқының шеберлері де
ӛнерге ӛзіндік үлестерін қосып келеді. Ағаш шеберлерінің ағаш бұйымдарын
дайындаудағы ӛнері ең жоғарғы дәрежеде дамыды.Жержыртушылар мен мал
бағушылар үшін де бұйымдар дайындалды. Қазақ халқының ӛмірінде ежелден бері
ағаштан жасалатын үй бұйымдарының аталатын орны ерекше. Ағаш ӛңдеуді кәсіп еткен
шеберлерді халық олардың ӛндіретін бұйымдарына қарай «үйші» , «ерші» ,«арбашы»
,«ұста» сонымен қатар « оймашы» деп даралады.Ағаш ӛңдеу ӛнерінің ішіндегі аса
іскерлік пен қыруар еңбекті , шынайы талғамды керек ететін түрі- киіз үй сүйегін
жасайтын үйшілер ісі. Мұны халық тілінде «үй басу» деп те атайды. Киіз үй сүйегі, яғни
кегесі мен уықтары , кӛбінесе, ӛзен жағасында ӛсетін әр түрлі талдан жасалады. Тал ,
халық тәжірбиесі бойынша , киіз үй сүйегін жасауға ең қолайлы ағаш түрі деп танылған.
Әрине халық музыка аспаптарын жасауда ыңғайына қарай әр алуан ағаш түрлерін.
Пайдаланған. Қол ӛнер бұйымының түрі ӛзгеруіне байланысты оған қолданылатын
ағаштың түрі де ӛзгерген. Ағаш ӛңдеуде ескертілетін ең басты ерекшелік оның кесуге,
сургілеуге, тесуге ткемділиги, июге кӛнгіштігі, бояу сіңіргіштігі, яғни ыстық пен суыққа
шыдамдылығы болып табылды. Қазақхалқының кунделікті турмыста пайдаланған
ағаштан жасалатын үй іші жиһаздары (мебельдері) мен ыдыс-аяқтары да кӛш-қонға
немесе отырықшылыққа бейімделіп жасалды. Ағаштан жасалған үй іші жиһаздарының
құрамына тӛсек ағаш, жастық ағаш, жүкаяқ, кебеже, сандық, саба аяқ, тостаған, ожау,
қасық, күбі, ағаш шелек, келі, келсап және тағы да басқада кӛптеген бұйымдар кірді.
Аса шебер ұсталар ағаштан жасалатын үй бұйымдарының беттеріне ою ойып, түрлі
түсті бояулармен ӛрнек салып, әсемдеумен бірге сүйекпен, әр түрлі металдармен, түрлі
тастармен, шынылармен кӛркемдей білген.
Ұсталық ӛнер:
Ұста-қару-жарақ, ер-тұрман, сауыт-сайман жасаумен шұғылданатын адам.
Отбасылық топтық бӛлу
Топқа бӛлу 1)ТОП: Академик -Әлекей Марғұлан
2)ТОП: Зерттеуші этнограф -Халел Арғынбаев
Ұсталық пен зергерлік ӛнер әр түрлі металдардан сан алуан үй бұйымдары, сәндік
әшекейлер жасаумен байланысты. Қазақстан жерінде мыс, жез, темір және күміс сияқты
металдардан бұйымдар жасау ісі ӛте кӛне замандардан басталады. Сонау сақ, үйсін, ғұн
мәдениетінен бастау алып, кӛне түріктердің жалғастырумен біздің заманымызға дейін
жетті. Темірді олар тәңірдің берген сыйы деп қараған. Ӛзге де түркі халықтары сияқты
қазақтардың да дәстүрлі мәдениетінде ұста және ұсталық ӛнерді киелі деп санаған. Күні
кешеге дейін ұсталарға ерекше құрмет кӛрсетіп, тӛрден орын берген. Содан бері ұсталар
мен зергерлер ісінде сан қилы жағдайларға байланысты даму мен тоқырау кезеңдер де
болды. Соған қарамастан ұсталар мен зергерлердің дәстүрлі ӛнері біздің заманымызға
дейін жетіп отыр.
Қазақ мемлекеті құрылғаннан бері ұсталық ӛнер аса жоғары бағаланды. Орасан кең
байтақ ӛлкені қолда ұстап, оған ие болу үшін ұсталық ӛнердің маңызы зор еді. Әсіресе
қару-жарақ соғатын шеберлердің бедел мәртебесі биік болды. Ерекше берік болаттан
қазақтың халық эпосында алмас қылыш атанған қайқы қылыштар жасалған. Халық
шеберлері темірден жасалған кейбір үй бұйымдарын да әдемілеп кӛркемдеуге тырысты.
Олардың қынабы мен сабына қымбат тастар орнатылып, қынаптары түрлі беделдермен,
мысалы, қыран бүркіттің бас тұлғасымен безендірілген. Қара, немесе қызыл
былғарыдан жасалған қынабы күміспен не қоламен кӛмкеріліп, алуан бедерлер
салынған. Ұсталардың қажетті құрал саймандарына-кӛрік тӛс, балға, шапқы, сапты
шапқы, тескіш, қысқаш, кӛсеу, қайшы, металл балқытатын ыдыстар т.б. Жалпы сондай
қару-жарақ, ер-тұрман, сауыт сайман дасаумен шұғылданатын адамды халық ұста деп
атады. ХІХ ғасырдың екінші жартысынан бастап найза, айбалта, қылыш, мылтық
сияқты соғыс қару-жарақтарын жасату күрт сиреді. Ӛйткені, қазақтардың кӛрші
елдермен достығы нығая түскен-ді. Қазақ қару-жарағын қайтадан қалпына келтіру үшін
қадым заманнан келе жатқан теңдесі жоқ мол қазынамыз- ауыз әдебиеті мен батырлар
жыры, термелер мен аңыздар, халық әндерінің сӛздері, шетел саяхатшыларының
жазбалары, мұражайларда сақталған жәдігерлердің маңызы аса зор. Кӛне қайнар
кӛздерден қарудың аттары, оларды пайдаланудың құпиялары, қару соғудың қазақ
ұсталары қолданған тәсілдерін білуге болады. Қазақ қаруларының толық тізімін алғаш
жасаған- даңқты ғалымымыз Шоқан Уәлиханов. Қазақ эпостарында қару-жарақ айқын
да нақты бейнеленіп, жауынгердің жан серігі ретінде суреттеледі. «Қобыланды батыр»,
«Алпамыс батыр» жырларында, М.Әуезовтің «Абай жолы» эпопеясында бағалы
ақпарат, деректер бар. Қазақ халқының бізге жеткен мол мұрасы- бүкіл адамзаттық
мәдениетке қосылған үлкен үлес. Біздің парызымыз- осы жоғалып бара жатқан ӛнерді
қайта жандандырып, оның отын ӛшірмеу.
Құрастыра отырып «сӛз жұмбақ шешу»
Бағанда бес қару
Бағалау әдісі:Жұлдызшамен бағалау
Ісмерлік ӛнер:
Ісмер- ұлттық киімдер тігумен айналысатын, қолынан іс келетін адамдар.
Тігіншілік ӛнері әйел мен ерлер киімдерін және түрлі сападағы киімдерді тігуде кең
кӛлемде қолданылып келеді. Киіз үйлерді құрудағы ішкі кӛркемдік әшекейлеу
жұмыстарына үлкен мән беріліп отыр. Қазақ халқының кесте ӛнері біз кесте, айқас тігу,
айқыш- ұйқыш тігу, қайып тігу болып бӛлінеді.Жалпы кесте біз кесте шым кесте және
әредік кесте деп екі түрге бӛлінеді. Біз кесте дӛңгелек немесе тӛрт бұрышты етіліп
кергіш ағашқа керілген материалдың бетіне бізбен ӛткермелеп шалу арқылы тігіледі.
Әредік кестеде материалдың бетіне бізбен ӛткермелеп шалу арқылы тігіледі. Әредік
кестеде материалдың әр жері әшекейленіп бӛлек-бӛлек ӛрнек салынады. Жалпы
ісмерлер деп ұлттық киімдер мен кӛрпешелер тігумен және тӛсеніштер,сырмақ,кілем
тоқып,киіз басу сықылды қолынан іс келетін адамдарды айтады.
Сырмақ-екі түсті киізден оюланған немесе үстіне мата оюластырылған,тігістеріне
жиек басып сырған әшекейлі тӛсеніш. Сырмақ бетіндегі сан қилы сәнді ӛрнектелген
қарасақ, халық ӛмірінің шежіресін кӛргендей боламыз. Әр аймақтықң жергілікті
жағдайында, дәстүріне байланысты сырмақ әр қалай ӛрнектеледі. Сырмақтар кӛлемі
мен орналасуы жағынан бірнеше түрге бӛлінеді. Олар:тӛр сырмақ, тӛсеніш сырмақ,
тӛсек сырмақ, тізе сырмақ, т.б. сырмақтың ою орнектері де оның тұрмыста қолдану
мүмкіндіктеріне байланысты әр алуан болып келеді. Негізінен әлуметтік турмыс
жағдайымыздың жаңаша сипатқа ӛзгеруіне қарай олардың кӛлемі де әр түрлі болып
жасалуда. Оның үй ішінде қолдануда дизайндық ерекшелігіне баса назар аудар аудару
керек.
Кілем тоқу –тұрмыс қажетіне байланысты халық қолӛнерінде ертеден белгілі, ел
арасында кең тараған, дамыған ӛнер. Кілем түкті және тақыр кілем болып екіге бӛлінеді.
Түкті кілемді тоқу асқан шеберлікті қажет етеді. Жүнді ӛрмек жібінен сәл жуандау
етіп,бірақ бос иіру керек. Түкті кілем тоқу, әсіресе сыр бойында, оңтүстік аудандарда
кеңінен дамыған. Тақыр кілем – жібі терме алашаға иіргендей ширатылған түксіз кілем.
Тақыр кілем ӛрнегіне ӛз атынан-ақ кӛрініп тұрғандай түк салынбайды, кілем түріне
арналған жіп, желі жібіне ұқсас иіріліп, ширатылады.
Гобелен кілемі – сәндік бұйым. Гобелен ӛнерінің шығу тарихы XV ғасырдан
басталады. Гобелен дегеніміз – сурет салып тоқылатын кілем. Оны қазіргі кезде
тәжірбиелі суретшілер қолға алып, жаңа ӛрнекпен тоқуда. Гобелен кілемінде белгілі бір
тақырып бойынша қайталанбас суреттер кӛрініс береді, оның жай кілемдерден
айырмашылығы – суреті мен колорттік түстерінде.
Зергерлік ӛнер:
Зергер – алтынмен аптап, күміспен күптеп сырға, білезік, алқа жасайтын адамдар.
Қазақтың ұста, зергерлері кӛркем құйма, бедерлеу, соғу, қаптау, күмістеу, термелеу,
бұрау, үзбелеу тәсілдерін терең меңгерген. Алтын – күміспен әшекейленген алуан түрлі
ӛңір жиектері мен алқалар, асыл тастардан кӛз салынған шолпылар мен шашбаулар,
әдемі құс мұрын жүзіктер мен білезіктер – міне осының мысалы. Халық шеберлері
сәндік күміс бұйымдары жасауда кӛптеген зергерлік тәсілдерді қолдана білді.
Соның ішінде ең кең тараған тәсілдер: отқа қыздырып соғу, балқытылған металды
қалыпқа құю, кептеу, темір бетіне күміс шабу, сымкептеу, жұқва күміс әшекейлердің
астынан бедерлі қадаубастармен батыра ұрып бедерлеу, бізбен бізу, күмістеу, алтындау,
дәнекерлеу, оймалау, асыл тастардан кӛздер орнату және тағы басқалары. Кез келген
күміс, алтын бұйымдардың беттеріне әр түрлі асыл тастар мен түсті шынылар орнату
тәсілін қазақ зергерлері жиі қолданды. Ал сол бұйымдарға кӛз салып әсемдеу үшін
қолданылатын асыл тастардың түрі кӛп. Оның ішінде гауһар, лағыл, інжу,
сутас(хрусталь) сияқты аса бағалы тастармен қоса, ел ішіне кеңінен тараған маржан,
меруерт және түрлі түсті шынылар жиі қолданылады.
«Адасқан сӛздер» ойыны «Кір жаятын жіп»
Сӛздерді ретімен орналастырып мақал- мәтелді құрастыру( Жіпке сӛздер реттілігімен
орналасып, ілінеді. )
Шешенің сӛзі мерген , ісіне сен, күшіңе сенбе , шебердің кӛзі мерген,сегіз қырлы,ұсталы
ел озар,бір сырлы,ұстасыз ел тозар....
Дұрыс жауабы:1) Шешенің сӛзі мерген, шебердің кӛзі мерген
2)Күшіңе сенбе , ісіңе сен.
3)Сегіз қырлы бір сырлы
4)Ұсталы ел озар
ұстасыз ел тозар
Сабақты бекіту:
Бейнелеу ӛнерінің түрлерін ата:
2. Қолӛнер түрлерін ата:
Ой толғаныс VI.Жаңа материалды пысықтау.
Білімді бекітуге арналған тест сұрақтары.
1.Ағаштан жасалған ыдыс
А) гобелен
Ә) сандық
Б) Астау
2.Ағаштан жасалған бұйымдар
А) кебеже, сандық
Ә) балға, тӛс
Б) қоржын, аяққап
3. Әсемдік бұйымдар мен жиһаздарды безендіруге қолданылатын ұлттық өнер:
А) сәулет ӛнері
Ә) сәндік қолданбалы ӛнер
Б) дизайн
4.Зергерлік бейнелеу өнерінің қай түріне жатады?
А) сәулет ӛнері
Ә) дизайн
Б) қолӛнер
5. Ағаштан жасалған заттарды, ыдыс-аяқтарды кімдер жасайды?
А) зергер
Ә) шебер
Б) ісмер
6. Ісмер деген кім?
А) ағаштан әр түрлі бұйымдар жасайтын адам.
Ә) қару-жарақ, ер-тұрман, сауыт-сайман жасаумен шұғылданатын адам.
Б) ұлттық киімдер тігумен айналысатын, қолынан іс келетін адамдар
В) алтынмен аптап, күміспен күптеп сырға, білезік, алқа жасайтын адамдар
7. Ұста деген кім?
Бейнелеу өнері
сурет
кескіндемее
Сәулет өнері
Қол өнер
мүсіндеу
графика
Қолөнер
түрлері
Шеберлік Ісмерлік Зергерлік Ұсталық
А) ағаштан әр түрлі бұйымдар жасайтын адам.
Ә) қару-жарақ, ер-тұрман, сауыт-сайман жасаумен шұғылданатын адам.
Б) ұлттық киімдер тігумен айналысатын, қолынан іс келетін адамдар.
В) алтынмен аптап, күміспен күптеп сырға, білезік, алқа жасайтын адамдар.
VII.Бекіту кезеңі.
Үйге тапсырма Ертегіні оқу, әңгімелеу, сурет салу.
Күнделіктеріне жазып беремін
Бағалау Ағаш
Сабақ соңында оқушылар ӛз ойларын жапырақ
тәріздес қағаздарға жазып,ағаш суретіне
жапсырады.Немесе жапырақ түстеріне
байланысты мағына беруге болады.
Сары түс -түсінген жоқпын
Жасыл түс -түсіндім
Бағалау парақшасын
толтырады.
Кері байланыс
Смайликтерді ӛзі қалаған
нұсқаға жабыстырады