400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ: Қазақ хандары

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақ хандарының шығу тегін, хандардың мақсатын, саяси бағыттарын көрсету, сыртқы жаудан елін, жерін қорғап, тәуелсіздігін сақтап қалған қазақ хандары туралы айта отырып, білімдерін тереңдету.
Материалдың қысқаша нұсқасы

САБАҚ ЖОСПАРЫ


Пән аты: Қазақстан тарихы

Сыныбы: 10


Сабақтың тақырыбы: §26/2. Қазақ хандары.


Сабақтың білімділік мақсаты: Қазақ хандарының шығу тегін, хандардың мақсатын, саяси бағыттарын көрсету, сыртқы жаудан елін, жерін қорғап, тәуелсіздігін сақтап қалған қазақ хандары туралы айта отырып, білімдерін тереңдету.

Дамытушылық мақсаты: Оқушыларды тұжырым жасауға, пікірімен бөлісуге, ізденушілікке, шығармашылыққа баулу.

Тәрбиелік мақсаты: Халқына, Отанына, деген құрмет, тарихи тұлғаларымызға құрмет сезімін қалыптастыру.


Сабақтың түрі: Саяхат сабақ

Сабақтың әдісі: Түсіндірмелі сұрақ - жауап

Сабақтың көрнекілігі: карта, интерактивти тақта, хандардың суреттері, плакат

Сабақтың бөлімі:
1. Өткел (хандардың шығу тегі, саясаты, қоғамдағы орны)

2. Бекет (тарихи жылдармен жұмыс)
3. «Картамен жұмыс» сұраққа жауап беру, картадан көрсеру.
4
. Қорытынды.

САБАҚТЫҢ БАРЫСЫ:


І. Ұйымдастыру кезеңі:

1. Оқушылармен сәлемдесу, оқушы санын түгендеу, оқу құралдарын тексеру.

2. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

Сәлеметсіздер ме қадірменді оқушылар мен қонақтар!
Талай ұрпақ ғасырлар бойы аңсап келген арман жүзеге асып, еліміз тәуелсіздікке қол жеткізді. Бүгінде Қазақстан – өзгелермен терезесі тең егемен ел. Ал осы еркіндік пен тәуелсіздікке жетуге ат салысқан ата-бабаларымыздың ерлігі, батылдығы, бірлігі, көрегендігі мен саясаткерліктерінің арқасында ұлан байтақ қазақ жерін аман сақтап, өскелең ұрпаққа паш етті.

Бүгін біз сіздермен «Қазақ хандығына» саяхатқа шығамыз, атақты хандардың істеріне қорытынды жасаймыз.


ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:

Сұраққа жауап беріңдер: Қазақтың атақты хандары кімдер?

Саяхатқа шығу үшін билет қажет, билеттерде сұрақтар жазылған. Сол сұрақтар бойынша оқушылар шығып жауап береді.


III. ЖАҢА САБАҚ.


І.Сабағымыздың бірінші бөлімі :
«Өткел» (хандардың шығу тегі, саясаты, қоғамдағы орны туралы өтілген сабақ бойынша тапсырмаларға жауап беру).


ІІ. Бекет (тарихи жылдармен жұмыс)
1. 1465-1466 жылдар
2. 1470 жыл
3. 1458/1465-1473
4. 1473-1780
5. 1511-1518 жылдары
6. 1523-1532 жылдар
7. 1538-1580жылдары
8. 1580-1582 жылдары
9. 1582-1598 жылдары
10. 1598-1628 жылдар
11. 1628-1652 жылдары
12. 1680-1715 жылдары
13. 1643 жыл
14. 1723 жыл.
15. 1731 жыл
1 Қазақ хандығының құрылуы
2 Жәнібек хан Созаққа шабуыл жасады. Созақ пен Сауран Қазақ хандығына көшті
3 Қазақ хандығын Керей хан билеген жылдары
4 Қазақ хандығын Жәнібек хан билеген жылдары
5 Қазақ хандығын Қасым ханның билік еткен жылдары
6 Қазақ хандығын Тахир хан билеген жылдары
7 Қазақ хандығын Хақназар хан билеген жылдары
8 Хақназар хан қайтыс болғаннан кейін хан тағына отырған Жәнібек ханның немере інісі сексенге келген Шығай хан қай жылдары биледі
9 Қазақ хандығын Тәуекел хан билік еткен жылдары
10 Қазақ хандығын Есім ханның билік еткен жылдары
11 Қазақ хандығын Есім ханның ұлы Жәңгір хан билік жүргізген жылдары
12 Қазақ хандығын Тәуке ханның билік еткен жылдары
13 Жәңгір хан 600 жауынгерімен жоңғардың 50 мың жауынгеріне қарсы тұрған Орбұлақ шайқасы
14. Ақтабан шұбырынды 
15 Анна Иоанновна Кіші жүздің қазақтарын қол астына алуға қол қойды. 


ІІІ. «Картамен жұмыс»: сұраққа жауап беру, картадан көрсеру.

  1. Қазақ хандығының алғашқы территориясы қандай?

  2. Қазақ хандары үшін саяси-экономикалық және саяси-стратегиялық жағынан маңызы зор қалалар?

  3. Қасым хан қай қалада отырып билік жүргізді?

  4. Парсы тарихшысы Ескендір Мұңшы Тәуекел ханның қай елге шапқыншылығын суреттейді?

  5. Тәуекел хан қайтыс болған жер?

  6. Тәуке ханның тұсындағы астана?

  7. Тәуке хан үш жүздің басын қосып құрылтай өткізген жер?

  8. Орта ғасырларда Қазақ хандығының солтүстіктегі көршілес ел қандай хандық?


ІV. Сабақты қорытындылау:

Қазақ дәстүрінде ірі ұлыстарға билік жүргізген сұлтандарды да хан деп дәріптеді. Дегенмен алтын тақта отырған ұлы хандардың орны жоғары болған. Қазақ халқы хандарын сыйлап ақ киізге кетеріп отырғызған, сонымен бірге Қазақтың хандары караша елін, туған жерін құрметтеген, игі жақсыларын сыйлаған, елге жау келгенде алдымен қарсы тұрған. Хандардың ішінде жауымен жағаласып соғыста қайтыс болғандары да аз емес. 
Бекіту үшін   мына сұрақтарды қоямын:
1.
ХҮІ – ХҮІІ ғ. қазақ хандары, олардың саяси бағыттары қандай?

2. Қазақ хандығын нығайту мақсатында Қасым хан қандай шаралар жүргізді??

3. ХYI ғ. 20 – 40 ж. неліктен аласапыран кезеңі деп аталды?

4. ХҮІІ ғ. бас кезіндегі Қазақ хандығ-ң көрші елдермен қатынасының өзгеруін қалай

түсіндірередіңдер?
5. Қазақтың қандай хандарымен, олардың ерлік істерімен таныстыңдар?

V. Бағалау:

Оқушылардың білімін, білім деңгейіне, сабаққа дайындығына сай бағалау.


VІ. Үйге тапсырма беру:

§26. Қазақ хандары. Қайталап келу.



Пән мұғалімі: Е.Н.Мұстафаев









Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
19 ақпан
1466
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі