400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ "Қазақ хандығы қалай құрылды?" 3 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Дүниетану пәнінен өткен ашық сабақ тақырыбы: Қазақ хандығы қалай құрылды?. Дайын қысқа мерзімді жоспар
Материалдың қысқаша нұсқасы

Оқу ісінің меңгерушісі: №23

Пән: дүниетану

Күні: 26.02.2020ж

Мұғалім: Калмуратова Перуза

Сынып: 3 «Ә»

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

VІ бөлім. Атақты тұлғалар

Сабақтың тақырыбы:

Қазақ хандығы қалай құрылды?

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

3.3.3.1 Қазақ хандығының құрылу себептерін түсіндіру

Сабақтың мақсаттары:

Барлық оқушылар: оқушылар көне түркілерінің өмір сүру салты туралы айта алады.

Көптеген оқушылар: қазақ хандығының құрылу себептерін түсіндіре алады

Кейбір оқушылар: Қазақстанның мемлекет болып құрылу жолындағы билер, батырлар, хандардың рөлі туралы айта алады.

Бағалау критерийлері

Оқушылар көне түркілерінің өмір сүру салты туралы айта алады.

Қазақ хандығының құрылу себептерін түсіндіре алады

Қазақстанның мемлекет болып құрылу жолындағы билер, батырлар, хандардың рөлі туралы айта алады.

Тілдік мақсаттар

Пәнге қатысты негізгі сөздер мен терминдер

• Көне түркі халқы; Бумын қағанаты

• Жәнібек пен Керей хандардың ескерткіштері

• Қазақ хандығы; Бөгенбай батыр; Әлия Молдағұлова

• Қайрат Рысқұлбеков

Құндылықтарды дарыту

«Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясының құндылықтарын қамтиды. Орта білім берудің құндылықтары: қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілік, құрмет, ынтымақтастық, еңбек пен шығармашылық, ашықтық, өмір бойы білім алу

Пәнаралық байланыс:

Жаратылыстану, әдебиеттік оқу

Бастапқы білім:

Менің бабаларым қыпшақтар

Сабақ барысы

жоспарлан

ған кезеңі

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

2 минут



Сабақтың ортасы

35 минут












Психологиялық ахуал қалыптастыру.

Оқушыларды түгендеу,оқу құралдарын алып шығу.

Алдыңғы білімді еске түсіру (ұжымда)

Өлеңді тыңдаңдар: Бәрі маған «Отан» деп сыбырлаған

Мен оның түнін сүйем, күнін сүйем, Бәрі маған «Отан» деп сыбырлаған.

Ағынды өзен, асқар тау, гүлін сүйем, Жаным менің, кеудемді жарып шық та

Мен оның қасиетті тілін сүйем, Бозторғайы бол оның шырылдаған

Мен оның құдіретті үнін сүйем Отан! Отан! Бәрінен биік екен

Мен оны мәңгілікке сүйіп өтем!

(Мұқағали Мақатаев)

– Балалар, «Отан» сөзін естігенде, ойларыңа не келеді?

Оқушылар: кең-байтақ дала, Қазақстан, отбасы, туған-туыстар, өзіңнің үйің.

Мұғалім: Біздің Отанымыз – Қазақстан. Қазақ халқының мемлекет болып құрылуының тамыры тереңде жатыр. Жақында еліміз Қазақ хандығының құрылғанына 550 жыл толғандығын атап өтті.

Бүгін біз Қазақ хандығының қандай оқиғалардың нәтижесінде және неліктен құрылғанын білетін боламыз.

(Ж, Ұ) Сабақтың соңында нені білуіміз, нені үйренуіміз керек?

– Қазақ хандығының құрылу себептерін білеміз; Мұғалім толықтырады:

Шарықтау шегінде Керей мен Жәнібек сұлтандардың Әбілқайыр ханнан іргесін аударып, бөлек Жетісу өңіріне қарай бет алуы баяндалады.

Оқушыларға тапсырма: Өзіңді Керей немесе Жәнібек сұлтанның рөлінде елестетіп көр және көшпенді халықты өзіңмен ілесуге шақыратын үндеуді құрастыр.

Оқушылар Керей немесе Жәнібек сұлтандардың атынан былай деп үндеу құрастыра алады:


Оқулық





айтылым





айтылым





тыңдалым





айтылым



айтылым
















Оқушылар Керей немесе Жәнібек сұлтандардың атынан былай деп үндеу құрастыра алады:

– Әбілқайыр ханнан кетейік! Ол – қатал, дүниеқор, сараң хан. Билеуші ретінде ол өз халқын жаудан қорғай алмады. Ойратпен болған шайқаста жеңіліс тауып, қалада бас көтермей

жасырынып қалды. Ал жау болса, біздің үйімізді тонады, бүкіл малымызды айдап кетті. Енді келіп хан бізге салық төле деп отыр. Біз қалай төлейміз? Немен төлейміз?

– Әбілқайыр – рақымсыз хан! Ешкім оның қол астында жайбарақат, тыныш өмір сүре алмайды. Ол барлығымызды жылатты. Халықтың ешқайсысы өзін қауіпсіз сезінбейді. Биліктің жолында қаншама адамды қырғынға ұшыратты. Бізге ондай ханның керегі қанша?

– Бізге басқа жерге қоныс аудару керек. Өз мемлекетімізді құрамыз, тату-тәтті, бақытты өмір сүреміз. Бізге жани ашитын, біздің жағдайымызды ойлайтын әділетті ханды таңдап аламыз. Көшпенділер Керей мен Жәнібектің шақыртуына үн қатып, Жетісу жаққа қарай бағыт алады. Бірақ алда не күтіп тұрғаны белгісіз еді.

Оқулықтағы иллюстрациямен жұмыс.

Мына суреттен жат жерге көшіп бара жатқан Керей мен Жәнібек сұлтандарды көріп отырсың.

Олар бір-бірімен не жайында әңгімелесіп бара жатыр, қалай ойлайсың? Екі-екіден жұмыс істей отырып, екеуінің арасында болған сұхбатты құрастырып көріңдерші.

Оқушылардың жауаптары.

Болашақты болжау. Жағдай ары қарай қалай дамиды, оларды жат жерде қандай кездесу күтіп тұр. Болжамдарыңды айтыңдар.

Оқушылардың жауаптары:

– жаңа жерде оларды дұшпандықпен қарсы алуы мүмкін;

– оларды достық кездесу күтіп тұруы мүмкін.

Мұғалім: Сендердің болжамдарыңды тексеру үшін оқулықтағы мәтінді оқимыз. Шешімі:

көшпелілердің Есенбұға ханмен болған достық кездесуі, ханның оларға Жетісудың батысынан

жер бөліп беруі, Қазақ хандығының құрылуы.

Мұғалім: Осылайша Қазақ хандығы құрылды. Бұл оқиғаның халық үшін қандай маңызы

болды?

Оқушылар:

– бұрын қазақтар басқа мемлекеттердің құрамында өмір сүрді, ал енді олар өз алдына бір

мемлекеттің астына бірікті.

– халық өз билеушісін өзі таңдады. Хандар елдің шегарасын жаудың шабуылынан қорғады.

– Қазақ хандығы басқа елдермен байланыс орнатты.

– Қазақ хандығы құрылған соң, халықтың мәдениеті, дәстүрі мен салты гүлдене түсті.




айтылым



тыңдалым





айтылым



айтылым





тыңдалым

1 минут

Сергіту сәті

Айтылым


(ҚБ) «Шағын тест» стратегиясы. Оқушылардың Қазақ хандығының құрылғандығы жайлы білімдерін тексермек үшін мұғалім бір бет парақта шағын тестті орындауды ұсынады (орындалу уақыты – 5 минут):

1. Қазақ хандығы қашан құрылды?

А) 1435 жылы; В) 1455 жылы; С) 1465 жылы.

2. Қазақ хандығы қай жерде құрылды?

А) Шу мен Талас өзендерінің арасында; В) Еділ мен Жайықтың арасында; С) Сырдария өзенінің алқабында.

3. Қазақ хандығын қандай сұлтандар құрды:

А) Қасым мен Бұрындық; В) Керей мен Жәнібек; С) Тәуекел мен Есім.

4. Жәнібек пен Керей қай ханнан бөлек шығып, ірге аударды:

А) Жәңгір; В) Тақыр; С) Әбілқайыр.

5. Қазақ хандығы Қазақстанның қай бөлігінде құрылды: А) Батыс; В) Солтүстік; С) Оңтүстік шығыс (Жетісу).

Тапсырманы орындау (таңдау бойынша):

А. Тарих жұлдызы. Сұрақтарға жауап бер.

Практикум – оқулықтағы, электронды қосымшадағы датамен және картамен (В) жұмыс.

Дескриптор:

қазақ хандығының құрылу себептерін түсіндіре алады

жазылым


Сабақтың соңы

1 минутРефлексия


Рефлексия

1 минут

Үйге тапсырма: 58-59 бет оқу

Күнделік

Дифференциация – топпен жұмыс жүргізу, жұптық жұмыста өз ойларын жеткізу дағдыларын жетілдіру


Бағалау:

Оқушылар:

- оқушылар көне түркілерінің өмір сүру салты туралы айта алады.

-қазақ хандығының құрылу себептерін түсіндіре алады

- Қазақстанның мемлекет болып құрылу жолындағы билер, батырлар, хандардың рөлі туралы айта алады.

. «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясының құндылықтарын қамтиды. Орта білім берудің құндылықтары: қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілік, құрмет, ынтымақтастық, еңбек пен шығармашылық, ашықтық, өмір бойы білім алу



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
10 ұстаз жүктеп алған
27 ақпан
2826
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі