400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ: "Қазақ хандығының құрылуы"

Материал туралы қысқаша түсінік
Ашық сабақ Қазақ хандығы 6 сынып кез келген мұғалім алып көріп қолдануына болады
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қысқа мерзімді жоспар

Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: 6.3 Бір тұтас қазақ мемлекетінің құрылуы. (2 сағат)

Мектеп: №42

Мұғалімнің аты-жөні: Какенова Нұргул Мұхаметжанқызы

Пән: Қазақстан тарихы

Күні:

Сынып: 6 Қатысқандар: Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы:


Қазақ хандығының құрылыуы (2 сағат)


Зертеу сұрағы:

Неліктен Қазақ хандығы Орталық Азияда алғашқы ұлттық мемлекет деп саналды?


Осы сабақта қолжеткізілетін

оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сәйкес)

6.3.1.9. Қазақ хандығы құрылуының тарихын маңызын анықтау

6.2.3.4. М.Х.Дулатидің «Тарихи Рашиди» маңыздылығын түсіндіру

(1 сағат)

Сабақ мақсаттары:

Қазақ хандығы құрылуының тарихын маңызын анықтайды

М.Х.Дулатидің «Тарихи Рашиди» маңыздылығын түсіндіреді

Бағалау критерийі:

Қазақ хандығының құрылуының алғышарттарын біледі

М.Х.Дулатидің «Тарихи Рашиди» еңбегінің тарихи құндылығын түсінеді

Тілдік мақсат:



Тілдік мақсат:Мәтінді оқып, Қазақ хандығының құрылу тарихының маңызын анықтап, өз пікірлерін кестеге жазып ауызша түрде ұсынады. (жазылым, айтылым, дағды)

Пәнге қатысты лексика және теринология: қазақ, ішкі саясат, сырқы саясат, экономикалық, әлеуметтік, ұлыстық жүйе, әскер

Диалогқа /жазылымға қатысты тіркестер:-Қазақ халқының мемлекетінің дамуында.....

-1457 жылы Сығанақ маңында Әбілхайыр.....


Құндылықтарға баулу:

ТАРИХТЫҢ, МӘДЕНИЕТ ПЕН ТІЛДІҢ БІРТҰТАТЫҒЫ

Құрмет, ынтымақтастық, ашықтық, Қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілік.

Пәнаралық байланыс:

Дүниетану

Алдыңғы білім:

Қазақ хандығы, М.Х.Дулати туралы біледі.

Сабақтың барысы:

Сабақтың жоспарланған

кезеңі


Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері.


Ресурстар

Сабақтың басы:

(7 мин)

Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу.

Назарды шоғырландыру:

Миға шабуыл «Қазақ хандығының құрылуы» жайлы бейнематериал көрсету. Білім алушылардың назарын шоғырландыру үшін жетекші сұрақтар қою арқылы бүгінгі сабақтың тақырыбын ашу.

  • Бейне роликтен не байқадыңыздар? (Болжамдау)

Сабақтың оқу мақсатымен таныстыру (тақтаға жазып қоямын).

Оқу мақсаттары:

6.3.1.9. Қазақ хандығының құрылуының тарихын маңызын анықтау

6.2.3.4. М.Х.Дулати «Тарихи Рашиди» маңыздылығын түсіндіру

Сабақтың мақсаттары: Қазақ хандығының құрылуының тарихын маңызын анықтайды

М.Х.Дулати «Тарихи Рашиди» маңыздылығын түсіндіреді

Топқа бөлу:

Түстеріне байланысты асық ұсыну. Оқушыларды таңдаған асықтардың түстеріне сай топтарға бөлемін.

1-топ:

Жасыл

2-топ:

Сары

3-топ

Қызыл


үлестірме материалдар, карта, тарихи сурет






Сабақтың ортасы:

(25 мин)




«Сәйкестендіру» әдісі (7мин)

Тапсырма:

Төмендегі ақпаратқа сүйене отырып, қазақ хандығының құрылуының тарихи маңызын салалар бойынша кестеге салып жіктеңіз.


Саяси

Экономикалық

Әлеуметтік









Қазақ хандығы құрылуының тарихи маңызы

А

Сасы-Бұқа мен Орыс хан басқарған Ақ Орда мемлекетті қайта жаңғырды

В

Дешті – Қыпшақ даласындағы қандас ру-тайпалардың арасындағы соғысты тоқтады

С

Дешті-Қыпшақтан ығысытырылып, Шайбан әулиетінің хандары Мәуерренаһрға барып қоныстанды. Атадан мирас болып келе жатқан жер қайтарылды.

D

Дешті – Қыпшақта бейбітшілік орнады. Қарапайым халық шаруашылықпен айналысты. Малшылар малдарын өсірді. Егіншілер егіс алқаптарын ұлғайтты. Өз өнімдерін Сыр бойы қалаларына әкеліп өткізді. Бұл халықтың тұрмысын жақсартты

Е

Халық саны тез өсе бастады. Халық саны өсуіне екі жағдай ықпал етті: біріншіден, басқа ағайынды жұрттардың келіп қоныстануынан болса, екіншіден,

халықтың тұрмысы жақсарып, адамдардың әл-ауқаты арттуына байланысты болды. Мысалы, ХV ғасырдың аяғына қарай Қазақ хандығының халық саны -

200 мың адамды құрады. Ал ХVІ ғасырдың басында Қазақ хандығының халық саны – 1 миллион адамға жетті.

F

Қазақ хандығы бірорталықтанған мемлекет болғандықтан, сыртқы саясаты күшейді.

G

Қазақ хандығы құрылып, көшпелі және отырықшы шаруашылықтар арасында байланыс орнады. Шаруашылық өркендеді, сауда қатынастары дамыды.


Н

Қазақ хандығы құрылып, ішкі алауыздық тоқтатылды.



Дескриптор Білім алушы

− Қазақ хандығы құрылуының алғышарттарын атайды;

− Қазақ хандығы құрылуының экономикалық маңызын

анықтайды;

− Қазақ хандығы құрылуының әлеуметтік маңызын анықтайды

Кері байланыс:

«Бес саусақ» әдісі

5 саусақ көтергендер – түсіндім

3 саусақ көтергендер – толық түсінбедім

Жұдырық көтергендер – түсініксіз


«Ойлан, жұптас, бөліс» әдісі. (18 мин)

Ойлан- оқушылар ойланып әр қайссы жеке жауап жазады.

Жұптарға бөлініп өздерінің ең үздік деген сұрақтарын біріктіреді.

Өздерінің жаңа жақсартылған жауаптарымен сыныппен бөліседі.

Тапсырма: «Маңыздылық» тарихи концепті " бойынша білім алушылар: қоғамның дамуы үшін тарихи оқиғаның, құбылыстың, процестің маңыздылығын анықтайды;

Оқулықтағы М.Х.Дулатидің «Тарихи Рашиди» еңбегінің тарихи маңыздылығын оқып төмендегі сұрақтарға жауап беріп 3 топ постер қорғайды.

«Картамен жұмыс» зерттейді, қорытынды шығарды кескін картаға қазақ хандығының шекарасын, ордасын белгілейді.

Рашидтың тарихы

39 – тарау

Әбілқайыр хан қайтыс болған соң, өзбек ұлысы бір-бірімен шайқасты. Жұрттың көпшілігі Керей мен Жәнібек ханның маңына топтасты. Олардың саны 200 мың адамға жетті. Олар «өзбек-қазақ» атала бастады. Қазақ сұлтандарының алғаш билік жүргізуінің басы 870 жылдан (1465-1466 жж) басталады. <Алла жақсы біледі>. 940 жылға дейін (1534 ж.) қазақтар Өзбекстанның көп бөлігіне биліктерін орнатты.

Деректің авторы – Мұхаммед Хайдар Дулат. Ол Моғолстан хандарында қызмет етіп, өмірінің соңғы күндерін Үндістанда өткізді. Рашидтың тарихы кітабының бірінші

дәптерін 1544-1546 жылдары толықтырып аяқтады


1. Бұл құжаттың маңызы?

2. Деректе қандай тарихи фактілер келтірілуде?

3. Деректің тарихи маңыздылығы неде?


Дескриптор Білім алушы

- М.Дулатидің «Тарихи-Рашиди» маңыздылығын атайды;

- М.Дулатидің «Тарихи-Рашиди» еңбегінің мазмұнын

атайды;

- М.Дулатидің «Тарихи-Рашиди» еңбегіндегі Қазақ

хандығының құрылуының алғышарттарын атайды.

Өзара бағалау: Топтық

Кері байланыс:

«Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі



Сурет, слайд



















слайд


Үйге тапсырма: ( 1мин) Эссе «Егер де, қазақ хандығы құрылмығанда не болар еді?»

.

Сабақтың соңы

( 7 мин)










Кері байланыс:


«Плюс, минус, қызықты» әдісі арқылы сабақты қорытындылаймын.


Плюс

Минус

Қызықты

Сабақта барлығы ұнады: сабақ мазмұны, жұмыс түрлері



Ұнамады, түсініксіз болып қалды

Барлық деректер мен әдістер қызықты

















Қосымша ақпарат



Саралау – Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз?

Бағалау – Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау:




Барлығы: «Миға шабуыл» кезінде бейнематериал көру арқылы Керей мен Жәнібек хандар туралы Қазақ хандығының құрылуына себепкер екенін білді, түсінді және тақырыпты ашады. Қазақ хандығының құрылуының алғышарттарын кестеге жіктеп «Сәйкестендіру» әдісі арқылы Қазақ хандығы құрылуының экономикалық әлеуметтік, саяси маңызын анықтайды.

«Тарихи –Рашиди» еңбегін тану кезінде «Ойлан. Жұптас. Бөліс» әдісі арқылы Оқулықтағы М.Х.Дулатидің «Тарихи Рашиди» еңбегінің тарихи маңыздылығын оқып 3 топ постер қорғайды

Басым көпшілігі: Қазақ мемлекетінің құрылу үрдісін кесте толтыру, барасында Қазақ хандығы құрылуының алғышарттарын атады;

Қазақ хандығы құрылуының экономикалық маңызын анықтады;

Картамен жұмыс жасап зерттеді, қорытынды шығарды.

Кейбірі: Қазақ хандығын құруда Керей мен Жәнібектің рөлін Қазақ хандығының құрылу алғышартын жазды.

Қазақ хандығын құрған сұлтандардың ролін анықтады, сіңірген еңбектерін жазды. Сөйлемдер арасында байланыс жасалды. Кескін картада қазақ хандығының шекарасын, ордасын белгіледі.



Нәтижеінде: постер, слайд, мәтін, кесте















«Сәйкестендіру» әдісі

«Бес саусақ» әдісі

«Ойлан, жұптас, бөліс» әдісі

«Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі

«Плюс, минус, қызықты» әдісі




Интербелсенді тақтада отыру уақыты шектеулі. Кабинет қауіпсіздігінің барлық қағидасына сай жабдықталған, оқушылардың партада дұрыс отыруын қадағалау.

«Қара жорға» биі



Сабақ бойынша рефлексия


Сабақ мақсаттары немесе оқу мақсаттары шынайы, қолжетімді болдыма?

Барлық оқушылар оқумақсатына қол жеткіздіме?Егер оқушылар оқу мақсатына жетпеген болса, неліктен деп ойлайсыз?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақ кезеңдерінде уақытты тиімді пайдаландыңыз ба? Сабақ жоспарынан ауытқулар болды ма және неліктен?


Бұл тарауды сабақ туралы рефлексия жасау үшін пайдаланыңыз. Сол бағандағы өзіңіз маңызды деп санайтын сұрақтарға жауап беріңіз.















Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
23 ұстаз жүктеп алған
15 қаңтар
6506
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі