400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 13 материал табылды

Ашық сабақ Қазақ оркестрін тұңғыш ұйымдастырушы – Ахмет Жұбанов. 3 класс

Материал туралы қысқаша түсінік
Мектептегі музыка пәні мұғалімдеріне қажет болады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 6-бөлім: Атақты тұлғалар

Сабақ: 4

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Г.М.Баймуханова

Сыныбы: 3 «А»

Қатысқандар

саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы:

Қазақ оркестрін тұңғыш ұйымдастырушы – Ахмет Жұбанов

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

3.1.3.5 - ұлттық, үрмелі, симфониялық оркестр аспаптарын ажырату

3.1.3.6 - нотамен қарапайым әуендер орындау

3.1.2.2. – әнді негізгі дирижерлық

қимылдар көмегімен орындау

Сабақ мақсаттары

Оқушылар

композитор, дирижер және музыкатанушы Ахмет Жұбановпен танысады;

қазақ халық аспаптар оркестрінің шығуы туралы біледі;

А.Жұбановтың «Қарлығаш» әнін нотамен орындайды.

Бағалау критерийлері

Білім алушылар:

Қазақ ұлттық оркестр аспаптарын ажыратады;

Ахмет Жұбановтың «Қарлығаш» әнін нотамен орындайды;әнді негізгі дирижерлық қимылдар көмегімен орындайды.

Тілдік мақсаттар:


Оқушылар:

атақты тұлғалардың өмірі мен шығармашылығы жөнінде шығармашылық жұмысқа идеялар ұсынады;

өз шығармашылық жұмыстарын көрсетеді, өзінің және өзгелердің жұмыстарын бағалай біледі.

Пәнге тән лексика мен терминология:

партитура, дирижер пульті.

Прима қобыз

Музыкатанушы

Репертуар

Талқылауға арналған сұрақтар:

Шығарманың орындаушысы кім?

Бұл қандай оркестр?

Оркестр аспаптарын қандай топтарға бөлуге болады? Неге?

Бұл шығарма қалай аталады?

А.Жұбанов туралы не білеміз?


Құндылықтарды дарыту

Ұлттық ән өнерімізге деген құрмет, патриоттық сезімге музыка ақылы тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыстар

Қазақстан тарихы

АКТ дағдылары

Презентация Power Point


Бастапқы білім


Оқушылар Құрманғазының шығармашылығымен танысты, батырлық музыкаы жайлы және «Адай» күйі туралы білді. Құрманғазының бірнеше күйлеріне импровизация жасады.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет


Ресурстар

Сабақтың басы


5минут


Ұйымдастыру кезеңі

Үш тілде амандасу.

Топқа бөліну (асаптар суреті арқылы).

Треннинг

М: Айтарым бар сіздерге,

Тез тұрыңдар шеңберге.

Қандай жақсы бір тұру,

Достарменен бір жүру.

О: Қол ұстасып қазір біз,

Достасамыз бәріміз!

М: Өнерменен ән-күйді

Үйренеміз қазір біз!

(алақан арқылы жүректің жылуын сезініп)

О:Үйренген қандай тамаша,қандай қуаныш!

«Адасқан ноталар»

Сұраққа жауап арқылы орналастыру.

1.Сал дегеніміз кім?

2. «Он саусақ» кімнің әні?

3. Сері дегеніміз кімдер?

4. «Маңмаңгер» кімнің әні.

5.Махамбет кім болған?

6. «Балбырауын» күйі

7. Та,та,та,та.Бум-бум. Қандай әннің жалғасы?

Дауыс жаттығуы.

Ән «Біздің оркестр»-орындау.










Нота сызығы

А3 форматта
















Саб-ң ортасы


30 минут

1. Презентация бойынша әңгімелеу.

А.Жұбановтың өмірі және шығармашылығы.

Бүгінгі сабақта біз

композитор, дирижер және музыкатанушы Ахметом Жұбановпен танысамыз;

қазақ халық аспаптар оркестрінің шығуы туралы білеміз;

А.Жұбановтың «Қарлығаш» әнін нотамен орындаймыз.

А.Жұбановтың өзі ойлап тапқан қазақ аспабымен танысамыз.

2. Музыка тыңдау және талдау

А.Жұбановтың «Би» күйін оркестрдің орындауында тыңдаңыз.

Тыңдау кезінде оркестрде қандай аспаптар қолданылған және дирижердің қимылы мен тұрған жеріне назар аударыңыз.

Талдау үшін сұрақтар:

оркестрде қандай аспаптар қолданылған?

дирижер қандай қызмет атқарады?

аспаптарды қалай топтастырар едіңіздер?

Қазақ халық аспаптар оркестрі

1933 жылы Ахмет Жұбановтың ұйымдастыруы мен жетекішілімен құрылды. Оркестрдің дирижері мен жетекшісі Ахмет Жұбанов болды. 1944 жылы оркестрге ұлы күйші Құрмангазының аты берілді. Оркестр дирижерлерінің қатарындаЛатиф Хамиди, Шамғон Кажыгалиев, Нурғиса Тілендиев. Қазіргі таңда оркестрге Арман Жудебаев жетекшілік етеді. Оркестр репертуарында 4000ға жуық шығармалар бар.

3. Зерттеу және орындау

Нота сауаттылығы

Зерттеу тапсырмасын орындау жалғастырады. Балалар «Би күйінен» қысқа үзінді орындайды.

«Би» күйінің əуенін нотаға қарап орында.«Би» күйінен үзіңді:


Берілген əуенді ырғақтық партитураға лайықта.

Əуенді бір топ орындайды, екінші топ ұрмалы музыкалық аспаптарды қолданып, ырғақтық сүйемел жасайды.

Оқушылар өздерінің ырғақтық сүйемелін өз партитурасын орындағандай сезінуі тиіс.

Дирижер – барлық музыканттардың орындауын басқаратын адам

Партитура – әрбір аспапқа арналған ноталық жазба. Партитурада бір музыкалық шығарманың барлық аспаптарға арналған жеке орындау партиялары жазылады. Партитура оркестрдегі әр музыкантытң алдында пюпитрде орналасады, дирижерлық пультте дирижердың алдында орналасады.

4. Ақпарат іздеу.

Берілген энциклопедиялар мен оқулықтардан Ахмет Жұбанов туралы ақпаратты тауып зерттеңіздер.

5. Әнді үйрену.

А. Жұбановтың «Ақ көгершін» əнін үйренеді. Əннің сөздерінің мағыналық жағын мұғалім оқушылармен бірге талдап өтеді. Əнді жай, баяу темпте үйрену қажет. Əннің диапазондық жағымен көп жұмыс жүргізу керек.

Әнді партия бойынша бөліп орындау.

Әнді өзі сүйемелдеп немесе минусовкасы арқылы орындау.

Оқушыларға әнді партия бойынша орындауды ұсыну

1 қатар 1-шумағын

2 қатар 2-шумағын

3 қатар әннің қайырмасын орынайды.,

Қалыптастырушы бағалау өзара бағалау және мұғалімнің оқушыларды орындау барысында бақылауы арқылы жүзеге асады.

- Әнді орындау барысында өз партияларыңызды сақтай алдыңыздар ма?

- Неліктен партияға бөліп орындайды деп ойлайсыздар?

- Сіздерге қай әрекет жеңіл болды сыныппен бірге барлық әнді орындау ма, әлде өз партияларыңды орындау ма?


https://www.youtube.com/watch?v=EsX_W2BbokQ «Би» күй Ахмет Жұбанов

https://www.youtube.com/watch?v=zZ_J1s_JtBc


Оркестрдің тарихы-

http://kurmangazy.com/оркестр-тарихы











Қазақстан энциклопедиялары.

Музыка пәнінен оқулықтар







А.Жұбановтың «Би күйінің» бейнежасбасы https://www.youtube.com/watch?v=EsX_W2BbokQ








А.Жұбановтың «Ақ көгершін» әнінің минусовкасы

Саб-ң соңы


5мин

Рефлексия

«Музыка ағашы»

Оқушыларға екі түсті ноталар таратылады

Жасыл - мен сабақты жақсы түсіндім, тапсырмаларды орандадым

Қызыл – тапсырмаларды орындауда маған қиын болды, көңіл күйім нашар.

Музыка ағашы

Әр оқушыға арналған жасыл және қызыл түсті ноталар.

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?


Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Қабілеттері жоғары аспапты меңгерген оқушыларға әнді аспаппен сүйемелдеу тапсырылады.

Кесте толтыру кезінде формативті бағалау жүргізу.


Әнді орындау барысында критерий бойынша бағалау.

Техникалық қауіпсіздікті сабақта қадағалау.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары /оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақытты кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы солжақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.


Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:


2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?
































Табу керек:

- СЛАЙД

-скачать «БИ күйі»

-минусовка Ақ көгершін

-Музыка ағашы

Топқа бөлу суреттер керек


ЕСКЕРУ КЕРЕК:

- НОТАНЫ еске түсіру

- Ән Біздің оркестр

-аспаптар қажет

-Жаттау тренинг

- кітапхана кітап

- Нота сызбасын дайындау, магнит керек 7 штук.

-Оқулықтың 51-53б, 103б ,104б, 106 б, 108 бетті оқып еске сақтау.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
8 ұстаз жүктеп алған
4 қаңтар
3310
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі