400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ Қазақ тілі 2 сынып Дара және күрделі етістіктер

Материал туралы қысқаша түсінік
Бастауыш сынып мұғалімдеріне әдістемелік көмек
Материалдың қысқаша нұсқасы


Изображение 1










Ақмола облысы

Көкшетау қаласы КММ №19 орта мектебі

Бастауыш сынып мұғалімі,

мұғалім-зерттеуші

Шамиганова Райхан Манапқызы


Күні:

Пән: қазақ тілі

Сынып: 2А

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:


Ізденуді үйренемін.

Дара және күрделі етістік.

Оқыту

мақсаттары

2.4.2.5. Дара және күрделі етістіктерді ажырату

Сабақтың

мақсаттары


Оқушылардың барлығы: дара етістіктерді қатыстырып сөз, сөйлем құрастырады

Оқушылардың көпшілігі: күрделі етістіктерді қатыстырып сөз, сөйлем құрастыра алады.

Оқушылардың кейбіреуі: өз бетімен дара және күрделі етістіктерді ажырата алады.



Бағалау критерийлері



  • Дара етістіктерге сөз, сөйлемдер құрастырады;

  • Күрделі етістіктерге сөз, сөйлемдер құрастырады;

  • Дара және күрделі етістіктерді ажыратады;

Тілдік мақсаттар

Терминология: Дара және күрделі етістіктер

Диалог/жазбаша жұмысқа қажетті пайдалы фразалар

топтамасы

Талқылау:

  • Табиғатқа қандай көмек көрсетіп жүрсің?

  • Қошаған ортаны сақтау үшін не істейміз?

  • Табиғаттың адам өміріндегі маңызы не?

Құндылықтарды дарыту

Ынтымақтастық, азаматтық жауапкершілік

Пәнаралық байланыс

Әдебиеттік оқу (ойлан-бөліс)

Жаратылыстану (сергіту сәті)

Тірек білім, білік,

дағдылар

Етістік, дара және күрделі етістіктер.

Жоспар

Жоспарланған

уақыт (минут)

Жоспарланған іс-əрекет


Ресурс

тар

Сабақтың басы
















  1. Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық ахуал орнату.

Дөңгеленіп тұрайық,

Шеңберді біз құрайық.

Қол ұстасып бәріміз,

Ақ тілекті жолдайық.

Әлемде нұр тыныштық

Әрбір бейбіт күн ыстық.

Қайырлы күн, мектебім!

Қайырлы күн, достарым!

Достарымды көргенде,

Қуана қарсы аламын!

Сәлем! Привет! Hello!

  1. Өткенді қайталау. Етістік сөздерді табуға арналған тапсырмалар орындау.

  2. «Бұрыштар » әдісі. Ұжымдық жұмыс айтылым, тыңдалым дағдылары қалыптастыру. Оқушыларға сөздер ұсынылады , сөздерді сыныптың төрт бұрышына орналастырады.

Кім? не? Ауа, аспан, табиғат, торғай,жер,күн

Не істеді? неғылды? қайтті? жылынды, ашылды, құлпырды, шырылдады, көгерді, шықты

Қандай? қай? әдемі, жылы, таза, ашық, кішкентай, жасыл.

Қанша? неше? нешінші? он, он төрт, екінші, он тоғыз, жеті, жиырма төрт, он бесінші

Оқушылар өзіне дұрыс деген сұрақтың қасына барып тұрады, таңдаған сұрақтарын өздерінің көзқарастарымен дәлелдейді.

  1. «Bilimlаnd» сайтынан бейнежазба көрсету арқылы жаңа сабақтың тақырыбы мен мақсатын ашу.

Жаңа сабақтың тақырыбы:

Ізденуді үйренемін. «Дара және күрделі етістіктер»

Мақсаты: Дара және күрделі етістіктерді ажырату




Сабақтың ортасы





































  1. Жеке жұмыс. «Жалғасын тап» ойыны

Айтылым мен тыңдалым дағдыларын қалыптастыру.

Қобдишаға әріптер жазылған қағаз қиындылары салынады. Әр оқушы әріпті таңдап алып, сол әріптен 1минутта бірнеше етістік сөздер құрап жазулары керек.


ҚБ. «Бармақ» әдісі арқылы өзін-өзі бағалау.



  1. Жұппен жұмыс

-Табиғатқа қандай көмек көрсетіп жүрсіңдер?

- Қоршаған ортаны сақтау үшін не істейсіңдер?

-Табиғаттың адам өміріндегі маңызы неде деп ойлайсыңдар?

Рисунок 16 Рисунок 1


ҚБ. Өара бағалау «Бас бармақ» әдісі арқылы бағалау



Мұғалімнің бақылау парағы арқылы жүргізген бағалауы.

Оқушылар жаңа тақырыпқа байланысты ережені өздері құрастырады, мысалдар келтіреді.

Етістік-заттың қимылын, іс-әрекетін білдіреді. Етістік дара және күрделі болады.Дара-бір сөзден, күрделі екі-үш сөзден тұрады.

дара (бір сөзден) күрделі (екі-үш сөзден)

Келді келе жатыр

Жазды жазып отыр

Биледі билеп болды


  1. Кестемен жұмыс (тақтада орындату)

Дара етістік

Күрделі етістік

Жазды

Жазып отыр, жазып болды

ұшты

Ұшып кетті, ұшып бара жатыр

ҚБ. «Бағдаршам» әдісі арқылы бағалау



Сергіту сәті: «Көзге арналған жатығулар»


7) Топпен жұмыс («Кофе таяқшалары» әдісі бойынша)

«Ойлан-топтас- бөліс» әдісі. (деңгейлік тапсырмалар)

1-топ Дара және күрделі етістіктерді екі бағанға бөліп жазыңдар:
Барды, алды, ойнап жүр, кірді, ойлап отыр, келіп тұрады, көрді, ұйықтап жатыр, салып отыр, биледі, күлді.

Дара етістіктер

Күрделі етістіктер







2-топ

Дара етістіктерді күрделі етістіктерге айналдырып

жазыңдар: өсті, жуды, сүзді, озды, тоқыды, ойнады


Дара етістіктер

Күрделі етістіктер








3-топ Мәтінді оқып, дара және күрделі етістік сөздерді тауып жазыңдар:

«Жаралы көгершін»

Ахмет бірде жаралы көгершінді тауып алды.Оны аяп, үйіне алып келді. Денесін суық сорған құс дірілдей берді.

Кім сені таспен атқан, а? Ондай бұзық баладан қандай адам шығар дейсің?-деп ,анасы құстың жарақатына дәрі-дәрмек жақты. Құстың қанатының астында тілік бар екен. Қан ұйып қалыпты.Дәкемен денесін орап тастады. Бір аптадан кейін жарасы жеңілдеді. Көгершін қанатын қомдайтын болды.

Бағалау критерийлері:

- Дара етістіктерді бірінші бағанға толтырады.

-Күрделі етістіктерді екінші бағанға орналастырады

ҚБ. Өзін-өзі бағалау (+,-) қою арқылы.

«Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі арқылы бағалау.





























Сабақтың соңы

Қорытынды. «ПОЛЮС» әдісі арқылы сабаққа қорытынды жасау

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
23 желтоқсан
525
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі