400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ Қазақ тілі 2-сынып Тақырыбы: Сын есім

Материал туралы қысқаша түсінік
Бастауыш сынып мұғалімдеріне әдістемелік көмек ретінде ұсынылады
Материалдың қысқаша нұсқасы

Picture 1















Тексерілді:

Оқу ісінің меңгерушісі: С.Сайлауов


Пән: Қазақ тілі

Мектеп: «Қосағаш » жалпы орта мектебі

Күні:20.04.2018ж

Мұғалімнің аты-жөні:Берданова Б

Сынып: 2

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Бөлім

Оқиға құрастыра аламын.

Сабақтың тақырыбы

Сын есім

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

(Т.н.қ) 2.4.2.3 - сөз таптарын (зат есім, сын есім, сан есім, етістік) ажырату

(Ж)2.3.1.1 – мұғалім көмегімен жеке сурет/сюжетті суреттер арқылы шағын сипаттау/әңгімелеу мәтіндерін құрап жазу

Сабақтың мақсаттары

Оқушылардың барлығы: сөз таптарын (зат есім, сын есім, сан есім, етістік) ажыратады. Мәтін туралы біледі.

Оқушылардың көбісі: сөз таптарын (зат есім, сын есім, сан есім, етістік) ажыратады. Мұғалім көмегімен жеке сурет/сюжетті суреттер арқылы шағын сипаттау/әңгімелеу мәтіндерін құрап жазуды түсінеді.

Оқушылардың кейбіреуі:

- сөз таптарын (зат есім, сын есім, сан есім, етістік) ажыратады. Мұғалім көмегімен жеке сурет/сюжетті суреттер арқылы шағын сипаттау/ әңгімелеу мәтіндерін құрап жазуды меңгереді, өз бетінше жұмысты орындай алады.

Жетістік критерийлері

Білім алушылар:

- сөз таптарын (зат есім, сын есім, сан есім, етістік) ажыратады

-суреттер бойынша мәтін құрап жаза алады.

Құндылықтарды дарыту

Жұптасып, топтасып жұмыс жасай білуге, өзара көмек көрсете білуге тәрбиелеу.

Алдыңғы меңгерілген білім

Сын есім. Түс, пішін, көлем, дәм туралы көркем еңбек, математика , дүниетану, сауат ашу пәндерінен таныс.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет


Ресурстар

Сабақтың басы

5мин.

Қызығушылықты ояту. Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу.

Үй тапсырмасына шолу жасау. «Сұрақ -жауап» әдісі

Оқушылар бір-бірінің жақсы мінездерін айтады.




Сабақтың ортасы

30 мин

Мағынаны ажырату. «Миға шабуыл» әдісі

56-жаттығу (М.К, Ө,Ұ ,Қ) Оқылым, жазылым, тыңдалым дағдысы жүзеге асады.

Оқушылардың өлеңді көшіріп жазады. Сын есімдердің астын сызады. Оларға сұрақ қояды. Сын есімдердің қай сөз табымен байланысып тұрғанын анықтайды.

Дескриптор Білім алушы :

-сын есімдерді таба алады

-сын есімдерге сұрақ қоя алады

-сын есімнің қай сөз табымен байланысып тұрғанын анықтай алады.

Бағалау. «Бас бармақ» тәсілі арқылы бағалау


57-жаттығу(М.К, Т, Қ ) «Суретті сөйлет» әдісі

Айтылым , жазылым дағдысы жүзеге асады.

Оқушылар топқа бөлінеді. Жеміспен көкөністер суреттері әр топқа тартылады. Оқушылардың назары суретке аударылып, оларда не бейнеленгені айтқызылады. Суреттегі заттардың белгілерін (түсі, пішіні, көлемі, дәмі) атайды. Постерге түсіреді.

Дескриптор Білім алушы :

-суреттегі заттың белгілерін (түсі, пішіні, көлемі, дәмі) атай алады.

-сурет бойынша сөйлем құрастырып жаза алады.

Бағалау. Жұмыстарын топта жариялап бағдаршам түстері арқылы бағаланады.


58-жаттығу (Ж, Ұ,Қ; ) «Ойлан –жұптас-талқыла » әдісі

Оқылым ,тыңдалым, айтылым дағдысы жүзеге асады.

Әр қатарда берілген сөздерді оқып, сын есімдердің қатарын табады. Оларға сұрақ қояды.

Дескриптор Білім алушы :

-сын есімдер қатарын таба алады

-сын есімдерге сұрақ қоюды біледі.

Бағалау . «Қол шапалақтау» әдісі арқылы бағалау.


59-жаттығу( М.К, Т,Ө, Қ ) «Автор орындығы » әдісі

Тақтамен жұмыс . Оқылым ,жазылым дағдысы жүзеге асады.

Үлгіні басшылыққа алып , сын есімдерді мағынасына қарай топтап жазады.


Түс

Дәм

Көлем

Пішін

Сапа

Жасыл

Күлгін

Боз

Ащы

Қышқыл

Дәмді

Тәтті

Үлкен

Ірі

Ұсақ

Кіші

Домалақ

Сопақ

Сүйір

Жақсы

Құрғақ

Дескриптор Білім алушы :

-сын есімдерді мағынасына қарай топтастыра алады.

Түсті ажырата алады

Дәмді ажырата алады

Көлемді ажырата алады

Пішінді ажырата алады

Сапаны ажырата алады


Бағалау . «Бас бармақ » тәсілі арқылы өзін-өзі бағалау.


60-жаттығу( М.К, ОТ,Ө, Қ ) «Сұрақтар жаңбыры» әдісі

Оқушылардың өзіндік жұмысы ұйымдастырылады. Оқулықта берілгеи сұрақтар бойынша сипаттау мәтінін құрастырады.

Дескриптор Білім алушы :

-жетекші сұрақтар бойынша сипаттау мәтінін құрастыра алады.


(Ө, Қ)Шығармашылық тапсырма.

Дәптердегі шығармашылық тапсырма орындалады. Берілген пішіндердегі әріптерді тиісті торкөзге жазу арқылы жасырынған сөздерді тауып оқиды. Табиғатты аяла

«Табиғатты аяла» тақырыбы бойынша парталас жұбыңмен ой бөліс.


Оқулық


Жұмыс дәптері.









АКТ

Тақырыптық суреттер

Оқулық

Филипчарт , маркер




Жұмыс дәптері.






Оқулық










Оқулық

Тексеру парақшасы
















Түлкі суреті

Дескрипторлар

Білім алушы.

  1. Сауатты жазады

  2. Көркем жазады

  3. Шығармашылық жұмыстарды орындайды.


Сабақтың соңы

5 мин

Қалыптастырушы бағалау. (ҚБ)



Қалыптастырушы бағалау парақшасы

Кері байланыс.

Жұмыс дәптеріндегі «Өз жұмысыңды бағала » тапсырмасы орындалады.


ҮТ

Сын есім ержелерін қайталау.


Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Өзіндік жұмыс орындау барысында көмекті қажет ететін оқушыларға қолдау көрсетемін. Өзіндік тапсырманы шапшаң орындаған оқушыларға қосымша тапсырманы ұсынамын.

Сабақ барысында мадақтау сөздер айту арқылы бағалау. Оқушылардың жауаптарын, іс-әрекеттеріне бақылау жүргізіп, түртіп алу арқылы бағалау. Кері байланыс беру арқылы бағалау.

Партада отыру ережесін, сынып ішіндегі қауіпсіздік ережесін ескерту.

Сергіту сәтін өткізу

Рефлексия

Сабақ / оқу мақсаттарышынайы ма?

Бүгін оқушылар не білді?

Сыныптағы ахуал қандай болды?

Мен жоспарлаған саралау шаралары

тиімді болды ма?

Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе? Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім жəненеліктен?


Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:


Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
5 маусым
1241
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі