жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Ашық сабақ қазақ тілі 3 сынып
Ұзақ мерзімді жоспар Бөлімі: 6-бөлім. «Атақты тұлғалар» Күні: 3 тоқсан |
Мектеп:№142жалпы білім беретін мектеп Мұғалімнің аты-жөні:
|
|||||
Сынып: 3 |
Қатысқандар: Қатыспағандар саны: |
|||||
Сабақ тақырыбы |
Адам болам десеңіз...Болымды және болымсыз етістік. |
|||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) |
3.4.2.5 болымды және болымсыз етістіктердің айырмашылығын анықтау; 3.3.4.1 мұғалімнің қолдауымен сызба, график, кесте, фотосуреттер арқылы мәтін (хат, шақыру, нұсқаулық, презентация т.б.) құрау; 3.3.5.1 жіберілген пунктуациялық, орфографиялық, грамматикалық және стилистикалық қателерді мұғалімнің көмегімен тауып, түзету. |
|||||
Сабақ мақсаттары |
Барлық оқушылар: - болымды және болымсыз етістікті ажырата алады; -мұғалімнің қолдауымен жіберілген пунктуациялық, грамматикалық қателерді тауып, түзетеді. |
|||||
Оқушылардың көбі: -болымды және болымсыз етістікті ажырата алады; -жіберілген пунктуациялық, грамматикалық қателерді үлгі/талдау негізінде тауып, түзетеді. |
||||||
Оқушылардың кейбірі: -болымды және болымсыз етістікті ажырата алады; - мәтініндегі болымды,болымсыз етістіктерді ажырата алады |
||||||
Бағалау критерийлері |
-болымды және болымсыз етістіктерді ажыратады; -жіберілген пунктуациялық, грамматикалық қателерді тауып, түзетеді. |
|||||
Сөздік қор |
Пәндік терминология мен тірек сөздер: Етістік, етістіктің түрлері, болымды және болымсыз етістіктер т.б. Сабақта диалог /жазу үшін пайдаланылатын тіл: Талқылау үшін сұрақтар: Тыйым сөздерді өмірде қалай қолдануға болады? |
|||||
Құндылықтарды дарыту |
Адамгершілікке, жаман әдеттерден аулақ болуға тәрбиелеу |
|||||
Пәнаралық байланыстар |
Әдебиеттік оқу, өзін-өзі тану |
|||||
Алдыңғы меңгерілген білім |
Етістік тақырыбынан игерген білімдеріне негізделіп меңгертіледі. |
|||||
Сабақ барысы |
||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері |
Сабақта жоспарланған іс-әрекет
|
Ресурстар |
||||
Сабақтың басы 10 минут |
Психологиялық ахуал. Ашық аспан болсын! Әр күніміз біздің Сәттілікке толсын. Қазақ тілі пәнінен Білмегенді білейік Үйренейік,күлейік
2.Топқа бөлу:1-топ.Зат есім 2-топ.Етістік 3-топ.Сын есім Берілген сөздер арқылы топқа бөлінеді Зат есім:мұғалім,дәрігер,Алматы,Бөрібасар Етістік:секірді,жүгірді,биледі,оқыды Сын есім:тәтті,әдемі,қызыл,биік ІІ.Үй жұмысы 25-жаттығу.Өз отбасының бір мүшесінің өмірбаянын үлкендердің көмегімен жазады.Әр топтан бірнеше оқушыдан сұралады.
ІІІ.Өткен тақырыптарға шолу жасау 1-топ.Жұмбақтардың шешуін тауып,өлеңдегі етістіктерді тауып,сұрақтарға жауап береді Сұрақтар:Етістік дегеніміз қандай сөз табы?Қандай сұрақтарға жауап береді? 2-топ. Жұмбақтардың шешуін тауып,өлеңдегі негізгі және туынды етістіктерді тауып,сұрақтарға жауап береді Сұрақтар: Тұлғасына қарай етістіктің қандай түрлері бар? 3-топ.Жұмбақтардың шешуін тауып,өлеңдегі дара ,күрделі етістіктерді тауып,сұрақтарға жауап береді Сұрақтар:Құрамына қарай етістіктің қандай түрлері бар?
І. Ой қозғау. Слайдтағы дастарханның,оттың,төрт түліктің суретін іліп,тыйым сөздердің мағынасын түсіндіріп,
-Дастарханды баспа. /Дастархан ырыс, дәулет, берекенің белгісі, дастарханын таза ұстап, адал асқа ғана жаятын болса, күллі ырыс сол дастархан арқылы келеді/ -Отпен ойнама. /От өте қауіпті. Оны тоқтата алмасаң арты үлкен өртке айналуы мүмкін/ -Малды теппе.Ақты төкпе /Малдың киесі ұрады,ақты төгуге болмайды -Оларды жасауға болмайтындықтан, бұл сөздер қалай аталады? /Тыйым сөздер деп аталады/ -Осы сөздердегі етістіктерге назар аударайықшы -Баспа,теппе,төкпе,ойнама.Осы сөздер арқылы болымды, болымсыз етістіктерге түсініктеме беру.
ІІ. Сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтау. Сабақтың тақырыбы мен мақсатын оқып, бағалау критерийлерін құрастыру. |
Презентация
Жұмбақтар
дастарханның, оттың,төрт түліктің суреттері
|
||||
Сабақтың ортасы 25 минут |
ІІІ. Негізгі бөлім 3 топқа үш мәтін беріледі,сол мәтіннен болымсыз етістікті болымды етістікке айналдырады. Тәжірибелі бапкер Бекжанның әкесі өте шебер-бапкер.Бір күні жылқы шаруашылығына бардым.Ондағы мақсатым,атқа мініп үйрену еді.Атқа отырмас бұрын Бекжан аға бірнеше ережелерді есіме салды.Ат үстінде қозғалақтама,жан-жағыңа жалтақтама,қорқып сығалама,жатып қорқаныңды білдіріп сыбырлама,мазаланба,бөгде біреудің әдісін салып көшірме,алғашында жай жүр,жүгірме,-деді.Атпен шабуды,мен осылай үйренгем. Әженің ақылы Асқардың әжесі күнде мектепке шығарып салады.Әженің күнде Асқарға үйден шығар алдында айтатын ақылы:-Асқаржан ,партада отырғанда қозғалақтама,жан-жағына жалтақтама,дәлізде жүгірме,өз біліміңе сен,көршіңнен көшірме,мазалама,өзгенің дәптеріне үңіліп сығалама,сабақ үстінде тыныш отыр сыбырлама,-дейтін. Ұйымшыл сынып Біздің сынып өте ұйымшыл.Дөрекі қылықтарға еш әуестігіміз жоқ еді.2-ші сыныпта бізге жаңадан Еркін деген оқушы келді.Өзі осындай ұшқалақ,сабаққа нашар. Мұғалімнің күндегі айтатыны, қозғалақтама, жалтақтама, дәлізде жүгірме,көршіңнен көшірме, мазалама, өзгенің дәптеріне үніліп сығалама. Сергіту сәті! Ойлан,тап. 1.Ыбырай Алтынсариннің өмірбаяны туралы бейнебаян көрсетіледі. 2. «Жаман жолдас»әңгімесін аудио арқылы тыңдату.
Екi
дос кiсi жолдастасып келе жатып, бiр
аюға ұшырапты. Бұл екi кiсiнiң бiреуi
әлсiз, ауру екен, екiншiсi мықты, жас
жiгiт, аюды көрген соң бұл жiгiт ауру
жолдасын тастап, өзi бiр үлкен ағаштың
басына шығып кеттi дейдi. Ауру байғұс
ағашқа шығуға дәрменi жоқ, жерге құлады
да созылып, өлген кiсi болды да жатты:
есiтуi бар едi, аю өлген кiсiге тимейдi
деп. Аю бұл жатқан кiсiнiң қасына келiп
иiскелеп тұрды да, дыбысы бiлiнбеген
соң тастап жөнiне кеттi. Мұнан соң
манағы жолдасы ағаштан түсiп, аурудан
сұрапты: Топтық жұмыс. Сөздерді тақтаға жазады 1-топ.Зат есімдерден етістік тудыру(ойла,тұзда,істе,гүлде,емде) 2-топ.Сын есімдерден етістік тудыру(ақта,ұсақта,көркемде,жағала) 3-топ.Сан есімдерден етістік тудыру (қырықты,жүзді)
|
Мәтін түрлері
Бейнебаян,слайд |
||||
Сабақтың соңы 5 минут |
Рефлексия. Құмыралар арқылы «түсіндім,ізденуім керек,түсінбедім» сөздері арқылы кері байланыс жасайды. Оқушыларға сұрақтар қойылады: - Сабақ сендерге несімен ұнады? - Сабақтан не үйрендіңдер? - Сабақта ерекше қызықты болған нәрсе? Бағалау.Топ басшысы топ мүшелерін бағалайды. Үйге тапсырма: Шығармашылық жұмыс.
|
|
||||
Қосымша ақпарат |
||||||
Саралау – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз? |
Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз? |
Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы |
||||
Топтық тапсырмаларды саралау бойынша беру. Қабілеті жоғары оқушылардың өзге оқушыларға түсіндіруіне мүмкіндік жасалады. |
Орындалатын жұмыстар барысында оқушылардың етістіктің болымды және болымсыз түрлерін ажырата алуы бағаланады. |
Сергіту сәті, белсенді оқыту әдістері. |
||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылар оқу мақсаттарына қол жеткізді ме? Оқу мақсаттарына қол жеткізілмесе себебі неде? Ынтымақтастыққа қол жеткізілді ме? Саралау бойынша жұмыстар дұрыс жүргізілді ме? Уақыт кезеңдері дұрыс сақталды ма? Жоспардан ауытқулар орын алды ма? Неліктен? |
|
|||||
Қорытындылау Қандай екі нəрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)? 1: 2: Қандай екі нəрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып немесе жекелеген оқушылар туралы келесі сабағымды жетілдіруге не көмектесетін білдім? |
||||||

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген