400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ: қазақ тілі 3 сынып "Сөз таптары "

Материал туралы қысқаша түсінік
Жас мамандарға көмек болар
Материалдың қысқаша нұсқасы

Пән: Қазақ тілі

Бөлім/ Демалыс мәдениеті. Мерекелер

Мектеп: №65 «Достық» жалпы орта мектебі




Күні: 15.10.2019 ж

Мұғалімнің аты-жөні: Наурызбаева Бактыкул Куанышовна


Сынып: 3 «А»

Қатысқандар саны: 19


Қатыспағандар саны: 0

Сабақ тақырыбы

Сөз таптары

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

3.1.1.1 тыңдаған материал бойынша тірек сөздерді белгілеу, ашық және жабық сұрақтарға жауап беру;

3.4.2.3 сөйлемнен сөз таптарын (зат есім, сын есім, сан есім, етістік) табу;

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар жасай алады:

Негізгі және туынды сын есімді ажырата алады. Жаңа білімді меңгереді. Сауатты, көркем жазады.

Оқушылардың көбі жасай алады:

Диалогке қатысады; мұғалімнің көмегімен негізгі ойды анықтай алады.

Оқушылардың кейбірі жасай алады:

Берілген тапсырмалар бойынша ой қорыту жасай алады.

Бағалау критерийлері

Негізгі түбірге жұрнақтар жалғау арқылы туынды сөз жасау, түбірлес сөздердің мағынасын ажырату, негізгі, туынды зат есім/сын есім/етістікті анықтау дағдыларын қалыптастыру жаттығулары жүргізіледі.

Оқушылардың сауаттылығын арттыруға, көркем жазу, дұрыс оқу дағдыларын қалыптастыруға және сөйлеу мәдениетін дамытуға мән беріледі.

Құндылықтарды дарыту

Оқуға, білімге деген қызығушылығын арттырып, еңбекке баулу.

Жеке және топта жұмыс жасай алу, ынтымақтастық.

Пәнаралық байланыстар

Дүниетану, қазақ тілі.

АКТ қолдану дағдылары

Интернет-ресурстар, дерекқордан және интернеттен сабаққа қатысты ақпаратты іздеу;

Ресурстар

Топқа бөлуге арналған парақшалар, интерактивті тақта, жұмыс дәптері, қалам мен түрлі түсті қарындаш, стикер, видеоматериалдар., постер, кері байланыс парағы т.б

Бастапқы білім

8-бөлім оқушылардың 2-сыныпта және 3-сыныптың алдыңғы бөлімдерінде алған білімі мен дағдыларына сүйенеді.

Сабақтың барысы

Сабақтың

жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

3-минут


Жаңа топ құру

Оқушыларды сөз таптары арқылы топқа бөлу.


1 топ-Зат есім

2 топ-Етістік

3 топ- Сын есім

4 топ-Сан есім


(Ұ) Шаттық шеңбері: «Айна» әдісі.


Шеңберге жиналып, айнаны қолына алып,өзін сипаттайды.


Жұмыс ережесін келісу

  • Сабақта бір-бірімізді сыйлаймыз, тыңдаймыз!

  • Уақытты үнемдейміз!

  • Нақты,дәл жауап береміз!

  • Сабақта өзіміздің шапшаңдығымызды, тапқырлығымызды көрсетеміз!

  • Сабаққа белсене қатысып, жақсы баға аламыз!



Үй тапсырмасын еске түсіру. 10-минут


(ТЖ) «Тегтер бұлты» әдісі

“Күннің көзін бұлттан арылту” ойыны .

1.Түбір дегеніміз не?

2.Қосымша дегеніміз не?

3.Қосымша нешеге бөлінеді?

4.Түбір сөзге бірнеше мысал келтір.

5.Жұрнақ деген не?

6.Жалғау деген не?

ҚБ. Отшашу арқылы бағалау.


Қызығушылықты ояту.


1

3

4

2

Сөз

та


ры

тап




Зат есім,сын есім,етістік сөздері жазылған кеспе парақтар





Айна,кітап






Түрлі-түсті қағаздар, желім, қайшы

Сабақтың ортасы

10-минут



Білу. (МК; Ө; Ж; Қ)


Тыңдалым.


Ауылға барғанда .мәтінді тыңдау. Пікір білдіруге бағытталған сұрақтарға жауап беру.

40-жаттығу. Мәтінді тыңдап, негізгі ойды анықтайды.

Мәтіннің мазмұнын айтады.

Оқулықта берілген пікір білдіруге бағытталған сұрақтарға жауап беріп, өз ойларын білдіреді.


Жазылым.


Түсіну.(Ө) Сөйлемдерді жазып, сөз таптарына талдау.

Мәтіннің алғашқы екі сөйлемін жазып, сөз таптарын талда.

ҚБ.Басмармақ арқылы бағалау.

(Ұ)

«Бес қадам» әдісі. Ауылға барғанда


-Мәтіндегі кейіпкерлерді ата;

- Мәтіндегі Ергөбек қандай адам?

- Сен ауылға бардың ба?Ауылға барғанда не істейсің? 5 сөзбен жеткіз.

-Мәтіндегі Дархан немен айналысты?Ол қандай бала? 5сөзбен жеткіз


Қолдану.(МК; Ө; Ж; ) Көп нүктенің орнына негізгі зат есімді қойып жазу. 5-минут


41-жаттығу. Көп нүктенің орнына негізгі зат есімді қойып жазады.

Негізгі зат есім мен туынды зат есімнің анықтамасын естеріне түсіріп, олардың бір-бірінен айырмашылығын

табады.

Жұппен жұмыс жасайды.

Мұғалімнің көмегімен бір-бірінің қатесін тауып, түзетеді.

Орындалған жұмысты өзара бағалайды.




Оқулық













Оқулық



Дәптермен жұмыс


Кім жылдам? 42 –жаттығу 2-минут



Түбір сөздер

жұрнақ

Туынды сөз

Жұмыс

-шы

жұмысшы


-лық



-тық



-кер













Сергіту сәті.






слайд


Шығармашылық үзіліс 5-минут

Жинақтау.(МК; Ө; Қ) Жасырынған мақалды тауып оқу.

43-жаттығу. Сағат тілі бойынша екі әріптен қалдыра отырып, мақалды оқиды.

Мағынасына талдау жасайды.


Шешуі: Оқу–инемен құдық қазғандай.


Оқулық


№4 дәптермен

жұмыс

Талдау. Топтық тапсырма.

1 топқа.

Суреттерде бейнеленген заттарды ата.

Зат атауларын топқа бөліп жаз. Әр топқа екі сөзден қос.

2 топқа. Не істеді? деген сұраққа жауап бер.

3 топқа

Екі бағанды салыстырып оқы.

Оның құлағы,

құйрығы, терісі бар.

Shape2

Оның ұзын құлағы,

қысқа құйрығы бар. Терісі жазда сұр түске өзгереді.


Shape3

4 топқа

Артық сөзді табу. Оның неге артық екенін дәлелде .


екілік
алпыс
екінші
мың
аспан

Shape4



Суретпен жұмыс


Сабақтың соңы

5-минут

Бағалау.(Ө; Қ) «Бір сөзбен ...» тапсырмасы бойынша

сабақтағы өз іс-әрекетіне рефлексия жасап, бағалау.


Төмендегі сөздерден сабақтағы көңіл күйін білдіретін бір сөзді таңдап, өзінің іс- әрекетіне рефлексия жасап, өзін-өзі бағалайды. Парталас досына ол сөзді не үшін таңдағанын айтып, өз ойымен бөліседі.


Сенімсіздік, қуану, қорқыныш, сенімділік, жалығу, таңдану.

Слайдпен жұмыс


(Ө; Қ) Бағалаудың шартты белгілеріне сәйкес өзін-өзі бағалау. Жұмыстарын топта жариялап,дәлелдеу.


Сабақтан игерген білімдеріне рефлексия жасату мақсатында жұмыс дәптеріндегі «Өз жұмысыңды бағала» тапсырмасы орындатылады. Бірінші тұрған «сауатты жазу», екінші тұрған «көркем жазу», үшінші тұрған «шығармашылық жұмыстарды орындау» дөңгелектері тиісті қарындаштармен боятылады. Нәтижелері топта жарияланады.

Кеспе парақтармен

жұмыс


Түрлі түсті

қрындаштар




Қосымша ақпарат

Саралау – Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жопарлайсыз?

Ее дыбысынан басталатын сөздерден сөйлем құрату

Бағалау – Оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз?


Оқушылардың материалды меңгеру деңгейі н ұжымдық белсенді тапсырмалар арқылы анық таймын. Мысалы, сызба бойынша ,бағытталған сұрақтар арқылы ,жуан және жіңішке сұрақтар арқылы,тапсырмалар беріп анықтадым.


Пәнаралық байланыстар, қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелері, АКТ-мен байланыс. Құндылықтардағы байланыс


Сабақта қауіпсіздік ережесін сақтау.

Жол қауіпсіздік ережесін

сақтауға тәрбиелеу

Ұжымдық жұмыс

Топтық жұмыс

Жеке жұмыс

Жұптық жұмыс

Ұжмдық жұмыс

Жеке жұмыс

Бағалау.

Мадақтама арқылы

от шашу арқылы

басбармақ арқылы

өзара бағалау


1. Дүниетану, әдебиеттік оқу, еңбекке баулу

2. АКТ арқылы

Рефлексия

- Сабақ/оқу мақсаттары шынайы ма?

- Бүгін оқушылар не білді?

- Сыныптағы ахуал қандай болды?

- Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма?

- Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе?

- Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?

Сабақ мақсаты мен оқу міндеті толық орындалды. Сабақта оқушылар сөз таптарымен танысып, оның сөздің басында, ортасында, соңында келетінін білді.

Сабақ жоғары деңгейде өтті. Жоспарланған саралау жақсы іске асты . Өйткені жұптардың өзара сөйлесулерін бақылап, тыңдап жүру барысында сұрақ қоюға қиналатын оқушы ларға дербес қолдау көрсетіліп отырды.

Тапсырмалар оқушылардың жас ерекшелігіне сай алынды.

Әр тапсырма өзінің қажетті уақытында орындалып отырды.

Сабақ жоспарынан ауытқулар болған жоқ


Қорытынды бағамдау


Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім?

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1: Оқушыларды сабақтың әр кезеңінде бағалау

2: Дарынды және үлгерімі төмен оқушылардың ерекшелігіне көңіл бөлу.

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1: Сабаққа бейне/аудиоматериалдарды қолдану тақырыпты терең ұғынуына әсер ететінін түсіндім

2: Білімді оқушы практикасымен байланыстыра отырып меңгертудің маңыздылығын сезіндім.

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік қиындықтары туралын нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? Оқушылардың қызығушылығы мен белсенділігін көтеру үшін әртүрлі ұжымдық белсенді оқыту тәсілдерін жоспарлау керектігін білдім.




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
11 қаңтар
1510
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі