400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ Қазақ тілі 3-сынып "Түбір мен қосымшаның жазылуы"

Материал туралы қысқаша түсінік
Мұғалімдермен тәжірибе алмасу
Материалдың қысқаша нұсқасы

Пән: Қазақ тілі

Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: Уақыт

Мектеп: Ақмола облысы Целиноград ауданы Шалқар ауылы

Шалқар орта мектебі


Күні:

Мұғалімнің аты – жөні: Конакбаева Гульжан Толеухановна

Сынып: 3

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны: -

Сабақтың тақырыбы

Түбір мен қосымшаның жазылуы

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

3.2.5.1 берілген тақырып, сұрақ бойынша түрлі дереккөздерден (мәтін, сөздік, сызба, кесте, карта) алынған ақпараттарда кездесетін жаңа сөздердің мағынасын сөздіктер арқылы ашу, жүйелеу, мағлұматтардың маңызды тұстарын анықтау;

3.3.6.1 кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі жазу, жазу қарқынын жеделдету;

3.2.3.1 мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрастыру және жауап беру;

Сабақтың мақсаты




Барлық оқушылар: мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтарға жауап береді, берілген сұрақтарды пайдаланып пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрасты-рады;

Оқушылардың басым бөлігі: жаңа сөздердің мағынасын түсіндірме сөздікті қолдану арқылы түсіндіреді;

- кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі орта темппен жазады;

Кейбір оқушылар: сөзді орфоэпиялық нормаға сай айтады, түбір сөздегі -ы, -і-нің дауысты дыбыстан басталатын қосымша жалғанған кездегі өзгерісін сақтап жазу

Бағалау критерийі



- жаңа сөздердің мағынасын түсіндіреді, сөздерді сөз таптарына қарай топтастыра алады;

- бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі шапшаң жазады;

- пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрастырады және өз жауабын негіздеп жауап береді;

- түбір сөздегі -ы, -і-нің дауысты дыбыстан басталатын қосымша жалғанған кездегі өзгерісін сақтап жазады, түбір мен қосымшаның жазылуын біледі

Ойлау дағдыларының деңгейлері

Білу, түсіну, қолдану.

Тілдік мақсаттар

Күнұзақ, жым-жыртық.

Құндылықтарға баулу

құрмет

Пәнаралық байланыс:

әдебиет


Алдыңғы білім:



Сөздерді сөз құрамына талдайды.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Сабақтың басы


2 мин.










3 мин.








Шаттық шеңбері: «Ыстық лебіз».

Шеңберге жиналып, бір-бірімен амандасып, бір-бірінін жақсы қасиеттерін айтады.

- Сәлеметсің бе, Аружан, сен сүйкімдісің.

- Сәлеметсің бе, Диас, сен қайырымдысың.

- Сәлеметсің бе, Жаннұр, сен ақылдысың.

- Сәлеметсің бе, Сабина, сен мейірімдісің.  

Стикерлер арқылы 3 топқа бөлінеді.

(Ұ) Өткенді бекіту.

Берілген түбір сөздерден туынды сөз жасап жазу.

Сөздер тізбегі: Уақыт, мерзім, бас, ас, сый, сән, дәрі, еңбек.

Дескриптор:

  • Түбір сөздерді біледі;

  • Туынды сөз жасау біледі;

  • сөздерді мағынасына сәйкес қолданады;

  • сөйлеу барысында тілдік нормаларды сақтайды.

Кері байланысы: Ауызша








Стикерлер






Кеспе қағаздар

Сабақтың ортасы


10 мин.









10 мин.



















Сергіту сәті

2 мин.


8 мин

1-тапсырма:

(Т) 3 топқа тапсырма

Оқулықтағы 36-жаттығу

1-топ Мәтінді түсініп оқиды.

2-топ Мәтінді мазмұндайды.

3-топ Түсініксіз сөздерді табады

Орындаған жұмыстарын өзара бағалайды.

Дескриптор:

  1. Мәтінді түсініп оқиды

  2. Уақытқа байланысты сөздерді табады

Кері байланысы: «Бағдаршам»

(Т) 1-топ: Таңдап алынған сөздерді сөз құрамына ажырату.

Мысалы:Түн =түн+0, күнұзақ+0 =күнұзақ, түнде=түн+де

Қарамен жазылған сөздің екі түбір сөзден құралғанына назар аударту. «Күнұзақ» сөзінің мағынасын түсіндіру.

Екі түбір сөзден тұратын «күнұзақ» сөзіне қарама-қарсы мағыналас сөздерді тапқызу. («түнімен», «түні бойы» т.б.)

2-топ: Өлең мазмұны бойынша басқа екі топқа сұрақтар қояды.

3-топ: Түнгі мезгілі мен күндізді салыстыру.

Венн диаграммасы.

Дескриптор:

1. Жаңа сөздердің мағынасын түсіндіреді;

2. Мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге бағыт-талған сұрақтар құрастырады және өз жауабын не-гіздеп жауап береді;

Кері байланыс: «Екі жұлдыз, бір ұсыныс»


Бейнежазбадағы əуен ырғағымен билеу.


(Ж) Жұмыс дәптермен жұмыс.

37-жаттығу: Мәтінді қатесіз әрі көркем жазады.

38-жаттығу: пішіндерді сәйкестендіріп, өлең құ-растырады. Мұғалім тарапынан бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап, көлбеу және таза жазуы қадағаланады, түсіндіріледі. Қара шрифтпен жазған сөздерді сөз құрамына талдай-ды. Жұппен жұмыс жасайды, өзара бағалайды.

Дескриптор:

1. Каллиграфиялық нормаларды сақтап жазады;

2. Үзбей және біркелкі шапшаң жазады.

Кері байланыс: Ауызша






Оқулық
























Жұмыс дәптер

Сабақтың соңы


3 мин.










2 мин.

(Ө) Шығармашылық жазу. «Синквейн» әдісі.

Сағат сөзі.

1. Зат есім (тақырып бір сөзбен беріледі).

2. Сын есім (тақырыпты екі сөзбен сипаттау).

3. Етістік (тақырыпқа байланысты 3 қимыл атауын жазу).

4. Сөйлем (тақырыпқа сәйкес 4 сөзден тұратын сөйлем құрау).

5. Мағыналас сөз (тақырыптың мәнін ашатын 1 синоним сөз жазу).

Тапсырманы орындаған соң жұптар өзара өлеңдерін оқып, бағалайды.

Дескриптор:

  1. Сөз таптарын біледі

  2. Сөздерді көркем етіп жазады.

Кері байланыс: «Бас бармақ» әдісі

Рефлексия:

«Алма ағашы»




Сағат суреті











Алма ағашы суреті

Саралау – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспар-лайсыз? Қабілеті жоғары оқу-шыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?

Дауысты, дауыссыз дыбыстар-ды сызбамен белгілеу және дұрыс дыбыстау






Қолдау көрсету.

Қабілеті жоғары оқушылар айтылған сөздер мен сөйлемдердің көпшілігін дұрыс қайталай алады.

Жыл мезгілдері – времена года – seasons



Рефлексия Сабақтың мақсатына жеттім бе? Оқушылар не үйренді? Жоспарланған уақытты ұстандым ба? Жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неге?






Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
31 қаңтар
625
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі