400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

ашық сабақ қазақ тілі болымды және болымсыз етістік 3-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
болымды болымсыз етістік ашық сабақ жоспары 3-сынып
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың тақырыбы: Болымды және болымсыз етістік.

Сабақтың мақсаты:

  1. Оқушыларға болымды және болымсыз етістіктерді бір-бірінен ажырата білу, білімдерін кеңейту.

  2. Оқушылардың танымдық, шығармашылық қабілеттерін дамытыу, өз бетімен жұмыс істеу, ой қорыту жұмысын арттыру.

  3. Сауатты жазуға дағдыландыру, өздеріне деген сенімдерін нығайту.Тиянақты ойлауға, сауаттылыққа, ізденімпаздыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: түсіндіру, топпен жұмыс.

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

Қош келдіңдер балалар!
Оқуға құмар даралар!
Сабағымызды бастайық,
Маған назар салыңдар!

  1. Психологиялық дайындық.

Ойға толсын санамыз.

Бестік болсын бағамыз

Баласындай бір үйдің

Тату болсын арамыз!

  1. Үй тапсырмасын сұрау.

29-жаттығу

  1. Үй тапсырмасын бекіту.

Семантикалық карта арқылы оқушылардың етістік туралы біліміндерін пысықтау

.

Етістік

Болымды етістік

Болымсыз етістік

Жүр



Алма



Оқы



Керілме



Ұйықта



Ойна



Күлме




Ой қозғау.

І-топ

  1. Қимыл іс-әрекетті білдіретін сөз табы?- Етістік- не істеді?, не қылды?, қайтті?.

ІІ-топ

  1. Етістік құрамына қарай нешеге бөлінеді?- Дара және күрделі.

ІІІ- топ

  1. Етістік тұлғасына қарай нешеге бөлінеді?- Негізгі және туынды етістік.

ІV-топ

  1. Іс-әрекеттің болу, болмауына байланысты етістік...- Болымды және болымсыз.

Shape1


  1. Жаңа сабақ

Тақтамен жұмыс.


35-жаттығу. Берілген етістіктерді қатыстырып сөйлем құрап жаз.


Кешікпе, жамандама, жыртпа, бүлдірме. бір-бір оқушыдан шығып сөйлем құрап жазу.


Шығармашылық тапсырма.



36-жаттығу.Өлеңді мәнерлеп оқу.

Ғылым таппай мақтанба,

Орын таппай баптанба,

Құмарланып шаттанба,

Ойнап босқа күлуге.

Бес нәрседен қашық бол,

Бес нәрсеге асық бол,

Адам болам десең


37-жаттығу. Етістіктерге тиісті жұрнақтарды қос.

Ой қозғау. Тыйым сөздер туралы не білеміз, балаллар?. Күнделікті өмірде, қазақтар тыйым сөздерді көп пайдаланған, пайдаланып келеміз. Олардың мәні мен мағынасы өте зор. Мысалы: үйге қарай жүгірме- қайғы, бос бесікті тербетпе- балаға жамандық шақырғаның.


39-жаттығу. Өлеңді екі-үш рет қайталап оқып, жатқа жаз.

Құр бекерге қылтима,

Болмашыға бұртима.

Іштарлыққа жол берме.

Бақталастық білдірме.

Сыйлап үлкен кісіні,

Қамқорлыққа ал кішіні.


Болымсыз етістіктің астын сыз.тыйым сөздердің мәнін түсініп есіңе сақта.

Сергіту сәті:


Постермен жұмыс:


40-жаттығу. Сурет бойынша әңгіме құрау.




  1. Сабақты қорытындылау.

Балалар бүгінгі сабағымызда нені өттік. Болымды және болымсыз етістік дегеніміз не?.

Болымды етістік- қимыл іс-әрекеттің жүзеге асуын білдіреді.

Болымсыз етістік- болымды етістікке –ма, -ме, -ба, -бе, -па, -пе жұрнақтары жалғану арқылы жасалады.


  1. Сабақты бекіту.

Сөз таптарымен таныстынба?

Зат есім

Сын есім

Сан есім

Етістік


  1. Үйге тапсырма. 38-жаттығу.

  2. Бағалау.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
26.02.2023
355
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі