400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 14 материал табылды

Ашық сабақ Қазақ тілі Бұқаралық ақпарат құралдарының түрлері 9-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Ашық сабақ Қазақ тілі 9-сынып VІІ тарау Бұқаралық ақпарат құралдары. Бұқаралық ақпарат құралдарының түрлері тақырыбындағы ашық сабақ
Материалдың қысқаша нұсқасы


ҰМЖ тарауы: VІІ. Бұқаралық ақпарат құралдары

Мектеп: №14 әл-Фараби атындағы мектеп-гимназиясы

Күн:

Мұғалімнің аты-жөні: Аскарова Айгул Усеновна

Сынып: 9

Пәні: Қазақ тілі

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Бұқаралық ақпарат құралдарының түрлері

«Арман ПВ» баспасы

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

9.1.4.1.- мәтіннің мақсаты арқылы негізгі ойды анықтау.

9.4.4.3.-сабақтас құрмалас сөйлемдердің мағыналық түрлерін ажырата білу,түрлендіріп қолдану.

Сабақ мақсаты

Оқушылардың барлығы: мәтіннің мазмұнын түсінеді, сабақтас құрмалас сөйлемдердің мағыналық түрлерін ажыратады.

Оқушылардың көпшілігі: мәтіндегі негізгі ойды анықтайды,құрмалас сөйлемдердің мағыналық түрлерін түрлендіріп қолданады.

Оқушылардың кейбірі: мәтіндегі негізгі ойды анықтап,өзіндік пікірін білдіреді. Сабақтас құрмалас сөйлемдердің мағыналық түрлерін ажыратып,мысалдар келтіреді.

Бағалау критерийі

- мәтіннің мазмұнын түсінеді;

-мәтіндегі негізгі ойды анықтайды;

- сабақтас құрмалас сөйлемдердің мағыналық түрлерін

ажыратады;

-сабақтас құрмалас сөйлемдерді түрлендіріп қолданады

Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

Негізгі сөздер мен тіркестер: газет,тұңғыш басылымдар,қазақ зиялылары,ұлттық мүдде,бұқаралық сана,жедел ақпараттар,қазақ тыңдармандары,қоғамдық-танымдық бағдарлама,қазақ радиосы,бұқаралық үгіт-насихат.

Пән лексикасы және терминология: радиостанция,ресми,партиялық,бас редактор,жанр,радиоочерк,репортаж,радио,интернет,

журналист,трансляция,драма,опералық спектакль,диаграмма,идея.

Диалог және жазылым үшін қажетті сөз тіркестер: меніңше, болуы ықтимал,менің көзқарасым бойынша, , қорыта айтқанда.

Жазылым бойынша ұсыныстар: мәтінде берілген мәліметті қорытып,негізгі ойды анықтап айтады, тілдік бірліктерді нормаға сай жазады.

Құндылықтарға баулу

3. Зайырлы қоғам және руханият

Пәнаралық байланыс

қазақ әдебиеті пәні,информатика пәні,тарих пәні.

АКТ қолдану дағдылары

Слайд

Тақырып бойынша алдыңғы білім

Төртінші биліктің пайда болу тарихы

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығулар түрлері

Ресурстар

Сабақтың басы

5 минут


Ұйымдастыру кезеңі.

1.Сәлемдесу,түгелдеу.

«Көршіге тілек» ойыны.Оқушылар бір-біріне жақсы тілектер айту арқылы жағымды ахуал қалыптастыру.

2.Топтарға біріктіру.Әр оқушыға жабық жатқан қиық қағаздар таратылып,сондағы сөздер бойынша топқа бөлінеді.

1-топ: «Газеттер» тобы ; 2-топ: « Радио» тобы; 3-топ: «Ғаламтор» тобы.

Ойлау дағдыларының деңгейі: білу.

Үйге берілген тапсырма.Топтық жұмыс. « Ашық микрофон » әдісі арқылы

1-топ 2-топқа, 2-топ 3-топқа, 3-топ 1-топқа сұрақ қояды.

1 – топ. «Газеттер» тобы: Сабақтас құрмалас сөйлемдерді пайдаланып,өздеріңе ұнайтын телеарналардың тарихы туралы айтыңдар.

2 – топ. «Радио» тобы: Сабақтас құрмалас сөйлемдерді қолдана отырып,өздеріңе ұнайтын телеарнаға таныстырылым дайындаңдар.

3 – топ. «Ғаламтор» тобы: Сабақтас құрмалас сөйлемдерді қолдана отырып,бұрынғы телеарналардан заманауи телеарналардың айырмашылығы қандай екенін айтыңдар.


Дескриптор

-сабақтас құрмалас сөйлемдерді қолданады;

-өздеріне ұнайтын телеарналардың тарихы туралы айтады;

-өздеріне ұнайтын телеарна туралы таныстырылым дайындайды;

-бұрынғы телеарналардан заманауи телеарналардың айырмашылығын айтпады.

ҚБ. «Отшашу» арқылы бағалау.


Топ аты жазылған стикерлер


























Отшашу







Сабақтың ортасы

25 минут

5 минут





























5 минут



























4 минут




















3 минут












4 минут














4 минут

Ойлау дағдыларының деңгейі: қолдану.

1-тапсырма. « Суретке ену» әдісі.Топтық жұмыс. Суретке назар аударып,сұрақтарға жауап беру арқылы бүгінгі сабағымыздың тақырыбын ашамыз:

1.Сендер күнделікті өмірде суреттегі құралдардың қайсысын қолданасыңдар?

2.Неліктен қолданасыңдар?

3.Бұл құралдардың жалпылама атауы қалай аталады?




Демек,бұл суретке байланысты түйінді ой қандай?

«Бұқаралық ақпарат құралдарының түрлері»


Дескриптор

-суретпен танысады;

-күнделікті өмірде құралдардың қайсысын қолданатынын айтады;

-құралдардың жалпылама атауын біледі

ҚБ «Бас бармақ» арқылы бағалайды.


Ойлау дағдыларының деңгейі: қолдану.

2-тапсырма. «Түртіп алу» әдісі. Топтық жұмыс. (Мәтінді оқып, негізгі ойды анықтаңыздар және көтерілген мәселеге қарым-қатынасты анықтауға арналған талқылау сұрақтарын құрастырыңыздар.)


Қазақстандағы мерзімді басылымдар мен радиостанция

Газет-мерзімді уақытша не бір рет қана шығатын басылым.Қазақ тіліндегі тұңғыш басылымдар –«Түркістан уәлаятының газеті» (1870-1882) мен «Дала уәлаятының газеті» (1888-1902). ХХ ғасырдың басында қазақ зиялылары ұлттық мүддені көздеп, бұқаралық сананы оятуға ұмтылған «Қазақ» газеті (1906), «Серке» (1907) басылымдарын шығаруды қолға алды.

Қазіргі кезде қазақ тілінде 100-ге тарта газет шығарылады («Егемен Қазақстан», «Жас Алаш» , «Қазақ әдебиеті», « Ана тілі», «Алматы ақшамы» т.б.).Олар шартты түрде ресми, тәуелсіз, партиялық т.б., сондай-ақ орталық (республикалық) ,облыстық,

қалалық,аудандық газеттерге бөлінеді.Газеттің шығармашылық-шаруашылық жұмыстарына бас редактор басшылық жасайды...

(155-156- беттер)

Дескриптор

- мәтіннен негізгі ойды анықтайды;

- талқылау сұрақтарын құрастырады.

ҚБ. «Мадақтау» арқылы бағалау.


Ойлау дағдыларының деңгейі: талдау, жинақтау.

3-тапсырма. «Жалғасын тап » әдісі. Жұптық жұмыс. (Берілген сөйлемдердің жалғасын тауып, сабақтас құрмалас сөйлемдер жасаңдар және сабақтас құрмалас сөйлемнің қай түріне жататынын анықтаңдар.)

1-топ: а) Егер бүгін газет келмесе, ...... . ә) Аудандық басылым бола тұра , ... .

2-топ: а) Қазақстандық журналистер елге қайтып келісімен, ... . ә) Мұғалім оқушыларға ғаламтормен жұмыс істеуге мүмкіндік бермей, ... .

3-топ: а) Диктор телеарнадағы жұмысынан қалып бара жатқандай болып, ... .

ә) Тілшілер кездесуге кешігіп қалмасын деп , ... .

Дескриптор

- сабақтас құрмалас сөйлем құрастырады;

- сабақтас құрмалас сөйлемнің түрлерін ажыратады


ҚБ. «Отшашу» арқылы бағалау.


Қимыл-сын бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем

Қимыл-сын бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем-бағыныңқы сөйлем басыңқы сөйлемдегі ойдың қалай орыңдалғанын білдіретін сабақтастың түрі.

Қимыл-сын бағыныңқылы сөйлемнің баяндауыштары мынадай :

1.-а, -е,-й және –ып,-іп, -п тұлғалы көсемшеден болады.Осынша қуаңшылыққа қарамай,жылан да биыл түлеген.бүкіл ауыл көңілденіп,думанды боп қалады.

2.Есімше тұлғасына –дай,-дей жұрнағы жалғанып жасалады.Балалары анасынан туғандай,түрлері бір келбетте.


Ойлау дағдыларының деңгейі: қолдану.

4-тапсырма. «Тізбектен не түсіп қалған?» әдісі.Топтық жұмыс.Қимыл-сын бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлемдердің бағыныңқы сөйлемінің баяндауышын тауып жазыңдар.

1-топ. Жылтыр көйлегі ... ... , сықылықтап күле Майра келді.

2-топ.Хакім кітапты ... ... ,Әбдірахманның сөздерін қыбыр етпестен тыңдады.

3-топ. Күні-түні ... , Мағжанның өлеңдерін тыңдайтын.

Дескриптор

-қимыл-сын бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлемді біледі;

-бағыныңқы сөйлемнің баяндауышын табады.

ҚБ «Шапалақ ұру» әдісі арқылы бағалау


Қорытынды: «ПОПС формуласы» әдісі. (бұқаралық ақпарат құралдарының түрлері жайлы ойды түйіндейді)

1-сөйлем: «Менің ойымша ... »

2-сөйлем: «Себебі мен оны былай түсіндіремін ... »

3-сөйлем: «Оны мен мына фактілермен, мысалдармен дәлелдей аламын ... »

4-сөйлем: «Осыған байланысты мен мынадай қорытынды шешімге келдім ... »















Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
6 ұстаз жүктеп алған
8 қараша
1253
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі