400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық сабақ Қазақ тілі "Көптік жалғаулы зат есімдерді септеу", 4 -сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Бастауыш сыныптың 4 -сыныбына арналған қысқа мерзімді жоспар
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қазақ тілінен қысқа мерзімді жоспар

Педагогтің аты-жөні

Раманкулова Жанар Камбаровна

Күні:

17.02.2021

Сынып: 4

Қатысушылар саны: 18

Қатыспағандар саны: 0

Сабақтың тақырыбы

Көптік жалғаулы зат есімдердің септелуі

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

4.2.3.1 – мәтін мазмұны бойынша шешім табуға бағытталған сұрақтар құрастыру және жауап беру.

4.4.2.3 – зат есімді септеу, тәуелденген сөздердің септелуін білу.

Сабақтың барысы.


Сабақтың кезеңі,

уақыты

Педагогтің әрекеті

Оқушының

әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Басы

Ұйымдастыру кезеңі.

Ы. Алтынсарин өлеңінен үзінді (зат есімдерге септік жалғауларын қосып айту, өлеңді талдату арқылы жазушы өмірімен таныстыру)

Кел, бала......, оқылық,
Оқыған... көңіл..
Ықылас..... тоқылық.
Оқысаңыз, балалар,
Шам... шырақ жағылар,
Тілегенің алдыңнан
Іздемей-ақ табылар.

Алдыңғы білімді еске түсіру (ұжымда)

«Жедел жауап» әдісі

3 қатар оқушылары тәуелденген сөзді (бірқазаным, бірқазаның, бірқазаны) септеп айтып береді.

Жаңа сабақ тақырыбын, оқу мақсатын таныстыру

Күтілетін нәтижені анықтау

Көптік жалғауларын еске түсіру.


Оқушылар сөздерге жалғауларды жалғайды,сұраққа жауап береді, жұмысты берілген түріне қарай орындайды.









ҚБ: бағалау парағымен жұмыс.










Алдыңғы білімді еске түсіру тапсырма лары.

Ортасы

І. «Мәтінмен жұмыс»

Ыбырай Алтынсарин 1841 жылы 20 қазанда қазіргі Қостанай облысының, Затобол ауданында туып, 1889 жылы 30 шілдеде қайтыс болған.
Әкесі Алтынсары ерте қайтыс болып, атасы Балғожаның бауырында өседі. Балғожа сөзге шешен, тілге ұста, би, өз ортасына белгілі, беделді адам болған. Ы. Алтынсарин сауатын мұсылманша ашып, ауылда молдадан хат таниды.

Ы. Алтынсарин өз халқын да білім нәрімен сусындатып, көкірек көзін ашуды мақсат етеді. 1860 жылы Орал сыртындағы қазақтарға арналып 4 сыныптық бастауыш мектеп ашу туралы шешім шыққанда өзі сұранып, Торғай мектебінде мұғалім болады.. Ы. Алтынсарин ел ішінде оқудың мәнін түсіндіріп, халықтың білімге ықыласын ояту үшін алғашқы балаларды өз үйінде оқытады.

Торғайдағы Ыбырай мектебі 1864 жылы қаңтарда ашылды. 

Дескриптор: Мәтінді оқиды, зат есімдерді тауып, қай септікте тұрғанын айтады.


ІІ.Ы.Алтынсарин «Бақша ағаштары»

Жаздың әдемі бір күнінде, таңертең бір төре өзінің баласымен бақшаға барып, екеуі де егілген ағаштары мен гүл жапырақтарын көріп жүрді.
- Мынау ағаш неліктен тіп-тік, ана біреуі неге қисық біткен? - деп сұрады баласы.
- Оның себебі, балам, анау ағашты бағу-қағумен өсірген, қисық бұтақтары болса өсіп. Мынау ағаш бағусыз, өз шығу қалыбымен өскен,- деді атасы.
- Олай болса, бағу-қағуда көп мағына бар екен ғой,-деді баласы.
- Бағу-қағуда көп мағына барында шек жоқ, шырағым; мұнан сен де өзіңе әбірет алсаң болады; сен жас ағашсың саған да күтім керек; мен сенің қате істеріңді түзеп, пайдалы іске үйретсем, сен менің айтқанымды ұғып, орнына келтірсең, жақсы түзік кісі болып өсерсің, бағусыз бетіңмен кетсең, сен де мынау қисық біткен ағаштай қисық өсерсің,- деді.

Дескрипторы:

Мәтінді оқиды, көптік жалғаулы зат есімдерді табады, септейді


Берілген сұраққа жауап беріп, тапсырмаларды талапқа сай орындайды.


Белсенді оқу тапсырмалары(ұжымда)

Мәтінді оқиды, зат есімдерді тауып, қай септікте тұрғанын айтады














Мәтінді оқиды, көптік жалғаулы зат есімдерді табады, септейді



Формативті бағалау.


ҚБ: бағалау парағымен жұмыс .


















Формативті бағалау.


ҚБ: бағалау парағымен жұмыс





Оқылым, жазылым тапсырмалары.



Слайд












слайд

Соңы

Бекіту: Семантикалық картамен жұмыс










Дескрипторы: кестедегі септелген сөздердің қай септікте тұрғанын табады.






кестедегі септелген сөздердің қай септікте тұрғанын табады.











Сызбамен жұмысты орындайды.



Формативті бағалау.


ҚБ: бағалау парағымен жұмыс



Топтық, жұптық тапсырма лар.

Кері байланыс

«Рефлексия» кері байланыс.


Бағалау парағы бойынша оқушылар бағаланады

«Рефлексия»

Бағалау парағы

Үйге тапсырма

16- жаттығу,49 бет












Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
70 ұстаз жүктеп алған
17 ақпан
3222
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі