400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 19 материал табылды

Ашық сабақ. Қазақ тілі. Табиғат пен адам. Лепті сөйлем

Материал туралы қысқаша түсінік
Жаңа бағдарлама бойынша ашық сабақ 2 сыныпта аудандық семинарда қазақ тілі пәні бойынша өткізілді. Тақырыбым: Табиғат пен адам. Лепті сөйлем. Сабақ жоспарын құрғанда өтілу кезеңдерін және балалардың жұмыс істеу, жаңа тақырыптың меңгерілуі басты мақсат болды. Сабақта топтық,жеке жұмыстар жүргізілді.Бейнебаян тамашалау арқылы жаңа сабақтың мағынасын ашу ,яғни адамның көңіл -күйі арқылы сөйлем түрлерін ажырата алу. Сабата сонымен қатар семантикалық картамен, сәйкестендіру жұмыстары да жүргізілді. сабақ соңында тосын сыйлыққа балаларға бір -бір тәттіден үлестірілді.
Материалдың қысқаша нұсқасы

САБАҚ: Табиғат пен адам.

Лепті сөйлем

Мектеп: «№2 Новоишим орта мектебі» КММ

Күні: 28. 11.2018 ж

Мұғалімнің есімі: Елубаева Рабига Пазылбековна

СЫНЫП: 2 «А»

Қатысқандар саны: 13

Қатыспағандар: 0

Сабақ негізделген оқу

мақсаты (мақсаттары)

2.2.4.1  Мұғалімнің көмегімен мәтіннің тақырыбы мен негізгі ойды анықтау.

2.3.7.1   Сөйлем түрлерінің айтылу мақсатына сәйкес тыныс белгілерін(нүкте,сұрақ белгісі, леп белгісі) қолдану.

2.2.4.1  Мұғалімнің көмегімен өлеңнің тақырыбы мен негізгі ойды анықтау.

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар:

Оқулықта берілген тапсырмаларды орындайды. Тақырыпты меңгереді.

Оқушылардың басым бөлігі:

Тақырыптың маңызы туралы дәлелдеп айтып бере алады.

Кейбір оқушылар:

Білімді сыныптастарына түсіндіріп оқулықтан тыс ресурстар қоса алады.

Бағалау критерийі

Жеке, жұптық, топтық тапсырмаларды орындай алады.

Сабақ барысында тыңдаушының назарын өзіне аудара алады.

Ресурстар

Оқулық, суреттер, топқа бөлуге арналған кеспе қағаздар, топтық тапсырмалар, кері байланыс, стикер, презентация, тосын сый.


Сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, ойын, көрнекілік. Рефлексия.

Пәнаралық байланыс

Музыка, қазақ тілі,тарих.

Жоспарланған

Уақыт

Сабақтың барысы

Ресурстар

Басталуы 5 минут


Топқа бөлу 3 топқа бөлініп отырады. Түсті шеңберлер арқылы бөліну (сары, жасыл, көк)


Психологиялық ахуал қалыптастыру

Армансыз ба, ұстазым,

Амансыз ба, қонақтар.

Амансыз ба достарым,

Баршаңызды көргеніме ризамын.

Өзімізге сәттілік

Барлығыңа сәттілік тілеймін!


Өткен сабақтарды қайталау. 
- Қане, балалар, біз сендермен «Кофе ішейік» әдісі арқылы өткен сабақтарда өткенімізді еске түсірейік.


-Мәтін дегеніміз не ?

-Мәтіннің құрылымдық бөліктерін ата?

-Мәтіннің түрлері қандай?

- Сөйлемнің неше түрі бар ?

-Хабарлы сөйлем дегеніміз не?

 - Сұраулы сөйлем дегеніміз не ?


Топқа бөліну












«Кофе ішейік» әдісімен сұрақ- жауап

Тақтаға стақан суреттері ілінеді артында сұрақтар жазылған

Ортасы 20 минут

Ой  қозғау:

Қазір біз «Табиғат- адамзатқа аманат» деген


бейнебаянды тамашалайық.

- Осы бейнебаяннан нені көрдік?

- Адамдарды, жануарларды,құстарды, өсімдіктерді, таулар мен тастарды.

-Айтылғандарды бір сөзбен не деп айтуға болады?

-Табиғат деп айтамыз.

- Біз бүгін қазақ тілінен  « Менің туған өлкем» деген ортақ тақырыпты бастамақпыз ?

- Туған өлке дегеніміз не?

-Балалар, жаңа сендер табиғат туралы бейнені көргенде қандай сезімде болдыңдар?

-Қуаныш, таңдану сезімінде болдыңдар.

-Табиғат қандай тамаша!- деген сөйлемді қалай айтып тұрмын?

- Таңданып тұрмын.

-Ия, бүгінгі бастайтын  лексикалық бөліміміз «Табиғат және адам»,грамматикалық тақырыбымыз «Лепті сөйлем».

Сонымен, бүгінгі сабақтағы мақсатымыз не?

  • Ия,табиғат туралы өлеңдер оқимыз, лепті сөйлем туралы танысамыз.

Интер-белсенді тақта







2 слайд



Интер-белсенді тақта.

- «Табиғат және адам»,

грамматикалық тақырыбымыз «Лепті сөйлем».


Аяқталуы 20 минут

Сөйлемдерді салыстырып, айырмашылығын атаңдар (сөйлемнің түрлерін ажырату)

Білу және түсіну

Сөйлем түрлерінің ережелерін қайталау, лепті сөйлемнің ережесімен танысу.


Оқулықпен жұмыс: 100-101 бет

Садықбек Хангелдиннің өлеңін оқу.

Сөздік жұмыс: құнықтыру- қызықтыру, құмар ету.

(2 оқушыға дауыстап оқыту)

1 топ: Өлең не туралы?

2 топ: Өлеңге ат қой.

3 топ: Табиғатқа нелер жатады?

Бағалау критерийі: Білім алушы

Өлеңді түсініп, мәнерлеп оқыды.

Құнықтырған сөзінің мағынасын түсінді.

Талдау жасайды.

Өздерін бағалау:


Дәптермен жүмыс: Күн мен айды ,көркем жазуды жазу.

2-жаттығу сурет бойынша білетіндеріңді айтып көріңдер.Көп нүктенің орнына қажеттілерін өздерің тауып қойып,сөйлем құрастырыңдар.


1.Қандай әдемі гүл !

2.Мына пілдің үлкенін –ай !

3.Алақай, ауа –райы неткен тамаша!

4. Судың тәттісін-ай !

5. Неткен әдемі күшік!

6. Күннің суығын-ай!

7. Шіркін, құстай самғап ұшсам-ғой!


Әр топқа тапсырма:


1 топ: « Адасқан сөздер » Қима сөздерден сөйлем құрап оқиды.

2 топ: «Сәйкестендір»

ӨПрямая со стрелкой 1 Прямая со стрелкой 4 кіну                      Шіркін, айға самғап ұшсам ғой!


АПрямая со стрелкой 6 рмандау                      Қане, күнделігіңді берші!


Бұйрық         Қап, бақшаның есігін жауып

қоймағаным-ай!

3 топ: Хабарлы сөйлемді сұраулы, лепті сөйлемдерге айналдырып жазу.

Сыныпта өнерлі оқушылар көп.

Сыныпта өнерлі оқушылар көп пе?

Сыныпта өнерлі оқушылар қандай көп!


Өздерін бағалау: «Бағдаршам» әдісі


Сергіту сәті
Ойынның шарты: айтылған сөйлемдерді балалар тез анықтайды. Егер сөйлемнің соңында нүкте болса отырып калады, сұрақ белгісі болса қол соғады, ал леп белгісі болса аяқты еденге ұрады.

- Бүгін концерт бола ма? (қол)

-Ыстық қой, шіркін, туған жер! (аяқ)

-Алақай, мен Астанаға баратын болдым! (аяқ)
-Далада жаңбыр жауып тұр. (отыру)
-Бүгін киноға барасың ба? (қол)

- Менің қаладан әпкем келді. (отыру)

Жеке жұмыс: Тамаша, алақай сөздерімен сөйлем құрастыру. (дауыстап оқу)


Семантикалық картамен жұмыс: (Әр оқушыға әртүрлі семантикалық карта беріледі)

Сөйлемдер:

Хабарлы

Сұраулы

Лепті

Асханаға барасың ба?




Мына алманың дәмдісін -ай!




Демалыста әжем үйіне барамын.





3 слайд



4 слайд







А3 қағаз, маркер

Топтық жұмыс



«Бағдаршам» әдісімен бағалайды





Оқулық














Топтық жұмыс




















5 слайд











6 слайд

Үйге тапсырма: 5-жаттығу, 101-бетте.

Бағалау.3минут

Кері байланыс 3минут.

Сабақ соңында оқушылар өз ойларын стикерге

жазып, жапсырады.



Рефлексия

Сабақ / оқу

мақсаттары

шынайы ма?

Бүгін оқушылар

не білді?

Сыныптағы ахуал

қандай болды?

Мен жоспарлаған

саралау шаралары

тиімді болды ма?

Мен берілген

уақыт ішінде

үлгердім бе? Мен

өз жоспарыма

қандай түзетулер

енгіздім жəне

неліктен?

«Менің көңіл-күйім баспалдағы»

Оқушылар стикерлерге өз есімдерін жазып (немесе смайликтің суретін салып) тақтада салынған баспалдақтардың біріне жабыстырады. Баспалдақтар «Керемет!», «Өзіме сенімдімін!», «Жақсы», «Жаман емес», «Маған көмек керек!», «Білмеймін»,

«Нашар» деп аталады.


Қорытынды бағамдау

Қандай екі нəрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Қандай екі нəрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды

жетілдіруге көмектесетін не білдім?



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
12.05.2019
1030
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі