Материалдар / Ашық сабақ қазақ тілінен 2 сынып "Зат есім"

Ашық сабақ қазақ тілінен 2 сынып "Зат есім"

Материал туралы қысқаша түсінік
Зат есім 2 сынып қазақ тілінен
Авторы:
06 Наурыз 2024
219
19 рет жүктелген
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



САБАҚ: 86

Сабақтың тақырыбы: Зат есім

Мектеп: «Кең ауылының негізгі орта мектебі» КММ

Күні:12.02.2024 ж

Мұғалімнің есімі: Какенова Слушаш Советовна


СЫНЫП: 2 сынып

Қатысқандар саны: 7

Қатыспағандар:

Сабақ негізделген оқу

мақсаты (мақсаттары)

2.1.1.1. ақпаратты тыңдау,жалпы не туралы айтылғанын түсіну және өз сөзімен айту.

2.1.1.2 - тірек сөздерді қатыстыра отырып, берілген тақырып бойынша әңгіме құрау

2.1.1.3 - мәтін мазмұнын анықтауға бағытталған сұрақтар құрастыру және жауап беру

2.1.1.4. Сөз таптарын (зат есім,сын есім,сан есім,етістік) ажырату

Ортақ тақырып

Салт –дәстүр және ауыз әдебиеті

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар:

  • Айналадағы суреттер арқылы зат есімді тауып ,олардың түрлерін ажырата алады.

  • Сөйлемнен кім?не? сұрағына жауап беретін сөздерді таба алады

Оқушылардың басым бөлігі:

  • Мәтіннің мазмұнын болжай алады.Берілген мәтін бойынша сұрақтар құрастыра алады.

Кейбір оқушылар:

  • Білімді сыныптастарына түсіндіріп оқулықтан тыс ресурстар қоса алады.

Бағалау критерийі

Жеке, жұптық тапсырмаларды орындай алады.

Сабақ барысында тыңдаушының назарын өзіне аудара алады.

Ресурстар

Оқулық, суреттер, топқа бөлуге арналған кеспе қағаздар  және  әртүрлі  заттар, топтық тапсырмалар, кері байланыс, стикер.

Әдіс-тәсілдер

Сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, ойын, көрнекілік,рефлексия.

Пәнаралық байланыс

Әдебиеттк оқу, музыка

Жоспарланған

Уақыт

Жоспарланған жаттығулар (төменде

жоспарланған жаттығулармен қатар,

ескертпелерді жазыңыз)

Ресурстар

Басталуы 5 минут


Психологиялық дайындық

«Сәлемдесу»

Жұпқа бөлу 2 минут

«Шай әдісі»

Жұп аттары:

1 – жұп: Кім? Не?

2 – жұп: Не істеді?

3 – жұп: Қандай?

4 – жұп: Қанша?

Оқушылар шай әдісі арқылы жұпқа бөлінеді, шай ыдыстан жүптардың аттары жазылған бойынша жұптасады.


«Миға шабуыл»

Өткен тақырыпты қайталау

«Жеміс жинау»

Алма ағашы

Сұрақтары:

  1. Сөздер мағынасына қарай бірнеші сөз табына бөлінеді

  2. Зат есім қандай сұраққа жауап береді?

  3. Етістік қандай сұраққа жауап береді?

  4. Сан есім қандай сұраққа жауап береді?

  5. Сын есім қандай сұраққа жауап береді?

  6. Зат есім сөз табы нені білдереді?

  7. Сан есім сөз табы нені білдереді?

  8. Сын есім сөз табы нені білдереді?

  9. Етістік есім сөз табы нені білдереді?

1 тапсырма

Қиылған қағазға жазылған сөздерді бір – бірден суыру арқылы таптарына сәйкестендіру. Әр оқушы өзі суырған сөздің қай топқа жататынын тауып,сәйкестендіреді

Сөздер: домбыра, жиырма, үлкен, киді, жолбарыс, он, әдемі, түсірді, биік, әже, жүгірді, үшінші, келді, екі, қызыл, бесеу, Асқар, ұзын, суық, жеті, кесті, кітап, жазды, алмұрт.

Қызығушылықты ояту

Әр топқа 1 минут ішінде сыныпта бар заттардың атын жазуды ұсынамын. Уақыт өткен соң әр топтан бір оқушы жазған сөздерін оқиды.

Осыдан кейін жазған сөздерінің қандай сұраққа жауап беретіндігін сұраймын. Осылайша жаңа сабақ тақырыбы болжанады.
















Қорапша ішіндегі сөздер, ақ қағаз, маркерлер.

Ортасы 30 минут
















Сергіту сәті

2 минут

Білу және түсіну 10 минут

Оқушылар оқулықтағы негізгі тақырыппен танысады.

Зат есім дегеніміз – заттың атын білдіретін сөздерді зат есім дейміз. Зат есімдерге кім? не? нелер? кімдер? деген сұрақтар қойылады.

Мысалы: адам, көгершін; жазушылар, құлындар.

Бас әріппен басталып жазылатын зат есімдерге адам аттары, жер - су аттары, таудың аттары, жануарлардың ерекшелеп қойылған аттары жатады.

Оқулықпен жұмыс

Топтық жұмыс

6 – жаттығу. Мәтіннің тақырыбына қарап, оның мазмұнын болжа. Сонан соң мәтінді түсініп оқы.


Дескриптор.

Тыңдалған мәтінді болжай алады,қойылған сұрақтарға жауап беріп,мәтінде жалпы не туралы айтылғанын түсінеді.

Кез келген жағдайда өз көз қарасын білдіріп,ой қорыту жасай алады.

Критерииі

Мәтінді болжай алады,мәтін бойынша сұрақтар құрастыра алады

  • Мәтін мазмұны бойынша бір – біріңе сұрақ қой.

  • Мәтіннен кім? не? сұрақтарына жауап беретін сөздерді тап.

«Ой қозғау»

4. Көп нүктенің орнына тиісті зат есімді қой.

……….......... ұшады
...................... үреді

...................... оқиды

..................... жүзеді

..................... жазады

Сергіту сәті. Музыкалық пауза

Дәптермен жұмыс.

7 – жаттығу. Өлеңді көшіріп жаз.

«Қозым», - дейді мені апам,

«Қозым», - дейді мені атам.

Сөздеріне күлемін,

Қозы емеспін, білемін.

Ө.Ақыпбеков

Дескриптор

Өлеңді әдемі қатесіз көшіріп жаза алады

Өлеңнен зат есімдерді таба алады.

  • Өлеңнен зат есімдерді тап.

  • Өлеңде бала неге күлді деп ойлайсың?

  • Қалай ойлайсыңдар, ата – аналарың сендерді еркелеткенде неліктен ботам, құлыным деп атайды? Өз ойларыңмен бөлісіңдер.

Қолдану

Топтық жұмыс

«Кім жылдам?» ойыны

«Кім жылдам» Балаларға сөздер жазылған кима қағаздар таратылады, сол сөздерді берілген сұрақтардың тұсына іледі.
Кім? Не? Сөздер: келді, парта, дөңгелек, түлкі, тәтті,
Үлгі: сатушы кітап ағаш, қарға, дәрігер, әдемі, алты,ұста,
ұзын, алпыс, ата, терезе, жасыл, бес.
кеме, қара, сегіз, адам, әншілер, үш
көбелек.














«Домбыра»

арқылы бағалау























«Өзара бағалау»

Аяқталуы

5 минут

Кері байланыс«Хабарлама» әдісі

Оқушылардан өздерінің не үйренгенін көрсететін мəтіндік хабарлама (SMS) құрастыруды сұранамын. Барлық мəтіндік хабарламадағы сияқты мұнда да символдар саны шектеулі.


Үй жүмысы 9 жаттығу 44 бет, ережені жаттау



Саралау – А деңгейіндегі Оқушылар Зат есімге мысал келтір Дескриптор:Зат есімдерді ажырата алады.

В -Деңгейіндегі оқушылар Сөздерден зат есімдерді тауып астын сыз. Мағынасына қарай ажырат. Дескриптор:Зат есімдерді тауып астын сыза алады, мағынасына қарай ажырата алады

С-Деңгейіндегі оқушылар

Сурет бойынша әңгіме құра.

Дескриптор:Сурет бойынша

әңгіме құрай алады.

Бағалау - Оқушылардың

үйренгенін тексеруді

қалай жоспарлайсыз?

«Бас бармақ»арқылы бағалау

«Өзара бағалау»

«Домбыра» бағалау

Пəнаралық байланыс

Құндылықтардағы

байланыс

Рефлексия

Сабақ / оқу мақсаттары шынайы ма?

Бүгін оқушылар не білді?

Сыныптағы ахуал қандай болды?

Мен жоспарлаған саралау шаралары

тиімді болды ма? Мен берілген

уақыт ішінде үлгердім бе? Мен

өз жоспарыма қандай түзетулер

енгіздім жəне неліктен?

«Смайликтер»

Оқушылар смайликтің суретін салып тақтада салынған баспалдақтардың біріне жабыстырады. Баспалдақтар «Керемет!», «Өзіме сенімдімін!», «Жақсы», «Жаман емес», «Маған көмек керек!», «Білмеймін», «Нашар» деп аталады.


Қорытынды бағамдау

Қандай екі нəрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

Қандай екі нəрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды

жетілдіруге көмектесетін не білдім?















Ақмола облысы

Жарқайың ауданы

«Кең ауылының негізгі орта мектебі» КММ








«Зат есім»

қазақ тілінен ашық сабақ

2 сынып




Өткізген: Какенова С.С.


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ