Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Ашық сабақ "ҚАЗАҚСТАН -Отаным"
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Қазақстан – Отаным
Сәлеметсіздерме, құрметті ұстаздар, оқушылар! «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» аясында болып жатқан «Қазақстан – Отаным» атты ашық тәрбие сағатын бастайиыз.
Баяндама «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасымен таныстыру.
Бүгінгі сабағымыздың мақсаты: оқушылар бойында өз Отанына, еліміздің қол жеткізген жетістіктеріне мақтаныш сезімдерін ояту, ел бірлігін түсінетін, ел игілігіне қызмет ететін ел жанды ұрпақ тәрбиелеу, Қазақстанның жарқын болашағына деген сенімдерін қалыптастыру.
І. Шаттық шеңбері
ІІ. Қазақ елінің жүріп өткен жолы
ІІІ. Қазақстан, сені жырлаймын.
ІV. Отан туралы мақал-мәтелдер.
V. «Қазақстан» сөз жұмбақ.
VІ. Қорытынды.
І.
1 ж: Өзіңсін Қазақстан ән арманым да,
Аяулым, алтын бесік қара орманым,
Бір нәрсе жетпейді деу қате болар,
Өзіңдей ұлан байтақ дала барына,
Гүл дала – Қазақстаным, -дей отырып, «Шаттық шеңберіне» шақыраын. Бүгінгі «Шаттық шеңберінде» біз өз елімізді қалай мақтан тұтатынымызды айтайық.
Оқушы: Қазақ жер көз жетпес кең байтақ.
Оқушы: Қазақ халқы қонақ жай халық.
Оқушы: Қазақ жері тауымен, орман-көлімен көрікті.
Оқушы: Қазақстан – берекелі, байлыұты, ырысты ел.
2 ж: Өте дұрыс айттыңдар. Қазақ халқы үшін тәуелсіздік ұғымынан асқан қасиетті, киелі, қастерлі ұғым жоқ. Тәуелсіздік – халқымыздың ғасырлар бойы аңсағап, шөлдеп, көп қиындықпен жеткен арман.
ІІ.
1 ж: Туған еліміздің алақандай жері үшін қазақтың небір нарқасқа ұлдары өз өмірін қиды.
2 ж: Кенесары, Наурызбай, Исатай, Махамбет сияқты қазақ жері, қазақ елі үшін жанын шүберекке түйген ата-бабаларымыздың, қазақ елінің намысы үшін сөзден түйін түйген би, шешен аталарымыздың әрбір ісі, әрбір ұлағатты сөзі біз үшін өшпес өнеге.
Көрініс: Сахнада қалмақ ханы Қоңтажы.
1 ж: Сырттан қазақ билері бір топ болып кіреді. Қалмақтар жаратпағаннан сыңай білдіріп, хабарласпайды. Осы кезде бозбала Қазыбек рұқсат сұрап, сөз алады:
Біз қазақ деген мал баққан елміз,
Бірақ ешкімге тиіспей жәй жатқан елміз,
Елімізден құт-береке қашпасын деп,
Жеріміздің шетін жау баспасын деп,
Найзаға үкі таққан елміз.
Ешбір дұшпан басынбаған елміз,
Басымыздан сөзді асырмаған елміз,
Досымызды сақтай білген елміз,
Дәм-тұзын ақтай білген елміз.
Атадан ұл туса, құл боламын деп тумайды.
Анадан қыз туса, күң боламын деп тумайды.
Ұл мен қызын қаматып отыра алмайтын елміз.
Сен қалмақ болсаң, біз қазақ – қарпысқалы келгенбіз.
Сен темір болсаң, біз көмір – еріткелі келгенбіз.
Қазақ, қалмақ баласы табысқалы келгенбіз.
Танымайтын жат елге танысқалы келгенбіз.
Танысуға көнбесең, шабысқалы келгенбіз.
Сен қабылан болсаң, мен арыстан – алысқалы келгенбіз.
Жаңа үйреткен жас тұлпар – жарысқалы келгенбіз.
Тұтқыр сары желіммін – жабысқалы келгенбіз.
Берсең жөндеп бітіміңді айт!
Бермесең дірілдемей жөніңді айт!
Не тұрысатын жеріңді айт!
Қоңтажы: Өзің сөзге келген бала болсаң, отырған орның қандай төмен еді, жоғары шықшы, жоғары.
Қазыбек: Біздің қазақтың әдетінде жасына қарай отырып, жағына қарай сөз сөйлейді, өзімнен үлкен ағаларым төрде отырса, маған төбеде отырғанмен бірдей.
Қоңтажы: Қазақ елшілерін құрметтеп, қонақ қылыңдар, талаптарын орындаңдар.
2 ж: Міне осындай дана билеріміздің тапқырлығының арқасында қазақ елі бір сөзбен бітімге келтіріп, екі ел арасындағы ушыққан дауды тоқтатқан. Бұл да қазаққа тән қасиет, қазақ бірлігі, қазақ даналығы.
Тәттімбеттің «Сарыжайлау» күйі тыңдалады.
1 ж: 1986 жылы 16 желтоқсан Тәуелсіздіктің түп-тамыры желтоқсан оқиғасына байланысты десекте болады. Темір таяқпен, күрекпен, үйретілген иттермен қаруланған, өрт сөндіру машиналарымен жасақталған әскерлер бейбіт жолмен, қарусыз шеруге шыққан қазақ жастарына қол көтеріп, қазақ қыздарының шашынан сүйреп, итке талатты. Сол күндері 8,5 мыңнан астам адам ұсталып, қамалып, азапталды, ұлтшыл деген ат тағылды.
Дәурен: Қайрат деген атым бар,
Қазақ деген затым бар,
Еркек тоқты құрбандық
Атам десең, атыңдар.
Хош, аман бол артымда,
Ағайын-туған азамат,
Артымда қалған ата-анам,
Мен нетермін, нетермін,
Мен келмеске кетермін.
Көрмеген хош бол, таңдарым,
Көре алмай мен өтермін
Ел-жұрт, саған аманат.
Хош, есен бол, халқым қазағым ....
Нұрсара: Өсер елдің қай сәтте де бірлік болмақ қалауым,
Лаула, лаула, желтоқсанның мұзға жанған алауы!
Өздеріңдей өр намысты жас өркені бар елдің,
Ешқашанда еңкеюге тиісті емес жалауы!
Мақпал: Ұлтың үшін, тілің үшін өр бол
Өр болмасаң, өр болғанға төр бол
Егер, егер ... ұлтты сақтай алмасаң,
Сақтар күшті тіпті жақтай алмасаң,
Бүйтіп тірі жүргеніңше, бар бол,
Рухын сатқан ұлтсыздарға қор бол.
«Желтоқсан желі» әні орындалады. Хор.
2 ж: Бабаларымыз ғасырлар бойы қан төгіп арпаласқан, бостандық үшін болған күрестің соңғы нүктесі осы желтоқсан оқиғасында қойылды. Ендігі ән бақытты Қазақстан, тәуелсіз Қазақстан, жарқын болашақты Қазақстан туралы болсын! Енді әніміз, тойымыз үзілмесін!
ІІІ. «Елім менің» хор.
«Туған жер» әнін орындау, Адилхан Нұрай
«Мен қазақпын» - Арыстамбек Диас
1 ж: Оқушылар Отан туралы мақал-мәтелдер айтады.
Ерхан: Отан – елдің анасы, ел – ердің анасы.
Елнұр: Отан үшін күрес-ерге тиген үлес.
Расул: Ел іші – береке, көп ісі – мереке.
Айдос: Ел елдің бәрі жақсы, өз елің бәрінен де жақсы.
Диас: Ер елінде, гүл жерінде.
Мақпал: Туған жердің тасы да болысады.
Нұрсара: Жат жердің қаршығасынан өз еліңнің қарғасы артық.
Зарина: Құртақандай торғай да, өз ұясын қорғайды.
Меруерт: Өз елімнің басы болмасам да, сайының тасы болайын.
Әдемі: Елдің бірлігі ерінен танылар, елдің байлығы жерінен танылар.
Нұрсара: Өзгеге ұл болғанша, өз еліңе құл бол.
«Қазақстан» сөзжұмбақ
|
|
|
|
|
1 |
Қ |
а |
й |
р |
а |
т |
|
2 |
Қ |
ұ |
р |
м |
А |
н |
ғ |
а |
з |
ы |
|
3 |
А |
қ |
ж |
а |
З |
ы |
қ |
|
|
|
|
|
4 |
Ж |
ұ |
б |
А |
н |
|
|
|
|
5 |
М |
і |
р |
ж |
а |
Қ |
ы |
п |
|
|
|
|
|
|
|
|
6 |
С |
а |
р |
а |
|
|
|
|
|
|
|
7 |
Т |
ү |
р |
к |
и |
я |
8 |
Ғ |
а |
с |
ы |
р |
А |
д |
а |
м |
ы |
|
|
|
9 |
А |
м |
а |
Н |
г |
е |
л |
д |
і |
-
Желтоқсан оқиғасының бас қаһарманы.
-
Қазақтың күй атасы.
-
Желтоқсан қарлығашы Ләззаттың туған ауылы.
-
«Мен қазақпын» поэмасын жазған ақын.
-
«Алаш» партиясының басшыларының бірі.
-
Алтын жүректі ана.
-
Қазақстанды алғаш тәуелсіз деп таныған ел.
-
Нұрсұлтан Назарбаевқа берілген атақ.
-
1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілістің сардарбасы.
2 ж: Міне, биыл егемендігіміздің 25 жылдығын тойлап жатырмыз. Қазір Қазақстан 130ға жуық түрлі ұлттар мен ұлыстардың ортақ үйі болып отыр. Ұлтына, нәсіліне қарамастан, қазақтар мен басқа ұлт өкілдері Қазақстан халқын құрайды.
Расул: Құтты мекенге қанатын көктен жайған күн,
Осынау жерге кіндігіммен байландым.
Байырғы қазақ бастарыңа кеп бақ қонған,
Мерекелеріңменен, берекелеріңнен айналдым.
Меруерт: Қарттарын сыйлап, жастарын баулып түлеткен,
Қамысын сүйген, даласын сүйген жүрекпен,
Айналдым сенен, аяулы мекен, дархан ел!
Туған елінің тасына дағы гүл еккен.
Әдемі: Тәуелсіздіктің тағдырын бізге тапсырып,
Бабалар кеткен ұрпаққа тілеп жақсылық.
Бақытқа елді жетелейтұғын ынтымақ.
Бақытсыздықтан құтқара алмас бақсылық.
Елнұр: Көбейе берсін алашым деген нар ұлдар.
Болашақ ұрпақ алдында жүгің ауырлар.
Бағына кіріп бауырмалдықтың, шырқайық!
Бірліктің әнін, тірліктің әнін, бауырлар!
«Атамекен» әні хор.