Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 28 материал табылды

Ашық сабақ «Қазақстан – Республикам менің»

Материал туралы қысқаша түсінік
«Қазақстан – Республикам менің»
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Қазақстан – Республикам менің»

Мақсаты:Отанымызды сүюге, еліміздің рәміздерін қастерлеуге баули отырып, туған жеріне деген сүйіспеншілін ояту. Елін, жерін, тілін, тарихын құрметтейтін жаны таза, адамгершілігі мол азаматты қалыптастыру, патриоттық тәрбие беру.


Мерекеге сай безендірілген залға балалар қолдарында ту ұстап кіреді.

«Алға қазақстан» атты ән ырғағына байланысты қимылдарын орындайды.

Жүргізуші:

Елімінің атын айтса – Қазақстан,

Жерімнің атын айтсам – Қазақстан.

Қойнауы қызынаға толған мекен,

Байлығым атын айтсам – Қазақстан!

Құрметті әріптестер, қымбатты балалар! Сіздерді «Республика күнімен құттықтаймыз!»Осы мерекеге орай өткізілетін «Қазақстан – Республикам менің» атты мерекелік ертеңгілігімізді ҚР Гимнімен бастайық

  1. Гимн(балалар жарты шеңберде тұрады)

Жүргізуші:

Жанарған берекелі еліміз бар,

Даласы гүлге толы жеріміз бар.

Кең өлкем, байлығы, ынтымақты,

Шалқыған айдын шалқар көліміз бар.

Бұл қай ел балалар?

Балалар: Қазақстан.

Жүргізуші: Балалар мемлекеттік рәміздерді атаңдаршы?

Балалар: Ту, Елтаңба, Гимн.

Жүргізуші: Дұрыс, балалар. Қазақстан туы көгілдір түсті, ол ашық аспанды, тыныштықты білдіреді. Тудың ортасында алтын күн; баршаға ортақ нұр сәулесін төгіп тұр. Қалықтап ұшқан құс; ерліктің белгісі.

Ал енді балалардың орындауында:

  1. Ән: «Қазақстан жалауы»

Жүргізуші: Жарайсыңдар балалар, енді мерекеге арналған өлең жолдарын тыңдайық:

  1. Балалар өлең жолдарын оқиды


(музыка әуенімен Желаяқпен Көлтауысар бір есіктен кіріп, екінші есіктен шығып жүгіріп жүреді)

Көлтаусар: тоқта, тоқта Желаяқ, мен шаршадым. Өзің желденде жүйрік екенсің.

Желаяқ: (тоқтай қалып), Міне қызық сендер кімсіңдер? Біз қайда тап болдық.

Жүргізуші: Сәлеметсіңдер ме, сендер «Балбөбек» балабақшасына тап болдыңдар. Өздерің кім боласыңдар?

Көлтауысар: мен Көлтуысармын

Желаяқ: ал мен желаяқпын, балабақша..... ол жерде не істейсіңдер.


Жүргізуші: бізде бүгін мереке. Балалар, айтыңдаршы біз бүгін қандай мерекені тойлап жатырмыз?

Балалар: Қазақстан Республика күнін.

Көлтаусар: ал мерекеде не істейсіңдер?

Жүргізуші: біз ән айтамыз, би билейміз, әртүрлі ойындар ойнаймыз. Төрлетіңіздер мерекені тамашалаңыздар.

Жүргізуші: балалар, Көлтауысар мен Желаяққа өзіміздің өнерімізді, ептілігімізді алғырлығымызды көрсетуге дайынсыңдар ма?

Балалар: Ия

Жүргізуші: ендеше менің сұрақтарыма жауап беріңдер.

1.Қазақстан Республикасының президенті кім? (Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев)

2.Қазақстан Республикасының астанасықай қала? (Астана)

3.Біз қандай елде тұрамыз? (Тәуелсіз мемлекетте тұрамыз)

Көлтаусар:Жарайсыңдар, неткен ақылды балалар.

  1. Би «Домбыра»


Көлтаусар: Жарайсыңдар, билерің тамаша екен.

  1. Ойын: «Тақия тастамақ»

Көлтаусар: жарайсыңдар, ойынды да жақсы ойнадыңдар, мен де бір ойын ойнатқым келіп тұр.

  1. Ойын ата – аналармен «Кім суды тез тауысады»

Көлтаусар: Керемет! Балалары да, ата – аналары да мықты екен.

Жүргізуші: ия, көріп тұрғаныңдай, бізде бәрі мықты. Мерекемізді ары қарай жалғастырайық.

  1. Балалар өлең жолдарын оқиды

  2. Би «Қамшы»

Желаяқ: Жарайсыңдар, мен де бір ойын ойнатқым келіп тұр.

  1. Ойын «Бәйге»

Желаяқ: бәрің шапшаң, желаяқ десе желаяқ екенсіңдер.

Көлтауысар, Желаяқ: біздің қайтатын уақытымыз келді. Бүгінгі мереке құтты болсын, бізге көтеріңкі көңіл – күй сыйлағандарыңа көп рақмет! Сау болыңдар. Ал Көлтаусар мені қуып жет.

Көлтауысар: тоқта, тоқта желаяқ. Рақмет. Сау болыңдар.

(Көлтаусар мен желаяқ музыка әуенімен шығып кетеді)

Жүргізуші: Осымен біздің Республика күніне арналған ертеңгілігіміз өз мәресіне жетті. Отанымыз, жеріміз тыныш болсын келесі кездескенше, аман сау болыңыздар!

  1. Ән «Елтаңбасы елмінің»


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
20.01.2025
102
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12