400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ "Қазақстан аймақтары" 9-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұстаздарға көмек
Материалдың қысқаша нұсқасы

Пән: қазақ тілі
Сынып: 9-сынып
Сабақтың тақырыбы: Қазақстан аймақтары
Сабақтың мақсаты:
1)Білімділік: оқушылардың себеп-салдар салалас құрмалас сөйлем туралы білімдерін қайталау, Тәуелсіз Қазақстан туралы түсінік беру, Қазақстан тақырыбына тілдесімге үйрету.
2) Дамытушылық: оқушылардың қазақша сауатты жазу, сөйлеу және мәнерлеп оқу дағдыларын бекіту, ойлау қабілеттерін дамыту, дүниетанымдарын молайту.
3) Тәрбиелілік: Отанымызды, тілімізді, дінімізді құрметтеуге, басқа ұлт өкілдерімен ынтымақта болуға баулу.
Әдіс-тәсілдер: модульдік, ойын, деңгейлік оқыту технологияларының элементтері, әңгімелу, сұрақ-жауап, ойландыру, мәнерлеп оқу, қайталау, аударма.
Пәнаралық байланыс: тарих, әдебиет, орыс тілі, ән-күй.

№
Сабақтың құрылысы
Уақыты


І Ұйымдастыру
5 мин.

1
Амандасу
1 мин.

2
Ой шақыру.
Миға шабуыл
4 мин.


ІІ Жаңа сабақ
18 мин.

3
Миға шабуыл: сұрақ-жауап
1 мин.

4
Қазақстан туралы видеоролик көру
5 мин.

5
Класстер құрастыру
1 мин.

6
Құрмалас сөйлем құру
3 мин.

7
Етістіе шақтары

2 мин.

8
Мәтінмен жұмыс
4 мин.

9
Грамматикалық тақырыпты қайталау. Не артық?
2 мин.


ІІІ Бекіту
12 мин.

10
Деңгейлік тапсырма. Тақтамен жұмыс
10 мин.

11
Мақал-мәтелдермен жұмыс
2 мин.

12
ІV Қорытынды

8 мин.

13
Тест - диктант

8 мин.

14
V Үй тапсырмасын беру
1 мин.

15
VІ Бағалау
Пән: қазақ тілі
Сынып: 9-сынып
Сабақтың тақырыбы: Қазақстан аймақтары
Сабақтың мақсаты:
1)Білімділік: оқушылардың себеп-салдар салалас құрмалас сөйлем туралы білімдерін қайталау, Тәуелсіз Қазақстан туралы түсінік беру, Қазақстан тақырыбына тілдесімге үйрету.
2) Дамытушылық: оқушылардың қазақша сауатты жазу, сөйлеу және мәнерлеп оқу дағдыларын бекіту, ойлау қабілеттерін дамыту, дүниетанымдарын молайту.
3) Тәрбиелілік: Отанымызды, тілімізді, дінімізді құрметтеуге, басқа ұлт өкілдерімен ынтымақта болуға баулу.
Әдіс-тәсілдер: модульдік, ойын, деңгейлік оқыту технологияларының элементтері, әңгімелу, сұрақ-жауап, ойландыру, мәнерлеп оқу, қайталау, аударма.
Пәнаралық байланыс: тарих, әдебиет, орыс тілі, ән-күй.
Көрнекіліктер: интерактивті тақта, слайдтар, Не артық, Мен білгішпін ойындары.
Сабақтың түрі: дәстүрлі.
Сабақтың типі: аралас.
Сабақтың эпиграфы:
Он алтыншы желтоқсан-
Тәуелсіздік алған күн.
Жасай берсін, ұлы күн! өлең

І Ұйымдастыру
*Оқушылар өлең арқылы амандасады:
-Бүгінгі сабақта сендерді бағалау үшін жауаптарыңа, жұмыстарыңа түрлі төртбұрыштар беріледі. Үздік жауапқа-қызыл, жақсыға-көгілдірі, қанағаттанарлық жауапқа-сарысы. Сендерге тек көк төртбұрыштар легеді деп ойламын.
-Жаңа сабақты бастамас бұрын өткен тақырыптарды қайталайық. Ол үшін Кірпіш ойнаймыз.
* Ой шақыру: Балаларға өткен тақырыптар бойынша сұрақтар қою. Мен білгішпін ойыны

Салт-дәстүрлер:
1. Ұлттық ойындарды ата (Тоғызқұмалақ, алтыбақан, көкпар, қыз қуу, асық, аударыспақ )
2. Қызға байланысты салт дәстүрлерді ата (беташар, келін түсіру, сүт ақы, атастыру )
3. Бала туғанда жасалатын той? (шілдехана)
4. Қырқынан шығару қашан жасалады? (бала туғанына қырық күн толғанда)
5. Тұсаукесер туралы айт. (Тұсаукесер-бала жүре бастағанда жасалатын салт)
Әдебиет:
1. Қазақтың бас ақыны? (А.Құнанбаев)
2. Қызға байланысты салт дәстүрлерді ата (беташар, келін түсіру, сүт ақы, атастыру )
3. Бала туғанда жасалатын той? (шілдехана)
4. Қырқынан шығару қашан жасалады? (бала туғанына қырық күн толғанда)
5. Тұсаукесер туралы айт. (Тұсаукесер-бала жүре бастағанда жасалатын салт)
ІІ Жаңа сабақ.
*Миға шабуыл:
-Біздің туған еліміз, туған жеріміз қалай аталады? (Қазақстан)
- Қазақстан қандай мемлекет? (Тәуелсіз)
-Қазақстан-бұл не? (Қазақстан –біздің Отанымыз)
-Сабағымыздың тақырыбы - Тәуелсіз Қазақстан –біздің Отанымыз
-Ағылшынша қалай болады? (“ Independent Каzаһstan-our Motherland”)
* Тыңдалым:
(Экранда видеоролик көрсетіледі)
ҚАЗАҚСТАН
Қазақстан Республикасы – Еуразия деп аталатын құрлықтар кеңістігінің дәл ортаңғы бөлігінде орналасқан ел. Жерінің аумағы жөнінен ол бүкіл дүниежүзінде 9-орында тұр. Мұндай жерге Франция сияқты 5 мемлекетті сыйғызып жіберуге болады. 2008 жылғы ресми санақ бойынша Қазақстанда 17 миллион шамасында халық тұрады. Жыл өткен сайын бұл цифр ұлғая түсуде. Елімізде 130-ға өлт өкілдері тату тұрады.
Қазақстан Республикасының астанасы 1998 жылы Алматы қаласынан Астана қаласына көшірілген. Ел басшысы – Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 2011 жылы бүкілхалықтық сайлау нәтижесінде сайланған Президент.
Қазақстан Республикасында 14 облыс, 159 аудан, 85 қала, 195 кент, 2150 ауылдық және селолық округтер бар. Азаттық үшін болған екі жарым ғасырдан астам уақыт күрестен кейін қазақ халқы тәуелсіздікке 1991 жылдың 16 желтоқсанында қол жеткізді. Сондықтан да жыл сайын
16 желтоқсан Қазақстан Республикасының тәуелсіздік мерекесі ретінде ресми аталып өтеді. Қазақстан – Біріккен Ұлттар Ұйымының тең құқықты мүшесі. Биыл біздің Тәуелсіздігімізге 25 жыл толыр отыр.
Қазақстан тақырыбына класстер құрастырайық.
Сұрақ-жауап:
-Біздің Отанымыз-Қазақстан қайда орналасқан? (Еуразияда орналасқан)
-Еліміздің астанасы? (Астана)
-Еліміздің ірі-ірі қалалары? (Астана, Алматы, Семей, Қызылорда, Өскемен, Шымкент, Тараз, Қарағанды, Петропавл)
-Президентіміз кім? (Н.Ә. Назарбаев)
-Мемлекеттік тіл қандай тіл? (қазақ тілі)
-Төл валютамыз? (теңге)
-Мемлекеттік рәміздеріміз? (ту, елтаңба, әнұран)
- Қазақстан қандай мемлекет? (тәуелсіз, демократиялық, егеменді, құқықтық, көп ұлтты)
Тыңдалым. Балалар М.Шахановтың Лаула Желтоқсанның алауы өлеңін тыңдайды.
Желтоқсанда шындық жырын шырқаймын деп шарқ ұрдың,
Желтоқсанда егеменді ел болсақ деп талпындың.
Кеудеңде әлі сызы жатыр сол кездегі салқынның,
Айналайын, жас Қайратым- жас өркені халқымның!
Өсер елдің қай сәті де бірлік болмақ қалауы,
Лаула! Лаула! Желтоқсанның мұзға жаққан алауы!
Өздеріңдей өр намысты жас өркіні бар елдің.
Ешқашанда еңкеюге тиісті емес жалауы.
М.Шаханов
-Өлең не туралы? (Желтоқсан оқиғасы туралы)
-Желтоқсанда қандай оқиға болды? (Жастар шеруге шықты)
-Соған байланысты бізде желтоқсанда қандай мемлекеттік мереке? (Тәуелсіздік күні)
Бір-екеуі қазақша оқиды.
-
* Жаңа сөздермен жұмыс: оқушылар бір-бірден оқиды, сөз тіркестерін құрастырады. Қарлы кесек (сөздер тақтада жазып тұрады).
* Мәтінмен жұмыс: 1-тапсырма. Мәтінді оқып, мазмұнын әңгімелеңдер. Негізгі идеяны сызба ретінде жазыңдар.
Тәуелсіз Қазақстан
Бұл дүниеде біздің бір ғана Отанымыз бар. Ол-тәуелсіз Қазақстан. Мемлекеттік тәуелсіздігіміз жарияланғаннан бері Қазақстанды әлемнің жүзден астам елі таныды. Біздің еліміз бірқатар аса беделді халықаралық ұйымдарға, оның ішінде Біріккен Ұлттар Ұйымына, Халықаралық валюта қорына мүше болып қабылданды. Егеменді ел болып, халқымыз өз еркімен тұңғыш Президентін сайлады. Елтаңбамызды, Туымызды белгіледік. Қазақ тіліне мемлекеттік мәртебе берілді. 1991 қазақ жігіті Тоқтар Әубәкіров ғарышқа ұшып, ұлттың мерейін көтерді. Туған жерімізде талай-талай өркенді өзгерістер, жақсы жаңалықтар болып жатыр. Ең бастысы - тату-тәтті ынтымағы жарасқан көп ұлтты халқымыз бар. Біздің туымыз-тәуелсіздік, тілегіміз-бейбітшілік, тыныштық. Еліміздің тұтастыңын, жеріміздің бүтіндігін, халықтарымыздың жарастығын аман сақтау - әрбір азаматтың борышы.Біздің елімізде газеттер 11 тілде шығады, теледидарды 12 тілде көріп, радионы 6 тілде тыңдап жүрміз.
Оқушылар мәтінді кезекпен оқиды, аударады, сұрақтар құрастырады.
*Грамматикалық тақырыпты қайталау.
Не артық? ойыны: 1. қасы, бойы, себебі, сырты.
2. зат есім, салалас, сын есім, сан есім.
Артық сөздерден грамматикалық тақырыпқа ассоциация туындады, грамматикалық тақырып қандай? (себеп-салдар салалас құрмалас сөйлем).
Оқушыларға кеспелер таратылады, сол кеспелердегі сұрақтарға жауап берулері тиіс
- Етістік дегеніміз не? (Заттың іс-қимылын, жай-күйін білдңретін сөз табы етістік деп аталады)
-Сұрақтары? (не істеді? не қылды?)
-Қалай түрленеді? (жіктеледі)
-Қандай грамматикалық категорияларын өттік? (шақ, рай)
-Сөйлемде негізінен қандай сөйлем мүшесі болады? (баяндауыш)
-Етістіктің шақтары? (өткен, осы, келер)
-Етістіктің райлары? (ашық, бұйрық, қалау, шартты)
-Етістік неше жақта жіктеледі? (І,ІІ,ІІІ жақта)
ІІІ Бекіту
Деңгейлік тапсырмалар:
ІІІ деңгей
1. Мәтіннен 10 етістік көшір.
2. Берілген сөздерді септік жалғауларына қарай бағандарға орналастырыңдар.
Қазақстанның, мүшелігіне, елімді, отбасынан, атамекенде, Отаныма, елдермен, мемлекет, жаңалығын, халықпен, туған жеріңді, шекарасы, заңында, қатарларына.
Атау
Ілік
Барыс
Табыс
Жатыс
Шығыс
Көмектес

ІІ деңгей
1. Қазақстан туралы 3 сұраулы сөйлем құрастыр.
2. Екі етістікті жікте.
І деңгей
1. Қазақстан туралы әңгімеле.
2. Қазақстан сөзіне фонетикалық талдау орында.
Деңгейлік тапсырмалардағы талдаулар интерактивті тақтада жазылады.
- Қазақстан-бұл не? (Біздің Отанымыз)
-Отан туралы мақал-мәтелдерді есімізге алайық. Оқушыларға кеспелер таратылады, бір кеспеде мақал-мәтелдің басы болса, екіншісінде аяғы болады. Оқушылар тауып айту керек.
ІV Қорытынды.
Тақтада тест – диктант беріледі, оқушылар дәптерге керекті сөздерді ғана жазады. Содан соң, кезекпен сөйлемдерді айтады.

Тест – диктант

Бұл дүниеде біздің бір ғана ... бар. Ол- ... Қазақстан. Мемлекеттік тәуелсіздігіміз жарияланғаннан бері Қазақстанды әлемнің жүзден астам елі ... . Біздің еліміз бірқатар аса беделді халықаралық ұйымдарға, оның ішінде ... , Халықаралық валюта қорына мүше болып қабылданды.
Егеменді ел болып, халқымыз өз еркімен тұңғыш ... сайлады.
Елтаңбамызды, ... белгіледік. Қазақ тіліне ... мәртебе берілді.
1991 қазақ жігіті ... ғарышқа ұшып, ұлттың мерейін көтерді.
Туған жерімізде талай-талай өркенді өзгерістер, жақсы жаңалықтар ... . Ең бастысы - тату-тәтті ынтымағы жарасқан ... халқымыз бар.
Біздің туымыз-..., тілегіміз-... , тыныштық. Еліміздің тұтастығын, жеріміздің бүтіндігін, халықтарымыздың жарастығын аман сақтау - әрбір азаматтың ... .
Біздің елімізде газеттер 11 тілде ..., теледидарды 12 тілде ..., радионы 6 тілде ....

Керекті сөздер: бейбітшілік, Отанымыз, шығады, тәуелсізді,к көріп, тәуелсіз, таныды, Біріккен Ұлттар Ұйымына, тыңдап жүрміз, Президентін, Туымызды, борышы, мемлекеттік, Тоқтар Әубәкіров, болып жатыр, көп ұлтты.

V. Үй тапсырмасын беру. М.Шахановтың өлеңін жаттау. 2 етістікке морфологиялық талдау жасау.

VІ. Бағалау. Төртбұрыштарды санап бағалау. Мадақтау.
Сабақ аяқталды, сау болыңдар, келе жатқан Тәуелсіздік күні құтты болсын!!!





Қазақстан

аймақтары



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
25 желтоқсан
828
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі