400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық сабақ Қазақстан аумағындағы Кеңестік «еңбекпен түзеу» лагерлері. 9 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
мұғалімдерге көмегі бар
Материалдың қысқаша нұсқасы

Күні:

29.11.2019ж

Пән: Қазақстан тарихы

Сынып:9

Мұғалім:

Серикбаев Ж

Тақырыбы:

Қазақстан аумағындағы Кеңестік «еңбекпен түзеу» лагерлері.

Мақсаты:

ХХ ғасырдың 20–30 жылдардағы әміршіл-әкімшіл жүйе саясатының зардаптарын талдау;қазақ зиялыларының қоғамдағы рөлі мен қызметін талдау

Күтілетін нәтиже:

А) еңбекпен түзеу лагерлері туралы біледі

В) деректер мен дәйектерді салыстыру арқылы репрессия саясатының нәтижесінде орын алған өзгерістерді талдайды

С) ГУЛАГ жүйесінде зардап шеккендер тағдырын сараптайды

Дереккөздер:

Қозыбаев М., Нұрпейіс К., Жүкешев Қ. Қазақстан тарихы. Жалпы білім беретін мектептің 9-сыныбына арналған оқулық. – Алматы: Мектеп, 2013. – 296 б., топтама, портреттер, тақырыптық карта

САБАҚТЫҢ БАРЫСЫ:

Сабақ кезеңдері

Тапсырмалар - Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Тұсаукесер

3 мин

  • «Карта-саяхат»

  • Бұл карта бүгінгі сабағымызға арқау болады. Қандай мәселені көтеруіміз мүмкін?

Сабақ тақырыбын айқындау



Тақырып атауын шығарады

Негізгі бөлім








  • «Ойлан, топтас, бөліс»

І.Қазақстанда не себепті лагерьлер ұйымдастырылды?

ІІ.Лагерьлерге неліктен тек зиялы қауым өкілдері және олардың отбасы мүшелері қамалды?

ІІІ.Жаппай лаңкестік кезеңінен қандай тарихи сабақтар алуға болады?

  • Кинометафора - «Ақтаңдақтар ақиқаты»

Кері байланыс - жұптық жұмыс: «3-3-1»


  • Жеке жұмыс – «Ойды аяқта»

  1. Қарлагта ұзақ жылдар бойы қамауда болып, азап шеккен, Э. Циолковскийдің досы, ғалым – А. Чижевский.

  2. Қарлагта азап шеккен, кейін атақты селекционер, академик, екі мәрте Социалистік Еңбек Ері болған ғалым – В. Пустовойт.

  3. Қарлагта азап шеккен, кейін радиациялық генетиканың негізін салған ғалым – Н. Тимофеев–Ресовский.

  4. Қарлагта азап шеккен, жылу техникасы жөніндегі ірі маман, профессор – В. Пржецлавский.

  5. Қарлагта азап шеккен, Сәулет академиясының корреспондент–мүшесі – Т. Людвиг.

  6. 1931 ж. Қарағанды облысының, Осакаров ауданында негізінен пайда болған қоныс–обсервация – 25.

  7. 101 мың қазақстандықтар ГУЛАГ азабынан өтті, олардың ішінде атылғандары – 27 мыңнан астам.

  8. 1930-1940 жылдары контрреволюциялық қылмыстарды қараған – соттан тыс «үштіктер».

  9. Отанына опасыздық жасағандардың әйелдеріне арналған лагерьде (АЛЖИР) азап шекті – Т. Рысқұловтың, С. Қожановтың, Т. Жүргенов, С. Сейфуллиннің әйелдері.

Мәтінмен өз бетімен танысып, берілген әдіспен топтық талқылауға қатысады




Жеке тапсырма орындайды



Ойланып жауап береді




Қорытынды

5 мин

  • Рефлексия – 3 мин

«Пирамида»

  • Есте сақтау керек маңызды 1 нәрсе

  • Көбірек білгім келетін 2 нәрсе

  • Бұрынан білетін 3 нәрсе

- Мен үйренген 4 нәрсе.

  • Бағалау – 2 мин (белсенділігі төмен оқушыларға «қызыл белгі» беру)



Сабаққа қатысты пікірін айтады



Үйге тапсырма

§19-20(88-90бб) оқу – 1 минут

Күнделіктеріне жазып алады






Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
27.03.2019
1035
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі