|
Сабақ тақырыбы:
|
Қазақстан халқы
Ассамблеясы
|
|
Білімділік:
Дамытушылық:
Тәрбиелік:
|
Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы оқушылардың
ақпараттық қорын молайту. Есімшенің жіктелуін
практикалық
жолмен меңгерту.
Жаңа тақырып бойынша әртүрлі диалогтік минимумдар арқылы сұхбат құру мәдениетін қалыптастыру.
Қарапайым сөйлеу үлгілерін
қолдану арқылы оқушылардың бойында достық қарым-қатынасты,
толеранттылықты қалыптастыру.
|
|
Сілтеме:
|
Оқу
бағдарламасы, «Қазақ тілі» оқулығы.
|
|
Жетістік критерий-
лері:
|
Оқушының орташа жетістігі: сабақ барысында шағын
мәтіндерді талдау, сипаттау арқылы Қазақстан халқы Ассамблеясы
жайлы толық ақпарат бере
алады.
Оқушының жоғарғы жетістігі: тақырып көлемінде
сөйлемдерді құрау арқылы тілдесімге түсіп, Қазақстан халқы
Ассамблеясын сипаттай алады.
|
|
Негізгі түсініктер:
|
Дарқандық, қасіретті, қуғындалу, жер аударылып
келген, ұжымдастыру, ашаршылық, саяси қуғын-сүргін, жан азабы,
босқын, арып-ашу, жатсынбау, бауырына тарту, ажалдан алып қалу, бір
үзім (нан), ұлтаралық келісім, нығайту, өзара түсіністікте,
ұйытқы болу.
|
|
Сабақта қолданыла-
тын материалдар:
|
Интерактивті тақта, слайдтар, «Жерұйық» кинофильмінің бейнебаяны, тақырыпқа қатысты
суреттер, буклеттер, смайликтер.
|
|
Оқыту әдістері:
|
Сипаттау, түсіндіру, сұрақ-жауап, «Шаттық
шеңбері» тренингі, диалог, кластер, жұптық
жұмыс, «Жеке әңгіме» техникасы, «Кім жылдам?» ойыны, сергіту жаттығуы.
|
|
Дереккөздер:
|
Әдістемелік құрал,
дидактикалық материалдар, сөздік.
|
|
Тапсырмалар:
|
|
Сабақ барысындағы мұғалім
мен оқушының іс-әрекеті:
|
|
Тапсырма
|
Мұғалімнің
іс-әрекеті
|
Оқушының іс-әрекеті
|
|
Оқушыларға
психо- логиялық ахуал ту-
ғызу
|
Мұғалім оқушыларды «шаттық
шеңберіне» тұрғызады, сәлемдеседі,
оқушыларды түгендейді.
|
Оқушылар «шаттық шеңберіне»
тұрып, мұғаліммен сәлемдеседі. Бір-біріне сәттілік тілейді, жақсы
тілектер айтады.
|
|
Өткен сабақты
тек-
серу
|
Өткен сабақтың тапсырмасын
тексереді. Кемшіліктерді
анықтайды, түзетеді,
бағалайды.
|
Тапсырманы айтады, тақырып бойынша сұрақтарға жауап
береді.
|
|
Тапсырмалар:
|
|
Сабақ барысындағы мұғалім
мен оқушының іс-әрекеті:
|
|
Тапсырма
|
Мұғалімнің
іс-әрекеті
|
Оқушының іс-әрекеті
|
|
І. Қызығушылықты
ояту
|
Оқушыларға интерактивті
тақтадан «Жерұйық» кинофильмінен үзінді көрсетеді. Сұрақтар қояды: – Балалар, біз
қандай фильмнен үзінді көрдік? Фильмде не
туралы айтылған?
Қазақстан халқы Ассамблеясы
туралы не білесіңдер? Ол қай жылы
құрылды?
Сипаттап айтыңдаршы.
|
Сұрақтарға жауап береді.
Қазақстан халқы Ассамблеясы жайлы білгендерін
айтады, сипаттайды.
|