400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 21 материал табылды

Ашық сабақ "Қазақстан Моңғол шапқыншылығы дәуірінде"

Материал туралы қысқаша түсінік
тарих пәнінің оқытушыларына арналады
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың тақырыбы: Қазақстан даласы монғол шапқыншылығы дәуірінде

Мақсаты:

Білімділік: ХІІІ ғасырда монғол империясының құрылуы, қоғамдық құрылысы, қазақ жерлерін басып алу кезеңдері мен басқыншылық саясатының зардаптары туралы жан-жақты түсінік беру.

Дамытушылық: Өзіндік жұмыстарды жүргіздіру дағдысын жетілдіру, ой-өрістерін дамыту.

Тәрбиелік: Ұлтжанды, елін сүйетін, адамгершілік қасиеттерді бойына жинақтаған, батыл жеке тұлға тәрбиелеу. Тәуелсіздікті құрметпен сезінуге баулу.

Сабақтың көрнекілігі:Техникалық құралдар (компьютер, интерактивті тақта), тірек-схемалар жазылған слайдтар, үлістірмелі карточкалар, маркер, парақшалар, ҚР саяси картасы, кино деректер және т.б

Сабақ түрі: Дәстүрлі сабақ

Сабақты оқытуда қолданылатын әдістер: Интербелсенді әдіс арқылы топқа бөліп оқыту, түсіндіру, сұрақ – жауап, әнгіме, жазбаша және өзіндік жұмыс, тірек кесте, кино дерек мәліметін талдау.

Пәнаралық байланыс: География, Қазақ әдебиеті

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру: (1 минут)

1. Топ студенттерімен амандасу

2. Топ студенттерін түгендеу

3. Аудитория тазалығын қадағалау, топ студенттерін сабаққа бейімдеу


ІІ.Үй тапсырмасы (5 минут)

«Жұмыс столы»

Үй тапсырмасын сұрамас бұрын топ студенттерін топқа бөлеміз. Топ студенттері жаңа тақырыбымыз бойынша Моңғол империясының әскери 3 қанаты бойынша 3-топқа (Барунгар, Зұңғар, Кул) орындарына жайғасады. 1 топ - Барунгар, 2 топ - Зұңғар, 3 топ - Кул. Топқа бөлінгеннен кейін әр топ үй тапсырмасы бойынша сұрақтар құрастырып, басқа топтың жұмыс столына жапсырады. Топ мүшелері қойылған сұрақтардың жауаптарын бірлесіп іздеп табады. Барлық топ қойылған сұрақтарға жауаптарын түсіндіреді. Егер тақырыптан қалып қойған маңызды жерлері болса, мұғалім өзі сұрақ дайындап, әр топқа қояды.

Сұрақтар:

1. Қарахан мемлекетінің өмір сүрген жылдары?

2. Қарахан мемлекетінің негізін салған кім?

3. Қарахан мемлекетінің астанасы қандай?

4. Қарахан мемлекетінің күшеюіне үлес қосқан тайпалар қандай?

5. Қарахан мемлекетінде Ислам дінінің дамуы туралы не білесіз?

6. Мемлекеттің қоғамдық құрылысы туралы не айта аласыз?

7. Қарахан мемлекетінде шаруаларды қанаудың неше түрі болды?

8. Қарахан мемлекетінің дамуында қандай мәдени ескерткіштерді білесіздер?

9. Иқта, мухта, мұзарлар, барзұгар, коммендация сөздерінің мағынасын ашып тұсіндіріңдер?

10. Қарахан мемлекетінің 2 бөлінуі туралы не білеміз?


ІІІ.Жаңа сабақты түсіндіру-(Жаңа сабақтың жоспары слайдтың көмегімен интерактивті тақтада көрсетіледі) (20 минут)

Сабақтың барысы:
Жоспары:
1. Монғолия империясының құрылуы мен қоғамдық құрылысы.
2. Монғолдардың Қазақстан жерін жаулап алуы және оның зардаптары
3. Қазақстан территориясында ұлыстардың құрылуы


Жаңа сабақтың үш бөлімін топқа бөлінген 1 топ-Барунгар, 2 топ-Зұңғар, 3 топ-Кул тақырыптарын постер арқылы қорғап шығады. Әр топқа өзінің тақырыбы бойынша оқулықтар мен қағаз бетіне түсірілген мәліметтер беріледі. Сол мәліметтерге сүйене отырып, берілген тақырыптың маңыздылығын ашып, қалған топтарға түсіндіреді. Постерді қорғамас бұрын, әр топқа 2-2 сұрақтан дайындап, келесі топқа береді. Калған екі топ постер қорғау барысында берілген сұрақтарына жауап алып, постер қорғалып біткеннен кейін, әр топтың жауаптары тыңдалады.


1. XIII ғасырдың басында татар-монғол тайпаларының саяси жағынан басын біріктірген Монғол мемлекеті қүрылады. Оның негізін салушы Темучин 1155 жылы (кейбір деректерде 1162 жыл) Молғолияның Кендітау аймағындағы Онон өзенінің жағасында, Болдоң деген жерде Есугей батырдың отбасында туған. (1155-1227). Темучиннің әкесі «қият» руынанда, анасы «олқұн» руынан шыққан. Шыңғысханның Темучин аталуы әкесі Есугей 1155 жылы татар тайпасына шабуыл жасап, Темучин атты батырын қолға түсіреді. Сол жылы диниеге келген баласын Темучин деп атайды. Темучин 9 жасқа толған кезінде әкесі татарлар қолынан қаза табады. Бала кезінен Темучин әкесін өлтірген татарлардан кек алу өшпенділігімен өсіп, небір шайқастарға қатысып, батырлығыменен, өжеттілігіменен көзге түсе бастайды. Темучин өзінің әскери таланты арқасында және дұшпандарының әлсіздігі мен бытыраңқылығын пайдаланып, 1183-1204жж негізгі жаулары татар, қонырат, жалайыр, ойрат, керей, меркіт, онғыт тайпаларын талқандап, кең байтақ территорияны басып алады. Сөйтіп онда мекендеген көптеген ру-тайпалық одақтардың бірден-бір билеушісі болады.

1206 жылы монғолдардың құрылтай жиынында Тимучинге Шыңғысхан (түркі тілінде «теңіз»,) деген атақ беріп, оны монғолдардың ұлы өміршісі етіп сайлайды. Шыңғыс ханның бәйбішесі Бөртеден тараған Жошы, Шағатай, Үгедей, Төле деген төрт ұлы бар.



Моңғол мемлекетін Шыңғыс хан жеке басқарды. Жанында жаза білетін және басқа елдің тілін түсінетін уәзірлері болған.

Бүкіл территориясы мен халқы оңқанат (барунгар), сол қанат (зұңғар – жоңғар) және орталық (кул) атты үш әскери округке бөлінді. Әрбір округ «түменге» (түмендер) бөлінді. Олардың әрқайсысы оң мың адамнан тұрды, «мыңдар» – он «жүзден», ал «жүздер», - «ондықтан» құралды.

Бұдан басқа Шыңғыс-ханға 10 мың өзіне шын берілген таңдаулы жауынгерлерден тұратын «кешіктен» (гвардиясы) қызмет етті. Оның көмегімен Шыңғыс-хан нояндар мен басқа феодалдарды өзіне тәуелді етіп ұстады.

Моңғол мемлекетінің басты заңы «Жасақ» (ЯСА) Ол 2 бөлімнен тұрды.

  1. бөлімінде Шыңғыс ханның нақыл сөздері

  2. бөлімінде әскери, азаматтық істерді орындаудағы жалпы заңдар және жазалау ережелері туралы айтылған.

«Жасақ» бойынша өкімет билігінің жоғарғы органы «Құрылтай» болды. Құрылтай бір рет жаз айында шақырылды. Құрылтайдағы басты мәселе алдағы болатын соғыс туралы айтылды.


2. Шыңғыс хан Найман, Жалайыр, Керей сияқты Моңғолия жеріндегі түрік тілдес елдерді өзіне қаратқан соң, көрші жатқан елдерді жаулап ала бастады.

-1207-1208 жылдары үлкен баласы Жошы Енисей қырғыздары мен Сібір халықтарын басып алады.

-1207-1209 жылдары Шыңғысхан таңғұттардың мемлекетін, одан кейін Тұрфан кінәздіктерін өзіне қаратып, ұйғырларды бағындырады.

-1211-1215 жылдар арасында Қытай жерін басып алып, олардың тас атып дуал құлататын, от лақтырып өрт шығаратын соғыс техникаларын қолға түсіреді және оны пайдалана білетін адамдарында алған.

Сөйтіп, ол Шығыс Еуропа мен Алдыңғы Азияға жол ашатын Орта Азия мен Қазақстанды жаулап алуға дайындалды. Бұл үшін ол мұсылман көпестерінен, босқындардан мәлімет жинады.

-1218 жылы Моңғолдар Жетісу жеріне енеді. Шыңғыс хан Қазақстан мен Орта Азияға жорықты Жетісу арқылы жүргізбекші болды. Өз басының жауы болған найманның ханы Күшлік ханды талқандап, бай қалалары бар Жетісуды өзіне қарату үшін оған Жебе ноян бастаған әскерін жібереді. Жетісуды Шыңғыс хан көп қарсылықсыз басып алды. Моңғолдарға қарсы тұруға жарамай қашып кеткен Күшлік-ханның жігерсіздігіне, оның діни құдалауларына, салықпен зар илеткен зорлық – зомбылығына ыза болған найманның феодалдары Шыңғыс-ханға мойынұсынатынын білдіріп, өз әскерлерімен оның қызметіне кірді.

Шығыс Түркістан мен Жетісуды басып алғаннан кейін моңғолдарға Оңтүстік Қазақстан мен Орта Азияға жол ашылды. Қазақстанға басып кіруге «Отырар опаты» деп аталатын жағдай себеп болды.

Шыңғыс-хан Орта Азияға саудагерлер басқарған сауда көруенін жіберді, 450 адамы бар 500 түйелік сауда керуені 1218 жылы жаз айында Отырар қаласына келіп жетеді. Отырар әміршісі Ғайыр-хан Иналшық жансыз тыңшылар деп күдіктеніп, оларды қырып тастауға бұйырып, керуенді тонап алды. Осының өзі Шыңғыс-ханның Хорезмге қарсы соғыс ашуына себеп болды, алайда бұл соғыстың себептері оның бүкіл жаулап алу соғыстарының негізіне алған себептер болатын.

1219 жылы қыркүйекте 150 мыңға жуық Шыңғыс-ханның қалың қолы Ертістен Сырдарияға қарай қаптайды.

Осы 1219 жылы Жошы бастаған әскер Сырдарияның төменгі ағысындағы қалаларға аттанады.

3-ші бөлік Сырдарияның жоғарғы ағысындағы қалалар мен қыстақ кенттерді алуға аттанады.

1219 жылы Шағатай мен Үгедей бастаған түмендер Отырарды қоршауға алады. Отырар қаласы алты ай бойы берілмей қарсыласады. Қараджа – Хаджиб атты сатқын өзі басқаратын Отырар әскерінің 10 мың адамынан тұратын бір бөлігімен хан қақпасын ашып шығып, өз отрядымен моңғолдарға берілгенде ғана моңғолдар осы қақпа арқылы қалаға лап қойды. Қараджа – Хаджиб өлтірілді. Алайда, моңғолдарға қаланы алу үшін тағы бір ай уақыт керек болды. Қамалды қорғаушылар тегіс қырылғаннан кейін барып, қала 1220 жылы ақпанда алынды. Ғайыр-хан қолға түсіп, Шыңғыс-ханның алдында әкелген жерде қатал жазаланып өлтірілді.

Сөйтіп, Отырар қамалын жермен – жексен етіп, Шағатай мен Үгідей бастаған моңғол отрядтары Шыңғыс-ханға келіп қосылды. Бұл кезде Шыңғыс-хан мен Төле Бұқара мен Самарқанд арасындағы жолда болатын.

Сығанақ қаласы 3 ай бойы, Ашнас қаласы 15 кун бойы берілмеген. 1219-1220 жылдар арасында бүкіл Сырдарияның бойындағы қалалар мен қыстақ кенттер Моңғолдардың иелігіне өтеді.

5 жылдың ішінде 1919-1924 жж Қазақстан мен Орта Азия Шыңғыс хан империясының құрамына енді.

Шыңғыс-хан әскерлерінің басқыншылығы жаулап алған елдер үшін өзінің зардабы жағынан ең ауыр апат болды, ол көптеген халықтардың экономикалық және мәдени прогресін, олардың саяси әлеуметтік, этникалық дамуын ұзақ уақыт тоқыратты.

Моңғолдардың жаулап алуы салдарынан өндіргіш күштер талқандалып, адамдар жаппай қырылды, өркендеп тұрған қалалар жер бетінен ғайып болып, материалдық және мәдени қазыналар жойылып кетті, ондаған мың тамаша шеберлер мен қолөнершілер құлдыққа айналды. Жаулап алған елдерде індеттер таралып, жаппай жоқшылық басталды.

Жетісу аймағында шапқыншылыққа дейін 200-ден астам елді-мекендер болса, одан кейінгі ХІІІ-ХІV ғасырларда 20-жуық елді-мекендер қалған;

-Баласағұн қаласының орны мүлдем жоғалып кеткен;

-Егін шаруашылығының жүйесі бұзылды;

-Халықтардың этникалық құрамы мүлде бұзылды;

-Қазақ халқы қалыптасуының аяқталуы 200 жылға кешеуілдеді;

-Мәдениеттің дамуына кедергі болды.



3. Шыңғыс жаулап алынған жерлерді бәйбішіден тараған 4 ұлына ұлысқа бөліп берді. «Ұлыс» - бөліп берілген жерлер.

Шыңғыс хан Ертістен батысқа қарай төменгі Еділге, Орал тауларына дейінгі, одан әрі қарай «моңғол атының тұяғы тиетін жер» «Каспий», оңтүстікке Арал теңізіне дейінгі жерді үлкен ұлы Жошының билігіне берді. Бұл жерлер «Жошы ұлысы» деп аталады. Жошының ордасы Ертіс алқабында болды.

Орта Азиядағы иеліктерінен Жошы ұлысына — Амудың төменгі жағындағы аудандар (Солтүстік Хорезм) мен Сырдария кірді.

Шыңғыс ханның екінші баласы Шағатайдың үлесіне Оңтүстік Алтайдан Амударияға дейін, Мәуереннахр мен Жетісу жерлері берілді. Оның ордасы Іле алқабында болды.

Үшінші баласы Үгедейге Батыс Моңғолия мен Тарбағатай жері қарады. Оның ордасы қазіргі Шәуешек қаласы маңы.

Кіші ұлы Төле Шыңғыс хан жұрты Моңғолияны иеленді.

Сонымен Қазақстан жері моңғолдың үш ұлысының құрамына: үлкен (далалық) бөлігі — Жошы ұлысының, Оңтүстік және оңтүстік-шығыс Қазақстан — Шағатай ұлысының, Жетісудың солтүстік-шығыс бөлігі Үгедей ұлысының құрамына кірді.

1227ж. Шыңғысхан қайтыс болғаннан кейін, Монғолия үлысы бірнеше теуелсіз мемлекеттерге бөлініп кетеді.


IV. Сабақты бекіту тапсырмалары: (17 минут)

  1. «Шыңғыс хан» киносынан үзінді көрсетіп, студенттермен пікірлесу (18 серия)


  1. Шыңғыс ханның «Жасақ» заңы бойынша 1-бөлімінде Шыңғыс ханның нақыл сөздері,

2-бөлімінде әскери, азаматтық істерді орындаудағы жалпы заңдар және жазалау

ережелері туралы айтылған. Әлеуметтік желіден осы 2 бөлімге қатысты мәліметтер

жинақтаңдар.


3. Сөзтізбек. Ойлан тап

Мына сөзтізбектің мағынанын ашаңыздар.

1962 жылы Кендітау жерінде Гурван көлі жағасында үлкен мәрмәрдан ескерткіш орнатылған,

онда Шыңғыс ханның өсиет сөзі жазылған.

«Құлаш денем құласа құласын, құраған елім, қолымдағы байрағым құламасын»


4.Үш топқа жеке тапсырмалар беріледі


1-топқа

«Түйінді сөздер» табу.
1.«Жасақ» («Яса») – заң жинағы.
2.«Құрылтай» - жылына бір
рет болатын кеңес.
3.«Барунгар» - оң қанат.
4.«Кул» - орталық қанат.
5.«Мыңбасы» - бір мың әскердің басқарушысы.
6.«Зұңғар» - бірнеше ұлыстың бірігуі.

7. «Хан», «қаған»- мемлекет билеушісі.

2-топқа

«Картамен жұмыс»

Шыңғыс хан жаулап алынған жерлерді бәйбішіден тараған 4 ұлына ұлысқа бөліп берді. Шыңғыс хан Қазақстан жерін неше ұлысқа бөлді. Картадан осы ұлыс территориясын көрсетіңіздер?


3-топқа

«Хронология мен тарих оқиғаны сәйкестендіру» Сандарды сөйлетейік.
1. 1211-1215 – Қытай жерін басып алып, олардың тас атып дуал құлататын, от лақтырып өрт шығаратын соғыс техникаларын қолға түсірді
2.
1919-1924 – Қазақстан мен Орта Азия Шыңғыс хан империясының құрамына енді.
3. 1227 – Шыңғысхан мен оның ұлы Жошының қаза табуы.
4.
1155 – Темучин дүниеге келді.
5. 1
206 – Темучиннің Шыңғысхан атануы.
6. 1
220 – Отырардың жау қолына көшуі.

7. 1218 жылы – Шыңғыс ханның 450 адамы бар 500 түйелік сауда керуені Отырар қаласына келеді


V. Бағалау. (1минут) Бағалау бетшесі арқылы бағаланады

VI. Үйге тапсырма: (1минут)

Шыңғыс хан туралы мәлімет жинау. М.Шахановтың «Отырар дастаны» мәнерлеп оқуға


VII. Пайдаланылған әдебиеттер:

Ә.Төлеубаев, Ж.Қасымбаев, М.Қойгелдиев, Е.Қалиева, Т.Далаева «Қазақстан тарихы»

10-сынып Алматы «Мектеп» 2014ж.












































ЖШС «КАСПИЙ ӨҢІРІ «бОЛАШАҚ» колледжі»






«Келісемін» «Бекітемін»

Әдіскер: З.Б.Өтеген Әдістемелік кабинет меңгерушісі

DrawObject1 « » 2018 ж. Р.К. Кадирханова

« » 2018 ж.













Ашық сабақ


Тақырыбы: «Қазақстан даласы монғол шапқыншылығы дәуірінде»














Өткізген: оқытушы Ф.Ж.Ауезова












Ақтау-2018

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
21 ақпан
2132
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі