Ашық сабақ
«Қазақстан қалалары. «С»
дыбысы»
Өткізген: логопед
А.С.Бисембаева
Сабақтың тақырыбы: «Қазақстан қалалары.
«С» дыбысы»
Сабақтың мақсаты:
Оқушыға Қазақстан қалалары туралы білімін
толықтыра отырып, олардың орналасу бағыты, ерекшеліктері туралы
түсінік беру.
С дыбысының дұрыс артикуляциялық қалпын еске
түсіру. Оқушының С дыбысын буында, сөзде, сөйлемде және мәтінде
дұрыс айтуын бекіту. Тапсырмаларды орындай отырып оқушының
ой-өрісін дамыту, сөздік қорын байыту, дұрыс есту
қабілетін дамыту.
Отанға
деген сүйіспеншілігін арттыру, өз туған жеріне қамқор болуға,
тарихын білуге шақыру.
Сабақтың түрі:
қайталау сабақ.
Сабақтың әдісі:
Сұрақ-жауап, әңгіме.
Сабақтың көрнекілігі:
Компьютер, суреттер, карточкалар, айна,
Қазақстанның картасы.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі
- Сәлеметсің бе, Жандос!
-
Көңіл күйің қалай?
-
Бүгін бізде ерекше сабақ, себебі бүгінгі сабағымызға қонақтар
қатысып отыр. Қане, қонақтармен амандасып алайық.
Артикуляциялық жаттығулар.
- Өте
жақсы, олай болса алдымен сабақ бастамас бұрын біз артикуляциялық
жаттығу орындаймыз. Қане, айнаның алдына отырамыз да, келесі
жаттығуларды орындаймыз.
-
«Тіс
тазалаймыз»,
-
«Тәтті тосап»,
-
«Сағат»,
-
«Ине»,
-
«Күрекше»,
-
«Тыңдамайтын тілді жазалау».
- Өте
жақсы, жарайсың! Енді біз ауыз алдының мимикалық жаттығуларын
орындаймыз:
-
Ерінді түтікше жасау,
босаңсыту;
-
Жымию, босаңсыту;
-
Екі ұртын кезек-кезек
томпайту;
-
Ауызды ашу, ерінді
дөңгелету, босаңсыту;
-
Ысқыру;
-
Жоғарғы тістерді
көрсету;
-
Төменгі тістерді
көрсету;
-
Жоғарғы және төменгі ерінді
жалау;
-
Ұртына ауа толтыру,
босаңсыту;
-
Ұртын ішке тарту,
босаңсыту;
-
Астыңғы еріннің астына ауау
толтыру;
-
Үстіңгі еріннің астына ауа
толтыру;
- Өте жақсы! Енді жаңа сабағымызды
бастаймыз.
ІІ. Жаңа сабақ
- Мынау не? (Қазақстанның
картасы ілінеді)
- Әрине, бұл Қазақстанның картасы.
Олай болса бүгінгі біздің сабағымыздың тақырыбы «Қазақстан
қалалары» деп аталады. (Қазақстан қалалары туралы қысқаша мәлімет
айту.)
Біздің Отанымыз - Қазақстан. Қазақстан –
тәуелсіз, егеменді, өте бай, ең үлкен мемлекет. Қазақстанның жері
өте үлкен, топырағы да аса құнарлы.
Қазақстанда 16-дан астам ірі қала бар.
Солтүстікте – Көкшетау, Қостанай, Петропавл, Павлодар. Шығыста –
Өскемен, Семей қалалары орналасқан. Оңтүстікте – Қызылорда,
Талдықорған, Түркістан, Тараз, Шымкент, Алматы. Батыста – Орал,
Ақтөбе, Атырау, Ақтау қалалары.
Ең
үлкен қалалары - Алматы, Шымкент, Қостанай, Қарағанды болып
саналады. Әр қаланың өз ерекшеліктері бар. Мысалы, Қызылорда
күрішке бай болса, Атырау мұнайға бай. Көкшетаудың табиғаты өте
сұлу. Қостанай – астыққа ең бай өлке. Ал Алматы апорт алмасымен
әйгілі қала. Еліміздің жүрегі, әсем қала - Астана
қаласы.
- Жақсы саған жаңа тақырып туралы
түсінікті болса, өткен сабақта біз қандай дыбысты айтқан
болатынбыз, қане, есімізге түсірейікші. Дұрыс айтасың, «С»
дыбысымен жұмыстандық. Олай болса, С дыбысының дұрыс айтылуын еске
түсіріп жіберейікші. (дыбыс кескіні бойынша дұрыс айтылуын еске
түсіріп қайталау).
- Өте жақсы, сен С дыбысын
ұмытпаған екенсің. Олай болса, бүгінгі сабақта біз С дыбысын буын,
сөз және сөйлем ішінде дұрыс айтуды жаттығамыз.
ІІІ. Тапсырмалар
-
Жандос, олай болса біз тапсырмаларды орындауға көшейік.
1.
Дыбысты тап;
Мен қазір көптеген сөздер
оқимын, ал сен сол сөздердің ішінен с дыбысын естігенде қолыңдағы
белгіні көтересің.
Сөздер: сана, шана, сағат,
асық, қуыршақ, шалбар, кесе, ағаш, шаңырақ, шар, асық, машина,
сылдырмақ, шеңбер, есек, өзен, түзу, сегіз.
2. Буындардан сөз
құра;
Саған
мынадай карточкалар беремін, онда түрлі буындар бар. Сол буындарды
қолданып, сөз ойлап дәптеріңе жазуың керек.
Буындар:
са,се,су,сы,со,сі,ас,ыс,ес,үс,өс.
3.
Сергіту жаттығуы: «Су-Джок» терапиясы.
«Су-Джок» терапиясының шарларын қолданып, алақанымызға
массаж жасау;
4. Сөйлем құра;
Берілген
карточкалардың орнын ауыстыру арқылы сөйлемдер құрастыр.
5.
Мәтінмен жұмыс.
1) Саған
мәтін беріледі, оқып ішінен с дыбысы бар сөздерді көшіріп
жазасың.
2)
Сөздерді көшірген соң, с әрпінің астын сызып, сөздегі орнын
табасың. (сөз басы, ортасы, соңы).
Егеменді Қазақстан
Менің туып өскен жерім
- егеменді Қазақстан. Қазақстан – үлкен мемлекет. Қазақстанда 14 облыс
бар. Қазақстанның байлығы өте көп және қазынаға бай ел. Біздің
еліміздің табиғаты өте сұлу. Биік асқар таулар, мөлдір көлдер, неше
түрлі өсімдіктер мен дәрілік қасиеті бар шөптер өседі. Қазақстан жерінде аңдар мен
құстар, неше түрлі жануарлар
мекендейді. Мен өз елімді мақтан тұтамын.
ІҮ. Қорытынды
- Сабақты
қорытындылау;
- Бүгін сабақта не
істедік?
- Қай тапсырма саған
ұнады?
- Несімен
ұнады?
- Өте жақсы, жарайсың,
сен бүгінгі сабаққа жақсы қатыстың. Енді үйге тапсырмасын ала
ғой.
Тақпақ жаттау
Елорда
Киелі менің Елордам,
Арудай сұлу таранған.
Береке-бірлік, достықтың
Тұнығынан нәр алған.
Жайнай бер, жаңа Астанам,
Ертегідей ғажап бас қалам.
Ынтымақтың тербеп бесігін,
Тәуелсіз ел көшін бастаған.