Материалдар / Ашық сабақ "Қазақстан қалаларына саяхат" 5 сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ашық сабақ "Қазақстан қалаларына саяхат" 5 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
5-сынып мұғалімдеріне көмек
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Желтоқсан 2017
1918
2 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Пәні: қазақ тілі

Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: Бос уақыт және хобби Мектеп: М.Әуезов атындағы орта мектеп

Күні: 13.12.2017 жыл Мұғалімнің аты-жөні: Досанова Гулзар

Сынып: 5 «А» Қатысқандар: 25 Қатыспағандар: 0

Сабақ тақырыбы:


Қазақстан қалаларына саяхат

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламысына сілтеме)

5 О 4 Ауызекі стильдегі мәтіндердің мазмұнын, тақырыбын және тілдік құралдарын салыстыру.

5 Ж 1 Берілген мәтінге сәйкес кіріспе, негізгі және қорытынды бөлімдерді қамтитын қарапайым жоспар құру.

Сабақ мақсаты



Барлық оқушылар:

  • Ауызекі стильдегі мәтіндердің мазмұнын, тақырыбын және тілдік құралдарын салыстырады;

  • Берілген мәтінге сәйкес кіріспе, негізгі және қорытынды бөлімдерді қамтитын қарапайым жоспар құрады.

Оқушылардың көбісі:

  • Бейнебаян бойынша ауызекі сөйлеу стилінде диалог құрады.

Кейбір оқушылар:

  • Тақырыпқа қатысты қойылған жабық сұрақтарға өмірмен байланыстырып, нақты дәлелдермен жауап береді.

Ойлау деңгейлері

Қолдану

Бағалау критерийі

  • Мәтіндердің мазмұнын, тақырыбын анықтайды.

  • Тілдік құралдарға салыстыру жасайды.

  • Мәтін құрылымын сақтайды.

  • Құрылымына сәйкес жоспар құрады.

Тілдік мақсат

Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер:

  • Ауызекі сөйлеу стилі, сұхбат, эмоционалды сөздер;

  • Саяхат, даңғыл, Конгресс-холл, мұнара, ықшамаудандар, кешен, телемұнара, қорық, эмблема, Грейг жауқазыны, сорт, апорт

Диалогтер мен жазу үшін қолданылатын тіркестер:

Бос уақыт, қалаға саяхат, көрікті жерлер, спорттық кешендер;

  • Бос уақытымда ... мақсат етемін.

  • Мен ... саяхат жасағым келеді.

Жоғары дәрежелі сұрақтар:

  • Қазақстанның ең көрікті қаласы қай қала деп ойлайсың?

  • Қай қалада туризмді дамытуға болады деп есептейсің?

  • Қазақстанның әр қаласы несімен ерекшеленеді?

Құндылықтарға баулу

«Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясының 6-құндылығы «Тарихтың, мәдениет пен тілдің біртұтастығы» бойынша қазақстандық патриотизмге тәрбиелеу

Пәнаралық байланыс

Картадан көрсету және сұрақтар арқылы қалалар туралы түсінік беру.

Тақырып бойынша алдыңғы білім

Бос уақытта саяхаттау пайдалы

Сабақтың барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Жоспарланған әрекеттер (төмендегі жазбаларды өзіңіздің жоспарлаған әрекеттеріңізбен)

Ресурстар

Сабақтың басы

  1. мин

Қызығушылықты ояту
Оқушыларға «Кіру билетін» беріп, Қазақстанның 5 облыс орталығы бойынша топқа бөлініп отырады.

«Дұрыс-Бұрыс» әдісімен өткен сабақтағы білімдерін тексеру.

Сұрақтар:

  • Атырау жалқы есім.

  • Ата-ана дара зат есім

  • Екібастұз күрделі зат есім болады.

  • Кітап сөзі кім деген сұраққа жауап береді.

  • Қостанай не деген сұраққа жауап береді.

  • Достық сөзі туынды зат есім болады.

  • Айна дерексіз зат есім.

  • Тау сөзі деректі зат есім.

  • Шымкент жалпы есім.

  • Тараз сөзі негізгі зат есім болады.

( Көбіне қандай сөздер айтылғанына назар аударту)

Картадан көрсетіледі.

Ой шақыру сұрақтары:

  • Қазақстанның қандай көрікті жерлерін білесіңдер?

  • Бос уақыттарыңда саяхатқа шығуды мақсат етесіңдер ме?

  • Қай қалаға саяхат жасағыларың келеді?


Сабақ тақырыбы мен мақсатын, бағалау критерийлерін таныстыру.

Слайд, карта, «Кіру билеті», дұрыс, бұрыс кеспелері

Сабақтың ортасы

22 минут


«Стоп кадр» әдісімен бейнебаяннан үзінді көрсетіледі.


Астана қаласындағы EXPO көрмесіне барған оқушылар диалог құрады.


Ауызекі сөйлеу стилінің ерекшелігін нақтылау.


ЖЖ «Ойлан, бірік, бөліс» әдісі

Тапсырма. Берілген екі мәтінді мазмұн, тақырып жағынан салыстырыңыз. Әр мәтіндегі тілдік құралдардың айырмашылығын анықтаңыз.


Дескриптор

- әр мәтіннің тақырыбын сөз тіркесімен береді;

- әр мәтіннің қысқаша мазмұнын 3 сөйлеммен жеткізеді;

- мәтіндердегі ауызекі сөйлеу стиліне тән сөз тіркестерін теріп жазады.


ҚБ «Мадақтау сэндвичі»


Ширату жаттығуы. «Қалаға саяхат» ойыны.

Ортаға қима қағаздарға жазылған сөздер тасталады. Оқушылар бір-бірден алып, сөздеріне сәйкес жарға жапсырылған қалаларының тұстарына барып тұрады.

Қалалар: Астана, Атырау, Алматы, Көкшетау, Семей

Сөздер: Махамбет атындағы драма театры, Исатай-Махамбет алаңы, Х.Досмұхамбетов атындағы университет, Ф.Оңғарсынова, мұнай, Д.Нұрпейісова атындағы музыкалық академия, Көктөбе, Алатау, «Медеу» мұз айдыны, аппорт, «Балдәурен» сауықтыру лагері, Жұмбақтас, полигон, Оқжетпес тауы, Хан шатыры, Бурабай көлі, Бәйтерек, Қазақ елі монументі, ЭКСПО көрмесі, Есіл өзені, Ақорда, Пирамида, Абай, Шәкәрім, М.Әуезов


ТЖ «Тізбектеп оқу» әдісі. Топ оқушыларына оқулықтағы 4-тапсырмадағы мәтін 5 бөлікке бөлініп, ортаға тасталады. Мәтін бөліктерін оқып танысып, бір-біріне түсіндіреді, өзара сұрақтар қойып, әңгімелеседі.


Ж Тапсырма. Берілген мәтінге сәйкес кіріспе, негізгі және қорытынды бөлімдерді қамтитын қарапайым жоспар құрыңыз.


Дескриптор

  • мәтін құрылымын сақтайды;

  • құрамына сәйкес жоспар құрады.


ҚБ «Белсенді қимыл»


«Ашық микрофон» әдісі

  • Қазақстанның қай қалаларында туризмді дамытуға болады деп есептейсің?

  • Әр саяхатшы Астананы көруді неліктен армандайды?

  • Атырау қаласының қандай ерекшеліктерін мақтаныш етесің?

  • Өз өңірімізді туризмді дамытуға қолайлы аймақ деп ойлайсың ба? Оны болашақта қалай жүзеге асыруға болады?


Таратпа мәтіндер, оқулық, слайд, бейнебаян

https://www.youtube.com/watch?v=bEEml_Ef9uA
































Соңы


Кері байланыс


5 мин


«Шығу билетін» толтыру

  • Сіз бүгін не үйрендіңіз?

  • Сіз тағы не білгіңіз келеді?


Үйге тапсырма. Ауызекі сөйлеу стилінде досымен Қазақстан қалаларының біріне жасаған саяхаты туралы диалог құру.


«Шығу билеті»

Саралап оқыту – Көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз?

Бағалау – Оқушылардың берілген материалды меңгеру деңгейін қалай тексересіз?



Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау










Рефлексия

Сабақ мақсаттары мен оқу мақсаттары жүзеге асырылды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді?

Оқыту ортасы қандай болды? Менің бөліп оқытқаным өз мәнінде жүзеге асты ма?

Мен өз уақытымды ұтымды пайдалана алдым ба?

Қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Төменде берілген бос орынды өз сабағыңызға рефлексия жүргізу үшін пайдаланыңыз. Сабағыңызға қатысты сол жақта келтірілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Ауызекі сөйлеу стилінде диалог құру.

Дайын жоспар арқылы мәтін сюжетін жүйелі құрайды.

Суретке байланысты ауызекі сөйлеу стилінде мәтін құрады.


Қорытынды бағалау

Ең жақсы өткен екі тапсырманы атап көрсетіңіз (оқытуға және үйренуге қатысты)

1:

2:

Қандай екі нәрсе немесе тапсырма сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (оқытуға және үйренуге қатысты)?

1:

2:

Осы сабақтың барысында барлық сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағыма қажет болуы мүмкін қандай ақпаратты білдім?

1:

2:




Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!