жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Ашық сабақ: Қазақстан рәміздері
Пән: Дүниетану Бөлім: Салт-дәстүр және ауыз әдебиеті Сынып: 1 «Б» |
Мектеп: №62 гимназия Мұғалімнің аты-жөні: Құзанова Б.Қ Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: |
|||
Сабақтың тақырыбы |
Қазақстан рәміздері
|
|||
Ұзақ мерзімді оқу мақсаты: |
1.3.5.2 Тәуелсіз мемлекеттің негізгі белгілері туралы әңгімелеу. 1.3.5.1 Қазақстан Республикасының рәміздерін өзге елдердің рәміздерінен ажырату.
|
|||
Сабақ мақсаттары |
Барлық оқушылар: Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерімен танысады; Көпшілік оқушылар: Тудағы бейнелердің мағынасын біледі; Кейбір оқушылар: Мемлекеттік рәміздерді құрметтеуді үйренеді; |
|||
Бағалау критерийлері |
|
|||
Ойлау дағдысының деңгейі: |
Білу, түсіну. |
|||
Тілдік мақсаттар:
|
Пәнге қатысты сөздік қор мен терминология: Ту – флаг - flag, Елтаңба – герб – Coat of arms, Гимн – гимн - anthem, мемлекеттік рәміздер – государственные символы – state symbols; Сыныптағы диалог:
|
|||
Құндылықтарды дарыту |
Топтық,жұптық жұмыстарды орындау барысында ынтымақтастық орта қалыптастыру. Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу. |
|||
Пәнаралық байланыстар |
Жаратылыстану, Математика |
|||
АКТ қолдану дағдылары |
Интербелсенді тақта |
|||
Алдыңғы білімді игеру |
Дәстүр және фольклор. Мен қазақпын |
|||
Сабақ барысы |
||||
Жоспарланған уақыт |
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет
|
Ресурстар |
||
Сабақтың басы 5 мин |
Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру,шаттық шеңберіне тұру:
Балалар, бір-біріміздің қолымыздан ұстап, алақан арқылы жүректің жылуын сезініп үйренген қандай тамаша, қандай қуаныш! -деп бір-бірімізге жақсы тілектер айтқызамын. Шеңбер бойымен білім алушылар күн,ұлттық оюлардың және қыран суреттерін ала отырып 3 топқа бөлініп отырады. Топ басшыларын таңдайды. Және топтық жұмыста ең көп күлегеш жинаған топ «Ең білімпаз» тобы деп марапатталады.
|
|
||
Сабақтың ортасы 5 мин
3 мин
2 мин
2 мин
3 мин
5 мин
5 мин
2 мин
3 мин
|
-Біз қандай мемлекетте тұрамыз? -Біз Қазақстанда тұрамыз. -Біздің мемлекетіміз қандай? -Тәуелсіз мемлекет -Тәуелсіз мемлеттің нелері болады? -Рәміздері болады. -Рәміздерге не жатады? -туы,елтаңбасы,әннұран -Иә дұрыс айтасыңдар,біз Қазақстанда тұрамыз.Қазақстан тәуелсіз мемлекет.Тәуелсіз мемлекеттің рәміздері туы, елтаңбас, әннұраны болады. Енді интерактивті тақтаға назар аударайық. Сабақты Ибрагим Ескендірдің орындауында «Көк Тудың желбірегені» әнін тыңдаудан бастаймын. Бейнебаяннан әнді тыңдап болғаннан кейін: -Ән тыңдағанда қандай сезімде болдыңдар? -Бүгінгі сабақ не туралы болады деп ойлайсыңдар? – деген сұрақтар қою арқылы сабақтың тақырыбын ашамын. Жауабы: Ту туралы. Оқушыларға оқулықта берілген суреттерге назар аударып, сұрақтарға жауап береді. -Бұл суреттедің бәрі бірге қандай бейнеленген? -Олардың әрқайсысы нені білдіреді?
Оқушылардың жауабын сабаққа қатысты деректі материалдармен толықтырамын. Оқулықтағы 1-мәтінді өзім оқып беремін.Тудың авторы Шәкен Ниязбеков.
Оқулықтағы
суреттерге назар аударып, берілген
сұраққа жауап береді. Мемлекеттік ту қандай жағдайда көтеріледі? Оқушылардың сұраққа жауап беру барысында тиісті лексиканы дұрыс қолдануына көңіл бөлемін. Оқушылардың мақтаныш сезімін ояту үшін 2012 жылы Лондон Олимпиадасында Қазақстандық спортшыларды марапаттау сәті көрсетемін. -Еліміздің туын биікке көтеру үшін қандай үлес қоса аласыңдар? -Сен өзің не істер едің?– деген сұрақтар қоямын. Білім алушылардың ойын тыңдаймын. Өз елінің туына құрмет көрсету – азаматтықтың көрінісі екенін айтып қорытындылап өтемін. «Тусыз бірлік болмайды, қарусыз жігіт болмайды» деген мақалды қалай түсінесің?
Әр
елдің мемлекеттік рәміздері болады.
Олар – елтаңба, ту және әнұран.
Қазақстанның рәміздері мемлекетіміздің
тарихы туралы әңгімелейді. Олар
еліміздегі барлық адамдарды біріктіреді.
Әр топқа тапсырма беремін. Әр топ өз туы қандай болатынын ойластырып, алдын ала дайындалған түрлі-түсті қағаз, жапсырма, маркер, өрнек жапсырмалар қолданып жасайды. Оқушылардың жұмыс барысында қауіпсіздік ережелерін, тазалықты сақтауларын мұқият болуларын айтамын. Орындалған жұмыстарды «Сөйлейтін қабырғаларға» ілуді тапсырамын. Әр топ өзі жасаған туларын таныстырып қорғайды. Топ басшылары қорғап өтеді. «Мен қазақпын» 41-бет 39-жұмыс парағын ашамыз. «Біздің ту» Суреттердің қайсысы еліміздің туында бейнеленген? Жауабы:Күн,қыран Бұл суреттер қай елдіңдің туында кездеседі? Жауабы: Қазақстан, Қытай 42- бет 40-жұмыс парағы.Менің елімнің рәміздері *Қажетті сөздерді қойып оқы.Сөздерді көшіріп жаз. Өзім бірінші оқып беремін.Өз беттерінше тез жазып шығады. Ерте кезде ту әскери айбындылық символы болған. Қазіргі уақытта ол елдің тәуелсіздігін білдіреді. Көгілдір түс еліміздегі тыныштық пен бейбітшіліктің белгісі.Әр елдің өз мемлекеттік рәміздері бар.Оларға елтаңба,ту, және гимн жатады. Дәптермен жұмыстарына көмектесемін. Білім алушыларға Абылай ханның портретін көрсетемін. Абылай қазақ халқының басынан кешкен қиын-қыстау заманда өмір сүргені, он бес жасынан бастап жоңғарларға қарсы жорықтарға қатысқан. Абылай ханның туы ақ түсті болған. Ақ түс тазалықтың, әділдіктің белгісі саналады. Абылай хан көрнекті мемлекет қайраткері, үш жүздің басын біріктірген атақты хан, қолбасшы және елші ретінде танылды.Ұлы ханның әскерлері осы тудың астында жоңғарларды жеңіп,жерімізді сақтап қалған. Ақпаратты «Жеті жебе» әдісі бойынша жүйелеймін. Портреттің айналасында жеті жебенің суретін жасап,білім алушылар әр жебеге тарихи тұлға Абылай ханды сипаттайтын сөздерді тауып іліп шығады. Жауабы: Батыр, ержүрек, ақылды, әділ,қолбасшы, үш жүздің басын қосқан,елші |
Суреттер, сызбалар, оқулықтар, дәптер, карта, суреттер
Абылай ханның суреті, Абылай ханның туының суреті, жеті жебе, желім,
|
||
Сабақтың соңы 5 мин
|
Сұрақ-жауап әдісі: -Ту мемлекеттің несін білдіреді? -Қазақстан Республикасының мемлекеттік туының түсі қандай? -Қазақстанның туында нелербейнеленген? Рефлексия Бүгінгі сабақта болған көңіл – күйді бет – әлпеті салынған суреттерді таңдау. Түсінбедім Сұрағым бар Түсіндім
|
Смайликтер |
||

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген