400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық сабақ "Қазақстан Республикасында «Қызыл кітапқа» енген өсімдіктер" 3 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Жас мамандарға көмек болар деп ойлаймын.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қысқа мерзімді жоспар (ҚМЖ)


Мектеп: Әл-Фараби атындағы жалпы орта б.б

Күні: 20.04.2018 ж

Пәні: Дүниетану

Мұғалім: Юлдашева Римма

Сынып: 3 «Б»

Қатысқандар: 25

Қатыспағандар:-

Сабақ тақырыбы:


Қазақстан Республикасында «Қызыл кітапқа» енген өсімдіктер

Сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары:

«Қызыл кітап» туралы түсінік беру; оқушылардың білімдерін жүйелеу; өз бетімен жұмысын жақсарту; сөйлеу дағдыларын қалыптастыру;


Сабақ мақса тары:

Барлық оқушылар орындай алады:

Қызыл кітаппта жойылып бара жатқан және қорғауға алынған жануарлар мен өсімдіктер туралы жазылатынын түсінеді.

Оқушылардың көпшілігі орындай алады:

Қызыл кітапқа енген өсімдіктерді айтып көрсетеді.

Кейбір оқушылар орындай алады:

Өсімдіктерді қорғауға адам жасап жатқан шаралар туралы ой қозғайды.

Тілдік мақсат:

Сұрақтар, мағынасы қиын сөздер

Адамзаттың табиғатсыз күні жоқ,табиғаттың мұны айтуға тілі жоқ

Бағалау критерийлері

Қызыл кітап туралы түсінік алады.

Өсімдік пен адам арасындағы байланысты анықтайды

Өсімдіктердің алуан түрлілігі жөнінде білім жинақтайды

Өсімдіктердің табиғаттағы орнын анықтап,маңызын ұғынады

Құндылықтарды дарыту

Табиғатты аялауға тәрбиелеу, Топта бірін-бірі тіңдау, құрметтеуге тәрбиелеу

Пәнаралық байланыстар

Әдебиеттік оқу, өзбек тілі

АКТ қолдану дағдылары

http://www.balalaralemi.kz, «Заповедники и национальные парки Казахстана»

Интербелсенді тақта

Бастапқы білім:

Табиғат өсімдіктер туралы біледі.

Сабақтың барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс- әрекет


Ресурстар


Сабақтың басы:

1 мин










2 мин















5 мин







І.Ұйымдастырушылық кезең
ІІ. Психологиялық даярлық

Мынау менің жүрегім

Бәрі осыдан басталған

Мынау басым ақылды,

Бәрін осы басқарған

Мынау менің оң қолым

Мынау менің сол қолым

Барлық істі атқарған

(Оқушылар жүрекше жасайды, бастарын көрсетеді, алдымен оң қолын, содан кейін сол қолын көрсетіп , өлең шумақтарына сәйкес қозғалыс жасайды)

Оқушылар 3 топқа бөлінеді. Әр топ өз топ басшыларын сайлайды.
I топ« Бәйшешек»
II топ « Лалагүл»
III топ «Қызғалдақ»

«Ия немесе «Жоқ» әдісі

-Өсімдік тірі ағза емес /жоқ/

-Өсімдікке жылу керек емес /жоқ/

-Адамдардың табиғатсыз күні жоқ /ия/

-Өсімдіктер ауамен тыныс алады /ия/

-Қыста жапырақтар сарғайып жерге түседі /жоқ/

-Жазда өсімдіктер өсуін тоқтатады /жоқ/

-Күзде өсімдіктер пісіп жетіледі /ия/

-Көктемде өсімдіктер көктеп шығады /ия/

-Бөлмеде ағаш өседі /жоқ/

-Өсімдікке күтім керек /ия/

-Өсімдіктерді қорықтарда қорғайды /ия/

Оқушылар тиісті жауаптарын «ия» немесе «жоқ» сөзі арқылы береді

Оқулықтан Өсімдіктер әлемі және адамдардың өсімдіктерді өз пайдасына жаратыу тақырыбын оқытып, сұрақ-жауап ұйымдастырамын.

Құптау сөздері

Сүреттер,

Плакаттар,

















А4 қағазы

Сабақтың ортасы

2 мин










3 мин


















15 мин







5 мин








«Миға шабыул» әдісі:

1.Өсімдіктерсіз жер бетін елестету/олардың азайып бара жатқандығы жөнінде естеріне саламын/

2.Не үшін жануарлар мен өсімдіктер азаюда?

3. «Қызыл кітап» деген не? Не үшін керек?

4.Неге оның түсі қызыл,неге сары емес, неге жасыл емес?

5.Ол туралы не біліп келдіңдер?

Оқушылардың жауаптары тыңдалады


Бейнетаныстырылым

Халықаралық Табиғатты Қорғау Одағы 1948 жылы кеудесінде жаны бар тіршілікті қорғауды қолға алды. Бір жылдан соң, сирек кездесетін түрлерді қорғайтын комиссия құрылды. Комиссияның қызметі жойылып кетудің аз - ақ алдында тұрған өсімдіктер мен жануарларды зерттеп, зерделеп, қорғауға алу еді. Және оларды бір кітапқа топтастыру болатын. Комиссия төрағасы Питер Скотт адамдардың қып - қызыл түске назар салып, сәл де болса ойлануы үшін тізімді "Қызыл кітап" деп атауды ұсынды. Ең алғашқы Қызыл кітап 1963 жылы жарық көрді. Бұл адамзаттың табиғатты қорғау үшін жасаған алғашқы қадамдарының бірі болатын.
Қызыл түс әу бастан қауіптің белгісі. Қызыл кітап өмірлері қыл үстінде тұрған тіршілік иелерінің төлқұжаты істетті.
Қызыл кітапқа енген тіршілік түрлері жойылып бара жатқан түр, сирек кездесетін түр, қысқартылып бара жатқан түр, анықталмаған түр, қайтып қалпына келе жатқан түр деп бөлінеді.
Қызыл кітаптың ішінде Қара кітап бар. Немесе қара тізім. Жер бетінен мүлде құрып, жойылып кеткен тіршілік иелері осы кітапта хатталып қалған.
Оқулықпен жұмыс

-Оқулық беттерінен тізбектей оқытамын.

-Әр оқушы бір сөйлемнен оқып шығады

Дескриптор:

Өсімдіктер мен жануарлар «Қызыл кітабымен»танысып біледі. Қызыл кітаппта жойылып бара жатқан және қорғауға алынған жануарлар мен өсімдіктер туралы жазылатынын түсінеді

Ой қорыту

І-топ: «Синквейн» әдісі
1. Не? өсімдік
2. Қандай? әдемі, жасыл
3. Не істеді? өседі, піседі, қурайды
4. Төрт сөзден тұратын сөйлем құра. Жасыл өсімдік жерде өседі.

5.Синоним. шөп
ІІ-топ: Сабақты бекіту. Өсімдіктер адамға не сыйлайды?
ВЕНН диаграммасы бойынша: Адам мен өсімдікке ортақ нәрселер.
ІІІ-топ: «Ойды аяқта...» әдісі.

Ойыңды дәлелде/өлең шумақтарынан нені ұғуға болады, қара сөзбен әңгімеле/

Өлең жолдарын дәлелдеп, қара сөзбен қорытындылайды

Табиғат туралы ойларын жинақтайды.

Интербелсенді тақта

Суреттер

Конститутция кітапшасы


Қызыл кітап




Оқулық


А4 қағазы

Сергіту сәті:

1 мин

Көбелектер тұрып ертемен, Күлімсіреп керілді

Бір -шықпен бетін жуды, Екі- шыр айналып бұрылды.

Үш-еңкейіп жерге жетті, Төрт дегенде ұшып кетті

Бес дегенде қонды.

Өлең шумақтарына байланысты қимыл қозғалыс жасайды



Сабақтың соңы:

5 мин


- Қазақстан Республикасының «Қоршаған ортаны қорғау Заңы» бар. Сол Заңның 38 бабында Табиғатты қорғау, оны таза ұстау – әр адамның міндеті делінген. Демек, оқушылар, келешекті көркейтетін сендерсіңдер! Олай болса, айналамызды көгалдандыруға қатысайық. Табиғатты қорғаңдар! Өсімдіктерді көбірек өсіріңдер!
Таза болса – табиғат, аман болар - адамзат!
Кері байланыс:

-Сабақ түсінікті болдыма?

-Сабақ басындағы көңіл күйін қалай болды?

-Адам жануарлар мен өсімдіктерге не береді?

-Адамға жануарлар мен өсімдіктер не береді?

-Тағыда нелер білгің келеді?

- Егер саған сабақ ұнаса және тапсырманың барлығын сәтті орындаған болсаң, алдарыңда жатқан гүлді қызыл түске боя.
- Егер сен сабақта белгілі бір қиындықты кездестірген болсаң, жемісті сары түске боя.
- Егер саған сабақ барысында тапсырмаларды орындау қиын болып, мұғалімнің көмегі қажет болса, жемісті көк түске боя.
Бағалау: Бағалау критерийлері арқылы оқушыларды бағалаймын






Гүл суреттері,

Түрлі-түсті қаламдар








Бағалау парақшасы

Үй тапсыр

масы: 1 мин

Қосымша іздену, тест тапсырмалары жасау

Күнделіктеріне жазып алады

Саралау – оқушыларға қалай көбірек көмек көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлайсыз?

Бағалау –Оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?


Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы


Дарынды және үлгірмеуші оқушылармен дидактикалық тапсырмалар арқылы жұмыс жасаймын.

Қалыптастырушы бағалау, бағалау парақшалары

Сабақта ручка, қарындаш,қайшылардан ұқыпты пайдалану

Сабақ бойынша рефлексия:

Сабақ мақсаттары оқу мақсат тары дұрыс қойылған ба?

Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткіздіме? Жеткізбесе неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілдіме ?

Сабақтық уақыттық кезеңдері сақталдыма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?


Рефлексия сұрақтарына жауап:


Жалпы баға

Сабақты жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік\ қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл болу қажет?



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
27 мамыр
4354
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі