400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ Қазақстан Республикасының банктік жүйесі

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақстан Республикасының банктік жүйесі
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақ жоспары

Сабақ: Ашық сабақ

Анвар Исмаилов атындағы кәсіптік колледжі

Пәні: Экономика негіздері

Күні: 21.11.2019 ж

Мұғалімнің аты-жөні: Қуандық Жансая Камалқызы

Тобы: ТП-181/Б

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы:

Қазақстан Республикасының банктік жүйесі

Сабақ негізделген оқу мақсаты

Банктік жүйе құрылымы мен банктердің атқаратын негізгі функциялары мен операциялары туралы түсінік қалыптастыру


Сабақ мақсаттары

Білімділік:

  • Білім алушыларға банктік жүйе құрылымы, атқаратын қызметтері мен түрлері, банктер мен қаржылық мекемелердің негізгі түсініктерімен таныстыру

Дамытушылық:

  • Ел экономикасындағы банктік жүйенің маңыздылығын ұғындыру.

  • Экономикалық ойлау, әртүрлі экономикалық жағдайда шешім қабылдай білу, ұжыммен жұмыс жасау қабілетін дамыту.

Тәрбиелік:

  • Білім алушылардың өз елінің және шетел валютасын, экономикасын құрметтей білетін патриот етіп тәрбиелеу.

Сабақтың типі

Аралас сабақ

Сабақтың өткізілу әдісі:

Түйінді мәселе қою арқылы түсіндірушілік тәсіл, жаңа сабақ материалын баяндау, сұрақ-жауап әдісін қолдану

Сабақтың көрнекіліктері мен құралдары:

Интерактивті тақта, презентация, постер, бейнеролик, оқулық, лекция материалдары, стикерлер, жалған ақша, плакат

Жоспар


Сабақтың барысы


Оқушылардың, мұғалімнің іс-әрекеттері


Сабақтың басы

Ұйымдастыру кезеңі

(5 минут)





Оқушылармен амандасу, сынып журналына жоқ оқушыларды белгілеу

Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру, оқушы зейінін тұрақтандыру

«Әсерлерімізбен бөлісейік» жылулық шеңбері

Оқушылар шеңбер бойына жиналады.

Күлім қағып қолымды (қолын бұлғайды)

1, 2, 3 деп соғайын (қол соғу)

Қарсы тұрған  көршіме

Қолымды мен бұлғайын (бір – біріне)

Қарсы тұрған көршімнің

Маңдайынан сипайын. (бірінің маңдайынан сипау)

Күлімдеп бір қарайын,  (жымияды)

Құшақтасып алайын (құшақтайды)


Оқушыларды банк карточкалары бойынша топқа бөлу

Оқушылар таңдаған банк карточкалары бойынша 2 топқа бөлінеді (Каспий банк, Жусан банк)




Жұмыс ережесімен келісу


  • Сабақта бір-бірімізді сыйлаймыз, тыңдаймыз!

  • Уақытты тиімді пайдаланамыз!

  • Нақты, дәл жауап береміз!

  • Сабақта өзіміздің шапшаңдығымызды, тапқырлығымызды көрсетеміз!

  • Сабаққа белсене қатысып, жақсы баға аламыз!

  • Сабақ бойына тапсырмаларды дәл орындау арқылы ұпай ақша жинаймыз!

  • Көп ақша жинаған топ жеңіске жетеді!


Постер қорғау

(5 минут)



«Ашық микрофон» әдісі (10 минут)





Перфокартамен жұмыс (5 минут)


Өткен сабақта «Ақша, ақшаның пайда болу тарихы, түрлері, қызметі» тақырыбы бойынша студенттерге постер дайындап келу тапсырылған болатын. Дайындаған постерлері арқылы үй жұмысын пысықтау.

(Постер қорғауға 5000 тг беріледі)


«Ашық микрофон» әдісі арқылы үй тапсырмасын сұрау

  1. Ұлттық валюта дегеніміз не?

  2. Шетел валютасы дегеніміз не?

  3. Ақшаның қандай қызметтері бар?

  4. Монета қандай ақшалар?

  5. Ең алғаш монеталар қай жерде құйылды?

  6. Қағаз ақшалар қай елде пайда болған?

  7. Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы қай жылы айналымға енгізілді?

  8. Инфляция дегеніміз не?

(Әр сұраққа 2000 тг-ден беріледі)


Перфокартамен жұмыс. Студенттер жұппен тапсырманы орындайды да, болғаннан соң көрші жұбымен перфокартаны алмастырады. Қателіктерді түзетіп, 10 баллдық жүйеде жұптық бағалау жүргізіледі.



Сабақтың ортасы

30 минут




























































































«Миға шабуыл» әдісі арқылы студенттерге сұрақ қою

Топ атаулары жайлы не білетіндерін сұрап алып, жаңа сабақтың тақырыбын ашу. Оқушы білгендерін тыңдай отырып, жаңа сабақ тақырыбымен және мақсатымен таныстыру.

Ендеше, бүгінгі жаңа сабағымыз «Қазақстан Республикасының Банктік жүйесі»


«Банк» деген ұғымы италиян сөзі «bank» ─ орындық, «айырбас орындығы ─ айырбас орны» дегенді білдіреді.

Банктің атқаратын қызметерін негізінен төмендегідей топтастыруға болады:

· Уақытша бос ақша қаражаттарын тарту, жинақтау және оны қарыз капиталына айналдыру;

· Кәсіпорынға, мемлекетке, жеке адамдарға несие беру, бағалы қағаздармен операция жүргізу;

· Ақша айналымын ретеу. Банк ─ әртүрлі шаруашылық субъектілердің төлемайналымы жүретін орталық. Банк өзінің есеп айырысу жүйесі арқылы клиенттеріне айырбас, капитал және ақша айналымын жүргізуге мүмкіндік туғызады;

· Айналымға несие құралдарын шығару. Банк клиентін тек жинаған уақытша бос ақша қаражатымен несиелеп қана қоймай, сонымен қатар депозиттік чектерді, вексельдерді шығарумен де несиелейді;

· Экономикалық және қаржылық кеңес беру.

Орындайтын айырықша қызметтеріне байланысты банктер эмиссиялық және эмиссиялық емес болып екіге бөлінеді.

Эмиссиялық банк ─ ол айналысқа ақша белгілерін эмиссиялауға (шығаруға) құқығы бар, әдетте, орталық банк. Мемлекеттің Орталық банкінің негізгі мақсаты ─ айналысқа ақша бірлігін шығару, банктерге ерекше тауар ─ ақша белгіін сату және банк жүйесінің несие-есеп, эмиссиялық жұмысын басқару. Ол ─ елдің екі деңгейлі банк жүйесінің ─ жоғары деңгейіндегі банк.

Қазақстан Республикасының Орталық банкі еліміз тәуелсіздік алған соң КСРО Мембанктің Республикалық Кеңесінің негізінде 1990 жылдың желтоқсанында алғашқыда Қазақстанның мемлекеттік банкі ретінде құрылып, ал 1995 жылдың наурызынан Қазақстан Ұлттық банкі деп аталады.

Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі Қазақстан Республикасының Орталық банкі болып табылады, Қазақстан Республикасының банк жүйесінің жоғары деңгейін білдіреді және өз қызметін Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 30 наурыздағы «Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі туралы» Заң күші бар Жарлығы бойынша жүргізеді және осы жарлыққа сай Президентке есеп береді. Сонымен қатар Ұлттық банк өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын және басқа заңдарды халықаралық шарттар мен келісімдерді басшылыққа алады.

Ұлттық Банктің негізгі мақсаты Қазақстан Республикасында баға тұрақтылығын қамтамасыз ету болып табылады. Негізгі мақсатын іске асыру үшін Ұлттық Банкке мынадай міндеттер жүктеледі:

  • мемлекеттің ақша-кредит саясатын әзірлеу және жүргізу;

  • төлем жүйелерінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету;

  • валюталық реттеуді және валюталық бақылауды жүзеге асыру;

  • қаржы жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз етуге жәрдемдесу;

  • қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын, сондай-ақ құзыреті шегінде өзге де тұлғаларды реттеу, бақылау және қадағалау;

  • қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғаудың тиісті деңгейін қамтамасыз ету;

  • ақша-кредит статистикасы және сыртқы сектор статистикасы саласында статистикалық қызметті жүзеге асыру.


Мемлекеттегі басқа банктердің барлығының да ақша бірліктерін шығаруға құқы жоқ эмиссиялық емес банктер. Олар коммерциялық, инвестициялық, инновациялық, ипотекалық және т.с.с. банктер. Коммерциялық банктер клиенттерге көрсететін қызмет түрлерін үнемі ұлғайтып тұратын әмбебап үлгідегі банк. Ал басқа банктер бір-екі қызмет түріне маманданған банктер.

Инвестициялық және инновациялық банктердің екі түрі де ұзақ уақытқа ақша қаражатын шоғырландырумен маманданады, яғни олар облигация, акция және басқа бағалы қағаздар шығару арқылы ақша тартып, кейін ұзақ мерзімге қарызға береді. Инвестициялық банктер кәсіпкерлерге қарыз берсе, ал инновациялық банктер технологиялық жаңалықтарды өңдеуді және оны игеруге несиелейді.

Ипотекалық банктер ─ жерді және жылжымайтын мүліктерді кепілдікке алып, ұзақ мерзімге несие береді. Олар ипотекалық облигация, акция және басқа бағалы қағаздарды сату арқылы ақша жинақтайды.

Мемлекеттің несие жүйесінде коммерциялық банктердің алатын орны өте зор. Олардың міндеті ақша айналымы мен капитал айналымының үздіксіз қозғалысын қамтамасыз ету, өнеркәсіп мекемелерін, мемлекет пен халықты несиелеу, халық шаруашылығына қор жинау үшін жағдай жасау болып табылады.

Коммерциялық банктердің негізгі атқаратын қызметтері:

• Ақша қаражаттарын шоғырландыру және тарту;

• Несие беру;

• Шаруашылықтармен есеп және төлем жұмыстарын жүргізу;

• Төлем құралдарын шығару,

• Бағалы қағаздарды шығаруды және орналастыруды ұйымдастыру;

• Сенімхат бойынша клиенттердің мүлкін басқару ( яғни траст операциясын жүргізу);

• Клиенттерге кеңес беру

«Жас тілшілер» айдары

Студенттер өздерінің күнделікті өмірде телидидардан көрген немесе естіген экономикалық жаңалықтарымен бөліседі. Шығармашылықтары бағаланып, топтарына ақшалай ұпай берілетін болады.


«Kahoot» бағдарламасы арқылы студенттер интербелсенді тақтадан көрсетілетін тест сұрақтарына белгілі уақыт ішінде (20 сек) ұялы телефон арқылы жауап беретін болады. Дәлдік пен шапшаңдық қасиеттері қажет.

1) Қазақстанда ақша шығару құқығы қандай банкке берілген?

А) Халық банксіне

Б) Коммерциялық банктерге

В) Орталық банкке

Г) БТА банксіне

Д) Банк Центр Кредитке

2) ҚР-ы территориясында екінші деңгейлі банкті құруға қандай мекеме рұқсат береді?

А) Әкімшілік

Б) Орталық банк

В) Парламент

Г) Президент

Д) Қаржы министрлігі

3) ҚР-да екінші деңгейлі банктерге қандай банктер жатады?

А) Ұлттық банк

Б) Коммерциялық банктер

В) Орталық банк

Г) Несиелік емес ұйымдар

Д) Барлық жауабы дұрыс

4) Ипотекалық банктер – бұл:

А) технологиялық жаңалықтарды игеруге және дайындауға несие беретін банктер

Б) өз қызметін, жер және жылжымайтын мүліктерді кепілге алу көмегімен қаражаттарты тарту және орналастыру мен айналысатын банктер

В) үлкен құрылыстарды несиелендіретін банктер

Г) ақша қаражатын бағалы қағаздарды шығару арқылы реттейтін мамандаңдырылған банктер

Д) айналымға ақша эмиссиялау құқығына ие банк

5) Тиынның жақтарын атаныз:

А) орел және решка

Б) оң және теріс

В) реверс, аверс, гурт

Г) барлық жауаптар дұрыс

Д) дұрыс жауап жоқ

6) Ұлттық банктің негізгі мақсаты қандай?

А) баға тұрақтылығын қамтамасыз ету

Ә) облигация, акция және басқа бағалы қағаздар шығару арқылы ақша тартып, кейін ұзақ мерзімге қарызға береді

Б) екінші деңгейдегі банктер жұмысын қадағалайды

В) шетелдермен қарым-қатынас орнатады

7) «Қазақстан Ұлттық банкі» туралы жарлық қашан қабылданды?

А) 30тамыз 1995ж

Ә) 30наурыз 1995ж

Б) 30наурыз 1993ж

В) 30тамыз 1993ж

8) Ұлттық банктің атқармайтын қызметі-

А) шетелдермен қарым-қатынас орнатады

Ә) теңге шығарады

Б) екінші деңгейдегі банктер жұмысын қадағалайды

В) несиеге ақша береді

9) Инвестициялық банктердің қызметі?

А) несиеге ақша береді

Ә) облигация, акция және басқа бағалы қағаздар шығару арқылы ақша тартып, кейін ұзақ мерзімге қарызға береді

Б) екінші деңгейдегі банктер жұмысын қадағалайды

В) жерді және жылжымайтын мүліктерді кепілдікке алып, ұзақ мерзімге несие береді

10) «Банк» сөзі италян тілінде қандай мағынаны білдіреді?

А) ақша

Ә) үстел

Б) несие

В) орындық


Сергіту сәті

(5 минут)



Сергіту сәтінде студенттер алдын ала дайындалған видеоролик арқылы көңілдерін көтеру жоспарланады. Роликте топ студенттерінің кішкентай, сәби кездеріндегі, мектеп оқушысы кезіндегі суреттер жинақталған.

Сабақты бекіту

10 мин

«Қаржылық пазл» құрастыру арқылы жаңа сабақ бекітіледі.

Әр топқа пазл бөлшектері беріледі. Бөлшектерге сабақтан түсінгендерін қысқаша баяндайды да, тақтаға жабыстырады. Тақтада пазл құрастырылуы қажет

Рефлексия

(кері байланыс)

(5 минут)

«Бағдаршам» әдісі


Плакатқа бағдаршамның суреті салынады. Студенттерге стикерлер таратылады (жасыл, қызыл, сары)

Жасыл стикер – «Мен сабақты өте жақсы түсіндім»

Сары стикер – «Сабақты жақсы түсіндім, түсініксіз сұрақтар болды»

Қызыл стикер – «Сабақты мүлдем түсінбедім»

Қорытынды бағалау

(5 минут)




Әр топтың сабақ барысы бойында жинаған ақшалары саналып жарияланады, сол бойынша топтар бағаланатын болады. Әр студентке жеке бағалау жүргізіледі

Үй тапсырмасы «Шет ел банктік жүйесін, еліміздің Банктік жүйесімен салыстыру»

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
17 желтоқсан
1319
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі