жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Ашық сабақ. Қазақстан Республикасының отбасылық құқығы
Ашық сабақ жоспары
Пән: Құқық негіздері
Тақырып: Отбасылық құқық
Сабақтың түрі: Той сабақ
Сабақтың типі: Жаңа материалды меңгерту сабағы
Сабақтың әдісі: Түсіндірмелі-иллюстративті әдіс арқылы кең ауқымды лекция
Сабақтың мақсаты:
Білімдік: Некеге тұру, некелік қатынастар туралы мағлұматтар беру
Тәрбиелік: Адам баласының қасиетті борыштары ата-анаға, үлкенге құрмет,
кішілерге ізет көрсету, мейірімділік, адамгершілік, сүйіспеншілік және
отансүйгіштік қасиеттер отбасынан бастау алатынын ұғындыра
отырып, рухани тәрбиелеу.
Дамытушылық: Студенттердің құқықтық білімін нығайту, азаматтық қоғам
қалыптастыруда болашақта үлгілі отбасын құру мақсатымен үлес
қосу, отбасының қорғалуын қамтамасыз ете білуге үйрену. Сондай-
ақ, жеке тұлға ретінде, болашақ маман ретінде өзіндік идеясын,
көзқарасын, сенімділігін, жауапкершілігін дамыту.
Пәнаралық байланыс: Отбасылық құқық, азаматтық іс жүргізу құқығы
Квалификациялық талаптар:
Білу керек: Неке, некеге тұру, некені тоқтату, некені бұзу шарттары
Орындай білу керек: ҚР Неке және отбасы туралы кодекспен жұмыс
Сабақтың оқу жабдықтары: ҚР Неке және отбасы туралы кодексі,
ҚР азаматтық іс жүргізу кодексі, Оспанов «Құқық негіздері»,
Ынтымақов «Отбасылық құқық»
Көрнекі құралдар: интерактивті тақта бойынша мәтін, кабинеттің безендірілуі
Сабақ құрылымы:
І. Сабақты ұйымдастыру
ІІ. Жаңа сабақ
Тақырыпты ашу (бейне ролик)
Лекция жаздыру. Қарастырылатын сұрақтар:
Отбасылық құқықтың түсінігі, принциптері
Некеге тұру шарттары мен тәртібі.
Некені жарамсыз деп тану
Некені тоқтату
Некені бұзу түсінігі, тәртібі.
Лекция барысында бейне роликтер көрсетіліп, тренинг жүргізіледі.
ІІІ. Жаңа сабақты бекіту
Дебат «Жастай некеге тұру дұрыс па, бұрыс па?»
"Мерейлі отбасы" ұлттық байқауы туралы мәлімет
Маманмен кездесу. Атырау қаласының Әділет басқармасының басшысы
Қадралиев Айбек Сарсенбайұлы
Сәйкесін тап
Шаңырақтың шаттық тойлары
ІV Үйге тапсырма:
Неке және отбасы кодексінен ата-ана мен баланың құқықтарын жазу
Неке және отбасы кодексінен ерлі-зайыптылардың құқықтары мен міндеттерін жазу
Неке және отбасы кодексінен ата-аналық құқықтан айыру негіздерін жазу
V. Сабақты бағалау
Оқытушы: Сқақова А.Д.
Шаңырақтың шаттық тойлары
Шыт той - отбасы құрғаннан кейін бір жыл өткен соң атап өтіледі.
Бұл күні ерлі-зайыптылар бір-біріне шыт орамал сыйлайды.
Ағаш той – отбасылық өмірдің бесжылдығына орай аталып өтіледі. Бұл күні ерлі-зайыптылар бір-біріне ағаштан жасалған бұйымдар сыйлайды.
Раушан той – онжылдық бас қосу мерекесі. Бұл күні достар қонаққа шақырылады, барлығы қолдарына раушан гүлдерін ұстап билейді.
Әйнек той – онбесжылдық той. Бұл күні сыйлық шыныдан істелген бұйымдар
болуы шарт. Әйнек – ерлі-зайыптылар қарым-қатынасының мөлдірлігінің куәсі болмақ.
Фарфор той – отбасылық өмірдегі жиырма жылдан кейін атап өтіледі. Шақырылған меймандарға тағамдар фарфордан жасалған жаңа ыдыстарға салынып тартылады.
Күміс той – жиырма бес жылдан кейін аталып өтіледі. Бұл күні некелік алтын сақинаның қасына күміс сақина қосылуы керек.
Інжу той – отыз жылдан кейінгі той. Бұл күні күйеуі әйеліне алқа сыйлауы керек, бұл өткен күндердің бәрінің де інжудей тартымды болғанының куәсі болмақ.
Кенеп той – отыз бес жылдан кейін тойланады. Бұл күні кенептен тігілген заттар сыйланып, кенеп дастарқан жайылады.
Лағыл той – қырық жыл өткеннен кейінгі мереке. Бұл күні сыйланған алтын сақинаға махаббат пен жалынның белгісі – лағыл орнатылған болуы шарт.
Алтын той – отбасылық өмірдің елу жылдық торқалы тойы. Мерекелік алтын сақиналар жаңа сақиналармен ауыстырылады.
Гауһар той – отасқанына алпыс жыл өткенде тойланады. Мұны атап өту – ендігі жерде бұл некені ешкім бұза алмайды деген ұғымға саяды.
Темір той – ерлі-зайыптылық өмірдің алпыс бес жылдығында өтеді.
Тас той – мұның бір ерекшелігі, неке қиылғанына алпыс жеті жарым жыл өткенде аталып өтіледі.
Игілікті той – жетпіс жыл өткенде тойланады.
Тәждік той – бұл ең соңғы той болып есептелмек, отбасылық өмірдің жетпіс бес жылы өткенде атап өтіледі.
Тақырып: Отбасылық құқық түсінігі, принципі, некеге тұру, тоқтату
Сұрақтар:
Отбасылық құқықтың түсінігі, принциптері
Некеге тұру шарттары мен тәртібі
Некені жарамсыз деп тану және тоқтату
Ата-ана мен баланың құқықтары мен міндеттері
Некені бұзу түсінігі, тәртібі
Ата-аналық құқықтан айыру
Отбасы мүшелерінің алименттік қатынастары
1. Отбасылық құқықтың түсінігі, принциптері
Отбасы құқығы дегеніміз - некеден, туыстықтан, бала асырап алудан немесе балаларды тәрбиеге алудың өзге де нысандарынан туындайтын мүліктік және мүліктік емес жеке құқықтар мен міндеттерге байланысты қатынастарды реттейтін құқық саласы. Отбасы құқығы пәні мына қатынастарды қарастырады:
1) ерлі-зайыптылардың арасындағы мүліктік және мүліктік емес жеке қатынас
2) ата-аналар мен балалардың арасындағы мүліктік және мүліктік емес жеке қатынас
3)Басқа туыстар мен өзге де адамдардың ерлі-зайыптылардың арасындағы мүліктік және мүліктік емес жеке қатынас
Отбасы құқығы принциптері:
1) еркек пен әйелдiң некелi одағының ерiктiлiгi;
2) ерлi-зайыптылардың отбасындағы құқықтарының теңдiгi;
3) отбасының iсiне кiмнiң болса да өз бетiнше араласуына жол берiлмеушiлiк;
4) отбасы iшiндегi мәселелердi өзара келiсiммен шешу;
5) балаларды отбасында тәрбиелеуге басымдық беру, олардың өсiп-жетiлуi мен әл-ауқатты болуына қамқорлық жасау;
6) отбасының кәмелетке толмаған және еңбекке қабылетсiз мүшелерiнiң құқықтары мен мүдделерiн қорғауға басымдық беру;
7) отбасы мүшелерiнiң өз құқықтарын кедергiсiз жүзеге асыруын қамтамасыз ету, бұл құқықтарды сот қорғауының мүмкiндiктерi;
8) отбасының барлық мүшелерiн салауатты тұрмыс салтына ынталандыру
2. Некеге тұру шарттары мен тәртібі
Неке - ерлi-зайыптылар арасындағы мүлiктiк және мүлiктiк емес жеке қатынастарды туғызатын, отбасын құру мақсатымен заңдарда белгiленген тәртiппен тараптардың ерiктi және толық келiсiмi жағдайында жасалған еркек пен әйелдiң арасындағы тең құқықты одақ.
Некеге тұру шарттары:
Некеге тұру үшiн некеге тұрушы еркек пен әйелдiң өзара ерiктi келiсiмi және олардың неке жасына жетуi қажет. Неке жасы еркектер мен әйелдер үшiн он сегiз жас болып белгiленедi. Дәлелдi себептер болған жағдайда мемлекеттiк тiркеу орны бойынша азаматтық хал актiлерiн жазу органдары неке жасын екi жылдан аспайтын мерзiмге төмендетуi мүмкiн.
Барлық жағдайларда неке жасын төмендетуге тек некеге тұрушылардың келiсiмiмен ғана жол берiледi. Неке жасына толмаған адамдар арасындағы некеге ата-аналарының не қорғаншыларының келiсiмiмен ғана рұқсат етiледi.
Араларында неке қиылуына жол берiлмейтiн адамдар
Некеге тұруға:
Бір жынысты адамдар
бiреуi болса да басқа тiркелген некеде тұрған адамдар
жақын туыстар
асырап алушылар мен асырап алғандар
бiреуiн болса да психикалық ауруының немесе ақыл есi кемдiгiнiң салдарынан сот әрекетке қабiлетсiз деп таныған адамдар
Некеге тұру тәртiбi
1. Некеге тұратын адамдардың тiкелей қатысуымен неке мемлекеттiк азаматтық хал актiлерiн жазу органдарында қиылады.
Некеге тұруға ниет бiлдiрген адамдардың бiреуi азаматтық хал актiлерiн жазу органына келе алмайтын ерекше жағдайларда неке мұндай адамның тұратын жерi бойынша қиылуы мүмкiн. Неке қию кезiнде өкiл жiберуге жол берiлмейдi.
2. Некенi қию некеге тұруға тiлек бiлдiрушiлер азаматтық хал актiлерiн жазу органына арыз берген күннен бастап бiр ай мерзiм өткен соң жүргiзiледi.
3. Некені жарамсыз деп тану және тоқтату
1. Кодекстің 9-11-баптарында белгiленген шарттар бұзылған кезде, сондай-ақ жалған жасалған жағдайда неке жарамсыз деп танылады.
2. Мәжбүрлеп қиылған неке жарамсыз деп танылуы мүмкiн.
3. Егер некеге тұрушы адамдардың бiреуi екiншiсiнен құрылған отбасы мүшелерiне, жеке басының және қоғамның қауiпсiздiгiне нақты қатер төндiретiн ауруы бар екенiн жасырса, соңғысы сотқа некенi жарамсыз деп тану туралы талаппен жүгiнуге құқылы.
4. Некенi жарамсыз деп тануды сот жүргiзедi.
5. Сот некенi жарамсыз деп тану туралы соттың шешiмi заңды күшiне енген күннен бастап үш күн iшiнде соттың осы шешiмiмен некеге тұру мемлекеттiк тiркелген жердегi азаматтық хал актiлерiн жазу органына көшiрме жiберуге мiндеттi.
6. Некенiң жарамсыздығы оның қиылған күнiнен бастап танылады. Некенi жарамсыз деп тану мұндай некеде туған немесе неке жарамсыз деп танылған күннен бастап екi жүз жетпiс күн iшiнде туған балалардың құқығына нұқсан келтiрмейдi
Некенi тоқтату негіздері:
1. Неке ерлi-зайыптылардың бiреуiнiң қайтыс болуы немесе сот оны өлдi немесе хабар-ошарсыз кеткен деп жариялау салдарынан тоқтатылады.
2. Сот қайтыс болды деп жариялаған немесе сот хабар-ошарсыз кеткен деп таныған жұбайы келген және тиiстi сот шешiмi күшiн жойған жағдайда некенi ерлi-зайыптылардың бiрлескен өтiнiшi бойынша азаматтық хал актiлерiн жазу органы қалпына келтiруi мүмкiн.
3. Егер жұбайлардың екiншiсi жаңа некеге отырса, некенi қалпына келтiруге болмайды.
4. Ата-аналардың және балалардың құқықтары мен мiндеттерi
Ата-аналардың және балалардың құқықтары мен мiндеттерi балалардың заңмен белгiленген тәртiппен куәландырылған тегiне негiзделедi.
Ата-аналардың құқықтары мен мiндеттерi:
Кәмелетке толмаған ата-аналардың құқықтары:
1.
Кәмелетке толмаған ата-аналардың
баласымен бiрге тұруға және оны тәрбиелеуге
қатысуға құқығы бар.
2. Некеге
тұрмаған, кәмелетке толмаған ата-аналар
олар бала туған жағдайда және олардың
ана және (немесе) әке болуы анықталған
жағдайда өздерi он алты жасқа толғанда
ата-ана құқығын өз бетiнше жүзеге асыруға
құқылы. Кәмелетке толмаған ата-аналар
он алты жасқа толғанға дейiн қорғаншы
және қамқоршы орган балаға қорғаншы
тағайындайды, ол баланың кәмелетке
толмаған ата-аналарымен бiрге оны
тәрбиелеудi жүзеге асырады. Баланың
қорғаншысы мен кәмелетке толмаған
ата-ананың арасында туындаған
келiспеушiлiктi қорғаншы және қамқоршы
орган шешедi.
3. Кәмелетке
толмаған ата-аналардың жалпы негiздерде
өздерiнiң әке және ана болуын мойындауға
және оған дау айтуға құқығы бар, сондай-ақ
олардың он төрт жасқа толғаннан кейiн
сот тәртiбiмен өз балаларына қатысты
әке болуын анықтауды талап етуге құқығы
бар.
Ата-аналардың
балаларды тәрбиелеу және оларға
бiлiм беру жөнiндегi құқықтары мен
мiндеттерi
1.
Ата-аналар өз балаларының денсаулығына
қамқорлық жасауға мiндеттi.
2.
Ата-аналардың өз балаларын тәрбиелеуге
құқығы бар және оған мiндеттi.
Ата-аналардың басқа да барлық адамдарға
қарағанда өз балаларын тәрбиелеуге
басым құқығы бар.
3. Ата-аналар
балалардың орта бiлiм алуын қамтамасыз
етуге мiндеттi. Ата-аналардың балалардың
пiкiрiн ескере отырып, орта бiлiм алғанға
дейiн бiлiм беру мекемесi мен балаларды
оқыту нысанын таңдауға құқығы бар.
4.
Балалардың тәрбиесi мен бiлiм алуына
қатысты барлық мәселелердi балалардың
мүдделерiн негiзге алып және балалардың
пiкiрiн ескере отырып, өзара келiсiмi
бойынша ата-аналар шешедi. Ата-аналардың
арасында келiспеушiлiк болған жағдайда
олар (олардың бiреуi) бұл келiспеушiлiктердi
шешу үшiн қорғаншы және қамқоршы органға
немесе сотқа жүгiнуге құқылы.
Балалардың құқықтары мен мүдделерiн қорғау жөнiндегi ата-аналардың құқықтары мен мiндеттерi
1.
Ата-аналар өз балаларының заңды өкiлi
болып табылады және кез келген жеке
және заңды тұлғаларға қатысты, оның
iшiнде соттарда арнаулы өкiлеттiксiз
олардың құқықтары мен мүдделерiн
қорғайды.
2. Егер қорғаншы және
қамқоршы орган ата-аналар мен балалар
мүдделерiнiң арасында қайшылық барын
анықтаса, ата-аналардың өз балаларының
мүдделерiн бiлдiруге құқығы жоқ. Ата-аналар
мен балалардың арасында келiспеушiлiк
болған жағдайда қорғаншы және қамқоршы
орган балалардың құқықтары мен мүдделерiн
қорғау үшiн өкiл тағайындауға мiндеттi.
5. Некені бұзу түсінігі, тәртібі
1. Неке ерлi-зайыптылардың бiреуiнiң немесе екеуiнiң де өтiнiшi бойынша, сондай-ақ сот әрекетке қабiлетсiз деп таныған жұбайдың қорғаншысының өтiнiшi бойынша оны бұзу жолымен тоқтатылуы мүмкiн.
2. Некенi әйелдiң жүктiлiгi кезеңiнде және бала туғаннан кейiнгi бiр жыл iшiнде әйелдiң келiсiмiнсiз бұзуға болмайды.
Азаматтық хал актiлерiн жазу органдарында некенi бұзу
1. Азаматтық хал актiлерiн жазу органдарында некенi бұзу кәмелетке толмаған ортақ балалары жоқ және бiр-бiрiне мүлiктiк және өзге де талаптар қоймайтын ерлi-зайыптылардың некенi бұзуға өзара келiсуi жағдайында жүргiзiледi.
2. Ерлi-зайыптыларға ортақ кәмелетке толмаған балаларының болуына қарамастан, ерлi-зайыптылардың бiреуiнiң өтiнiшi бойынша, егер ерлi-зайыптылардың екiншiсiн:
1) сот хабар-ошарсыз кеткен деп таныса;
2) сот әрекетке қабiлетсiз деп таныса;
3) қылмыс жасағаны үшiн кемiнде үш жыл мерзiмге бас бостандығынан айыруға сотталса, неке азаматтық хал актiлерiн жазу органдарында бұзылады.
Некенi сот тәртiбiмен бұзу
Некенi сот тәртiбiмен бұзу:
1) ерлi-зайыптыларда кәмелетке толмаған ортақ балалардың болуы;
2) ерлi-зайыптылардың бiреуiнiң некенi бұзуға келiсiмi болмаған кезде;
3) егер ерлi-зайыптылардың бiреуi өзiнiң қарсылығы болмауына қарамастан, некенi бұзудан өз әрекеттерi не әрекетсiздiгi арқылы жалтарса;
4) ерлi-зайыптылардың бiр-бiрiне мүлiктiк талаптары болған жағдайларда жүргiзiледi
6. Ата-аналық құқықтан айыру
Ата-ана құқықтарынан айыру:
1.
Егер ата-аналар (олардың бiреуi):
1)
ата-ана мiндеттерiн орындаудан, оның
iшiнде алимент төлеуден қасақана
жалтаратын болса;
2) өз баласын
перзентханадан (бөлiмшесiнен) не өзге
де балаларды тәрбиелеу, емдеу немесе
басқа да мекемелерден алудан дәлелдi
себептерсiз бас тартса;
3)
өздерiнiң ата-ана құқықтарын пайдаланып
қиянат жасаса;
4) балаларға
қатыгездiк көрсетсе, оның iшiнде олардың
денесiне немесе психикасына зорлық-зомбылық
жасаса, олардың жыныстық пәктiгiне
қастандық жасаса;
5) заңдарда
белгiленген тәртiппен маскүнемдiкпен,
нашақорлықпен және уытқұмарлықпен
ауырады деп танылған болса, олар ата-ана
құқығынан айырылуы мүмкiн.
2. Өз
балаларының не жұбайының өмiрiне немесе
денсаулығына қарсы қасақана қылмыс
жасаған жағдайда ата-аналар (олардың
бiреуi) ата-ана құқығынан айырылуы
мүмкiн.
Ата-ана құқығынан айыру тәртiбi:
1.
Ата-ана құқығынан айыру сот тәртiбiмен
жүргiзiледi. Ата-ана құқығынан айыру
туралы iстер ата-аналардың бiреуiнiң
(олардың орнындағы адамдардың), кәмелетке
толмаған балалардың құқықтарын қорғау
жөнiндегi мiндеттер жүктелген органдардың
немесе ұйымдардың (қорғаншы және қамқоршы
органдардың, кәмелетке толмағандардың
iстерi жөнiндегi комиссияның жетiм балалар
мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған
балаларға арналған мекемелердiң және
басқаларының) арызы бойынша, сондай-ақ
прокурордың талабы бойынша қаралады. Ата-ана
құқығынан айыру туралы iстер прокурор
мен қорғаншы және қамқоршы органның
қатысуымен қаралады. Ата-ана құқығынан
айыру туралы iстi қарау кезiнде сот
ата-ана құқығынан айырылған ата-аналардан
(олардың бiреуiнен) алимент өндiрiп алу
туралы мәселенi шешедi.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген