400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ Қазақстан Республикасының рәміздері 1сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Ашық сабақ 1 сыныпқа арналған. 1 сынып мұғалімдеріне қолдануға болады. Оқушыларға керекті ақпараттар өте көп.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақ тақырыбы:

Қазақстан Республикасының рәміздері

Мектеп:

Күні :


Мұғалімнің есімі:

СЫНЫП: 1-сынып

Қатысқандар саны:


Қатыспағандар саны:

Оқу мақсаты:

  • Барлық оқушылар:Қазақстан Республикасының рәміздері туралы білімді түсінеді.


  • Оқушылардың басым бөлігі:Аса маңызды мемлекеттік белгілер- рәміздер жөніндегі білімдерін жан – жақты сарапқа сала алады.

  • Кейбір оқушылар:Алған білімдерін өмірде қолданады.

Тірек сөздер:

Рәміздер-символы.

Ресурстар:

Рәміздерге байланысты түрлі – түсті суреттер, буклеттер, карта, мақал – мәтелдер, Отан, жер туралы нақыл сөздер.

Сабақтың мақсаты:

Отаншылдық, ұлтжандылыққа, өз елін, тегін, тарихын сүюге тәрбиелеу.

Сабаққа байланысты деректі материалдар


Сабаққа қатысты ескертпелер


Қазақ елі ұлан байтақ. Бір қиырынан екінші қиырына дейін ұшқан құстың қанаты талып, жортқан аңның тұяғы шағылған деп суреттеледі аңыздарда. Айтса айтқандай, батысынан шығысына 3000 шақырым, солтүстігінен оңтүстігіне 1600 шақырым, жалпы аумағы 2717,3 мың шаршы шақырым алып аймақты қалай әсірелесе де  тұрарлық.

         Осындай кең  - байтақ жерге ие жас, егеменді еліміздің өзге елдердегідей өз «іңгәсі» бар. Ол – көтерген Туы мен Елтаңбасы, асқақтата әуелеткен Әнұраны. Еркіндікке ұмытылған қай ел, қай халық та өз дауысымен сөйлеуді, өз үнімен жар салуды армандайды. ҚР – ның Ата заңының 9 – бабында «Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері- Туы, Елтаңбасы және Гимні бар» - делінген. Сондай – ақ осы заңның 34 –бап, 2 тармағында «Әркім Республиканың мемлекеттік нышандарын құрметтеуге міндетті» - делінген. Олай болса «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері» атты ашық тәрбие сағатына қош келіпсіздер.

Біздер тәуелсіз  қазақ елінің ең жас ұландарымыз. Сондықтан өз жерімізді, өз елімізді әкелер мен аталарымыз сияқты қадірлеуге, сүюге, қорғауға тиіс екенімізі естен шығармайық.

Сұрақ: Отан деген не?

«Қазақстан»

Отан –жерім, Отан –суым,

Отан –қуат, нәр береді...

Отан ұран, Отан – туым,

Отан мәңгі гүлденеді.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны орындалады.

Біздің Елтаңба

Алтын қанат көмкерген,

Шаңырақ бар, уық бар

Әсем бейне сен көрген

Жай бейне емес, ұғып ал!

Көгілдір түс аясы –

Бейбіт дала елесі.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік әнұраны Сөзін жазған:

Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев

Әнін жазған:

Шәмші Қалдаяқов

Алтын күн аспаны, Алтын дән даласы, Ерліктің дастаны, Еліме қарашы! Ежелден ер деген, Даңқымыз шықты ғой. Намысын бермеген, Қазағым мықты ғой!

Қайырмасы:

Менің елім, менің елім, Гүлің болып егілемін, Жырың болып төгілемін, елім!

Туған жерім менің – Қазақстаным!

Ұрпаққа жол ашқан, Кең байтақ жерім бар.

Бірлігі жарасқан, Тәуелсіз елім бар.

Қарсы алған уақытты, Мәңгілік досындай, Біздің ел бақытты, Біздің ел осындай!

Қайырмасы:

Менің елім, менің елім, Гүлің болып егілемін, Жырың болып төгілемін, елім!

Туған жерім менің – Қазақстаным!








Сабақтың қорытындысы


Тілдік құзыреттілікті қалыптастыру


  • Төлқұжатта, туу туралы куәлікте, орта білім туралы аттестатта құжаттарда бейнеленген. (Елтаңба)

  • Президент резиденциясында, Үкімет үйінде ілулі тұрады. Барлық мекемелерде бар. (Ту)

  • Республика, облыс, аудан көлеміндегі маңызды салтанатты мәжілістерде орындалады. (Әнұран)


Пәнаралық байланыс


Қосымша тапсырмалар


Өнер. Оқушылар «Суретін сал» қосымшатапсырмасын орындайды.


АКТ. Қабілеті жоғары оқушылар Paintбағдарламасын пайдаланып, «Суретін сал» тапсырмасын жасай алады.


Суретті бояңдар.


Бағалау



Бағалаудың бір түрі ретінде оқушыларға өзін-өзі бағалау үшін «Өзіңді тексер» тапсырмасын ұсынуға болады.


Сұрақтарға жауап ретінде иә (+) немесе жоқ (-) белгілерін қой.


Қорытынды бағамдау

Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1: Оқушыларды сабақтың әр кезеңінде бағалау.

2: Дарынды және үлгерімі төмен оқушылардың ерекшелігіне көңіл бөлу.

Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алады ( оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1: Сабақтың нәтижесіне көңіл бөлу.

2: Рефлексия.

Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім ?




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
5 маусым
625
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі