Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ «Қазақстан табиғаты».

Материал туралы қысқаша түсінік
тәрбиешілерге
Материалдың қысқаша нұсқасы

Орымбасарова Махаббат Маратовна

Павлодар облыс, Шарбақты ауданы, Шалдай ауылы

«Шалдай жалпы білім беру»

КММ шағын орталығының тәрбиешісі


Балалардың жасы: 4 – 5.

Тақырыбы: «Қазақстан табиғаты».

Мақсаты: Қазақстан Республикасының табиғаты мен табиғи материалдары туралы әңгімелеу.

Міндеттері:

Білімділік: Қазақстан табиғатымен таныстыру. Жануарлармен өсімдіктердің Қызыл кітабын көрсете отырып, олардың түрлері туралы ақпарат алуға үйрету. Тіршілік иелерінің бір-бірімен байланысы туралы білімдерін жетілдіру;

Дамытушылық: балалардың экологиялық білімдерін дамыту;

Тәрбиелік:Табиғатты қорғауға және оған қамқорлықпен қарауға тәрбиелеу;

Қолданылатын құрал - жабдықтар: «Жануарлар мен өсімдіктердің Қызыл кітабы» тақырыбындағы суреттер, слайд түрлері,  үлестірме материалдар, ҚР–ның картасы, жануарлардың атрибут-суреттері.

Алдын - ала өткізілген жұмыстар: Сирек кездесетін аңдар мен құстардың суреттерінен көрме.

Болингвальды бөлім: Қызыл кітап - Красная книга - Red book. Туған өлкем – родной край - native land, тірі табиғат-живая природа, өлі табиғат- неживая природа - wildlife.

Барысы:

I Ұйымдастыру кезеңі (ғажайып сәт, тақырыпқа ену)

Шаттық шеңбері: Күндей жадырап, айдай арайлап, жұлдыздай жарқырап, судай таза көңілмен бүгінгі күнімізді бастайық.
Күтпеген сәт: Барыстың баласы Алан мен Арқардың баласы Қозықаның келуі.
- Балалар, біз жаңа осында келе жатып, жолдан мына ғажап кітапты тауып алдық, қандай кітап екенін түсіндіріп беріңдерші?
Тәрбиеші: Қане, Алан, Қозықа берші, көрейік. Ой, балалар, бұл - Қызыл кітап қой.

II Негізгі кезең (тақырыпты ашу, ойындар, физминутка)

Тәрбиеші: Ой Алан, Қозықа, бүгін біздің танысқалы отырған оқу қызметіміз де осы - Қызыл кітап туралы болмақ. Тақырыбымыз: Қазақстан табиғаты. (Балаларды сирек кездесетін аңдар мен өсімдіктер жайлы кітаптардан жасалған көрмеге шақыру).

Тәрбиеші: -Бұл кітаптарда осы сирек кездесетін жануарлар мен өсімдіктер туралы анықтамалар, қызықты әңгімелер және олардың түрлі - түсті суреттері бар. Қызыл кітаптың маңызы зор. Ол жойылып бара жатқан аң - құстарды, өсімдіктерді қорғауға, оларды аулауға, бейберекет жасауға тыйым салады және туған табиғатымыздың байлығын қорғап, кейінгі ұрпақтарға жеткізуді мақсат етеді. Сол арқылы табиғатты сүюге, қорғауға тәрбиелейді.
Балаларды қызықтыру: Табиғат дегеніміз не? Суретпен жұмыс. Қазақстан картасымен жұмыс: Біздің бас қаламыз қандай қала?
-Ал біз қандай
ауылда тұрамыз?
Қандай өсімдік түрлерін білесіңдер?
Сұрақ-жауап: Табиғат дегенді қалай түсінесіңдер? (балалар өз түсініктерін, пікірлерін ортаға салады.) Табиғаттың қасиеті ерекше. Біз табиғатта дем алып, жұпар ауаны жұтамыз, мөлдір бұлақтан су ішіп, шөлімізді қандырамыз.Табиғаттың бізге берері көп. Ендеше табиғатты аялайық, қорғайық. Табиғат заттар екі түрге бөлінеді: тірі және өлі табиғат. Тірі табиғатқа- адамдар, ағаштар, құстар, аңдар жатады. Өлі табиғатқа- тау, тас, су, құм, мұз, топырақ жатады.
Тәрбиеші жетекшілігімен ойын: «Не қайда?»
Мақсаты: Балалардың әуеде, суда және жерде жүретін жануарлар туралы түсінігін дамыту. Жылдамдығын анықтау.
Сергіту сәті:

Бетке соққан жел лебі,
Қозғалады ағаштар.
Биік-биік ағаштар,
Төмен-төмен бұталар.
Сөздік жұмыс: Қызыл кітап - Красная книга - Red book. Туған өлкем – родной край - native land, тірі табиғат-живая природа, өлі табиғат- неживая природа - wildlife.

III Қорытынды кезең (тақырыпты қорытындылау)
Тәрбиеші: Ал, балалар, ойын ойнауға қалайсыңдар? Олай болса, топ балалары Алан мен Қозықаның тобына екіге бөлінейік те, екі қатар болып отыра қалайық. Мына жерде әр түрлі табиғат құбылыстары бейнеленген, суреттер үстел үстінде жатыр. Соның ішінен кез - келген суретті алып, қимылмен көрсетіп беруі тиіс. Ал, келесі топ балалары оны табады. Екі-үш рет ойнайды. Ойынға қызығушылық тудырады (табиғат құбылыстары туралы сөздік қорлары дамиды).
Ойын: Суретпен жұмыс.Табиғаттың суретін бояу.
-Жер бетінде
1. Күн ортақ, жылу әрі жарық береді.
2. Су, жаңбыр қар ортақ.
3. Ай ортақ-түнде сәуле шашады.
4. Жел ортақ-бәрімізге.
IV. Рефлексия: (әр түрлі рефлексия өлшеуіштерінің көмегімен балалардың пікірлері: смайликтер, көңіл-күй түсі, табыс сатысы т.б.)

Доппен ойын ұйымдастыру. «Табиғаттағы заттарды ата» Балалар допты қағып алып,табиғаттағы заттарды атайды.

-«Қызыл кітап» дегенді қалай түсінесің?
-«Қызыл кітапқа» енген жануарлар мен құстарды ата.
«Қызыл кітап» деп неге аталған?

"Қызыл" сөзін тағы немен байланыстырар едің?
- Сирек кездесетін қандай өсімдіктер мен жануарларды білесіңдер?
Қойылған сұрақтарға жауап береді, жойылып бара жатқан аң - құстарды атайды.
Балалар, салған суреттеріңді бүгінгі қонақтарымыз Алан мен Қозықаға көрсетейік. Балалар оларға орындаған тапсырмаларын қуана көрсетеді.
Тәрбиеші: Ал, Алан, Қозықа «Қызыл кітап» не екенін түсіндіңдер ме?
Алан: Рахмет, сіздер арқылы мен «Қызыл кітапқа» енген жануарлар мен құстарды білдім. Маған ұнады, келер оқу қызметіне де келгім кеп отыр.

Қозықа: Иә, мен де көп нәрсе білдім. «Қызыл кітапқа» енген өсімдіктерді тани бастадым, енді оларды аялап, қорғап жүретін боламын. Ал, біз үйімізге қайтайық, бізді іздеп жатқан да болар. Сау болыңыздар!
Тәрбиеші: Балалар, сендер іс - әрекетке жақсы қатысып, сұрақтарға дұрыс жауап бердіңдер, жарайсыңдар балалар. Белсене ат салысқан балаларды, мақтау мадақтау. Балалар бүгінгі оқу қызметіндегі пікірлерімен бөліседі. Табиғат жайлы, өлі, тірі табиғат жайлы, ойнаған ойындарын әңгімелеп, ұнаған сәттерін айтады.
Күтілетін нәтиже:

Біледі: табиғат ерекшелігін, өлі, тірі табиғат туралы. Сирек кездесетін аңдар мен құстарды білді:

Игереді: өлі және тірі табиғатқа тән белгілер;

Меңгереді: «Қызыл кітап», оның маңызың меңгерді, өсімдіктер дүниесіне қамқорлық жасауды.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
19.02.2021
460
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12