400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ "Қазақстан таулары"4сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушылардың бұрын алған білімдеріне және өмір тәжірибесіне сүйене отырып, Қазақстан таулары, олардың пайдасы туралы бағыт беру, табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттырып, оны қорғауға тәрбиелеу. Негізгі ой оқушының өмірдегі біліміне, білетініне сүйену.Жаңа теориялық ақпаратты беру арқылы оқушыға жаңаша ойлау дағдысын, мәнерін, амалдарын қалыптастыруға ықпал жасау. Тақырыптың мағынасын ашып, өздері талдау жасап дұрыс бұрыстығына көздері жетеді.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Дүниетану пәні 4Б — сынып

Сабақтың тақырыбы: Таулар

Сабақтың мақсаты: Оқушылардың бұрын алған білімдеріне және өмір тәжірибесіне сүйене отырып, Қазақстан таулары, олардың пайдасы туралы бағыт беру, табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттырып, оны қорғауға тәрбиелеу

Оқыту нәтижесі: Тақырыптың мағынасын ашып, өздері талдау жасап дұрыс, бұрыстығына көздері жетеді.

Негізгі идеялар: Оқушының өмірдегі біліміне, білетініне сүйену.Жаңа теориялық ақпаратты беру арқылы оқушыға жаңаша ойлау дағдысын, мәнерін, амалдарын қалыптастыруға ықпал жасау.

Сабақтың түрі: сайыс сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ — жауап, түсіндіру

Пәнаралық байланыс: математика, әдебиеттік оқу, қазақ тілі

Сабақтың көрнекілігі: Қазақстанның физикалық картасы, слайдтар, суреттер, өлеңдер,оқулық.

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі:

Шаттық шеңбері

Балалар,бүгінгі сабақ басқа сабақтардан ерекше болады.Себебі біз бүгін интербелсенді тақтамен қолданамыз және бізге бүгін құрметті қонақтар келді.Амандасайық

Үлкенге де сіз,

Кішіге де сіз,

Сәлем бердік сіздерге,

Құрметпенен біз!

-Сабақ сайыс түрінде өтеді.1-1 асықтан алыңыздар. Сынып оқушыларын 2 топқа бөлу.

I топ

II топ

Оқушылардың назарын сабаққа аударту.

Психологиялық дайындық ( оқушылардың көңіл күйін білу)

-Ал, қанекей, балалар

Бері қарай қарайық

Қажет, құрал, кітапты

Алдымызға алайық

Алаңдамай басқаға

Сабаққа назар салайық.

Балалар,.Ендеше сайыстың ұпай сандарын стикер арқылы санаймыз.

Өткенді пысықтау:

Бұл бөлім «Кім білгір?»деп аталады.

ә)Қазақстанның физикалық картасы.

Жасыл түс – ойпатты жазықтар.

Сарғыш түс – қыратты жазықтар.

Қоңыр түс – таулар.

Үй тапсырмасын қорытындылау барысында білімімізді тест арқылы толықтырайық.

III. Жаңа сабақ.

а) Жұмбақ жасыру.

Көтеріп орман, тоғай, тастың бәрін

Жапанда шөгіп жатыр үлкен нарын.(тау)

-Дұрыс айтасыздар.

-Бүгін біз еліміздің сәнін келтіретін таулар жайында айтпақшымыз.

- Ендеше Қазақстан тауларын атап өтейікші. (Алатау, Көкшетау, Тянь-Шянь, Жоңғар Алатауы т.б)

Балалар,жаңағы 2 топ өздеріңізге ақылдасып топтың атын таудың бір атауымен атап,қағаз бетіне түсіруді сұраймын.

а) Мұғалімнің жаңа сабақты түсіндіруі:

Таулар-табиғаттың ғажайып кереметтерінің бірі.Таулар атмосферадағы ылғалды өздеріне тартып,ғаламшарымыздағы су айналымын реттеп тұрады.

Тау-дегеніміз етегі,шыңы,басы,жоны,беткейі,өзен аңғарлары бар,жердің тастардан тұратын ауқымды бөлігі.

Жер бетінің ерекше биік тұстарын тау дейді.

Аласа тауларда қар мен мұз жатпайды.

Аласа таулар Сарыарқада көп.

Таулардың пайдасы:

Тау – дем алуға қыдырып тынығуға таптырмайтын орын

Таудағы жайлауда мал жайылады

Тау етегінде егін егеді, жеміс бағы мен бақша өсіріледі

в) Слайдтан Ұлытау, Тянь — Шань, Көкшетау суреттерін көрсету.

г)Оқулықпен жұмыс. Тізбектеп оқу

Оқушылардан тау, таулы аймақтар жайында білетіндерін сұрау.

-Балалар ,тау жайында не білеміз таулы аймақтардың ауа райы, табиғаты қандай болады? (оқушылардан толық жауап алу)



- Таулы аймақтың ауа райы қандай болады? «жаңбырлы»

ғ)«Таудағы жаңбыр» тренингі

Қане, барлығымыз тізбектеле тұрайық. Көзімізді жұмып, өзімізді табиғат аясында тұрғандай сезінейік. Күн тамаша ашық, күн сәулесі шуақ шашып тұр, айнала тамаша көрініске толы. Енді, көзімізді ашып, өзімізді еркін сезінейік. Алғашқыда бәрі жақсы болып тұрды да кенет, аяқ астынан жеңіл жел соқты.Алдыңызда тұрған адамның арқасынан ақырын ғана қолмен жеңіл желдің самалындай етіп сипаймыз.Жел күшейді – енді алдыңыздағы адамның арқасын қатты уқалай бастаймыз.Кенет, боран басталды — енді боран күшіндей екі қолмен айналдыра күштірек уқалаймыз.Содан кейін, аяқ астынан жай ғана жаңбыр сіркірей бастады – енді қолымызбен жаңбырдың тамшысындай ақырын ұрамыз.Бір кезде қатты жауын жауды – біз қатты жауын сияқты арқамызды саусақтың ұшымен жоғары төмен сипалаймыз.Аяқ астынан бұршақ жауды – арқамызды саусақ басымен бұршақ жауғандай қаттырақ ұрамыз.Бір кезде бәрі басылды, күн жарқырап ашылып, адамға бір күшті шуақ берді.

Қазір сіздердің еркін, ыңғайлы отыруларыңызды сұраймын.

е) Картамен жұмыс.

Картадан тауларды көрсету.

-Картада таулар қандай түспен белгіленеді? (қоңыр)

ж)»Кім тапқыр?»бөлімі. Қазақстанның физикалық картасынан таулардың орналасқан жерін тез табу. 1 топ — Сарыарқа таулары

2 топ — Алтай таулары

3 топ — Тянь — Шань тауы

з) Сергіту сәті.

к)»Ойна да, ойла»Бұл бөлімде әр топ өзіне берілген таудың биіктігін разрядтық қосылғыштарға

жіктейді және картадан тез табады.

1 топ -«Ұлытау»тауы — 1134м=1000+100+30+4

2 топ -«Алтай» тауы — 4506м=4000+500+6

3 топ -«Хан Тәңірі» тауы — 6995м=6000+900+90+5

Ұғымдарын байқау.

а)»Ой — толғаныс»

ә) Оқушылардан тау туралы өлеңдер 4жол олең құрастырыңдар

1 топ -

2 топ-

Қорытынды

-Балалар, таулардың қандай пайдасы бар?

Оқушылардың ойын тыңдап,Постер құрату.

Рефлексия.

Айтыңдаршы , сабақта сендерге не қызық болды,не ұнады?

Не қиын болды?

Талқылау жүргізіледі.

Әсерлерін жазады.

Бағалау. . Сабаққа қатысқан балаларды бағалау.

VII. Үй тапсырмасын беру.

«Қазақстан таулары»тақырыбын оқу «Таулы мекен» тақырыбында эссе жазу

Тақтадан «Талаптарың таудай болсын!»атты сөз шығару.

Сабақтың аяқталғанын хабарлау

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
21.12.2017
627
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі