400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ. Қазақстан таулары А.Сейтақ

Материал туралы қысқаша түсінік
Бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған әдебиеттік оқудан ашық сабақ. Жаңа сабақ. Қазақстан таулары туралы мәлімет беру. Тауларды картадан тауып көрсету
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақ жоспары


Күні: 28.02.19ж

Пәні: Әдебиеттік оқу

Сабақтың тақырыбы: Қазақстанның таулары Айбатыр Сейтақ

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Іздену, талдау, білім көкжиегін кеңейтуге мүмкіндік жасау отырып, мәнерлеп оқуға, жазуға дағдыландыру. 

Дамытушылық: Ойлау қабілеттерін дамыту, сөйлеу тілдерін жетілдіру, сөздік қорларын молайту. 

Тәрбиелік: Отан сүйгіштікке, патриоттық сезімге тәрбиелеу, эстетикалық, экологиялық көзқарасын қалыптастыру. 

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ – жауап, ой қозғау.

Көрнекі құралдар: кластер, аудиожазба,

Сабақ барысы.


I.Ұйымдастыру кезеңі: Амандасу үш тілде. Сабаққа дайындығын қадағалау.

II. Психологиялық дайындық: 10 саусақ. Әр саусақ бойынша бір-біріне тілек айту, сәттілік айту.

III. Үй жұмысын тексеру:

Кластер

Shape1

Сәбит Мұқанов





Кестемен жұмыс тапсырмасын тексеру


IV. Жаңа сабақ.

Сабақты бастамас бұрын мына қорапшаға бүгінгі сабақтан не білгің келеді, қалай өткенін қалайсың сол туралы жазып қорап саламыз. Қорапты сабақ соңында бірақ ашамыз.

Ой қозғау.

Нұрғали Нүсіпжановтың «Алатау» өлеңін тыңдатып оқушылардан ән не жайында екенін сұрау. Оқушылардың жауаптары тыңдалады.


  • Оқушылар 

He сыйласын, несін берсін ел маған?!

Тұрсақ екен елім де аман, мен де аман.

Таулар - менің таусылмайтын бақытым,

Ал ырысым - ұланғайыр кең далам, - деп ақиық ақынымыз Мұқағали Мақатаевтың өлең жолдарымен сабақты бастаймыз. Себебі бүгінгі сабағымыздың тақырыбы да біздің еліміз – жерімізге көрік беріп тұрған таулар жайында болмақ. Айбатыр Сейтақ «Қазақстан таулары». (оқушы дәптерлеріне бүгінгі күнді, сабақ тақырыбын жазады)

Сабақта қандай нәтиже күтіп отырсың? Қандай мақсат қойып отырсың?(ауызша айту) 

Тау тақырыбына жазылған А.Сейтақ «Қазақстан таулары» атты өлеңімен танысасыңдар. «Қазақстан таулары» өлеңін мәнерлеп оқу. 
Оқулықпен жұмыс

Алдымен оқушыға мәнерлеп оқып беру. Содан соң оқушыға мәнерлеп оқыттыру.

Содан соң

Алатау, Ұлытау, Көкшетау, Баянауыл, Қарқаралы, Қаратау, Алтай таулары картадан көрсету

- Өлеңде не туралы айтылған?
- Авторы кім?


Автор туралы мәлімет беру.

Айбатыр Самиғоллаұлы Сейтақ 1966 жылы 28 ақпанда Батыс Қазақстан облысы, Бөкей ордасы ауданы, Орда ауылында дүниеге келді. 1989–1997 жылдары Орал және Қостанай облыстық телерадиокомпанияларында теледидар редакторы болып жұмыс істеген. «Сарыарқа» журналы бас редакторының орынбасары, «Жас Алаш» газетінің Астана қаласындағы меншікті тілшісі, «ҚазАқпарат» агенттігінің тілшісі қызметтерін атқарған.
Қазір ҚР Парламенті Мәжіліс Аппараты баспасөз қызметінің бас сарапшысы.
1988 жылы «Лениншіл жас» (қазіргі «Жас Алаш») газеті өткізген «Жыр-жарыс» бәйгесінің жүлдегері, 1990 жылы Жұбан Молдағалиевтің 70 жылдығына арналған мүшәйраның жеңімпазы, 1993 жылы Бұқар жыраудың 325 жылдығындағы мүшәйрада үшінші орынды иеленген. 1996 және 2000 жылдары «Сорос-Қазақстан» халықаралық қоры ұйымдастырған ақындар байқауының лауреаты. 1999 жылғы Қазақстан Республикасы Президенті стипендиясының иегері. 1997 жылы «Жазушы» баспасынан «Ғұмырнама» атты жыр жинағы жарық көрді.


Сұрақ жауап әдісі. Мәтін бойынша сұрақтар қою.

Сөздік жұмыс: «Ұлытау жер кіндігі» , «Ұлт бірлігін сақтаған» деген өлең 
жолдарының мағынасын түсіндір?

Ұлытай туралы Н.Ә.Назарбаев пен Қаныш Сәтбаевтың не айтқандарына назар аударайық.


Таудың бәрі тағдырлы­ кез келген таудың өзіндік тарихы, басынан өткен оқиғасы бар деген сөз.
Әр тау аңызға үңіліп тұр. Сен қандай тау туралы аңыз білесің? Ендеше, «Жұмбақтас» туралы аңызды көрейік.


V. Сергіту сәті. Бейнежазба

VI.Өтілген материалды бекіту.

  • Бүгінгі сабақта біз немен таныстық?

  • Қазақстанның қандай тауларын білдің?

  • Өзіңе қандай жаңа мәлімет алдың?

Сабақ соңында қорапшадағы өзі қалаған мақсатқа жетсе соны сол қорапта қалдыру.

VII. Қорытынды.







Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
28 ақпан
597
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі