400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ "Қазақстан телеарналары" 9-сынып. қазақ тілі

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл сабақ 9-сынып оқушыларымен өткізілді. Сабақта телеарналар мен телевидение саласы бойынша мол мағлұмат беретіндей тапсырмалар мен жұмыс түрлері қарастырылған. Грамматика бойынша құрмалас сөйлемді қайталауға арналған тапсырмалар да бар. Сабақ жүйелі және тартымды деп ойлаймын. Оқушылардың өз бетінше шығармашылықпен жұмыс жасауына көп мүмкіндік береді. Оқушыларға алдын-ала тележоба жасауға, мұғалімдер мен оқушылардан сұхбат алуға тапсырмалар беруге болады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мұғалімнің аты-жөні, лауазымы, жұмыс орны: Рахимжанова Рыскул Дуанбековна, Арқалық қаласы Восточный жалпы орта білім беретін мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі


9-сынып. Қазақ тілі.

Уақыты-------------------------

Сабақтың тақырыбы: Қазақстан телеарналары

Сабақтың мақсаты: 1.Білімділік: Оқушыларға телевидение саласы және қазақстандық телеарналар жайлы түсінік беру арқылы білім беру мен білім алудағы жаңа тәсілдерді тиімді пайдалану, оларды топпен бірлесе және өздігінен ізденіп жұмыс істеуге үйрету.

2. Дамытушылық: Оқушылардың шығармашылық-танымдық құзіреттіліктерін қалыптастыру және талдау, сын тұрғысынан ойлау мен жазу дағдыларын дамыту, өзара іс-әрекеттерін бағалай білуге үйрету.

3. Тәрбиелік: Коммуникативтік қарым-қатынасты қалыптастыру, ұйымшылдыққа тәрбиелеу, ақпараттық құралдар қызметіне деген қызығушылықты ояту.

Сабақтың көрнекілігі:

  • Мұғалім үшін: сабақ жоспары, бағалау парағы, презентация;

  • Оқушылар үшін: тапсырмалар және бағалау парағы, оқулық.

Сабақтың түрі: шығармашылық-ізденіс сабағы

Сабақтың әдістері: ақпараттандыру, сын тұрғысынан ойлауды дамыту, сөздік, көрнекілік, баяндау, талдау, интерактивті.

Сабақтың нысаны /обьектісі/: телевидение және телеарна тақырыбындағы сөздер мен сөз тіркестері, салалас құрмалас сөйлем


Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру:

  • Оқушылармен амандасу, түгендеу , кезекшімен диалог;

  • психологиялық дайындық;

  • оқушыларды топқа бөлу;

  • сабақтың мақсатын түсіндіру:

    1. білу;

    2. түсіну;

    3. талдау;

    4. жинақтау;

    5. қолдану.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: Телевидение. Салалас құрмалас сөйлем және оның түрлері.


  • «Ми шабуылы» әдісі арқылы үй тапсырмасын сұрау.


I-топ

  1. Құрмалас сөйлем дегеніміз не?

  2. Құрамындағы жай сөйлемдерінің баяндауышы тиянақты болып, өзара тең дәрежеде байланысқан құрмалас сөйлем түрі қалай аталады?

  3. Бірінші жай сөйлемінің баяндауышының құрамына сілтеу есімдіктері қатысатын салаласты атаңыз.

  4. Телевидение сөзі қандай мағынаны береді?

  5. Телехабарларды түсіру мен беруде қандай жаңа технологиялар пайда болды?

  6. Ұлы Отан соғысынан кейін теледидар хабарларын таратуды ең алдымен қандай ел қалпына келтірді?

ІІ-топ.

  1. Құрмалас сөйлемнің қандай түрлері бар?

  2. Жалғаулықсыз қарсылықты салалас сөйлемнің баяндауыштары қалай жасалады?

  3. Тек жалғаулықты шылаулар арқылы қолданылатын салаластың түрін атаңыз.

  4. Бүкіл дүниежүзілік теледидар күні қай күн?

  5. Қоғамдық телевидение халықты қандай бағдарламалармен қамтиды?

  6. Алматы телестудиясы алғаш рет эфирге қашан шықты?


    • Оқушылар тележобасы.

    • Семантикалық кесте арқылы салалас құрмалас сөйлем бойынша білімдерін тексеру.

І-топ

Салалас түрі


Ыңғай-

лас

Қарсы-

лықты

Себеп- салдар

Түсіндір-

мелі

Кезек-тес

Тал-ғау-

лы

Жалғаулықтары

Да, де, та, те, және, әрі.







Сондықтан, себебі, өйткені, сол себепті, неге десеңіз







Бірақ, дегенмен, әйтсе де, алайда, сонда да.







Жалғаулығы жоқ







Болмаса, не болмаса, я болмаса, әйтпесе, не, немесе, яки, я, әлде.







Біресе, бірде, кейде.








ІІ-топ


Салалас түрі


Ыңғай-лас

Қарсы

лықты

Себеп- салдар

Түсін-дір-

мелі

Кезек-тес

Тал

ғау

лы

Мысалдар

Олар біресе тоқтап демалады, біресе күн ұзақ жүріп алады.







Биыл жайлауда болдым және ауылдағы ағаларымның уйіне бардым.







Оның келмеген себебі  мынау: кеше жұмыстан кеш  қайтты.







Оның даусы жақсы, бірақ ән айтуды жақтырмайды.







Биыл шөп қалың шықты, өйткені жаңбыр көп жауды.







Ертерек үйге дәрігер шақыру керек немесе ауруханаға бару керек.







ІІІ. Жаңа сабақ: Қазақстан телеарналары.

  • Сызба және кесте арқылы жаңа тақырыпты түсіндіру.

  • Жаңа сөздер мен сөз тіркестері :

Ұлттық арна-национальный канал

Танымдық бағдарлама-позновательная программа

Ақпараттық қызмет-информационная служба

Білім беру телехабары –образовательная телепередача

ІҮ.Бекіту.


  • Мәтінмен жұмыс.

І-топ.

«Қазақстан» Ұлттық телеарнасы

«Қазақстан» Ұлттық телеарнасы - бiрiншi ұлттық қазақстандық телеарна. 1958 жылы 8 наурызда негізі қаланған. Сол жылы «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы алғашқы хабарын   Алматы телестудиясынан берді және күнделікті хабар тарата бастады.

Еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін Қазақ теледидарының тарихында жаңа кезең басталды. 1994 жылы 4 сәуірде Қазақстан Президентінің жарлығымен "Қазақстан теледидары мен радиосы" республикалық корпорациясы болып құрылды.

2002 жылдан "Қазақстан" ұлттық телеарнасы деп аталды Телеарнаның 13 облыстық және 1 қалалық (Семей) бөлімшесі бар.

«Қазақстан» телеарнасы хабарларын 2003 жылдан бері көршілес Қырғызстан, Өзбекстан, Ресей, Қытай елдеріндегі қазақтар көре бастады.

Тапсырмалар:

1). Мәтінді түсініп оқыңдар.

2). Мәтін бойынша диалог құрыңдар.

3). Асты сызылған сөйлемге синтаксистік талдау жасаңдар.


ІІ-топ.

«Қазақстан-Қостанай» телеарнасы

«Қазақстан» Ұлттық телеарнасының Қостанай облыстық филиалы телевизия хабарларын тұңғыш рет 1991 жылы 1 ақпанда Қостанай қаласында бастады. 1989 жылы телевизия және радиохабарын тарату жөніндегі мемлекеттік комитеттің Қостанай облыстық теледидарын ашу туралы арнайы шешімі қабылданған.

Алғашқы сынақ хабарлары «Қазақстан» арнасынан аптасына 2 рет шықты, бірақ ол жаңалықтар мен шағын сұхбаттардан ғана тұратын еді. Ал тұрақты хабар тарату 1991 жылдан басталды.

Қостанай теледидарының тұңғыш іргетасын қалағандар: сол кездегі телерадиокомпания төрағасы Н.Ислямиев, Б.Нұрмұхамедов, бас инженер В.Асташов, бас редактор Ә.Мадин.

2010 жылдың 13 желтоқсанынан бастап «Қазақстан-Қостанай» телеарнасы «Отау ТВ» спутнигі арқылы эфирге толық көлемде шығатын болды.

Тапсырмалар:

1). Мәтінді түсініп оқыңдар.

2). Мәтін бойынша жоспар құрыңдар.

3). Асты сызылған сөйлемге синтаксистік талдау жасаңдар.

  • «Екі түрлі түсінік» стратегиясы


Телевидение

І-топ.

Пайдасы

ІІ-топ .

Зияны




  • Жалғасын тап.

1. Мен бос уақытымда теледидар қараймын әрі .............

2. Менің теледидар көруге уақытым жоқ, себебі...............

3. Қазақстан телеарналарында бағдарламалар көп, бірақ ...............................

4. Теледидар алдында көп отырғаным сонша- ...........................

5. Мен бүгін не кітап оқимын, не ....................................................

6. Мен кейде жаңалықтар топтамасын қараймын, кейде.........................................

  • «Бес жолды өлең» құрастыр.

І-топ. «Теледидар» сөзі

ІІ-топ. «Ғаламтор» сөзі

Рефлексия. Оқушылар тұжырымы мен пікірі.

  • «Топ жетекшісі» өз тобының жұмысын бағалайды;

  • Оқушылар сабақтан алған әсерлерін айтады, өз іс-әрекетіне баға береді.

Қорыту. Сабақта белсенділік танытқан оқушылардың білімін бағалау.

Сабағымыз аяқталды, тұрайық!

Өзімізге шапалақты ұрайық...

Үйге барып, шабытпенен шаттана

Таң қаларлық әдемі эссе құрайық!


Ү. Үйге тапсырма: 1. «Менің сүйікті бағдарламам» тақырыбында эссе жазу.

2.164-бет. 1-тапсырма. Мәтінді оқып, тапсырмаларды орындау.


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
6 ұстаз жүктеп алған
18 желтоқсан
3881
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі