400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ "Қазақстан территориясында темірдің игерілуі "5 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
мұғалімдерге керек ашық сабақ
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мектеп:Дөң орта мектебі

Сабақ: Қазақстан тарихы

  • Тақырыбы: Қазақстан территориясында темірдің игерілуі

Күні:


Сынып: 5а

Мұғалімнің аты –жөні : Нуржанова Эльмира Зейноллаевна

Осы сабаққа негізделген оқу мақсаты:

5.4.2.2 – Металл өндірісі жетілуінің шаруашылық салаларына тигізген ықпалын түсіндіру.

Сабақ мақсаттары:

Барлық оқушылар:Темір дәуіріне сипаттама береді.

Ертедегі кен өндіру әдісімен танысады.

Оқушылардың басым бөлігі:Адамдар темірді қалай өндіретінің түсінеді. Темір-тіршіліктің маңызды элементі екенің біледі, мысал келтіреді.

Кейбір оқушылар: Темір дәуірінде тайпалық одақтарының құрылуы негізінде алғашқы мемлекеттердің пайда болу себептерін тарихи ескерткіштермен,деректермен,картамен дәлелдейді.

Бағалау критерийлері

1.Темір дәуірінің ерекшеліктерін түсіндіру;

2.Темірдің қалай игерілуін анықтау;

3.Темір дәуірінде адамзат тарихында елеулі өзгерістер орын алған белгілерін қарастыру;

Тілдік мақсат:

Оқушылар орындай алады:

-Оқушылар Темір дәуірінің ерекшеліктерін өздері менгеріп, баяндайды;

-Топпен тақырыпты талдайды.(жазылым,оқылым, тындалым)

-өздігінен талдау жасап, оқулықтан алған мағлұматқа қорытынды жасайды.

-сабақта қолдана отырып, оқушылар сұрақтарға жауап табуға , бірлесе жұмыс жасайды.

Пәндік лексика және терминдер

Темір, тайпалық одақ, пеш-көрік.

Диалогқа/жазылымға қажетті сөз тіркестер

1. Неліктен б.з.д. VIII ғасырдан басталған кезең темір дәуірі деп аталады?

2.Темір өндіру адам өмірін қалай өзгертті?

3. Адамдар темірді қалай өндірді?

Құндылықтар баулу

Толерантты сана, мәдениет және көзқарастардың әртүрлілігіне деген құрмет,жалпыға бірдей қоғамдық еңбекке тарту.

Пәнаралық байланыс

Дүние жүзі тарихы, жаратылыстану.

Алдыңғы оқу

Қазақстандағы ежелгі адамдардың өміріне саяхат.

Ежелгі адамдардың кәсібі туралы есімізге түсірейік..Зерттеу сұрақтары

Сабақ барысы

Сабақ кезеңдері

Сабақтағы іс-әрекеттер:

Ресурстар

Сабақтың басы

10 минут



Ұйымдастыру кезеңі:

Психологиялық ахуал қалыптастыру « Бастаймыз» тренингі.

Оқушылар бір бірінің қолынан ұстап, «біз бүгінгі сабағымызды жақсы көңіл күйімізбен бастаймыз...»

Топқа бөліну: Кеспе қағаздары арқылы топқа бөлінеді:

1.Тас дәуірі. 2. Қола дәуірі. 3. Темір дәуірі.

«Суреттерді салыстыр»

Миға шабуыл тапсырмасы бойынша

Интерактивті тақтаға қола мен темір дәуірінің үш ұқсатығы мен үш айырмашылығын анықтайтын суреттерді көрсету арқылы сұрақтар қойылып, жаңа тақырыптың оқу мақсатымен таныстырылады.

-Суреттерде не бейнеленген?

-Суреттерде қандай ұқсастықтарымен ерекшеліктері бар?

Кем дегенде 3-4 ұқсастық пен ерекшеліктерін табу.

Қалыптастырушы бағалау. «Басбармақ» арқылы бағалау.

Интербелсенді тақта, постер, маркерлер,

Сабақтың ортасы

20 минут

Білу, түсіну, қолдану.

Тапсырма 1. Инсерт әдісі бойынша мәтінді өз бетінше менгеріп, тапсырмасын орындайды.

оқушының (оқылым,тындалым) дағдысын дамыту.

(топтық жұмыс)

1-топ. Темір дәуіріне саяхат.( пирамидалық талқылау)

2-топ. Адамдар темірді қалай өндіреді.(кластер)

3-топ. Тайпалық одақтардың құрылуы.( уақыт тізбесі бойынша жұмыс)

Дескриптор

1.Темір дәуірінің ерекшеліктерімен танысты;

2.Темірдің қалай игерілуін біледі;

3.Темір дәуірінде адамзат тарихында елеулі өзгерістер орын алған белгілерін атайды;

Қалыптастырушы бағалау.«Бас бармақ» арқылы бағаланды.


Талдау.

Тапсырма 2.

«Оқиға желісін анықтау» әдісі бойынша Топтарға тапсырма: (деңгейлік тапсырмалар)

1 деңгей

«Адамдар темірді қалай өндіргенің анықта» деген тапсырмада үш суретті мәтінмен байланысын анықтайды.

II деңгей

Берілген сөйлемдерді толықтыру, жалғастырып жазу тапсырмасы «Детальдарды қосу».

1.Темір тіршіліктің маңызды элементі. Адам мен жануарлардың ағзасындағы....

2. Еңбек құралдарының темірден жасалуы.....

ІІІ деңгей

Тарихи диктант. Бос орынға тиісті сөздерді жазып қой.

  1. Адамдар ...........алғаш өндіріп,шаруашылықта қолдана бастаған кезеңді тарихта..........деп атайды.Темір дәуірі .....................деп екіге бөлінеді. Темір – өте төзімді,.............

Дескриптор

1.Суреттерді ретімен орналастырады,

2.Тақырыпты толық менгереді,пеш-көріктің пайда болуын түсіндіреді,

3.Кен өндіру әдісімен танысып, оның маңызы туралы сипаттайды.



Термин сөздермен жұмыс.

Темір

Тайпалық одақ

пеш-көрік

«Бас бармақ» арқылы бағаланды. Қалыптастырушы баға.

АКТ, оқулық, плакат, маркер.


10мин

Жинақтау.

Тапсырма 3. «Ротация» әдісі. (жазылым) Оқулықтан алған мағлұматты сабақта қолдана отырып, оқушылар сұрақтарға жауап табуға , бірлесе жұмыс істеуге үйренеді.

«Жұлдызша» арқылы бағалау Қалыптастырушы баға.

  1. Қойылған сұрақтарға жауабының нақты болуы.

  2. Жүйелі жеткізілуі

  3. Мәтіндегі ойды жеткізудегі шешендік шеберлігі

Постер, маркер

Сабақтың аяқталуы 5 минут

«Портты журнал» әдісі

Болжам

Жаңа тақырып

Тақырып бойынша бұрыннан не білемін?

Бұл туралы не білуім керек?

Не білдім?

Қандай маңызды оқиғаларды мен енді анықтадым?

Нәтижесінде оқушыларым бүгінгі сабақтан алған білімдерін саралай алды.

Қызыл жасыл жетондар.

Рефлексия:

Кері байланыс орнату «Бес саусақ»

Бұл әдістеменің нәтижесінен, оқушылар бүгінгі сабаққа өте риза екендіктерін білдіріп, «бес саусақтарын» Үміт ағашына жапсырды.

үміт ағашы,












Бағалау критерийлері

Дескриптор

Балл

1. Темір дәуіріне саяхат.







1. Темір дәуірінің ерекшеліктерімен танысты;


2. Темір дәуірінде адамзат тарихында елеулі өзгерістер орын алған белгілерін қарастырады;


4 балл




3балл



2.Темірдің игерілуі.





1. Темірдің қалай игерілуін біледі;


2. Тайпалық одақтардың құрылуы туралы менгереді.

4 балл


5 балл



Саралау – Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жоспарлайсыз?

Бағалау – Оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау

1.Топтық, жеке жұмыстар арқылы өзара қолдау, көмек көрсету жүзеге асырылады. Ротация әдісі бойынша оқулықтан алған мағлұматты сабақта қолдана отырып, оқушылар сұрақтарға жауап табуға , бірлесе жұмыс істеуге көмек көрсету.


1.Оқушылардың қажетті білімдерін білу мақсатында дескриптер арқылы беріледі.

2.Топтық жұмыс арқылы оқушылардың түсіндірмелерін бағалау мақсатында бармақтар арқылы айқындау.

3. Бес саусақ

4. Портты журнал.

Тәртіп ережелерін сақтау.



Сабақ бойынша рефлексия:




Темір дәуірінің ерекшеліктерімен түсіне білді;

Темірдің қалай игерілуін менгере алды;

Темір дәуірінде адамзат тарихында елеулі өзгерістер орын алған белгілерін атайды;

Жалпы оқушылар бағалау:

Сабақтың жақсы екі аспектісі (оқытуға, үйренуге қатысты)

1:Топтық жұмыс арқылы оқушылардың (оқылым,тындалым) дағдысын дамыту.

2: Әдіс тәсілдар арқылы оқушылардың назарын ынталандырып,қызығушылығын ояту.

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту және үйрену)

1: Псиқологиялық ахуал қалыптастыруға тренингі ықпал ете алады.

2:Ресурстар қорын молайту.

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістіктерін сараптау.

1.Қабілеті жоғары оқушыларға терендетілген тапсырмалар беру.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
21 желтоқсан
851
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі