Ашық сабақ "Қазақстан туы" 1 сынып

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық сабақ "Қазақстан туы" 1 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
• Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерімен танысады; • Мемлекеттік рәміздерге құрметпен қарайды. • Бұрынғы тулар мен қазіргі Тудың айырмашылығын салыстырады. «Сен білесің бе?» айдарында тарихи танымдарын кеңейтеді; • Қазақстан Республикасының мемлекеттік Туын сипаттап айтап алады;
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қысқа мерзімді сабақ жоспары

дүниетану

Пән: дүниетану

Күні: 15.12.2017.

Сынып: 2 «Ә»

Мұғалім: Суюндикова Г.А.

Қатысқандар саны: 23

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Қазақстан рәміздері.

Оқу мақсаттары

1.3.5.1 Қазақстан Республикасының рәміздерін өзге елдердің рәміздерінен ажырату

Сабақтың мақсаттары

Барлық оқушы жасай алады:

  • Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерімен танысады;

  • Мемлекеттік рәміздерге құрметпен қарайды.

  • Бұрынғы тулар мен қазіргі Тудың айырмашылығын салыстырады. «Сен білесің бе?» айдарында тарихи танымдарын кеңейтеді;

  • Қазақстан Республикасының мемлекеттік Туын сипаттап айтап алады;

Оқушылардың көпшілігі жасай алады:

  • Бақылау жазбаларын жасау дағдыларын жетілдіреді;

  • сұрақтарға жауап таба алады;

  • тудағы бейненің беретін мән-мағынасын біледі;

  • «Байқап көр» айдарының тапсырмалары шығармашылықпен ойлау қабілеттерін дамытады.

Кейбір оқушылар жасай алады:

  • Сабақта алған білімдерін қолдана алады;

  • Батырларымыздың қазақ халқының тарихындағы орнын түсінеді, алған ақпараттары бойынша өз пікірлерін білдіреді.

Ресурстар

«Көк тудың желбірегені» әні, Мультимедиапроектор, мемлекеттік рәміздер бейнеленген плакат, гимннің дыбыс жазбасы, «ту», «гимн», «елтаңба» сөздері жазылған карточкалар,

түсті маркерлер, «Мемлекеттік Ту» тақырыбында таныстырылым, түсті қағаз, желім, қайшы, ҚР-ның рәміздерінің элементтері бейнеленген суреттер (бүркіт, жұлдыз, күн, шаңырақ, қанатты пырақ), жапсырмалар, өрнек-жапсырмалар, «Байқап көр» айдарының тапсырмаларына қолданылатын ту үлгілері.

Жетістік критерийлері

Оқушылар:

ҚР-ның мемлекеттік Туымен танысты;

Тудағы бейнелердің мәнін білді;

Тудың мемлекет үшін маңызы мен мәнін түсінді.

Оқушылар үйренді:

бақылау жасауды;

ақпарат негізінде өз пікірілерін жеткізуді;

жауаптарында сәйкес келетін лексиканы қолдануды;

халқымыздың өткені мен бүгінін салыстыруды;

Туға құрметпен қарауды.

Бағалаудың бір түрі ретінде оқушылардан нақтылаудың дұрыстығын анықтауды тапсырыңыз.

Ту елдің тәуелсіздігін әйгілейді.

Қазақстанның туының түсі – қызыл.

Қазақстанның туында көгершін бейнеленген.

Мемлекеттік рәміздер елдің тарихын баяндай алады.

Құндылықтарды дарыту

Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу.

АКТ қолдану дағдылары

Аудиожазба , таныстырылым.

Тілдік құзыреттілік

ту, елтаңба, гимн, мемлекеттік рәміз.

ту

флаг

flag

елтаңба

герб

coat of arms

гимн

гимн

anthem

мемлекеттік рәміз

государственный символ

state symbol



Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру


1.Ұйымдастыру кезеңі.

2.Бейнефильм: Ибрагим Ескендірдің орындауында«Көк тудың желбірегені» әні.

  • Осы әнді тыңдаған кезде қандай сезімде болдыңдар?

  • Біз бүгінгі сабақта не туралы айтуымыз мүмкін деп ойлайсыңдар?

Жауаптары:Ту туралы.


«Көк тудың желбірегені» әні





Сабақтың ортасы



  1. Суреттермен жұмыс (презентация бойынша).

Оқушыларға иллюстрациядағы бүркіттің және күннің суретіне қарап тұрып, сұрақтарға жауап беруі тапсырылады.

  1. (Ж) «Анықта»: Оқушылар иллюстрацияға қарап отырып, жұпта бір-біріне сұрақтар қойып, жауап береді.

Бұл жұмыстан кейін мұғалім сұрақтар қояды:

Бұл суреттер қай жерде бейнеленген?

Олардың әрқайсысы нені білдіреді, қалай ойлайсыңдар?

Ерте заманда тулар әскери ерліктің белгісі болған. Туға ерекше құрмет көрсетілген. Біздің заманымызда ол елдің тәуелсіздігін білдіреді.

Қазақстанның Туы көгілдір түсті. Көгілдір түс еліміздегі береке мен бейбітшілікті білдіреді.

  1. Бейнежазбадан үзінді көрсету: 2012 жылғы Лондон Олимпиадасындағы қазақстандық спортшыларды марапаттау.

-Біздің еліміздің Туын көкке көтеру үшін өздерін не істей аласындар?

6. (Т) Оқушыларды үш топқа бөлу.

«Ойлан». Мақалмен жұмыс.

«Тусыз бірлік болмас, қарусыз жігіт болмас»деген мақалды қалай түсінесің?

-Бұрынғы кезде қазақ халқына ту не үшін қажет болды?

-Ал қазіргі кезде тудың рөлі қандай?

-Қай кезде біз оны биікке көтереміз?

Топтық жұмыс.

1-топ: Қазақстан Республикасының Туын сипаттау.

2-топ: Қазақстан Республикасының Елтаңба сипаттау.

3-топ: Қазақстан Республикасының Гимні туралы түсіктерін айту.

7.Оқушыларға мәтінді өз беттерінше оқу тапсырылады.

Әрбір елдің мемлекеттік рәміздері бар. Оған Елтаңба, Ту және Гимн жатады. Қазақстанның рәміздері еліміздің тарихы туралы айтып бере алады. Олар еліміздегі барша халықты біріктіреді.

8. Сен білесің бе?

Абылай ханның әскери туының түсі ақ болған. Осы тудың астында ұлы ханның қолы жоңғарларды талай талқандаған.

Абылай ханның портретін көрсетіп, қысқаша өмірбаянымен таныстыру.

Абылай ханның қазақ халқына өте ауыр болған кезде өмір сүрген және қазақ қолының жоңғарларға қарсы соғыстарына он бес жасынан бастап қатысқан. Абылай ханның ең үлкен еңбегі – қазақтың үш жүзінің басын бір тудың астына біріктіре алғандығы.

«Жеті жебе» әдісі. Портреттің айналасына жеті жебе сызылады. Әр жебенің тұсына оқушылар тарихи тұлғаны сипаттайтын бір-бір сын есім жазып шықсын.

Жауаптары: Ержүрек, дана, әділ, көшбасшы, ақылды, өжет т.б.

Жұмыс дәптермен жұмыс.

-Суреттердің қайсысы еліміздің туында бейнеленген? Белгілі.

-Бұл суреттер қай елдердің туында кездеседі?

-Қажетті сөздерді қойып оқы. Сөздерді көшіріп жаз.


Мультимедиапроектор, мемлекеттік рәміздер бейнеленген плакат, гимннің дыбыс жазбасы, «ту», «гимн», «елтаңба» сөздері жазылған карточкалар,

түсті маркерлер, «Мемлекеттік Ту» тақырыбында таныстырылым, түсті қағаз, желім, қайшы, ҚР-ның рәміздерінің элементтері бейнеленген суреттер (бүркіт, жұлдыз, күн, шаңырақ, қанатты пырақ), жапсырмалар, өрнек-жапсырмалар, «Байқап көр» айдарының тапсырмаларына қолданылатын ту үлгілері.


Сергіту сәті


Ерболаттың бейнеклипы «Мен қазақпын» өлеңіне сергіту жаттығуын жасау.

Сергіту сәтіне арналған жинақ

Сабақтың соңы


9. Қалыптастырушы бағалауға байланысты тапсырмаларды орындайды.

10. Тілдік құзыреттілікті дамыту

«Бағдаршам» ойынын өткізу. Қазақ тіліндегі сөз жасыл түспен, орыс тіліндегі – сары түспен, ағылшын тіліндегі – қызыл түспен белгіленеді. Әр топқа тірек сөздер бар карточкалар таратылады. Мұғалім белгілі бір түсті атайды, (қызыл, сары, жасыл) немесе сол түстің белгілік дөңгелегін көрсетеді. Оқушылар тірек сөзді түске сәйкес келетін бір тілде атайды.

Рефлексия «Табыс баспалдағы»

1 - ші баспалдағы *Мен.............. БІЛЕМІН,

2 - ші баспалдағы *Мен.................. ТҮСІНЕМІН,

3 - ші баспалдағы *Мен............. ЖАСАЙ АЛАМЫН



Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?


Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?


Пәнаралық байланыс

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы
АКТ
Құндылықтармен байланыс (тәрбие)

Қолдау көрсету.

Қабілеті жоғары оқушылар айтылған сөздер мен сөйлемдердің көпшілігін дұрыс қайталай алады.


Оқушылар өздері жасаған бет-бейнелеріне қарап бір-біріне көңіл- күйлерін айтады. (қуанышты, көңілді, көңілсіз, ашулы)


Өнер, ана тілі сабағы

Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу.





















































Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
27.12.2017
1340
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі