Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық сабақ Қазақстан Ұлы Отан соғысы жылдарында 9класс

Материал туралы қысқаша түсінік
МАтериал жас мамандарға ,пән мұғалімдеріне әдістемелік көмек ретінде ұсынылады Сабақ жоспарында жүргізілетін жұмыс түрлері толық көрсетілген. Қосымша мәліметтер толық жинақталған.
Материалдың қысқаша нұсқасы


Ақтөбе қаласы №8орта мектеп Бишенова Айжан Аульбаевна тарих пәнінің мұғалімі.


Сабақтың тақырыбы:Қазақстан Ұлы Отан соғысы жылдарында

Сабақтың мақсаты: Қазақстанның Ұлы Отан соғысы жылдарындағы маңызын көрсету.

Білімділік: Оқушыларға соғыстың  шығу  себебін ,сипатын  түсіндіру. Қазақстандықтардың Мәскеу және Ленинград,Сталинград  қалаларын фашистерден қорғауда  қосқан үлесі  жайлы  мағлұмат  беру.

Дамытушылық :Мәскеуде, Ленинградта және басқа  майдандарда қазақстандықтардың жасаған  жаппай  ерліктерін  көрсету,тақырыпты  оқыта  отырып,Ұлы Отан  соғысы  жайлы білімдерін  одан  әрі  дамытуға  жағдай  жасау.Тарихи  оқиғаларға баға  бере  білу дағдыларын қалыптастыруға  көмектесу, ойлау  қабілеттерін, шығармашылық  әрекеттерін дамыту.

Тәрбиелік :Оқушыларды  Отан сүйгіштікке елін ,жерін сүюге  тәрбиелеу,

қазақстандықтардың ерлік істерін үлгі  ете  отырып,отан қорғаушыларға деген  құрмет сезімін ояту, өз  елінің өткенін мақтан тұтуға  үйрету.

 Сабақтың  түрі: Аралас   сабақ,жаңа  білімді  меңгерту.

 Сабақтың әдісі: әңгімелеу, сұрақ –жауап, СТО әдісі,Слайд көрсету.

Пәнаралық байланыс:Дүние жүзі тарихы,әдебиет

Көрнекілігі:Суреттер,тірек сызбалар,карта,үлестірмелі қағаздар,ҚР картасы

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі:

Оқушылармен амандасу, түгендеу

II.Үй тапсырмасын тексеру:

1917-1941ж Қазақстан бөлімін қорытындылау

I.Сұрақ жауап әдісі арқылы үй тапсырмасы бойынша берілетін сұрақтар

1.Ақпан төңкерісінің нәтижесі қандай болды?

2.Қазақстанда Кеңес өкіметі алғаш орнаған қала?

3.Алаш партиясының жетекшісі кім?

4.Алаш партиясының өкілдерін ата?

5.Үш жүз саяси партиясының жетекшісі?

6.М.Дулатұлының 1909ж шыққан өлеңдер жинағы

7.Азамат соғысы бұл-

8.Түркістан мен Қазақстанда құрылған әскери бөлімдер қалай аталды?

9.Азамат соғысы жылдарындағы экономикалық саясат ?

10.Азамат соғысының зардабы қандай болды?

11.Казревкомның баспасөз органы?

12.ҚазАКСР ОАК төрағасы,ХКК төрағасы кім?

13.ҚазАКСР-інің тұңғыш астанасы?

14.1926ж қазақтар бүкіл республика халқының қанша пайызын құрады?

15.Жер-су реформасының мәні қандай?

16.ЖЭС ке көшу қай съезде қабылданды?

17.Индустрияландыру дегеніміз не?

18.Индустрияландырудың алып құрылысы?

19.1925-1933ж.ж Өлкелік партия комитетінің басшысы кім?

20.Түрксіб теміржол құрылысына басшылық етушілердің арасында белгілі қазақ зиялылары кімдер?

21.Ұжымдастыру жылдарында БК(б)П Орталық Комитетінің қарамағына шақырылып «ұлтшыл» деп айыпталғандар кімдер?

22.Ұлы нәубет жылдары?

23 «Бесудің хаты» кімге жазылды?

24.1930ж социализм қандай сипат алды?

25.Сталиндік террор жылдары

26. «Сауатсыздық жойылсын» қоғамы қашан ұйымдастырылды?

27.Қазақстанда ашылған тұңғыш жоғарғы оқу орны

28.Қазақстан ғылымының дамуына кім үлес қосты?

29.Ұжымдастыру көрсеткіші 1928ж барлық қожалықтардың неше пайызы ұжымдастырылды?

30.1930ж бұл көрсеткіш қаншаға жетті?

II.Жылдар сөйлейді.Тарихи оқиғаны анықтау

1. 1916ж 25 маусым

2. 1917ж 27 ақпан-3 наурыз

3.1917ж 25 қазан 7 қараша

4.1918-1920ж.ж

5.1920ж 4 қазан

6.1921ж РК(б)П X сьезд

7.1928-1932ж.ж

8.1925ж БК(б)П XIVсьезд

9.1927ж БК(б)П XVсьезд

10.1930ж 28 сәуір

11.1929-1931жылдар

12.1936ж 5 желтоқсан

13.1937ж наурыз

14.1934ж

15.1938ж

III.Жаңа сабақ.Тақырыбын, мақсатын хабарлау.

Ой қозғау.«Соғыс» сөзі естілгенде ойымызға қандай түсініктер қалыптасады?

Shape1


СShape4 Shape3 Shape2 оғыс





Екінші дүниежүзілік соғыс адамзат тарихындағы ұлы оқиға. Оның қасиеті мен қасіреті жаныңды түршіктіреді. Әрі ерліктерге басыңды идіріп таң қалдырады. Ел басына күн туған кезеңдерде рух пен намыстың мықтылығы сыналды. Қанға боялған даласы, аңыраған анасы, жетім қалған баласы үшін кектенді. Міне, осындай соғыс бұлтын үйірген фашизмнің соғыс жоспарын мына төмендегідей тірек схемалар арқылы баяндаймыз.

1940ж 18 желтоқсанда бекітілген «Барбаросса» жоспары бойынша Гитлер КСРО-ға қарсы «Блицкрик» ашып,8-10 аптада,қыс түспей басып алуды мақсат етті.


1 тірек сызба




Shape6 Shape5 1. КСРО аумағын Московия-Ресей жері


Shape7 Украина

Shape10 Shape9 Shape8 Рейхкомиссариаттарға бөлу Гросс Түркістан (Үлкен Түркістан)

Shape11

Кавказ


Еділ-Орал

Остланд- (Беларусь пен Балтық жағалауы)


2 тірек сызба

2Shape14 Shape13 Shape12 . «Үлкен Түркістан» отарына енетін аймақтар Қазақстан

Shape17 Shape19 Shape20 Shape18 Shape15 Shape16

Орта Азия Татарстан Башқұртстан Әзірбайжан Солтүстік Кавказ

Қырым Ауғанстанның солтүстігі



Шыңжан


Левитанның дауысы.Оқушы әсері.

«Қасиетті соғыс» әні.

Shape21

Ұлы Отан соғысы

1941ж 22 маусым





Shape23 Shape22



Әділетсіз

Әділетті



Shape25 Shape24

КСРО

Германия





1.Басқыншылық соғыс

2.Қуыршақ мемлекет идеясы

3.Ұлы Германия империясы үшін қуатты шикізат,және азық-түлік базасын жасау

4.Кеңес елін отарға айналдыру,халқын құлдыққа түсіру.

1.Кеңес халқы өзінің елін,

жерін,Отанын қорғады

2.Халқын құлдықтан арашалады.











ҚР картасынан көрсету

Соғыстың алғашқы кезеңінде 14 атқыштар және атты әскер дивизиясы, 6 бригада құрылып, майданға жіберілді. Қазақстандық 36 – жеке атқыштар бригадасы 30 – дан астам ұлттан құрылды. Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қырғызстаннан шақырылған жігіттерден 316 – атқыштар дивизиясы құрылып, оның командирі генерал М. В. Панфилов болды. Армия қатарына 1 млн. 196164 (1 млн. 196300) қазақстандық қосылып, әрбір бесінші адам майданға аттанды.

Қазақстанда еңбек армиясы құрылып, Қазақ КСР – нен 700 мыңнан астам адам шақырылды. Соғыс жылдары 27 әскери оқу орны 16 мың офицер даярлап шығарды. 1941 – 1945 жылдары әскери оқу орындарына 42 мыңнан астам қазақстандық жіберілді. Соғыс жылдарында Шымкентте орналасқан Чугуев әскери авиация училищесі түлектерінің бірі И. Н. Кожедуб үш мәрте Кеңес Одағының Батыры атағын алды.


  • Брест қамалын қорғаушылар:А.Наганов,В.Фурсов,Қ.Тұрдиев,Ш.Шолтыров слайд.


  • Қазақстандықтар Мәскеу үшін шайқаста1941ж 30қыркүйек-6 желтоқсан слайд.


Ресей кең байтақ, бірақ шегінерге жол жоқ, артымызда Мәскеу!
В.Г. Клочков


Біздің жүрегіміз темір емес.Бірақ біздің кек отымыз қандай темірді болса да ерітіп,күйдіріп жібере алады...біздің үрейді жеңетін ең күшті қаруымыз бар, ол-Отанға деген сүйіспеншілік.

Б.Момышұлы

  • Ленинград түбіндегі шайқас 1941ж қыркүйек-1943ж қаңтар слайд.


Нева алабын қорғаңдар,

Ленинградтың ерлері,

Ұрпаққа үлгі болыңдар,

Заманымның өрнегі.

Ж.Жабаев


  • Сталинград шайқасы 1942ж шілде-1943ж ақпан слайд.


Сталинград шайқасының нәтижесінде Германияның жағдайы

-1,5 млн. жуық солдат пен офицерлерінен айырылды

-Сталинград үшін шайқас 6,5 айға созылды

-1943 жылдың 10 қаңтарында генерал-фельдмаршал Ф.Ф. Паулюс Сталинград түбінде тізе бүгуі туралы актіге қол қойды.

-Сталинград түбінде қираған Германия 3 күндік аза тұту күнін жариялады


Соғыс бағыты-Батыс

Берлин үшін шайқас 1945 жылы 16 сәуірде, Рейхстаг үшін тартыс 29 сәуірде басталған. Бірақ қанды қақтығыс тек 2 мамыр күні ғана әрең аяқталды. Жүздеген мың солдат опат болған шайқас ең қанды қақтығыстардың бірі ретінде тарихта қалды.

1945 жылдың 9 мамыры - бұл ұлты мен дініне қарамастан барлық елдердің адамдары үшін ең жарқын, баршаға ортақ болған жеңіс күні. Қазіргі уақытта 9 мамыр - бұл соғысты бастан кешкендерді еске алу және болашақ ұрпаққа бейбітшілікті аманат ету күні.

Жылдар өтіп 1945 жылдың мамырынан алыстап бара жатқан сайын, қатарымызда балалары мен немерелерінің болашағы үшін ұшқан оққа кеудесін тосқан ардагерлер саны сиреп барады.

Қазақстан – майдан арсеналы


ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР

Мәскеу үшін шайқаста 1941ж. 30/ІХ 316д. (Панфилов атындағы 8 гвардиялық дивизия 312-атқыштар дивизиясы) Б.Момышұлы, Т. Тоқтаров, М. Ғабдуллин

Ленинград үшін шайқас 310 және 314 дивизиялар

С. Баймағанбетов, Әлия Молдағұлова, Мәншүк Маметова

Сталинград үшін шайқаста 1942ж. 17/ҮІІ, 1943 ж. 02/ІІ 29 және 38 дивизиялар Н. Әбдіров, Қ.Сыпатаев

Соғыс бағыты батыс .

Берлин операциясы – 2,5 миллион әскер, 41 мың , 600 зеңбірек, 6250 танк, 7500 ұшақ. Жеңіс 1945 02/Ү. Р. Қошқарбаев. 500-дей Қазақстандық Кеңес Одағының

батыры 97-і қазақ, 1998ж. 11/ХІІ Б.Момышұлы

Тарихта 1418 күн мен түнге созылған Ұлы Отан соғысы болып өтті.

КСРО бойынша Кеңес Одағының батыры

Соның ішінде Қазақстандықтар

қазақтар

11600 адам

497 адам

97 адам


Ұлы Отан соғысында құрбан
болған адам саны

Жалпы әлем бойынша

Фашистік Германия бойынша

Кеңестер одағы бойынша

Қазақстан бойынша

70000000

10000000

27000000

400000


«День Победы» әні



IV.Бекіту:

1.Кестеде көрсетілген оқиғалардың дұрыс жауаптарын табыңдар.

Оқиғалар

Дұрыс жауабы

1

Мәскеуге шабуыл қай жылы басталды?

3

1942ж 19 желтоқсан

2

Каспий өңіріне соғыс жағдайы қашан енгізілді?

4

1941ж 22 маусым

3

Ұшқыш Нұркен Әбдіров Боковская,Пономоревка ауданында болған әуе шайқасында өз ұшағын жау танкілерінің шоғырына құлатып,серіктерімен бірге ерлікпен қаза тапқан күн

2

1941ж қараша

4

ҰОС қашан басталды?

1

1942ж күзінде

5

Ленинградты қорғау неше күнге созылды ?

7

316

6

Луганский жеке өзі әуе шайқасында қанша ұшақ жойды?

8

37 ұшақ

7

Германия КСРО-ны неше айда жаулап алмақ болды?


6

2-3

8

Панфилов қолбасшылық еткен даңқты дивизия?

5

900

9

Ресей кең- байтақ , бірақ шегінерге жер жоқ, артымызда Мәскеу! деген жалынды сөзді кім айтты?

11

Г.Булатов

10

«Біздің жүрегіміз темір емес.Бірақ біздің кек отымыз қандай темірді болса да ерітіп, күйдіріп жібере алады... біздің үрейді жеңетін ең күшті қаруымыз бар,ол-Отанға деген сүйіспеншілік» деп айтқан кім?

13

Қ.Қайсенов

11

Рейхстагқа қызыл ту тіккен кезде Р.Қошқарбаевтың қасында бірге болған досы?

9

Клочков

12

Халық Қаһарманы атағын алған қазақстандық партизан ?

10

Б.Момышұлы

2.Құпиялы ұяшықтар

1

Қазақстандықтар Мәскеу түбіндегі шайқаста

10

20

30

40

50

2

Қазақстандықтар Ленинград түбіндегі шайқаста

10

20

30

40

50

3

Қазақстандықтар Сталинград майданында

10

20

30

40

50

I.Қазақстандықтар Мәскеу түбіндегі шайқаста

1.316-атқыштар дивизиясының қолбасшысы(И.В.Панфилов)

2.316-атқыштар дивизиясы қай қалада жасақталды?(Алматыда)

3.Бородино селосында неміс бөлімінің штабына кіріп 5 офицердің көзін жойған Кеңес Одағының батыры кім?(Т.Тоқтаров)

4.Кеңес Одағының батыры,ротаның саяси жетекшісі кім(М.Ғабдуллин)

5.Мәскеу үшін шайқас болған уақыт(1941ж 30қыркүйек-6 желтоқсан)


II.Қазақстандықтар Ленинград түбіндегі шайқаста

1.Ленинградтықтарға «Ленинградтық өренім» деген жырын арнаған ақын(Ж.Жабаев)

2.Балтық флотындағы Қызыл ту «Киров» крейсерінде неше қазақстандық жауынгер сапта тұрды?(156)

3.Жаудың арнайы салынған қорғаныс ұясынан оқ жаудырып тұрған ауызын кеудесімен жауып,каза тапқан батыр(Сұлтан Баймағамбетов)

4.48 атқыштар дивизиясының мергені,Ораниенбаум алғы шебінде шайқасты?

5.Ленинград үшін шайқас болған уақыт(1941ж қыркүйек-1943ж қаңтар)


III. Қазақстандықтар Сталинград майданында

1.Сталинград түбінде кескілескен ұрыстар басталған жыл?(1942ж)

2.Қазақстанның қай аймағына Сталинград шайқасының жалыны жетті?(Батыс Қазақстан)

3.1942ж күзінде соғыс жағдайы енгізілген өңір?(Каспий өңірі)

4.Шайқаста көрсеткен ерлігі үшін 73 гвардиялық дивизия алған құрметті атақ?(Сталинградтық)

5.Сталинград шайқасы болған уақыт? (1942ж шілде-1943ж ақпан)


3.Тұлғаны тану
1.Ол — Жамбыл облысы, Жуалы ауданының Көлбастау ауылында дүниеге келді. Ол 1930-1956 жылда әскер сапында болды. Ал соңғы кезде Алматы маңында жасақталған 316 атқыштар дивиязиясының командирі болды. Мәскеу үшін шайқасты, 207 рет ұрысқа кірді. Оның қанатты сөздері өте көп. Сонымен қатар Мәскеудегі әскери академиясын тұңғыш бітірген қазақ. (Б. Момышұлы)
2.Ол өртке оранған өз ұшағын жау танкілерінің шоғырына құлатты Кеңес Одағының Батыры, Қарағандылық (Нүркен Әбдіров)
3.Шымкенттегі әскери авиация әуе училищесінің түлегі, ұшқыш, Кеңес Одағының батыры. (Иван Кожедуб)
4.Сізге Алматы жастары 1943 жылы желтоқсанда өз ақшаларына жаңа ұшақ жасатып табыс етті. Ол соғыста әуе шайқасында жаудың 37 самолетін жойды, атып түсірді. (Луганский)
5.Оның әкесі 1938 жылы 15шілдеде Қазақ КСР кеңесінің 1 сесиясын ашты, қазақ халқының аяулы ұлдарының бірі, ол Синельников қаласының түбінде соғысты. (Алғадай)
6.«Майданға жіберетін ағам да, апам да жоқ, сондықтан менің өзімді жіберуіңізді өтінемін» (Мәншүк Мәметова)
7.Сталинград түбінде шайқасты, жау дзотын өз кеудесімен жауып А. Матросовтың ерлігін қайталады (Сұлтан Баймағанбетов)


4. «Тарихи сынақ хат» берілген мәтінді қажетті сөздермен толықтыру.

1.Ұлы Отан соғысы кезінде қазақстандық партизандардың жалпы саны адамнан асып түсті(3,5 мың)

2.1945ж 2 мамырда Кеңес Армиясы Геранияның толық билігіне алды.(астанасы Берлинді)

3.Ұлы Отан соғысында қазақстандық адам солдаттар мен сержанттар,офицерлер Кеңес Одағының Батыры атағын алды(500-ге жуық адам)

4.Фашистік Германияға қарсы соғыс жеңіспен аяқталғаннан кейін Кеңес әскері қарсы шайқасты

(Квантун армиясына)

5.Соғыстың алғашқы кезеңінде (1941-1942ж.ж)экономиканы іске асырылды.(Әскери жағдайға лайықтап қайта құру)

6.Берлин операциясы басталды.(1945ж 16 сәуір)


5.Шығармашылық кезең. Оқушылар мәнжазбаларын қорғайды

1.Қазақстандықтар Мәскеу үшін шайқаста

2.Қазақстандықтар Ленинград түбіндегі шайқаста

3. Қазақстандықтар Сталинград майданында

4.Берлин операциясы


Нашар оқитын оқушылармен жұмыс.Үлестірмелі қағаздар


6.Біз сұрапыл соғыс жайында не білеміз?


Ұлы Отан соғысы

Shape26 Shape27


Халыққа не берді?

Халықтан не алды?

Патриоттық сезім

Достық пен бауырластық

Халық қаһармандары

Адам өмірін қиды

Жаралы мүгедектер,жесірлер,жетімдер көбейді.

Экономика шарушылық құлдырады

Қалалар қирады


Ұлы Отан соғысына қатысқан Қазақстандық батырлар слайд

7.Соғыс..Жеңіс.Жеміс. Оқушы түсініктері.

Соғыс:жылаған бала, басқыншылық, жаңа жерлер, жаулап алу, қираған қала, қантөгіс

Жеңіс:Бейбіт өмір, сәбилердің шат күлкісі, тоқшылық

Жеміс:Зайырлы,егемендік, Демократиялық, тәуелсіздік



VII. Қорытынды.

Ұлы Отан соғысының сабақтары:

1.Соғысқұмар мемлекеттерге бірігіп қарсы тұру керектігін көрсетті.

2.Соғыстың адамзатты апатқа ұшырататынын,оған жол бермеу керектігін

көрсетті.

ҰОС жылдарында Кеңес Одағы адамдарын жеңіске итермелеген жағдай

біріншіден Отанға деген патриоттық сезім екіншіден қатал тәртіптің

арқасында.

Тағы бір айта кететін жайт ҰОС жылдары Қазақстанға көшіп келген,қоныс

аударылған басқа ұлт өкілдерімен қазақ халқының арасында бауырмалдық,

түсіністік,сыйластық, достық, туысқандық қарым-қатынастар орнады. Басқа

ұлт өкілдеріне құшағын жайып, өздеріне жақын тартып,бір үзім нанын бөлісіп

жеген бауырмалдық қасиеттерінің арқасында Қазақстан халқы Тәуелсіздікке

қол жеткізгеннен кейін де бір шаңырақ астында тату-тәтті ғұмыр кешуде.

VIII. Үйге тапсырма:§26-27-28 оқу,тест Өз облысымыздағы, қаламыздағы, соғыс ардагерлері жайлы қосымша деректер жинау.


IХ. Бағалау.










































Ақтөбе қаласы №8 орта мектеп















Қазақстан Ұлы Отан соғысы жылдарында


Қазақстан тарихы 9в класс


Пән мұғалімі:Бишенова А.А.


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
22.01.2019
1183
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12