400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ "Қазақстанда жасалған" 1 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл материал бастауыш сынып мұғалімдеріне қажет деп ойлаймын. Бұл сабақ оқушылардың тұтыну заттарына деген өз қажеттіктерін анықтайды. Тұтыну заттарына деген өз қажеттіліктерінің анықтайды және олардың қайдан келетінін анықтай алады. Тұтыну заттарына деген өз қажеттіліктерінің анықтайды және Қазақстан картасынан негізгі тағам өндіретін өңірлерді тауып, нені өндіретінін жазып көрсетеді.
Материалдың қысқаша нұсқасы



Пән: Дүниетану

4А бөлім: «Тағам және сусын»

Тақырып: «Қазақстанда жасалған»

Мектеп: Тереңкөл ОЖББ

Күні: 27.04.2018ж

Мұғалімнің аты-жөні: Мусагалиева Мерует Утемисовна

СЫНЫП: 1

Қатысушылар саны: 10

Қатыспағандар саны: 0

Сабақтың оқу мақсаты

1.1.1.5 тұтыну заттарына деген өз қажеттіліктерінің құрылымын, олардың қайдан келетінін анықтау

Ойлау дағдыларының деңгейі

Білу, түсіну.

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар:

Тұтыну заттарына деген өз қажеттіктерін анықтайды.

Оқушылардың басым бөлігі:

тұтыну заттарына деген өз қажеттіліктерінің анықтайды және олардың қайдан келетінін анықтай алады.

Кейбір оқушылар:

тұтыну заттарына деген өз қажеттіліктерінің анықтайды және Қазақстан картасынан негізгі тағам өндіретін өңірлерді тауып, нені өндіретінін жазып көрсетеді.

Бағалау критерийлері

Тамақтану режимі туралы айтады.

Пайдалы тағамдарды анықтайды.

Тамақтану режимін сақтаудың маңыздылығы туралы әңгімелейді.

Тілдік мақсат

Елімізде шығарылатын өнімдер жайлы және ақпарат негізінде өз көзқарасын білдіру дағдылары қалыптасады; тірек сөздерді үш тілде есте сақтайды.

Тірек сөз:

өнім – продукция – product

Құндылықтарды дамыту

Индустрияландыру мен инновацияларға негізделген экономикалық өсу.

Пәнаралық байланыс

Жаратылыстану, математика

АКТ қолдану дағдылары, ресурстар

Интербелсенді тақта, суреттер, постер

Бастапқы білім

1.1.4.2 тамақтану режимін сақтаудың қажеттілігі туралы білімі бар

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері


Сабақта жоспарланған іс - әрекет


Ресурстар



Сабақтың басы


3мин.











5 мин.

Ширату

- Қайырлы таң, көздерім!

-Ояндыңдар ма? (қабақтарын сипайды).

-Қайырлы таң, құлақтарым!

-Ояндыңдар ма? (құлақтарын сипайды).

-Қайырлы таң, қолдарым!

-Ояндыңдар ма? (қолдарымен шапалақтайды).

-Қайырлы таң, аяқтарым!

-Ояндыңдар ма? (аяқпен жерді тебу).

-Қайырлы таң, ұстазым!

-Мен ояндым!. (Күлімсіреп, күнге қолдарын созады)


Өткенді еске түсіру

- Тағамдарға не жатады?

- Қандай сусындарды жақсы көресіңдер?




  • Ғалымдар адамның денсаулығына пайдалы азық-түліктерді көрсету үшін тамақтану пирамидасын ойлап тапты. Тамақтану пирамидасы - дұрыс тамақтанудың негізгі қағидаларының сызбалық көрінісі. Ол Гарвард қоғамдық денсаулық мектебінде америкалық диетолог Уолтер Виллеттаның жетекшілігімен құрастырылған.

Пирамиданың -төменгі бөлігі жиі қолданылатын тағамдар.

Ал жоғары бөлігі- аз мөлшерде пайданалануға тиісті тағамдар.

  • Ендеше қолдарыңдағы суреттегі тағам түрлерін өз ретімен орналастырайық.

- Пайдалы тағамдарға не жатады?



- Пайдасыз тағамдарға не жатады?

Олай болса, осы тағамдарға байланысты топқа бөліне қояйық.


Күннің суреті

















Пирамида



Тағам түрлері



Нан, сүт, апельсин, балық, құрма, кола, чипсы, бургер, қуырылған картоп, қатқан нан

Сабақтың ортасы


20мин.




























Ұ: «Ойлан» тапсырмасы

  • Ақшаға сатып алынатын заттарды ата.

  • Олар сенің үйіңе қайдан келеді?

  • Нені тегін алуға болады?


  • Сенің ата-анаң жұмыс істеп, ақша табады. Ол ақшаға өнімдер мен заттар сатып алады. Ақша еңбекпен ғана келеді. Сондықтан оны тек қажетті заттарға жұмсау керек.

өнім – продукция – product

  • Елімізде қандай өнімдер шығарылатынын білетін боласыңдар.

  • Балалар, енді барлығымыз тақтаға қарап, мына заттың не екенін айтайықшы? /Мұғалім тұсбағдардың суретін көрсетеді/

-Бұл не? /Тұсбағдар/

- Тұсбағдардан не көреміз? /тұстарды көреміз/

Картанын суретін көрсету.

-Бұл не? Картадан Қазақстанның төрт тұсын анықтап шығайық...(Солтүстік Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан).


-Мұғалім: Балалар, олай болса біздің бүгінгі өтетін сабағымыз не туралы болмақ? Қалай ойлайсыңдар? /Оқушылар жауаптары/


-Бүгінгі сабақта Қазақстанда қандай өнімдер өндірілетіні жайлы айтамыз. Біз саяхатқа шығатын боламыз. Бірақ , ол үшін мағлұматтарды дұрыстап тыңдап алайық.


Сұрақтар:

- Қазақстанда өндірілетін қандай тағам түрлерін білесің?

Жауап:

  • Қазақстанның тамақ өнеркәсібі 1000-ға жуық тағам өнімдерін шығаратын көптеген салаларға бөлінеді. Еліміз ет, сүт, жарма, нан өнімдерінің сапасы мен бағасы бойынша әлемдік бәсекеге түсе алады.

Сұрақ:

- Оларды кімдер өндіреді?

Жауап

- зауыттар мен комбинаттардың жұмысшылары

Сұрақ:

  • Қандай елді мекенде, қандай қалаларда тағам өнімдерін шығаратын кәсіпорындар бар?

  • «Рахат» АҚ кондитерлік бұйымдар өндіреді

  • «Тұлпар» АҚ

  • «Алматы шайы» ЖШС шай өндіреді

  • «Қант» ААҚ, «Көксушекер» АҚ қант өндіреді

  • «Май»АҚ өсімдік майы белгілі фирмалар

  • Алматы ,Қарағанды қалаларында маргарин зауыттары және Семей ет-консерві зауыты танымал.

Шетелдік фирмалармен біріккен

  • «Кока кола Алматы Ботлерс»

  • «Беккер және К» шұжық

  • «Сұлтан» АҚ макарон

  • «Фудмастер» сүт өнімдері

  • «Қарағанды конфеттері»

  • «Баян сұлу» кондитерлік бұйым


Видео таныстырылым «Қазақстанда жасалған»

Сергіту сәті: «Дүкенде» ойыны

Ізден: Тиындарға қара. Олардың қандай айырмашылықтары бар?

Сенің 100 теңгең бар. Осы ақшаға не сатып алуға болады? Топпен бірге келіп, бәріңізге бір нәрседен алуларыңыз керек.


Топтық жұмыс:

Әр топқа Солтүстік, Оңтүстік, Шығыс, Батыс атаулары бойынша еліміздің бөліктеріне зерттеу саяхатын жасауды тапсырамын. Оқушылар қай өңірде қандай тағам өндірілетінін анықтауы керек. Нәтижесін постерге түсіреді. Бұл тапсырманы орындау үшін оқушылар сынып бойынша ілінген суреттер мен сөйлемдерді жинап, өз постерлеріне жабыстырады.

Тапсырманы орындағаннан кейін әр топ өз жұмыстарымен таныстырады. Оқушылардан жұмыстардың нәтижесіне қарай өз ойларын білдіруін сұрау.


Дәптермен жұмыс 55 беттегі 53 жұмыс парағы

Ботаның жіберген қатесін тауып, суретті бояу.


Өсімдік өнімдері Мал өнімдері

Картоп ірімшік

Жұмыртқа ет

Алма йогурт

Күріш қияр


  • Бірін-бірі тексеру;

  • Интертақтадан тексеру


Интерактивті тақтадан көрсету суреттер









Қазақстанның физикалық картасы








































Видео







Өнімдер бейнеленген суреттер,

сөйлемдер.



Постер қорғау















Сабақтың соңы

5мин

  • Енді саяхатымызды қорытындылау мақсатында ауылда тұратын әжесі мен оның немересіне барамыз.

Диалог «Әжесі мен немересі»

  • Әже, бұл тағамдар дастарқанға қайдан келеді?

  • Бұл тағамдар дастарқанға келу үшін көп адам еңбек етеді.

Сұрақ: -Әжесі мен немересінің әңгімесі немен аяқталды? Қалай ойлайсыңдар?

Рефлексия

«Әжемізде қонақта»

Егер:

..... білемін және түсінемін – печенье

...... білемін, бірақ аздап қиналамын – алма

Маған қиын болды – кәмпитті таңдаймыз.



Үстел үстінде печенье, алма, кәмпит














Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
5 ұстаз жүктеп алған
6 қараша
692
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі